Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 17:59, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – саяси жүйе мен оның жіктелуін терең зерттеу, даму тарихын зерделеу, тоталитарлық саяси жүйеге қатысты заманауи көзқарастарды ашу, тоталитаризмнің келешегі мен мүмкіндіктерін анықтау.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
•саяси жүйегі түсінігі мен оның жіктелуін талқылау;
•саяси жүйенің және оның жеке түрлерінің қалыптасу тарихын қарастыру;
•тоталитарлық саяси жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері анықтау;
•тоталитаризмнің заманауи көзқарастарын ашу;
•әлем елдерінің тоталитарлық саяси жүйедегі тәжірибесін салыстырмалы түрде талдау.
КІРІСПЕ 3
І САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.Саяси жүйе түсінігі мен түрлері 5
2.Тоталитарлық саяси жүйенің мәні мен ерекшеліктері 13
ІІ ТОТАЛИТАРЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Тоталитаризмнің даму тарихы 17
2.2 Тоталитарлық саяси жүйенің пайдасы мен залалдары 20
ІІІ ТОТАЛИТАРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
3.1 Кейбір елдердің тоталитарлық жүйедегі тәжірибесі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР 33
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
ІІ ТОТАЛИТАРЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Тоталитаризмнің даму тарихы 17
2.2 Тоталитарлық саяси жүйенің пайдасы мен залалдары 20
ІІІ ТОТАЛИТАРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
3.1 Кейбір елдердің тоталитарлық жүйедегі тәжірибесі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР 33
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі – әрқашанда пәннің сипаттамасын, мәні мен мағынасын, ерекшеліктерін түсіну маңызды. Тоталитарлық саяси жүйе теориясы – бұл мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйені зерттеу. Тоталитарлық саяси жүйенің құрылымы, ерекшеліктері мен принциптерін қарастыра отырып, жалпы, саяси жүйенің мәні мен қоғамдағы рөлін анықтауға болады.
Алғашқы қауымдық құрылыс
кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді.
Басқарушылар мен бағынушылар деген
мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат
алдында әлсіз еді. Сондықтан
тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады,
тек тайпа-тайпа болып жүрудің
арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін,
күн көрісін қамтамасыз ете алды.
Тапқан табыстары бәріне ортақ болды,
артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда
еңбек құралдары, еңбек өнімдері
ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды
ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым
мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп
отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін
тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар
өздерінің қолдарынан келетін істермен
айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды
өздері асырай бастады. Осыдан барып мал
шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне
қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп,
қайта өнім беретінін байқаған адамдар,
қажетті өнімді өздері өсіретін болды.
Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды.
Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі
өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз
жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне
жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен
адамдарды құлға айналдырды.
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай
құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам
құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар
мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа
қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар,
тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа
мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу
үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін
әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі
топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау
арқылы орындаттыратын анық заң ережелері,
нормалары қалыптасты. Олар экономикалық
қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді
өндірді.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың
рөлдері институционалдық қалыпқа түсті.
Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық
ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі
бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың
барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі
деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп,
қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз
ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар,
мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды
реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын
айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында
Американың саясаттанушысы Давид Истон
дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе
сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері
арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар
мен қолдау.
Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд
саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін
көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін
басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық
және басқа қорларды табуға байланысты
қысымдық мүмкіндігі;
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік
белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан
жауап берерлік, өзгерген жағдайларға
бейімдеушілік мүмкіндігі.
Осылайша, саяси жүйе үстемдік етіп отырған
қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты – саяси жүйе мен оның жіктелуін терең зерттеу, даму тарихын зерделеу, тоталитарлық саяси жүйеге қатысты заманауи көзқарастарды ашу, тоталитаризмнің келешегі мен мүмкіндіктерін анықтау.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
І САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйелердің жіктелуі. Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Саяси көшбасшы (ағылш. political leader) – мемлекеттің, саяси партиянын, коғамдық ұйымның жетекшісі; саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.
Саяси режим (ағылш. political regime) – экономикалық және мемлекеттік билікті (демократия, тоталитаризм, авторитаризм және т.б.) жүзеге асыру тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
Саяси қате (ағылш. political rick) – әскери әрекеттер, үлттық меншіктендіру, тәркілеу, шектеу енгізу және эмбаргомен байланысты кредиттік тәуекел.
Саяси баспана (ағылш. political asylum) – Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларының негізінде, Қазакстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Ережесіне сәйкес, Қазақстанның шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі. Азаматтық алған және/немесе тұрып жатқан елде қоғамдық-саяси қызметі, нәсілі немесе ұлты, діни нанымдары үшін қудалаудан немесе қудалаудың құрбаны болудың шын қаупінен баспана іздеуші немесе қорғауды қажет ететін, сондай-ақ халықаралық құқықтың нормаларында көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайда тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне саяси баспана беріледі.
Қазіргі саяси ғылымда
саяси режим түсінігін елдегі
саяси өмірдің сипатын, еркіндік
деңгейіне, билік органдарына құқықтық
негіздегі қарым-қатынасына байланысты
анықтайды. Осы түсінік турасында
анықтама беруде талас-тартыстар саяси
талдаудың басқа
Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
- билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;
- саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;
- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;
- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары.
Нақты бір елдегі өмір сүріп
отырған саяси режим түрі субъективті
және объективті жағдайларға сондай-ақ
басқа да көптеген факторларға байланысты.
Сондықтан да саяси режимнің классификациясы
өмірде көп кездеседі. Кең тараған
саяси әдебиеттерде классификация-ол
қоғамда демократиялық
- саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;
- басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;
- қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;
- бюрократиямен қатынас жағдайы;
- қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;
- қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы.
Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.
Тоталитарлық саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:
- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;
- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;
- террористік полицейлік бақылау жүйесі;
- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;
- қарулы-әскери күшпен бақылау;
- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;
- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы
- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;
- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді.
Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.
Тоталитарлық – ол индустриализация,
модернизация дағдарысы кезеңіндегі
қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде
қоғам үлкен қиыншылыққа
Үстемдік жүргізетін –
идеологияға соның саяси іс-
Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады.
Коммунистік тоталитаризм басқаларына
қарағанда, яғни басқа идеологияларға
тәртіптің негізгі түрін
Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген.
Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған. Сондықтан тәртіптің ыдырауы жақындағанда олар Муссолиниді өздері-ақ биліктен алып тастайды.
Тоталитаризмнің үшінші түрі – ұлтшылды (социализм – ол 1933 жылы шынай саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық түрі және «товарищ» деп айтқанында.
Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің модернизациясының саяси түрі деп қарастырады.
Бірақ тоталитаризм – тарихи тәртіп. Тоталитаризм – жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.
Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады.
Өз сипаттаумен ол тоталитаризм мен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризм мен оның автократиялық заңмен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды.
Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды.
Соңғы онжылдықта авторитарлық
жүйелер жиі кейбір демократиялық
институттармен пайдаланған – олар
сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті
емес немесе жарты конкуренті сайлаулар:
авторитарлы немесе жарты авторитарлы
режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік
Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және
басқа мемлекеттерде
Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:
- күшті орталықтанған билік
- бір топтың немесе партияның билікке монополиясы
- элитаның қалыптасуы
- оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы
- билік өзгеруінің күштеу мінезі
- шектелген плюрализм
- билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы
- өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.
- халықты билікке жібермеуі
- қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.
Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді.
Мысалы:
- Азаматтық қоғамның дамымағандығы;
- Экономиканың артта қалуы;
- Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі.
Қазіргі уақытта тоталитарлық
саяси жүйенің ыдырауымен көптеген
әлемнің коммунистік