Тоталитарлық саяси жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – саяси жүйе мен оның жіктелуін терең зерттеу, даму тарихын зерделеу, тоталитарлық саяси жүйеге қатысты заманауи көзқарастарды ашу, тоталитаризмнің келешегі мен мүмкіндіктерін анықтау.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
•саяси жүйегі түсінігі мен оның жіктелуін талқылау;
•саяси жүйенің және оның жеке түрлерінің қалыптасу тарихын қарастыру;
•тоталитарлық саяси жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері анықтау;
•тоталитаризмнің заманауи көзқарастарын ашу;
•әлем елдерінің тоталитарлық саяси жүйедегі тәжірибесін салыстырмалы түрде талдау.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
І САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.Саяси жүйе түсінігі мен түрлері 5
2.Тоталитарлық саяси жүйенің мәні мен ерекшеліктері 13
ІІ ТОТАЛИТАРЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Тоталитаризмнің даму тарихы 17
2.2 Тоталитарлық саяси жүйенің пайдасы мен залалдары 20
ІІІ ТОТАЛИТАРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
3.1 Кейбір елдердің тоталитарлық жүйедегі тәжірибесі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР 33

Файлы: 1 файл

ТОТАЛИТАРЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕ.docx

— 82.71 Кб (Скачать)

«Демократия» - түсінігі ол саяси ғылымда маңызды болып  келеді. Демократия ол:

-          бір қалыптасқан ұйымның түрі мүшелерінің шешім қабылдауына тек қатысуына негізделген;

-          қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлем көзқарасы;

-          халық билігі және демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік-саяси қозғалыс.

 

Демократияны мемлекеттік  құырылым ретінде зерттегеннен кейін  оның тағы бір белгілерін көресетеді:

-          қоғамда көптеген қызығушылықтармен мүмкіндіктердің бар болуы;

-          саяси институтқа-топтарға кепілденген жолы;

-          жалпы сайлау құқығы;

-          өкіметтік институттардың өкімет іс-әрекеттік бақылау;

-          саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;

-          пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.

 

Демократия анықталған жағдайда пайда болады және сақталады.

Біріншіден. Экономикалық дамудың  биік деңгейі. Пипсет С Дженмен В. мен Куртпен жасалған. Зерттеу  қорытындысы бойынша тұрақты  экономиканың өсуі ең соңында демократияға әкеледі.

Екіншіден. Қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын  сыйлау.

Үшіншіден. Қоғамның базалық  құндылығына, тең  құқығына, қатысты келісімі.

Төртіншіден. Халықтың саяси  қатысушылыққа ұмтылысы (біріншіден сайлау) түрінде.

Демократиялық саяси режимді  демократиялық тәртіпке негізделген  басқару түрі деп атауға болады. Оның негізінде – адамның бостандығын, құқық кепілдігін қорғау.

Демократияда өмірді реттейтін  ол заң  болып табылады. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады.

Плюрализм принципі қоғам  өмірінің бүкіл саласына таралған. Сондықтан мемлекеттік және қоғамдық құрылымнан  туындайды. Бұған әсер ететін азаматтық қоғам және әртүрлі әлеуметтік қабаттың мәдениет демократиясы. Тұрғындардың билік құрылымының әрекетіне бақылау жүргізуіне мүмкіндігі бар және орын өз басқарушылығынан дамыған. Тікелей немесе өкіметтік демократия. Осындай принцип: «Заң мен тиым салмағанның бәріне рұқсат» бар. Осымен демократия саяси режимнің жүргізуші элементі болады.

Батыс саясаттанушылары, демократия режимнің мынадай  басқару түрлерін ажыратады:

1.      Президенттік режим

2.      Парламенттік режим

Президенттік режим түрі онда парламенттің және заңшығарушылық қызметінің орындауына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде Президент  үкіметті өзі құрады заңға вето салуға құқығы бар және заң шығаруға  құқығы бар; парламентті шашыратуға және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқықығы бар және т.б. Президенттік режим классикалық түрін АҚШ-та көруге болады.

Парламенттік режим түрінде  толық заңшығарушы билік парламентте  мемлекет басшысы монарх немесе парламент  пен тағайындалған президент  болса да осы режимде Парламенттің Президент ветосын қабылдамауға құқығы бар, президент заң шығаруына  қарсы заң қабылдауға құқықығы бар: импичмент арқылы президентті орнына алуға құқықығы бар; президент басқарып отырған үкімет үстінен бақылау  жүргізуге құқықығы бар; және т.б.

Маңызды қызығушылық қазіргі  демократиялық жүйенің талдауын көрсетеді: Ол А. Лейпхарттың «вестминистерлік демократия үлгісі» мен «демократияның консенсустық үлгісін» ұсынуы.

