Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 18:58, курсовая работа
Қазақстан Республикасы қазіргі уақыттың өзінде көп нәрсеге қол жеткізді, біз тағы бір стратегиялық міндетті-таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына, шығару міндетін қойдық. Республика Президенті 1997 жылы ұсынған 2030 бағдарламасы ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. 50 елдің қатарына кіру үшін менің зерттеп отырған мәселелерімнің актуалдығын айқындауға болады
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ТИПТЕРІ
Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 5
Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері . . . . . 8
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
2.1 Экономикадағы жұмыссыздық пен инфляцияның мәні . . . . . . . . . . . . 11
Жұмыссыздық түрлері мен себептері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылатын мемлекеттің саясаты . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. ... . .28
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып,оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
1.2. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері.
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады.Кез келген басқа сияқты, экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады.Тұтыныстар өндірісті ынталандырады,екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады–сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық- оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі.Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар.Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады.Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі қажет.Осыдан байқалатындығы,экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады.Ескеретін жай,қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудін интенсивті типі қолайлылау.Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми–техникалық жетістіктердің негізінде,еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі.Әрине,бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар.Ол мынамен байланыстырылады:оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми–техникалық революция дамуымен сәйкес келді.Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.
ҒТР-дың қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып( 70-80 жылдары басталды),мынаны байқатады:
- еңбекті
сақтандыратын технологияны кеңінен
қолдану,яғни робототехниканы кеңінен
қолданатын жұмыскерсіз технология,
сондай-ақ машинасыз технологияны
қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ
дайындау(мұндай технологияларға мынаны
жатқызамыз:плазмалық,
-ресурсты сақтау технологиясы,шикізат пен материалды кешенді өндеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану,шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді
ағынды суға және шлам тоғандарына қоқыс,үйінді тасталуын жою,яғни қоршаған ортану ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесінде баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес,шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі-өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен,ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі.Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым рөлінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді.Ғылым қоғамның тікелей өңдіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді.Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына,экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді.
Экономика өсуінің қайнар көзі–экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады.Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.Рыноктық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер–қайраты арқылы дамып,олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады.Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі – экономикалық саясат және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды деп көрсетеді.Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі қаржы)болады .Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді.Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғары деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастыққа оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал жасады.Экономикалық өсудің сапалық және типінің түпкі мақсаты адам болып табылады.
Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін,еңбегін де айта аламыз.Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік –экономикалық прогрестің критериі болмақ.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан-рыноктық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамассыз етуі керек, яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан–рыноктық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін;экономикалық өсудің тербелуі және қарқының төмендеуі.Бұл өз кезегінде«экономикалық тепе-теңдікті» қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады
2 Жұмыссыздық және инфляция.
2.1 Экономикадағы жұмыссыздық пен инфляцияның мәні
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестіруімен айналысқан және айналасуда.Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады:Экономикалық тепе–теңдік және экономикалық динамика.Тепе-теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді.Классикалық модельдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз.Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады).Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін,өзінің тауарын сатады.Демек,табыс шығынға тең.Сондықтан сұраным мөлшері жылғы ұсынымғы тең.
Алайда нақты рыноктық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі.
Тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады табыс толық жұмсалмайды(бір бөлігі жинақтауға айналады,өндіруші шығынның бір бөлігін займ(несие есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде сай моделінде көрсетілгендей,«сұраным ұсыным болып табылады» баланстанбайды.Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді,ал ұсыным несие мөлшеріне артады.Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады:жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді. Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады.Сондықтан олар сұранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.
Демек жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады.
Экономикалық өсудің идеалды моделі мыналарды ескереді:барлық жинақтау инвеститцияға(күрделі қаржыға) айналады.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады:«табыстар сұраным»,бірақ «табыста жинақтау» емес.
Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж.Кейнс дәлелдеген.Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.
Өндірістік
және капиталдық тауарлардың жалпы
шығарылуы нақты сұраным немесе
инвестициялық сұраным боп аталады.
Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді.Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жылына салу.Дж.Кейнс мынаны көрсетті:тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным=жиынтық ұсыным)инфляция,жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.
