Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 18:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы қазіргі уақыттың өзінде көп нәрсеге қол жеткізді, біз тағы бір стратегиялық міндетті-таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына, шығару міндетін қойдық. Республика Президенті 1997 жылы ұсынған 2030 бағдарламасы ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. 50 елдің қатарына кіру үшін менің зерттеп отырған мәселелерімнің актуалдығын айқындауға болады

Оглавление

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ТИПТЕРІ

Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 5
Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері . . . . . 8

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ

2.1 Экономикадағы жұмыссыздық пен инфляцияның мәні . . . . . . . . . . . . 11
Жұмыссыздық түрлері мен себептері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылатын мемлекеттің саясаты . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. ... . .28

Файлы: 1 файл

Экономикалык осу. готовая.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

100 станок = 800 с

 

100 жұмысшы  =200 v, немесе 100c/100ж=800c/200vК

 

Капиталдың 800с:200v қатынасы құндық құрылымы деп аталады.Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық байқалуы.Қоғамдық өндірістің дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі  яғни тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі  капитал үлесі азаяды.

Өндірістің  мануфакторлық кезеңі жағдайында капиталдың органикалық құрылымы 9с:1v бастап 13с:1v дейінгі аралығындағы тербеледі,сөйтіп жұмыс күшіне сұранымды салыстырмалы түрде төмендетуге алып барады.Соның салдарынан адамдардың  көп бөлігі өз еңбегінің қолдану саласын таба алмайды.Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып,олар резервті өнеркәсіп еңбек армиясын,жұмыс күші нарығын құрайды.

 

 

             2.2 Жұмыссыздықтың түрлері мен себептері.

 

           

Жұмыссыздықтың  мынандай түрлері бар:

      Жасырын жұмыссыздық-өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы.Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

  1. Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа,бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
  2. Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы:бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісті саласында кездеседі,әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б
  3. Құрылымдық жұмыссыздық-өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады:жеке саланың дамуының кері пропорцианалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың  нәтижесі ретінде қараймыз.
  4. Технологиялық жұмыссыздықтың–адамдары машинамен ауыстыруды нәтижесі,біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
  5. Циклдық жұмыссыздық-өндірістің құлдыруынан туындайды,яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.

 Өнеркәсібі  дамыған елдердегі жұмыссыздықтын себептерін талдай отырып,шетел авторлары олардың жекелеген түрлері тудыратын нақты факторлары қатыстырады.Мысалы,АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған.Олардың әрқайсысының өзінің ерекше «себептері» бар.Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлері негізінен екі топқа жіктеп қарайды.Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымын жеткіліксіздігіне»туындауын жатқызады,алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз.Жұмыссыздықтың екінші тобына- «жиынтық»сұраным өзгерісінен байланысты емес фрикциондық,құрылымдық технологиялық және басқа түрлерін»жатқызамын.

Кез келген жұмыссыздықтың болуы-қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс.Батыс ғалымдарының пікір бойынша,адамды жұмыссыз деп есептегенге ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай,өзінің абыройын жоғалтады.Шетелде жұмыстан айырылудың психологиялық зақым ретінде бағалап тек ең жақыны туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.

   Жұмыссыздық  деңгейін есептеу төмендегідей  формуламен анықтылады:

 

                    ЖБ= ЖС/ЖК*100,

 Мұндағы-  ЖБ-жұмыссыздық деңгейі 

                   ЖС-жұмыссыздар саны

                   ЖК-жұмыс күшінің саны.

 

Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді;инфляцияның өсуіне ықпал жасайды,сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды.Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады,осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.Кез келген жұмыссыздың деңгеймен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін,әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады.Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780) есіммен аталған. 

Осы заң  математикалық  тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен  жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің  төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%–ға асса,онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды.Осы 2,5 санымыз–Оукен коэфиценті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы,бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.

 Еңбек  рыногы-бұл рыноктың ерекше түрі,онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады.Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады.Еңбек рыногы-экономика жағдайын көрсетудің айнасы,тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын,жұмыссыздықтың сала бойынша,кәсіби-біліктілік,демографиялық және басқада көрсеткіштердің құрылымын байқатады.Осы құбылыстар АҚШ-тағы еңбек рыногында айқын көрінеді.Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады:ауыл шаруашылығымен айналасатындар санының тез қысқаруы  және олардың қызмет көрсету саясында артуы.Себебі бұл сала барынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналады.

Ауыл шарушылығында  жұмыспен қамту АҚШ-да 1955-ші жылы 6,5 млн адамнан 1990-шы жылы 3,2 млн.адамға қысқарды,ал қызмет көрсету саласында 1955-ші жылы 30,1 млн.адамнан 1990-шы жылы 85,3млн.адамға артып,жалпы жұмыспен қамтылғандардың 75% құрады.Кәсіби құрылымда ой еңбегімен айналысатын жұмыскерлер арта түсті.Олар 1991-ші жылы барлық жұмыспен қамтылған жұмыс күшінің 51% құрады.

Біліктіліктің құрылымында жұмыс күші білім деңгейінің өскендігін байқатады.АҚШ-та 1970-пен 1992-ші жылдардың аралығындағы орташа білім алған адамдардың саны өсті және

жұмыс күшінің  жоғарғы білім алғандар мен толық  алмағандар 21 пайыздан 38 пайызға үлесі артты.

Демографиялық құрылым бойнша әйелдері жұмыс күші құрылымына тезірек тарту байқалады.АҚШ-та әйелдердің экономикалық  деңгейге қатысуы 1980-шы жылы 34 пайыздан 1992-ші жылы 60 пайызға артты.

 

 

2.3 Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылатын мемлекеттің саясаты.

 

 

Қазақстан Республикасының осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ.Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтық болуын қарастырады.Еңбек рыногы–бұл жұмыс күшін тарту ретінде сату–сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі,әрбір жұмыс орнынының бағасы өседі,жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек рыногында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге  қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі.Рынок еңбекке қабілетсіздерді, жалқау,әлсіздерді ешқашан аямайды.Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамассыз етіп,іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады.

Қазақстан Республикасындағы  қалыптасып отырған еңбек рыногы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу.Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілдік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде:әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда,жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр.Мысалы,көмір және тау-кен өндіру,мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған,осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер құрайды.

Рынокта сұраным  мен ұсыным заңы жұмыс жасайды  және ол еңбек ақыға әсер етеді.Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі.Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал-жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек.Жұмыс күшінің өндіріс құрал жабдығымен қосылуы рыноктық әдіспен-сатып алу сату жолы арқылы жүзеге асады.

Егер жұмыс  күшін-тауар десек,онда оның құны жайлы әңгіме туындайды.Қазіргі кезде оның құны және қалай анықталады.Шын мәнінде,жұмыс күші құнына теңестіруге болады,яғни жұмыскер мен оның отбасының өмір сүруі осы қажеттіліктер құнына пара-пар болады.

Қазіргі кезде  біздің Қазақстанда  басқа көптеген елдермен салыстырғанда адамның  еңбегі төмен бағалануда.Мысалы,бір сағаттық адам еңбегі Швейцарияда-30,Германияда -28, Австралияда-22,Францияда-15долларқұрайды.Біздің есептеуімізше,Қазақстан Республикасында жұмысшы мен мемлекеттік  сектордағы қызметкердің  бір сағат еңбегі 0,10 доллар тұрады рыноктық қатынастарға  көшкенде  жұмыс күшінің сапасына  деген сұраныс өседі,сондықтан оның ақысын көбейту қажеттілігі  еріксіз туындайды.

Қазақстан Республикасында  тәжірибесінде енді ғана  тұрғындарды  жұмыспен  қамтудың нарықтық механизмге өтуі  қарастырылуда.Қазіргі кезде жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты  басынан кешуде.Оның себебі әміршілдік  экономика жағдайында  жұмыспен қамту қатынастары  тоталитарлық  орталықтан жоспарланған еді.Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін  және тұрғындардың  тиімді еңбекпен  қамтылуын шеше алмады.

Толық жұмыстылық (еңбекпен қамту) дегеніміз халық шаруашылығы  көлемінде  еңбекке  қабілетті  тұрғындарды  жұмыс орынымен  қамтамасыз ету.

Тиімді  жұмыстылық дегеніміз қоғам қажеттілігін  өте аз еңбек шығынымен  қанағаттандыра білу.

Қазіргі рыноктық экономикада жұмыскерлердің оңтайлы  резерві міндетті түрде болуы қажет,сөйтіп жұмыссыздықтың  табиғи мөлшері сақталады.Оған тең дәрежеде  арифметикалық «толық жұмыстылық»және тым жоғары жұмыссыздықта  кері екендігі белгілі.Бірінші жағдайда экономикаға–сұраным инфляциясы,өндірістің  төменгі тиімділігі,сала мен аумақтағы, еңбек ресурстарын бөлудің әміршілдік тәсілі,стагфляция және басқа ірі келеңсіздіктер әсер етеді.Екінші жағдайда-өндірістің еңбек факторын ашық қолданбауында,адамның әлеуметтік-экономикалық құқының жаппай бұзылуында,көптеген жұмыссыздарды қажетілікпен сақтауға байланысты мемлекеттік қаржыны келеңсіз қысымдауда және т.б болып тұр.