Бірінші үлгі көпшілік принципін білдіреді. Бұл үлгі өмір тәжирибесінде атқарушы биліктің концентрациясын сипаттайды (бір патиялық кабинет немесе «таза  көпшілік кабинеті»); биліктің тұтасуы; ассиметрикалық екіпалаталы парламент; партиялырдың біртүрлілігі; плюралистік  сайлау жүйесі; унитарлық және орталықтанған  басқару; 

парламент суверениеті мен жазылмаған конституция; өкілдік демократия. Мұндай демократия үлгісі Ұлыбританияда, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және т.б. елдерде бар.

Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды;

3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

4) дамып келе жатқан елдерде  қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;

5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

 

Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Қоғамның саяси жүйесі – елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.

Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Тоталитарлық саяси жүйенің мәні мен ерекшеліктері

 

Тоталитарлы саяси жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.

Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун,Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы тұрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.

Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір  партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған  иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік  шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ  парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау  мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау  органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге  тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау  бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға  деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның  жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев сияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.

Тоталитаризм - қоғамдық жүйе ұжымдық мақсатқа, көсемнің нұрына бас ұрып, ресми идеологияға бағынған қоғам және жеке адамға билік тұтқасы тарапынан тырп еткізбейтін қатаң бақылау қойылған мемлекеттік құрылыс.  
Тоталитарлық режим жағдайында мемлекеттің бүкіл билігі көсем бастаған (диктатор) ат төбеліндей аз ғана топтың қолына өтеді, демократия принциптері аласталып, азаматтық қоғам жойылады, адамдардың құқығы мен бостандығы аяққа тапталады, күштеу, қорқыту, үрейлендіру, бұйыру тәсілдері арқылы адамдар рухани езгіге салынып жанышталады. Қоғамның барлық саласы түгел, оның ішінде әрі адамның жеке тіршілігі, отбасы бәрі бар, мемлекеттің "ашса - алақанында, жұмса – жұдырығында» болады.

Тотаритарлық  (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен)  тәртіп деп қоғам, адам өмірініц барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынган мемлекеттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, т.б.-бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына,демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициядық бақылау орнайды.

Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің     өз     еркімен     және    демократиялық    жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында құрылады.       

Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара ақпарат құралдарын қолданады. Солардың күшімен жұртшылықты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман- мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.

Тоталитарлы саяси режим – ол  мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:

- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;

- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;

- террористік полицейлік бақылау жүйесі;

- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;

- қарулы-әскери күшпен бақылау;

- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;

- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы;

- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;

- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді.

Тоталитаризмнің негізгі  белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық  зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.

Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады.

Үстемдік жүргізетін –  идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге  бөледі.

Тоталитарлық жүйеде билік  өкілдері қоғамдық өмірді толығымен дерлік өз бақылауына алуға тырысады. «Тоталитар» сөзі «толығымен», «жалпы» деген мағына береді. Бұл ұғым алғаш рет ресми түрде ХХ ғасырдың басында италиялық фашизмнің өкілі Дж.Джентиленің аузынан шықты. Тоталитарлық жүйе орнаған мемлекеттердің әрбірінде өзіндік ерекшеліктер болады. Саясаттану ғылымы тоталитарлық жүйені үш топқа бөліп қарайды. Алғашқысы – коммунистік тоталитаризм. Бұл режимде адамдар жекеменшікке ие бола алмайды, нәтижесінде, индивидуализмге шектеу қойылып, ұжымдық сананың дамуына кеңінен жол ашылады. Тоталитарлық жүйенің келесі бір түрі – фашизм. Мұндай жүйені бір кезде Италия мен Германия ұстанды. Ерекшелігі – халықты демократияға қарсы бағытта жүруге, жауынгерлік рухқа, нәсілшілдікке, шовинизмге тәрбиелейді.  Үшінші топқа ұлтшыл-социализмді жатқызады. Бұл идеологияны III Рейх, яғни Гитлер салған болатын. Оның бойында фашизмнің де коммунистік тоталитаризмнің да ұстанымдары бар. Ерекшелігі – әлемдегі барлық халықтардың арасынан бір нәсілдің өкілдерін ғана жоғары санап, мемлекетті тек сол ұлттың өкілдерімен ғана құрауға ұмтылуында. Мұндай саясат Германиядан басқа елдерде үкімет ұстанымы деңгейіне көтеріле алмағанымен, белгілі бір партия, топ өкілдерінің ұраны ретінде жиі көрініс беріп отырды. Атап айтқанда, венгрлердің «айқыш жебе» партиясы, румындардың «Темір гвардия», сондай-ақ француздар мен австриялықтардың да арасында болды.

Информация о работе Тоталитарлық саяси жүйе