Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 18:58, курсовая работа
Қазақстан Республикасы қазіргі уақыттың өзінде көп нәрсеге қол жеткізді, біз тағы бір стратегиялық міндетті-таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына, шығару міндетін қойдық. Республика Президенті 1997 жылы ұсынған 2030 бағдарламасы ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. 50 елдің қатарына кіру үшін менің зерттеп отырған мәселелерімнің актуалдығын айқындауға болады
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ТИПТЕРІ
Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 5
Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері . . . . . 8
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
2.1 Экономикадағы жұмыссыздық пен инфляцияның мәні . . . . . . . . . . . . 11
Жұмыссыздық түрлері мен себептері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылатын мемлекеттің саясаты . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. ... . .28
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ТИПТЕРІ
2.1 Экономикадағы жұмыссыздық пен инфляцияның мәні . . . . . . . . . . . . 11
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. ... . .28
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы қазіргі уақыттың өзінде көп нәрсеге қол жеткізді, біз тағы бір стратегиялық міндетті-таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына, шығару міндетін қойдық. Республика Президенті 1997 жылы ұсынған 2030 бағдарламасы ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. 50 елдің қатарына кіру үшін менің зерттеп отырған мәселелерімнің актуалдығын айқындауға болады.Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Жаңа Үкімет үшін басымдықтар мен міндеттер мынадай.
І басымдық: Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді
Бірінші.Инфляциямен күрес – несие-ақша саясатының басты мақсаты. Біз өзіміздің шетелдегі әріптестеріміздің бұған дейін байқап көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін қамтамасыз етуге тиіспіз.
Екінші.Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру.
Мемлекет экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай алады және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе бақылауға тиіс емес. Мұны рынок істейді.
Экономиканың салауатты жеке сұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес ортасын дамыту және рынокты монополияландыруға жол бермеу үшін қажетті реттеуші рөлін ғана атқаруға, ал ондай сұраныс жоқ жерлерде оны жасауға жәрдемдесуі тиіс
ІІ басымдық: Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету
Қазақстан экономикасының одан әрі өсуі, ең алдымен, сыртқы сауда және конъюнктура факторларымен айқындалатын болады. Елдің жедел экономикалық дамуының бірқатар “сыртқы локомотивтері” анық.
Бірінші. Халықаралық маңыздағы серпінді секіріс жобалары.
Бізге өңірлік және жаһандық экономика тұрғысынан мақсатты тауашаларға және “пайда орталықтарына” қатысты айқындалу, тиісті халықаралық үрдістерді жан-жақты және мұқият талдау керек.
Шетелдік инвесторлардың қаржы қызметі, сақтандыру және құрылыс секторларында құрылтайшылық қатысу деңгейіндегі ақтауға келмейтін шектеулерді алып тастауды қисынды соңына дейін жеткізуге тиіспіз, сондай-ақ Қазақстанның табиғи монополиялары мен құрылыс секторы, телекоммуникациялар, көлік және сол сияқтылар рыногына келіп жатқан жаңа “ойыншылар” үшін жағдайды қалай теңдестіруді ойластыруға тиіспіз.
Мамандандыруды және өзіміздің ауылшаруашылық өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ауыл шаруашылығының заңнамалық және нормативтік арқауын бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендіруге тиіспіз.
Төртінші. Халықаралық экономикалық одақтар мен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық экономикаға кірігу.
Қазақстанның ЕурАзЭҚ, біртұтас экономикалық кеңістік және басқа да өңірлік экономикалық одақтардағы алар орнын нығайту тауарларды өңірлік рынокта экспортқа шығаруға қолайлы жағдай жасауға септесетіндігі сөзсіз. Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық экономикалық блоктар мен қауымдастықтарға қатысуы халықаралық рынок тауашаларына қол жеткізуін жақсарта түседі.
Курстық жұмыстың басты мақсаты- тақырыптың теориялық жағын анализдеу.
Бірінші бөлімде экономикалық өсудің теоретикалық жақтарын көрсеттім.Экономикалық өсуге әсер ететін факторларын көрсеттім.