Еңбек рыногы нарық түрлерінің ішіндегі ең жетілмегені болып табылады.Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер,әдетте, олардың еңбегіне сұранымның бар немесе жоқтығы туралы мәліметтермен толық ақпараттанбаған.Олар өзінің қаласының шеңберіндегі  бос жұмыс орнының барлығын толық білмейді.Ал  басқа аймақта жұмыс орнының болуы туралы тіпті хабарсыз. Рынок жағдайында экономикалық еңбекті ауыстыру заңы жұмыс атқарады.Оның мәнісі мынады:өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсенді жұмыс жасауы керек,ол болса тұрақты жетілдіруді қажет етеді және бүкіл  өмір бойы еңбек еткен кезеңде қызмет сапасы түрін өзгерткені абзал.

Мысалы,американдықтар өмірінің еңбек еткен жылдарында жұмыс орнын орташа 7,5рет ауыстырады.Жапонияда жұмысшының белгілі бір бөлігі өмір бойы жалдамалы еңбек етуіне

қарамастан-жұмыстарын 2,6 рет ауыстырады.Батыс Еуропада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары,бірақ  АҚШ-тан төмен. Дамыған елдердегі рынок  өзінің өзгермелі конъюктурасына қарай, жұмыскерлердің үштен екісін үнемі оқуға итермелейді. Жапонияда мысалы,әрбір екінші жұмысшы әйтеуір бір жерде оқиды.Осы елде сапа үйірмелері,тәжірибесімен алмасу тобы,жаңа технология және еңбек тәсілдерін игеру курстары кең тараған.Швецияда еңбекке байланысты  арнайы заң қабылданған.Заң талабына сай,әрбір жұмыскер жұмыс уақытының есебінен кез келген курста оқуға құқылы және ешқандай жалақысын жоғалтпайды.Сондықтан да жұмыскердің оқуы мен білім дәрежесі жоғары бағанады.Бұл процесс-рыноктық  принципке көшетін  экономика үшін қажетті құбылыс.Финляндияда,мысалы  осындай орташа мерзім  кезінде мамандық та өзгертіледі  немесе халық  шаруашылығында  айналысатындардың  үштен бір бөлігі  басқа жұмысқа ауысады.

 Еңбек  рыногындағы тепе-теңдік сұраным мен ұсыным көмегімен бекітіледі.Еңбекке деген сұраным  мөлшері  жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта  болады.Жалақы мөлшері көтерілген кезінде  фирмалар нарықтық  тепе–теңдікті сақтау мақсатында  жұмыс күшіне сұранымды  төмендетуі қажет,ал жалақы  мөлшері төмендегенде еңбекке  сұраным артады.Жұмыс күшіне  деген ұсыным  нақты байланысқа  іс- әрекет етеді.

Американ  ғалым–экономисі П.Самуэльсонның ойынша, қоғамдағы еңбекке деген ұсыным төмендегідей  факторлармен анықталады:

-тұрғындардың  жалпы санымен;

-жалпы тұрғындар  санындағы өз бетінше  тұратындардың  үлесінен құралады;

- жыл немесе  апта бойынша  жұмысшының атқаратын  орташа сағат санымен жұмысшының жұмсайтын еңбегінің  сапасы,саны және біліктілігімен.

Біздің экономика  әкімшілдік-әміршілдік жүйесінен рыноктық  тәсілге көшуі жұмыс  күшін босату процесін  жеделдеттіреді. Рынок жағдайында нақты жұмыс орны енді ешкімге де кепілденбейді және еңбекті жалдаудың осы түрінің күшіне енуі шын мәнге ие болып,көптеген адамдардың мүдделеріне кәдімгідей әсер етеді.Осы уақытқа дейін бізде жұмыссыздықтың болмағандығы мойындалды және оны біз үлкен жетістікке санадық.Қазақстан Республикасында 1991-ші жылы алғашқы рет жұмыссыздар тіркеліп,олар 4 мыңнан астам адамды құрады,оның ішінде 75%- әйелдер болды.Ал,200-шы жылы жұмыссыздардың арнайы тіркелген саны 247,6 мың адам болды.

Республикада  алдағы жылдары тіркелетін жұмыссыздар  саны бірнеше мыңға дейін ұлғаюы мүмкін.Бұл процесске мемлекет дайындалғаны жөн және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып,оны реттеуді үйренген дұрыс-ақ.Тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі құқықтық негіздегі,арнайы мекемелер бөлімшелерін, экономикалық тетіктер жүйесін ендіреді. Осы жағдайда мемлекет әлеуметтік саясатында міндетті шараларды жүргізуге міндетті:әсіресе,жұмыссыздарға жәрдем төлеу,біліктілікті арттыру мен жаңа жұмыс орнын құру және әлеуметтік саясат және т.б

Информация о работе Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі