Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 18:58, курсовая работа
Қазақстан Республикасы қазіргі уақыттың өзінде көп нәрсеге қол жеткізді, біз тағы бір стратегиялық міндетті-таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына, шығару міндетін қойдық. Республика Президенті 1997 жылы ұсынған 2030 бағдарламасы ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. 50 елдің қатарына кіру үшін менің зерттеп отырған мәселелерімнің актуалдығын айқындауға болады
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ТИПТЕРІ
Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 5
Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері . . . . . 8
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
2.1 Экономикадағы жұмыссыздық пен инфляцияның мәні . . . . . . . . . . . . 11
Жұмыссыздық түрлері мен себептері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылатын мемлекеттің саясаты . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. ... . .28
Енді еңбек нарығының негізгі элементтердің бірі ретінде жұмыспен қамтудың теориялық негіздерін қарастырып көрейік. Жұмыспен қамту-бұл халықтың еңбекке кірісу мөлшерін жұмысшы мен оның жеке мұқтаждықтарының қанағаттандырылу дәрежесін ақы төленетін жұмыс орындарындағы табыс табуға мудделілігін көрсететін еңбек қызметіне қатысуы жөніндегі қатынастар жиынтығы.
Жұмыспен қамтудың алғашқы теорияларының бірі классикалық теорияға келетін болсақ,аталмыш теория нарықтық жүйе адамзат ресурстарын қоса алғанда,барлық ресурстарды толық пайдалануды,яғни экономикадағы халықты жұмыспен тұрақты және толық қамтамасыз етеді деген қағиданы ұстанады.Сонымен қатар осы теорияның негізін қалаушылар жұмыспен қамту көлемі бір жұмысшының жалақысының орташа ставкасына тәуелді болатындығын айтты.
Маршалл жұмыскерлердің білім деңгейін арттыру,білікті жұмыскерлерге нарықты кеңейту қажеттігін,оның жұмыс күші нарығында жұмыспен қамтуды арттыратынын айтты.
Ұзаққа созылған дағдарыс классикалық экономикалық теория тұжырымын жоққа шығарды.Ол жаппай жұмыссыздыққа бастаған ұзақ жылға созылған депрессия жағдайында жұмыспен қамтуды реттеу теориясында жаңа көзқарастарды дәлелдеуді талап етті. Осыған байланысты Д.Кейнстің «Жұмыспен қамту,процент және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде жазылған жұмыспен қамту мәселесі «кейнстік экономикалық теория» деген атқа ие болды. Бірақ оның теориясында нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтумен қамтамасыз ететін өзіндігінен әрекет ететін механизм жоқ.Сондай-ақ,ол баға мен жалақының икемділігі сондай-ақ,толық жұмыспен қамтуды қолдай алатын,нарықтық реттеу тетіктері ретіндегі процент ставкаларының ауытқуы туралы жұмыспен қамтудың классикалық теориялары жоққа шығарды. Кейнстің пікірінше,жұмыспен қамту деңгейі тұтынуға кететін
шығындар мен капиталдық салымдардан
құралатын эффективті сұраныс динамикасымен
анықталады.Оның іліміне сай айналымдағы
ақша санын ұлғайту өндірісті кеңейтуді
және тауар ұсынысын өсіруді ынталандырады,сондай-ақ,
Сонымен,жұмыспен қамту жөнінде Д.Кейнс жасаған экономикалық теория нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін,еңбек нарығының өзін-өзі реттейтін механизмнің болмауы,тауардың сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігіне инфляция мен жаппай жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғары дейгейінде де қол жеткізу,мемлекет жұмыспен қамтуды қолдау,процент нормасын реттеуге ықпалын күшейту мақсатында экономикаға қажет инвеститцияны жұмсау,жиынтық сұранысты, оның ішінде жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру арқылы белсенді макроэкономикалық саясат өткізу сынды қағидаларға сүйенеді.