Екінші бөлім
Жұмыссыздық және инфляцияның териялық,
практикалық жақтарына
Сонымен менің «Экономикалық өсу: инфляция және жұмыссыздық» тақырыбын таңдауымның басты себебін анықтайтын болсақ олар: экономикалық өсу қазіргі Қазақстанның өзекті де актуалды мәселелердің бірі. Республикамыздың экономикалық өсу сатыларынан тек алға жылжып жатқаны менің ойымша әрбір қазақстандыққа мәлім. Сонымен қатар оны елбасы жолдауынан көруге болады: «Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа аралып,әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.
Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық.
1 Экономикалық өсу факторлары және типтері
1.1. Экономикалық өсу теориясы.
Мультипликаторлар және акселератор эффектісі.
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін,Батыс елдерінің әр түрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формуларын жасап,алдағы уақытқа болжау құрады.
Өсу формуласының негізінде кейнстің«мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінірек «акселерация» теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор – бұл дайын өнім сұранымның өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті.«Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген,кейінірек Дж.М.Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту,өсім және ақшаның жалпы теориясы»(1936)кітабында дамытты.Бұл ұғымды А.Хансен, Р.Харрод, Дж.Хикс, П.Самуэльсон, Н.Калдор және басқалар,өз еңбектерінде қарастырған.Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсуі кезеңіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа
жолды салуға күрделі қаржы 5 млн.доллар
делік және орташа табыс жылына 1000
доллар болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады.Бірақ
жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар
мен материалдар қажет және оларды өндіруге
жұмыс атқаратын 1200 адам керек(сол бұрынғы
жылдық табыс бойынша)болды.Жұмысты атқаратындардың(жұмыстылықтық)
Демек инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде,жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15млн.долл.табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз.Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.
Акселератордың іс-әрекеті мультипликатармен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін(оның өсуі еселенеді) қарастырады; акселератор(дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті)- ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді.Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді.Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болды.Акселерация принципін алғашқы рет 1913-ші жылы француз экономисі А.Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж.М.Кларк ұсынған.Кейінірек ол Р.Харрод,Дж.Хикс, П.Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж.Кейнс еңдірген тәуелділіктін мәні зор:тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс–«орташа тұтынуға бейімділік»- арасындағы тәуелдік.Орташа тұтынуға бейімділікті(«АРС»-арқылы белгіленеді)экономикалық ғылымда«психологиялық фактор» ретінде түсіндіреді себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді:Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Ү),яғни
АРС= тұтыну/табыс немесе С/Ү; (1)
Және«шектеулі тұтынуға бейімділік»(МРС)дегеніміз кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі, яғни
МРС= тұтынудағы өзгеру/табыстағы өзгеру=ДС/ДҮ (2)
Бұдан басқа да,Дж.Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі табыс деңгейі арасындағы тәуелдікті ендіреді-орташа жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден-бір психологиялық фактор ретінде түсінеміз және ол адамның ниетін сақтауды білдіреді. Орташа жинақтауға бейімділік (ARS) ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Ү) қатынасымен анықталады, яғни
АРС=жинақтау/табыс=S/Ү
Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға ықпал жасады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі:
Бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін–бірі толықтыратын жағдайда кездесеміз.Қазіргі жағдайда,ҒТР жағдайында,өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты:ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінін өсуі,ресурстарды қамтамасыз ету,қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады,осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады.Алайда рыноктық механизмнің сұранымымен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ,мұнда ерекше қиындық туа қоймайды.Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілермен жолыққанша.Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте,бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген,қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады.Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді.Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды .
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі,сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
Бір сөзбен айтатын болсақ,экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт – бағдарын өзгертуге тырысады.Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді.Демек,техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау:оларға – материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады.Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады.Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде(алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді.Мысалы,осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн.теңге құраса,ал алдыңғыда да-200 млн.теңге болған,онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн.теңге,ал салыстырмалы тұрғыда-5% құрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады.(ЖҰӨ-нің өсу қарқыны анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет.Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып,нәтижесін пайыз ретінде көрсетеді).
Информация о работе Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі