Тоталитарлық саяси жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – саяси жүйе мен оның жіктелуін терең зерттеу, даму тарихын зерделеу, тоталитарлық саяси жүйеге қатысты заманауи көзқарастарды ашу, тоталитаризмнің келешегі мен мүмкіндіктерін анықтау.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
•саяси жүйегі түсінігі мен оның жіктелуін талқылау;
•саяси жүйенің және оның жеке түрлерінің қалыптасу тарихын қарастыру;
•тоталитарлық саяси жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері анықтау;
•тоталитаризмнің заманауи көзқарастарын ашу;
•әлем елдерінің тоталитарлық саяси жүйедегі тәжірибесін салыстырмалы түрде талдау.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
І САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.Саяси жүйе түсінігі мен түрлері 5
2.Тоталитарлық саяси жүйенің мәні мен ерекшеліктері 13
ІІ ТОТАЛИТАРЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Тоталитаризмнің даму тарихы 17
2.2 Тоталитарлық саяси жүйенің пайдасы мен залалдары 20
ІІІ ТОТАЛИТАРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
3.1 Кейбір елдердің тоталитарлық жүйедегі тәжірибесі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР 33

Файлы: 1 файл

ТОТАЛИТАРЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕ.docx

— 82.71 Кб (Скачать)

Леонид Брежнев өмірде, тіпті, қаласаңыз саясатта да өте қарапайым болды. Сол қарапайымдылығы оның ішкі сезімінің сыртқа шығуынан әрдайым көрініс беріп тұратын. Ол аң аулауға, машина жүргізуге құмар еді. Бас хатшының кейін аурушаңдыққа жиі ұрынып, ерте қартаюына әсер еткен көп факторлардың бірі ретінде қызы Галинаның теріс қылықтары себепші болғаны туралы көбірек айтылады.

Брежневтің ішкі сырын жасыра алмайтын қарапайымдылығы, оның адамдарға деген аяушылық сезімдерін білдіретін бірнеше мысалдарды атап өткіміз келеді. Кеңес Одағының идеологиясын ұзақ жыл басқарған хатшы Михаил Суслов мемлекеттің бүкіл саяси стратегиясының бағыт-бағдарын айқындап отырғаны тарихтан белгілі жайт. Бірақ, Бас Хатшы Сусловты іштей жақтыра бермейтін. Сонымен бірге бұл сезімін кейде сыртқа шығарып та отыратын.

Осы айтылғандар біздің ойдан шығарғанымыз емес. Бас хатшының бүгінде көзі тірі көмекшілерінің, күзетшілерінің ол туралы жазған естеліктерінен алынған мысалдар.

Кеше тарих қойнауына енген  дүрбелеңге толы жиырмасыншы ғасырда дүниежүзілік саясатқа өз ықпалдарын жүргізген, табиғи болмыстары бір-біріне мүлдем ұқсамайтын тоталитарлық жүйенің серкелері туралы әзірге айтпағымыз осы еді.

Тоталитаризм екінші түрі  ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген.

Италияда фашистік тоталитаризмнің  шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған. Сондықтан тәртіптің  ыдырауы жақындағанда олар Муссолиниді  өздері-ақ биліктен алып тастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келетін болсам, тоталитаризм – қоғамдық жүйе ұжымдық мақсатқа, көсемнің нұрына бас ұрып, ресми идеологияға бағынған қоғам және жеке адамға билік тұтқасы тарапынан тырп еткізбейтін қатаң бақылау қойылған мемлекеттік құрылыс.  
Тоталитарлық режим жағдайында мемлекеттің бүкіл билігі көсем бастаған (диктатор) ат төбеліндей аз ғана топтың қолына өтеді, демократия принциптері аласталып, азаматтық қоғам жойылады, адамдардың құқығы мен бостандығы аяққа тапталады, күштеу, қорқыту, үрейлендіру, бұйыру тәсілдері арқылы адамдар рухани езгіге салынып жанышталады. Қоғамның барлық саласы түгел, оның ішінде әрі адамның жеке тіршілігі, отбасы бәрі бар, мемлекеттің "ашса - алақанында, жұмса – жұдырығында» болады.

Саяси саланың, басқа да салалардың өзара қарым-қатынасының мазмұнын анықтау көп жағдайда  
байланысты. Сондықтан саяси режим және саяси сала іштей өзара байланысты құбылыс. Саяси режим — саяси және қоғамдық өмірді ұйымдастырудың және оның өмір сүруінің тәсілі. Мәселен, тоталитарлық саяси режим коғамдық өмірді күштеп реттеумен, қысым көрсетумен, қоғам мен жеке адамды мемлекеттің жұтуымен, коғамдық сананың саяси билікке бағынуымен, халыкты саяси биліктен, меншіктен, жалпы адамзаттық мәдениеттен ажырату мен сипатталады. Біз 70 жылдан астам уақыт осындай режимде өмір сүрдік. Қазақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды. 
 Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір тәжірибесі коғамның саяси жүйесінің тұрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату кажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен катар дербес, баска биліктерді толықтырушы, екінші жағынан олардың қызметінің занда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек.

Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым  еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы  тұтастай халықтарды туған жерінен  айырып, басқа аймаққа күшпен жер  аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан  да бар болатын. Осындай аласапыран заманда Қазақстандағы демографиялық ахуалдың күрт төмендеуін жер аударылғандар толықтырды.

Тоталитарлық жүйеде билік өкілдері қоғамдық өмірді толығымен дерлік өз бақылауына алуға тырысады. «Тоталитар» сөзі «толығымен», «жалпы» деген мағына береді. Бұл ұғым алғаш рет ресми түрде ХХ ғасырдың басында италиялық фашизмнің өкілі Дж.Джентиленің аузынан шықты. Тоталитарлық жүйе орнаған мемлекеттердің әрбірінде өзіндік ерекшеліктер болады. Саясаттану ғылымы тоталитарлық жүйені үш топқа бөліп қарайды. Алғашқысы – коммунистік тоталитаризм. Бұл режимде адамдар жекеменшікке ие бола алмайды, нәтижесінде, индивидуализмге шектеу қойылып, ұжымдық сананың дамуына кеңінен жол ашылады. Тоталитарлық жүйенің келесі бір түрі – фашизм. Мұндай жүйені бір кезде Италия мен Германия ұстанды. Ерекшелігі – халықты демократияға қарсы бағытта жүруге, жауынгерлік рухқа, нәсілшілдікке, шовинизмге тәрбиелейді.  Үшінші топқа ұлтшыл-социализмді жатқызады. Бұл идеологияны III Рейх, яғни Гитлер салған болатын. Оның бойында фашизмнің де коммунистік тоталитаризмнің да ұстанымдары бар. Ерекшелігі – әлемдегі барлық халықтардың арасынан бір нәсілдің өкілдерін ғана жоғары санап, мемлекетті тек сол ұлттың өкілдерімен ғана құрауға ұмтылуында. Мұндай саясат Германиядан басқа елдерде үкімет ұстанымы деңгейіне көтеріле алмағанымен, белгілі бір партия, топ өкілдерінің ұраны ретінде жиі көрініс беріп отырды. Атап айтқанда, венгрлердің «айқыш жебе» партиясы, румындардың «Темір гвардия», сондай-ақ француздар мен австриялықтардың да арасында болды.

Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси  жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің  коммунистік мемлекеттерінің ғылыми және саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам  және т.б.). Өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті  биліктің – бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық  мүмкіншіліктері бар екен деп  ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке  шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір  типі – ол демократия.

Қазіргі саяси ғылымда саяси  режим түсінігін елдегі саяси  өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі  қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың  басқа категорияларымен салыстырғанда  аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының  өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.

Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа  түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа  да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір  сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге  болады.  
 Осылайша, саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат тоталитаризм болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Арендт Х. Вирус тоталитаризма //Новое время 1991, №11
  3. Лейпхарт А. Многосоставные общества и демократические режимы М., 1997
  4. Поппер К. Демократия и народовластие.//Новое время, 1991, №8
  5. Гаджиев К.С.. Тоталитаризм как феномен XX века //Вопросы философии, 1992, №2
  6. Громыко А.Л. Политические режимы. М., 1994
  7. Мағзумов М. Қазіргі кезендегі демократиялық саяси институттар// Саясат, 1998,№ 2
  8. Ермеков К. Демократиялық даму жолы. // Саясат, 1998, №10
  9. Іңкәрбаев Е. Посттоталитарлық кеңестіктегі саяси өзгертулердің ерекшеліктері //Саясат 2002,№1 
  10. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  11. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
  12. Хайек Ф. А. фон Дорога к рабству
  13. Арендт Х. Истоки тоталитаризма. — М.: ЦентрКом, 1996. ISBN 5-87129-006-X
  14. Талмон Дж. Л. Истоки тоталитарной демократии / Тоталитаризм: что это такое (исследования зарубежных политологов). Сборник статей, обзоров, рефератов, переводов. — М.: ИНИОН, 1993. — Ч. 1.
  15. Фридрих К., Бжезинский З. Тоталитарная диктатура и автократия
  16. Агурский М. Идеология национал-большевизма
  17. Лакёр У. Чёрная сотня. Истоки русского фашизма. — M.: Текст, 1994.
  18. Голомшток И. Тоталитарное искусство. — М.: Галарт, 1994.
  19. Хевеши М. А. «Толковый словарь идеологических и политических терминов советского периода». Изд. 2-е, доп. — М.: Международные отношения, 2004. — 192 с ISBN 5-7133-1147-3
  20. Дамье В. Леворадикальная критика тоталитаризма
  21. Желев Ж. Фашизм. Тоталитарное государство. М.: Новости, 1991.

 

 


Информация о работе Тоталитарлық саяси жүйе