Жұмыспен қамту теориясының келесі бір түрі неоклассикалық теорияның жаңа бағыты–монетаризмнің негізін америкалық экономист М.Фридман қалады.Ол баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты.Сондай-ақ,М.Фридман: «Инфляция емес,болжанбаған инфляция ғана маңызды,инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ,нақты факторларға сәйкес келетін,жұмыссыздықтың нақты деңгейі болады.Жұмыссыздықты жеделдетілген инфляция көмегімен сол деңгейден төмен не жеделдетілген дефеляция көмегімен жоғары ұстап тұруға болады.Инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ,тек уақытша таңдау болуы мүмкін.Инфляцияның өспелі қарқыны жұмыссыздықты азайтуы мүмкін,ал жоғарғы қарқыны өсірмейді.Инфляциямен күресудің бір жолы ғана бар,ол – ақша санының өсу қарқынын баяулату»,-деген тұжырым айтты.
Олай болса,жұмыссыздық табиғи деңгейінде еңбек нарығындағы ұзақ және тұрақты тепе-теңдігіне қол жеткізуге болады.Ал бұл жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымы болып табылмақ.Жұмыссыздық деңгейі өспелі болып келеді және еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігі арқылы анықталады.Мемлекет тарапынан ұзақ мерзімде жасалған кез келген әрекет нәтижесіз болады,ал қысқы мерзімде инфляцияны өсіреді.Ондай кезде нақты қарқыны күткендегіден жоғары болады.Демек,жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгеймен теңескен кезде мемлекет еңбек нарығына араласпауға тиіс.
Жиырма бесінші сәуірде үкіметтің отырысында инфляцияны ауыздықтау мәселесін талқылады.Сондай-ақ алқалы жиында өткен жылғы және осы жылдың алғашқы тоқсанында бюджеттің қалай игерілгені туралы айтылды.Қаржы министрі Наталья Коржова өткен жылдың бюджеті барлық негізгі ұстанымдар бойынша атқарылды деп хабарлады.Биылғы бюджеттік кірістердің орындалу қарқыны да жоғары.Бірақ бұл инфляцияны ауыздықтау туралы тапсырманы қиындата түседі.Өткен жылы республикалық түсімдер жоспары қарыз алуды есепке алмағанда 109 пайызға орындалды. Ал шығыс бөлігі ішкі және сыртқы қарыз бойынша борышты өтеуді қоспағанда,99 пайызға атқарылды.Іске асырылмай қалған қалдық 12,9миллиард теңгені құрайды.Жалпы,2005 жыл профицитпен сипатталады,көлемі 46,7 миллиард теңге.Ал осы жылдың алғашқы тоқсанында жоспарлағаннан 75 миллиард теңге елдің экономикалық жағдайы,сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне,оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды.Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар(бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі,импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі)шетел валютасына сұраныстың өсуіне,ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты.Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды.Содан кейін кеден,қаржы қызметтеріне көшірілді.Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру,алтын және валюта қорын жасақтау,теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді.Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен,оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.
Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды.Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса,Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап,оны реттеп отыратын.Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты.Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзеге жіберу керек болды.Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.Экономикадағы инфляция үдерісін реттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банкі берілген аралықта инфляцияны ұстап қалу үшін инфляцияның монетарлы,сол сияқты монетарлы емес жағына ықпал ету шараларын қабылдауда.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сарапшыларының болжамы бойынша,2005 жылы инфляция 7,5%-дан аспайды.
Сонымен қатар ТМД елдерімен салыстырғанда,Қазақстанда
инфляцияның ең бір төменгі денгейі байқалатынын
атап өткен жөн.Пайдаланушы бағасының
индексі(өткен жылдың 8 айы үшін тиісті
кезеңге %-да) Беларуссияда–113,3; Украинада–114,2;
Молдовад–113,0;Грузияда–108,9;
Жұмыспен қамту теориясының қалыптасуына аса зор үлес қосқан ғалымдардың бірі-К.Маркстің экономикалық іліміндегі маркстік теория қосымша құн теориясы,капиталдың органикалық құрылымның өсім теориясы және халық туралы заң сияқты қағидаларға негізделеді.Маркстің зерттеуіндегі маңызды қағида-капитал құрылысы және оның жинақталу барысында басынан кешетін өзгерістері.Тұрақты капиталдың айналымы капиталға қатынасын ол капиталдың органикалық құрылысы деп атаған. Мұнда құрылыс өзгеріссіз қалатын болса,еңбекке деген сұраныс капитал өсіміне пропорционал ұлғаяды.Олай болса,өндіріс және жұмыспен қамту өсіммен қатар жалақы да өсуі мүмкін.Бірақ нарықтық капиталистік шаруашылық өсіміне қарай капиталдың органикалық құрылысы өседі.Ең әуелі бұл өсім қосылған құн ықпалына негізделеді.Артық қосылған құн алуға талпыныс жасай келе,кәсіпкерлер кәсіпорындағы тауарлардың жеке құны қоғамдық құннан төмен боуын көздейді.Ал ол үшін тұрақты капитал шығындарын техникалық жағынан жетілдіру және ұлғайту қажет. Нәтижесінде айнымалы капитал үлесі азаяды,жұмыс күшіне сұраныс салыстырмалы түрде төмендейді,жұмыспен қамтылғандар саны барлық капитал мен барлық қоғамдық өндірістің өсіммен салыстырғанда,баяу ұлғаяды.Осыған байланысты К.Маркс өндірістің тәсіліне тән халықтар заңын қалыптастырады,ол мынадай:«жұмысшы халық капиталды жинақтай отырып,өспелі мөлшерде қаражат өндіреді,ал ол оны салыстырмалы түрде артық халыққа айналдырады».Бұл артық халық капиталистік өндірісті дамытуда,оны қажетті жұмыс күшімен тұрақты қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады.
Жұмыссыздық-экономикалық теорияның бұрынғы
және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің
бірі.Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері
әртүрлі түсіндіреді.Мысалы,
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден–капиталдың қорлануымен,екіншіден-техника прогрессімен болатындығын айтады.
Енді осы теориялардың мән-жайына қысқаша тоқталайық.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1834 ж.ж) жасаған.Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибиесі»кітабын шығарған.Онда ол былай жазған:жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі:яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі; халық саны – 1,2,4,8,16,32 және т.б., ал өмір сүру жабдығы -1,2,3,4,5 және т.б.
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген:тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.
Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) 17 ғасырда АҚШ-та халық санының өсуі негізінде есептеген,бірақ ол кезде АҚШ-та тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес,Еуропадан иммигранттар легінің келуімен де өскенің ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп.Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернад өзінің 1954 жылы шыққан «Қоғам тарихындағы ғылым» кітабында былай жазылған: «Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар,себебі тамақ өндірісінің әрі дамытудың шексіз екенін көрсетеді.
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарлауының салдары деп түсіндіреді.Төлем сұранымының жеткіліксіздігін ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді.Оның ойынша,толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады,ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндіруімен,яғни жұмыссыздық-жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді.
Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді,сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А.Пигу өте дәйектілікпен жасады.Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан «Жұмыссыздық теориясы» кітабында баяндады.Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуд.Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуін екендігімен түсіндіреді.Ақша массасын дұрыс басқара отырып,өндіріс процессін реттеуге болады.Олардың ойынша,түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады.Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал «Филлипс қисығы» аталды.
К.Маркс қорлану теориясын жасады.Осы теорияға сәйкес капиталдың қорлану процессінде,яғни қосымша құнның капиталға айналуында (қосымша ғимараттар,алып құрылыстар машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу),капиталдың техникалық және құндық (органикалық)құрылымында өзгерістер болады.Бұның өзі қосымша құнның еңбек құрал-саймандарын көбірек алуға үлесі артады,ол қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді.Осының салдарынан жұмыс күшінің бір бөлігі артығырақ болып,өндіріс саласынан ығыстырылып шығарады.Соның арқасында өнеркәсіпте резервтік еңбек армиясы пайда болады.Осы жұмыссыздар армиясы «жұмысшы халық капитал қорларын өндіре отырып,-деп жазды К.Маркс,-құрал-жабдықтар өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді сөйтіп оны салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды».
Егер капиталға материалдық-заттық түрінің көзқарсымен қарасақ,онда өндіріс құрал-жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретін жұмыссшылар санына қатынасы капиталдың техникалық құрылым деп аталады. Мысалы,
100станок: 100 жұмысшы , немесе
Капитал тек қана материалдық-заттық түрге ие болып қалмай,сондай-ақ құндық түргеде ие болады.Осы тұрғыдан мынандай тепе-теңдікті құрамыз:
Информация о работе Экономикалық өсу теориясы. Мультипликаторлар және акселератор эффектісі