Қазақтың саяси ой-пікірлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 08:14, доклад

Краткое описание

Әрбір мемлекет өзінің нышандарымен мақтанады. Ол нышандары әрине, оның тілі, ділі, ұлты, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық байлығы, рухани қазынасы. Әрбір ұлт қаншама заманнан бері көптеген қиыншылықтарды бастан өткеріп келе жатыр. Біздің қазақ та сондай жігерлі, намысшыл халықтың бірі. Тәуелсіздік жолында жандарын құбан еткен батыр бабаларымыздың асыл мұрасы – сөз қазынасы бүгінгі күні болашақ ұрпақ үшін үлкен рухани азық болып отыр.

Файлы: 1 файл

эссе.doc

— 63.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚТЫҢ  ХАЛЫҚТЫҚ  САЯСИ  ОЙ – ПІКІРЛЕРІ 

Әрбір мемлекет өзінің нышандарымен мақтанады. Ол нышандары  әрине, оның тілі, ділі, ұлты, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық байлығы, рухани қазынасы. Әрбір ұлт қаншама  заманнан бері көптеген қиыншылықтарды бастан өткеріп келе жатыр. Біздің қазақ та сондай жігерлі, намысшыл халықтың бірі. Тәуелсіздік жолында жандарын құбан еткен батыр бабаларымыздың асыл мұрасы – сөз қазынасы бүгінгі күні болашақ ұрпақ үшін үлкен рухани азық болып отыр. Әрине, ол дегеніміз қазақтың көшіп-қонып журсе де тіл байлығының кеңдігінің арақсында қалдырған асыл да мәнді, ғұмырлы ой-пікірлері. Хандық дәуірдің өзінде билік еткен қолбасышыларымыз саясат жағынан мықты болған. Оның дәлелін тарихымыздан бәріміз де білеміз. Міне, сол себептен де қанша ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан саяси ой-пікірлеріміз де баршылық.

«Көш жүріп түзеледі»  дегендей, уаықты өткен сайын адам өзгеруде, бірақ қазақ халқының саяси  ой-пікірлері өзгерген емес. Ол қандай ой-пікірлер? Саяси ой-пікірлерді қалыптастырған даналар бар ма? Киелі ұлттың ірі тұлғаларының ойлары қандай екен? Қазақтың ойшылдығына қазіргі көзқарас несімен ерекшеленеді? Міне, соншама көптеген сұрақтарға жауап беруге тырысайын.

Жалпы қазақ – ойшыл, философ халық. Қазақ халқы ойшыл, не айтса да мәселенің байыбына жетіп барып айтатын, сөздің түйініне мән берген халық. Бостан бос сөйлей беретіндерді әсте жаратпаған. Халқымыздың тағы бір ерекшелігі бұлжытпай қайталай білген. Бұл дегеніміз қазаққа ұлы дала, ұлан байтақ даланың сіңірген игі қасиет болса керек. Есте сақтаулары жоғары болғандықтан суырып салып бір – екі ауыз өлең айтуы қазақтардың ми құрылымының ерекше қалыптасуынан болмас керек. Ол күнделікті дағдыға, дархан дала сіңірген қасиетке байланысты болған шығар деп ойлаймын. Ел арасында күні бүгінге дейін 500 – 600 адамның аты-жөнін, бала-шағаларына дейін атап-атап беретіндер жиі кездеседі. Қазақтың шежірешілдігін, тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Оның басты себебі, ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болуымен сабақтастырған жөн.

Қазақ өзін атамекеннен, атамекенді өз болмысынан ажыратпаған. Бәлкім осыдан келіп «елі кеткен жер жетім, жерінен  айырылған ел жетім» деген мақал пайда болған шығар.

Ұлағаттылық –  болысу мен келісудегі тапқырлық  жеке бас танытатын құндылық. Оған халқымыз пір тұтқан Қазыбек бидің киелі сөзі де дәлел: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтыпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз».

Қазақ халқы  қисынды, дәлелді сөйлеуді тәуір  көреді. Ол әр уақытта сөздің парқына  мән берген. «Сөзге сөзбен жауап бермесең, сөздің атасы өледі» – деген қазақ не болса да таусылып, түбіне жетпей тоқтамайтыны белгілі. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді ету үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған.

Қазақ халқында ойшылдық дәстүр ежелден келе жатыр. Асылы әрбір халықтың өзіндік ой тұжырымдары, мақал-мәтелдері, дүниетанымы болады. Демек, дүниеде өзіндік саяси ой пікірі жоқ ешбір халық болмақ емес. Әрине түрлі жағдайға байланысты біреуінде ол жоғары дамыған, белгілі дәрежеде жүйеленген, ал енді біреуінде саяси ойлар бір жүйеге келтірілмеген, жинақталмаған, шашыраңқы күйде кездеседі. Сондай халықтар қатарына қазақ халқында жатқызуға болады. Бұдан келіп, қазақ жерінен жүйелі саяси ой-пікір айтқан данышпандар мүлде шықпаған деп айта алмаймыз. Ел басына күн туған тарихтың небір қысылтаяң кезінде халық өз ортасынан қол бастаған батыр, от ауызды, орақ тілді шешен, ел бастаған көсем, билер мен саясаткерлер шығарып отырған. Сол қасиетті бабалар сапында ғұлама ғалым Әл-Фарабидің өзіндік лайықты орны бар. Ол Х ғасырда аты бүкіл әлемге жайылып, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанады. Әбу Нәсір Әл-Фараби Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Отырарда дүниеге келген. Бірақ өсіп, ірі ғылым дәрежесіне жеткен жері – араб елдері. Ол ұрпақтарына 160 –тай философиялық трактат жазып қалдырған.

Фарабиден екі  ғасыр бұрын дүниеге келген Қорқыт ата да үлкен данышпан ойшыл философ  болған. Оның туып-өскен және дүние  салған жері – қазіргі Қызылорда  облысы Қармақшы ауданы.

Қоқыт ата туралы сөз еткенде мына бір қызық жайды айтпай кетпеске болмайды. Аңыз кейіпкері әйгілі Қоқыт баба мен Екінші Түрік қағанатының негізін қалаушы Тоныкөктің бір адам екендігін жазушы Қойшығара Салғараұлы салыстырмалы тарихи деректер арқылы дәлелдеп шыққан. Жазушының атауында ол Тоңюкөк деп айтылады. Мұндай жаңалықты жазушы түгіл, кәсіпқой тарихшыларымыз да ашпағаны өтірік емес. Тосын жаңалық, қазақ тарихын байыта, кемелдендіре түскен өзіміздің атақты Түрік қағанатының шынай мұрагері екенімізді дәлелеп беретін жаңалық қой бұл.

Қоқыт атаның шығармалары  бүкіл Шығыс елдеріне кеңінен  тараған. Оның «Кітаві деде Қорқыт»  атты еңбегі Ватикан мұражайында  сақталып, 1952 жылы Римде жарық көрген, 1958 жылы түрік тілінде Анкарада басылып  шақты. Оның өлеңмен жазылған шығармалары  данышпандық, филосифиялық ойлар мен толғауларға толы. Ел арасында Қорқыт ата айтыпты деген мақал-мәтелдер көп. Мәселен, «Ескі мамық бөз болмас, кәрі дұшпан дос болмас» немесе «Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан білер» деген сияқты.

Қазақтың дана, әрі ойшылдарының бірі – Асан қайғы. Ол XV ғасырда Батыс Қазақстанның жерінде өмір сүрген. Асан қайғы көптеген нақыл сөздердің, саяси ой-толғаулардың иесі. Мәселен, «таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» деген философ жыраудың сөздері көп нәрсені аңғартады. Ол Алтын Орданың  ыдырап, Дешті қыпшақтың орынына бірнеше ұсақ хандықтардың пайда болуын уайымдайды. Асан қайғы елдің бастан кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, ренжиді. Ол малға жайлы, шөбі, суы мол, жұт болмайтын, ел қауіп-қатерден аман, ру арасы тату, байлыққа кенелер қоғамды аңсап, оны «Жерұйық» деп атаған. «Жерұйық» қазақ жағдайына байланысты ойдан шығарылған утопиялық қоғам. Оның адамгершілікті арқау еткен қанатты сөздер де дәл осы кезде туған. Оларды далалықтар күні осы уақытқа дейін қоданады.

ХІ ғасырда  қазіргі Жамбыл облысы жерінде өмір сүрген ірі тұлғалардың бірі –  Жүсіп Баласағұн. Ол әрі ақын, әрі  ғылымға жаны жақын философ болған. Оның «Құтадғу білік» деген дастаны (1069) сасяат, мемлекет басқару, әдіскерлік іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, қанағат, ақыл – сана туралы диалогтардан тұрады. Басқа рубайларында адамдарды – адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Ол артына: «Біліп сөйле, білмегенді үйрет», «Білім – жарығын шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады», - дегендей ұлағатты, өсиетті сөздер қалдырған.

Ортағасырдағы ірі ойшылдардың бірі Қожа Ахмет  Яссауи. Ол ХІІ ғасырда қазіргі  Шымкент облысы Сайрам жерінде дүниеге  келіп, саналы өмірін Түркістан шахарында  өткізген. Оның басты кітабы – «Диуани  хиқмет» («Даналық жайындағы кітап»). Кітапта өзінің 63 жасқа дейінгі өмірін баяндайды. Жас кезінде жетімдікті, өмірден көрген азабын, шеккен қасыретін айтады. Сондай-ақ бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің, қазылардың харамдық істерін әшекерлеп, сынайды, фәнидің жалғандығын айтады. Дін адамдарының құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіліп, өзін олардан аулақ ұстап, алла тағалаға адал берілгендігін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизмге) ден қояды.

«Диуани хиқмет» кітабынан қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты көптеген құнды деректер табылады. Кітап халқымыздың дүниетанымын біршама кеңейтерлік рөл атқарады. Яссауи кедей, кемтарлар жақ болды. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кең тарады. Әмір Темір Яссауидің жерленген жеріне арада екі ғасыр өткенде дүнижүзілік маңызы бар Түркістан кесенесін орнатты.

Түркістан жалпы  мұсылман әлемінде «екінші Мекке» деген  ұғымға айналған. Мұндағы Қожа Ахмет  Яссауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Барлық түрік нәсілдес халықтар Түркістанды байырғы ата-жұртымыздың астанасы деп санайды. Түкістан – қазақ халқының тұтастығының, бірлігінің нышаны. Қазақ ұлттының басын біріктіріп, сыртқы жаудан, ішкі ыдыраудан аман сақтап қалған Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. есімдері Түркістан қаласымен тығыз байланысты.

Қазақ арасында бүкіл түрік елдеріне ортақ Қожа Нәсірдің халқымыздың философиялық ой-пікірін оятып, оптимистік сенімін арттырудағы, халықтарды тазалыққа, әлідікке тәрбиелеуге алатын орнын айтпауға болмайды.

Қазақ халқының философиялық ой-пікірінің бір ерекшелігі – оның данышпандықты жоғары бағалағандығы, ойшылдығы, инабаттығы мен қайрымдылығы, кең пейілдігі мен кешірімділігі. Мәселен, Абайдың қарасөздерін алайықшы. Олар үлкен философиялық мәні бар еңбектер. Сөйлемдері қысқа, сөздері нақты. Сондықтанда қалың көпшілік оларды жақсы түсінеді.

Абай - әлемдік  тұлға. Ол өзініңі сезімдерімен ғана оқырманаға әсер етіп  қоймай, ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол – нағыз ғұлама, әрі тәңірдің өзінен туған әулие десе де болғандай. Оның поэзиясының енбойынан адамдарға деген сүйспеншілік пен аяушылық сезімі есіп тұрады. Сонымен қатар, ол, адамның көкірек көзін тұмшалайтын қараңғылық пен надандылыққа қарсы бітіспес күреске шақырады. Ал, гуманистік идеялары Еуропаның классикалық философиясымен ғажайып бір үндестік тауып жататынына еріксіз қайран қаламыз.

Осынау қазақ ақынын толғандырған проблемалар қазірдің өзінде кез-келген халық өкілінің көңіл пернесін дөп басып жатыр десек, артық айтқандық емес. Абай - әлемдік поэзияның асқарларымен иық теңестіріп тұрған заңғар тұлға.

Қазақтың  ойшылдығына қазіргі көзқарас. Қазір ғылыми- техникалық прогресс кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Оның бір ерекшелігі қысқа сөйлеуді, аз сөзбен нақты ұғым беруді қажет етеді. Бүгінде халық бірте-бірте газет, журнал, кітап оқудан қалып барады. Өйткені халық хабарға мұқтаж емес. Бәрінің орнын теледидар басып отыр. Ол әрі қысқа айтады, әрі көрсетеді.

Қазақта «өнер  алды – қызыл тіл» деген мәтел  бар. Бұл сөзге көп мән бергендікті  көрсетеді. Бүгін бұл мәтел өмір талабына сай «сөз - өмір, сөйлеу - өнер»  деп жаңартуға болар еді.

Ойшыл халық  алды-артын байқап, шамалап, орынды өсиет жасап отырады. Біздің нарыққа көшкен кезеңімізде бұл әбден қажет. Біз егеменді ел болдық деп алғашқы  жылдарда түрлі себептер тауып, той тойлап, шаттандық, шабылдық. Енді әулилелерге ас беру басталды. Ол да дұрыс, имандылық іс. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қағида да бар. Бірақ алла – тағала да халықтың риздығын шаша бер демейтін шығар.

Біздің Қазақстан жылына 28 миллион тонна мұнай шығарады екен. Болашақта оны біз 85 миллион  тоннаға жеткізеді екенбіз. Енді осыншама мүмкіндігіміз бола тұра неліктен Ресейге мұнай үшін 150 миллиард сом қарызбыз? Оның себептері де бар шығар. Себепсіз еш нәрсе жоқ. Бірақ ол себептерге не себеп болды? Бұл дүниетанымдыққа жатпай ма? «Өзіңді бұлдай алмайсың»,- деп Құнанбай Абайды мінеген екен. Әрине, бұл басқа жағдайда, басқа мағынада айтылған. Бірақ біз өз құнды заттарымызды бұлдай білдік пе?

Шетімізден  «қазақ үшін өлемін де, тірілемін де»  деп жүреміз, ал іс жүзінде жағдай басқадай да болып шығып жатады. Мерзімді баспасөз беттерінде қазақтық сезімімізге, ісімізге, мінезімізге, көзқарасымызға қарай «шала қазақ», «мәңгүрт қазақ», «мәмбет қазақ», «сырты қазақ – іші орыс», «қазақ тілін білмейтін қазақ», «орыс тілін білмейтін қазақ», «екі тілде де арластырып, сапырып жүрген әлдігүрт қазақ» деген ұлтымыздың «түрлері» пайда болды.

Сондықтан жастарды ұлттық салт-сана рухында қанаттандырып, шынайы патриот етіп тәрбиелеу – отбасынан  басталуға тиіс десек, бүгінгі ұрпақ  – біздің өзіміздің де дәл осындай  өнеге бигінен табыла білуіміз қажет. Ал, шынайы патриот болу деген не? Ол әншейін: «Мен – қазақпын» деп көкірек керу емес қой. өзінің өзгемен терезесі тең болуы үшін, ақылы – парасаты мен адамгершілігінің, өнері мен тұрмысының өзгеден кем болмауы үшін қайратты әрекет жасайтын адам ғана, мейлі, ол қай салада еңбек етсін, өз елінің адал презенті бола алмақ.

Рас, біз ойшыл, философ халықпыз. Әлемде философиялық ойы жоқ халық бар ма? Айырмашылығы – біреуінде ол жоғары дамыған, енді біреуінде төмен дәрежеде дамыған. Ал дүниеге көзқарас-философиялық проблема. Ол жан –жақты дамығандықты, жоғары мәдениеттілікті қажет етеді. Одан соң біздің ұлттық сана сезіміміз қалыптасып жетпеген. Оянуы оянды, бірақ шарықтап дами алмай келеді. Ұлттық намыс қандай? Бұларды саяси ой – пікір емес деп кім айта алады. Осыларды біруақ ойлап, санаға салайықшы, біз қандай екенбіз. Күні кеше бізге керегі «Оян қазақ» ұраны болса, енді бүгін – «Ойлан, қазақ» деудің реті келді демекпіз. Өйткені ұлттың қамын ойлау – ұлтшылдық емес. Біз мыңдаған жылдық тарихы бар, дүниеге ұлы адамдары көп берген шығысытың әйгілі халқымыз. Дүниежүзінде жеріміз кеңдігі жағынан тоғызыншы елміз, 2500 тілдің ішінде тіліміз 70-орында тұр. «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп мәрт мінез танытушы, асқан адамгершілікті халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпағанымыз жөн.


Информация о работе Қазақтың саяси ой-пікірлері