Жиынтық сұраным-тауар мен қызмет көрсетудің әр түрлі көлемін байқайтын модель.Сондықтан тұтынушы,кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Жиынтық ұсыным-кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқайтын модель.
Басқаша айтар болсақ, тепе-теңдік жағдайы ресурстарды толық қолданылғанды көрсетпейді. Практикада мынандай жағдайлар кездеседі:егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде,ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді.Егер ол жоғары болса,онда ЖҰӨ тепе-теңдігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет,яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау қажет,сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады.
Егер өндіріс
деңгейі ресурстарды толық
Сөйтіп,нарықтық экономика екі оттың арасында қалады жұмыссыздық пен инфляция ортасында.Алайда,жұмыссыздық пен инфляция арасында тұрақты кері тәуелділік қалыптасып,оны «Филиппс қисығы» түрінде бейнелейміз. Қисықтың бұлай аталуы осының авторы Жаңа Зеландия экономисінің есімімен байланысты.Енді ғана жұмыссыздық деңгейін инфляция деңгейі есебінен реттеуге мүмкіндік туды және кері құбылысты бола алады. Ондай нәрсе тек мемлекеттің араласуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін көп жұмыс жасап жатыр. Экономикалық өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру.Мемлекет экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай алады және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе бақылауға тиіс емес. Мұны рынок істейді.Экономиканың салауатты жеке сұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес ортасын дамыту және рынокты монополияндыруға жол бермеу үшін қажетті реттеуші рөлін ғана атқаруға,ал ондай сұраныс жоқ жерлерде оны жасауға жәрдемдесуі тиіс. Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді
серіктестерді
қамтамассыз ету Қазақстан
БСҰ мүшелері тарапынан қыспақты күтіп отырмастан,біз оза жұмыс істеуге Қазақстан дамуының қажеттіліктері мен деңгейіне сәйкес қарқынды жеделдету үшін БСҰ шарттарына сай заңнамаға өзгертулер еңгізуге тиіспіз.Энергетика және отын саласындағы салық және кеден жүйесін реформалау және отынның ішкі рыногі үшін мөлдір салық жүйесін еңгізу,жергілікті өндірістер үшін мемлекеттік көмектің мазмұнын қайта бағдарлау талап етіледі.
Қаржылық қызметтер рыногына салық салу да БСҰ шарттарына сәйкестендірілуі тиіс,бұл өз кезегінде қаржы- өнеркәсіптік топтар қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы экономика жағдайындағы маңызды категориялардың бірі-нарық екені белгілі.Нарық әртүрлі болып келетіні мәлім және олардың әрқайсысының өзіне тән теориялары бар.Нарықтың түрлерінің теориялық негіздеріне тоқталмас бұрын нарықтың өзінің мәнін анықтап алған жөн. Нарық (маркет) дегеніміз тауар мен қызметті сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі,қалыптасу процесінде айырбас объектісіне нарықтық баға белгіленіп,оның меншік иесі ауысып отыратын айырбастың жақтары арасындағы байланыс формасы.
Ал енді нарықтың негізгі түрлерінің бірі еңбек нарығының теориялық негіздерін анықтап көрейік.Еңбек нарығының теориялық негіздерінің тарихына тоқталатын болсақ,оның іргетасының қалануына классикалық мектеп өкілдері көп үлес қосқанын байқаймыз.ХІХ және ХХ ғасырларда еңбек нарығы теориясы А.Маршалл, Кейнс, Самуэльсон, Маркс сияқты т.б көрнекті экономист ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Экономика
ғылымына алғаш және
Давид Риккардо (1772-1823) жалақы мөлшерінің еңбек ұсынысына тәуелділігі туралы қағиданы дәлелдеді.
Қазіргі еңбек нарығы жалдау және еңбек ұсынысымен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады.Еңбек нарығы нарықтық қатынастарға қатысушы жақтар немесе нарық субьектілері;нарық субьектілерінің қатынастарын реттейтін құқықтық актілер;нарық конъюнктурасы;халықты жұмыспен қамту қызметі;еңбек нарығы инфрақұрылымы;өндірістен босатылған,жаңа орынға ауыстырылған жұмысшыларға арналған әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер жүйесі; жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің альтернативтік уақытша формалары сияқты элементтерден тұрады.
Информация о работе Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі