Ипотекалық несие

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 15:09, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Ипотекалық несие» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп оның бүгінгі қоғамдағы, экономикамыздағы және ең бастысы банктік саладағы көкейкесті мәселердің бірі болуында және экономикалық теорияның өзектілігінде болып отыр.
Банктік операциялардың маңыздыларының бірі - ипотекалық несие операциясын жүргізу болып табылады. Олар активті және пассивті болып бөлінеді. Банктердің пассивті операциялары өздерінің ресурстарын топтастырады, ал активті операциялары оларды орналастырады. Банк ресурстарының бір бөлігі меншік капиталы арқылы жасалады, пассивті операциялардың ең көп пайда әкелетіні бұл – ипотекалық несие операциялары

Файлы: 1 файл

ипотекалық несие операция.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

     2)соңғы екі жылдық қарыз алушының  балансы және оған қосымша  беттер;

     3)несиеленетін шаралардың рентабельдік  деңгейін және оның қайтарылы  мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;

     4)несиеленетін мәмілелерді растайтын  келісімшарттар көшірмелері;

     5)басқа банктерден  алған несиелер  туралы мәліметтер;

     6)қамтамасыз ету мақсатында кепілге  берілген мүлікке қарыз алушының  меншік құқығын растайтын құжаттар;

     7)несиені қайтаруға байланысты  міндеттемені куәландыратын құжаттар;

     8)қызметін жаңадан бастаған, яғни  қаржылық есептер және басқа  да құжаттары жоқ кәсіпорынның  бизнес жоспары.

      Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз  ететін басқа да, құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады.Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп краточкесін тотыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні;қызметі және түрі;клиенттің заңды мекен-жайы;ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері;негізгі құрылтайшылары,ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі;соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

        Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиенің қайтару қабілетін бағалаудың шешімін қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

      II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.

      Қарыз алушының несиелік қабілеті  - қарыз  алушының алған несиесі бойынша  қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

      Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар  есепке алынады:

несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға  несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс.

     Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа  байланысты барлық міндеттемелерді  орныдауды түсінідіріледі.

Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

     Қарыз алушының табыс алу қабілетін  анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынының орналасқан жері,  оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.

      ІІІ кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.

      Несиелік  келісімшарт екі жақтың өзара  міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

Несиелеу  мақсаты және объектісі;

  • Несиенің мөлшері;
  • Несиені беру мерщімі және қайтару шарттары;
  • Несиені қамтамасыз ету формалары;
  • Несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
  • Несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
  • Несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі;
  • Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.

   Несиелік  қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде  кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы кепіл затына байланысты ажыратылады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа  да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

     IV кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін, несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

     Несиенің  көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі –  несие клиенттің шотына толығымен  аударылып, қажет болған жағдайлардажұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша  қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады.

     Несиенің  мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.

     Несиелер  бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын қраудағы рөліне байланысты.

     Несиенің  берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.

     Іс  жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:

  • Мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
  • Меншікті қаражаттардың жинқталуының және несиегедеген есеп айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
  • Алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
  • Түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
  • Несиенің қайтарылу мерзімін созу;
  • Мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
  • Банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.

   Несиелік  қарызды қайтару туралы қарастылыған варианттар бұл процесті мынадай  белгілеріне байланысты жіктейді:

    • Қайтаруына қарай:
    • Несиені толық қайтару;
    • Несиені жартылай қайтару;
    • Қайтару жиілігне қарай:
    • Несиені бірден қайтару;
    • Несиені бөліп-бөліп қайтару.
    • Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
    • Несиені жүйелі түрде қайтару т.б.

     Несиенің  қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалй қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбашада және ауызша болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.

     Несиенің  қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері  күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің клесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны қайтаруға қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.

     Сыйақы  мөлшері оны төлеу мерзімі  және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру  механизмі несиелік келісімшартта  анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын  және т.б. есептелуі және қайтару  кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.

Пайызды есептеу барысында шартта түрде  айдағы күндер саны – 30,ал жылдағы 360 күнмен алынады.

     Банк  несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені  пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда , орнында ақшалй және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды , есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік  келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін  орындамаған қарыз алушыларға қатысты  банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі  түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

     Несиелу процесіне жасалатын бақылау  банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды  жүргізу барысындағы тәуекел  көзі болып табылады.[8] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           АҚ «Халық Банкі» бойынша ипотекалық несиенің проблемелары және даму перспективалары 

3.1. Қазақстан Республикасының  дағдарыстан шығу  жолдары және ипотекалық  несие проблемалары 

     Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры   еліміздегі ірі банк - «Халық Банкін» қосымша қаржыландыратын болады.

   «Самұрық-Қазына» қоры АҚ« Халық Банкіне» 25 пайызға дейінгі жай акцияларын сатып алу арқылы мемлекеттің олардың капиталына кіруі туралы келісімдерге қол қойды. Тиісті процедуралар аяқталғаннан кейін мемлекеттің атынан «Самұрық»-Қазына» қоры осы ірі банктің акционері болады және оны қосымша қаржыландыру үшін тиісті қолдау көрсетеді. Тиісті процедуралардың аяқталғаннан кейін, «Самұрық»-Қазына» қоры  «Халық банкіне» 500 млн. долларға дейін қаржы бөлуді жоспарлауда

 Осы  ақсатта мемлекеттің қаржысы аталмыш банктерде депозит түрінде орналастырылатын болады. Қаржы осы банктердегі жағдайды тұрақтандыруға жұмсалатын және экономиканың нақты секторындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

       Сондай-ақ Қор «Халық банкін» банк секторын тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан бөлініп отырған 4 млрд. доллардың есебінен қаңтардың 31-не дейін 1 млрд. доллар, яғни жалпы жиынтығы 1 млрд. долларды құрайтын қаржыны аудару жөнінде алдын-ала келісімге келгенін атап көрсетті.

     Осылайша  еліміздегі екінші деңгейлі жетекші  банкке қосымша 1 млрд. доллар түсетін болады және ол экономиканың нақты секторындағы тиісті жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

     Биылғы  Жолдау өзінің атауымен-ақ, яғни, «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» деген тақырыбымен елді елең еткізгені анық. Бұл Жолдаудың мәтіні қазірде әлемді салқындығымен шарпып жатқан дағдарыстың салдарынан туғаны белгілі. Биылғы Жолдау әлемдік дағдарыстан аман-есен өтуге, елдің тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтарды сақтап қалуға бағытталған.

     Жолдауда, бұрынғы жоспарланғандай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайатындығы, зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға көбейетіндігі, 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өсетіндігі аталып өткен. Яғни, мемлекет халықтың әлеуметтік дамуына ешқандай дағдарыстың кедергі бола алмайтынын көрсете отырып, ең бірінші орынға еліміздің әлеуметтік жағдайын қойып отыр.  

 Осы  ретте, барша қазақстандықтардың  өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының  жақсаруы біздің мемлекетіміз  үшін аса маңызды үштұғырлығы  міндет болып қала бермек.

Информация о работе Ипотекалық несие