Инвестиция

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:36, реферат

Краткое описание

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Файлы: 1 файл

инвестиция туралы.docx

— 65.08 Кб (Скачать)

[өңдеу] Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар

Республиканың әлеуметтік –  экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің  басты мәселелерін анықтауға  себепші болады. Олардың бірі болып  инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде  заң шығаратын негіздер мен ұйымдық  құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың  қаржылық ресурстарын пайдалану  мен шетел инвестицияларын тарту  жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік  инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары  құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның  ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру  қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел  инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің  Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін  құру жөніндегі ” ҚР Президентінің  Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан  Республикасындағы инвестициялық  қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық  процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны  мен әртараптандыру саласында мемлекеттік  инвестициялық саясатты жүзеге асыру  мен көптеген экономикалық мәселелерді  шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін  анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша  отандық пен шетел инвесторларының  жеке капиталын салудың басым  бағыттарына төмендегілерді жатқызу  мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші  салаларының , машина жасаудың , құрылыс  материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік  инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде  жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық  деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты  назар аударылады. Бұл үшін салалық  министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған  әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы  қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды  дайындауы керек. Бағдарламалау  кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің  мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды  ұзарту бюджеттік процеске арналатын  таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі  шешімдер мынандай факторларды ескеруі  қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық  жағдай; - инвестициялар бойынша  ұсыныстардың нақты аспектілері , соның  ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес  беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің  міндеті болып табылса, инвестициялық  жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың  қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік  инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық  жүйесін құру мен жоғарыда аталған  функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау. Қазақстанда  “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды  жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті  қамтамасыз етудің заң шығарушы  кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар  жүйесін белгілеу (мемлекетті сол  немесе басқа кәсіпорындар мен  ұйымдарға олардың қызметіне  қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен  жеңілдіктер мен артықшылықтар  беруі);

- Қазақстан Республикасының  мүддесін инвесторлар алдында  көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік  органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл  қолдаудың мақсаты- экономиканың басым  секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел  дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы  инвестициялық климат жасау болып  табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың  ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды  , алдыңғы қатарлы техника мен  ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар  мен қызмет көрсетуге ішкі  нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді  мемлекеттік қолдау мен ынталандыру  ;

- экспортқа бейімделген  және импортты алмастырушы өндірістерді  жетілдіру;

- ҚР- ның шикізат базасын  ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің  қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын  құру;

- жергілікті кадрларды  үздіксіз оқытудың, олардың мамандық  деңгейін жоғарлатудың жүйесін  енгізу;

- өндірісті күшейтуді  қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны  жақсарту.

Басқару процесі үшін инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру  мен оны бұзудың шарттары мен  тәртібі қарастырылған. Тікелей  инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар  бойынша Мемлекеттік Комитет  болып табылады. Ол ҚР- на тікелей  инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру бойынша мемлекеттік  органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық  жобалардың іске асырылуын бақылауды  жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

[өңдеу] Қорытынды

Шетелдік тікелей инвестицияның  өсу себептері және күтілетін  үрдістері түралы мыналарды айтуға болады. Халықаралық капитал жылжуының  негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге  емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған  елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер  жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар  келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің  ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу  және қолдануға жағдай жасайды.

2000-2004 жылдары елімізге  тікелей инвестиция тарту бағдарламасына  сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға  шетелдік инвестицияны тарту  бағдарламасының « орындалу нәтижелерін  сараптай келе, еліміз экономикалық  секторға шетелдік инвестицияны  тартудың тиімді аймағы атанды  деуге негіз бар. Бұл пікірді  шетелдік экономика сарапшылары  да қуаттайды. 1993-2001 жыл аралығындағы  біздің елге тартылған тікелей  шетел инвестициясының жалпы  көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды  . 1999 жылы экономикамызға қозғау  салған шетел инвестициясының  жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына  тең келіп, 1998 жылға қарағанда  1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның  көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі  болды. Шетел қаражатының Қазақстанның  « тайқазанына» келіп түсуі  және оның көлемінің көбеюі  еліміздің әлемдік компанияларға  ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы  шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш  долларын құраған. Инвестициялық  белсенділік Қазақстанда Ресейден  де жоғары дәрежеде екенін  мына мәліметтен – ақ аңғаруға  болады . 1998 жылы жекелеген инвесторлар  Ресей экономикасына 25.8 пайыз  қаржы салса, Қазақстан нарығында  ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды.  Қазақстанда инвестициялық ағымның  жылдан- жылға көбеюінің басты  себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің  ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл  сайын елімізге келетін шетел  инвестициясының 70 пайызы тау-кен  өндірісіне , оның ішінде мұнай  – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға  жуығы ауыл шаруашылығы мен  қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі  екен. Бүгінгі таңда өндірістік  инфрақұрылым саласында 27 келісім  – шарт негізінде шетел инвесторларды  жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде  « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының  60 пайызын шетелдіктер иемденеді  екен . Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен  ауылшаруашылығы саласына қатысты  жалпы саны 14 келісім – шартқа  отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.

Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл  өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім  – ьшарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары  көлеміндегі капитал ел экономикасына  араласты. Бұл – 200 жылға қарағанда 7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе  көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан  бюджетінің жыртығын жамауға себін  тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық  нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін  көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның  жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын  құрап отыр. Еліміздегі негізгі капитал  көздерінің ең қомақты инвестициялық  жобалары деп мыналарды айтуға болады :

    • Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ);
    • Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);
    • Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);
    • Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);
    • Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).

Аралығында инвестициялық  жобаларды іске асыру нәтижесінде  келісім- шарт бойыншат 40мыңнан астам  жаңа жұмыс орындары ашылды , 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі түсімдері  түскен. Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді . Олар мыналар :

- Қазақстан нарығының  іскерлік белсенділіктің төменілігі;

- Реттеуші шаралар шалағайлығы  ;

- Өтімді қаржы құралдарының  азаюы , төлем күшінің әлсіздік  дағдарыстың орын алуы ;

- Шынайы ақпараттың жеткіліксіз  болуы ;

Инвестициялық саясаттың  ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ  қоры , мемлекеттік неие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге  мән беруі шарт.

[өңдеу] Сілтемелер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 4-том

2. «Гос. рег. рыночный экономики  » - Кушлин: Москва-2000

3. «Эк. Мем. Рет. өзекті  мәселелері » Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002

4. «Гос. рег. условиях Казахстана  » Мамыров: Алматы -1998

5. «Гос. и бизнес » Мамыров,  Брузатый: Алматы-1999

6. «Қ. Р. Индустриялды –  инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған  стратегиясы » :Астана-2003

 

 

Әлеуметтік - экономикалық тиімділік – кез - келген нысанда  шетел инвестициясын тарту шарты. Бұл принцип келесілерді тұжырымдайды:  
1) шетел компаниясының қатысуымен жобалардың жоғары пайдалылық пен рентабельділігі, қарыз бен несиені, инвестицияны басқа формада беру шартының пайдалылығы. Бұл көрсеткіштер елдегі, әлемдік тәжірибеде донор болатын мемлекеттерде, ұқсас жобалар мен ұсыныстарда орташа көрсеткіштерді салыстыра отырып бағаланады;  
2) жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың жұмысбастылық деңгейін жоғарлату.  
Экономикалық, экологиялық қауіпсіздік, мемлекеттік тәуелсіздік қауіпсіздігі принципі келесі жобалар мен ұсыныстарды жүзеге асыруға тиым салуы қажет:  
1) республиканың табиғи ресурстарын заңсыз пайдалану;  
2) қоршаған ортаны ластау;  
3) ел сыртына капиталды заңсыз шығару;  
4) әлемдік деңгейге сәйкес келмейтін ескі технологияны қолдану;  
5) өндірістің шикізатбағыттылығын сақтай отырып, экономиканың қайта құрылған құрылымын күшейту;  
6) әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігін төмендету;  
7) бәсекеге қарсы әрекеттермен нарықтан отандық тауар өндірушілерді шығару;  
8) өзара табысты достық елдермен, әсіресе, ТМД елдерімен бұрыннан қалыптасқан байланысты жою, келісімге зиян келтіру, үшінші мемлекетке қарсы бағытталу;  
9) жемқорлықтың күшеюі, жергілікті қызметкерлерді, лауазым тұлға иелеріне жобаны итермелеу мақсатында пара беру.  
Берілген принциптер ұлттық ресурстардың жеке түрлеріне шетел капиталының кіруін шектеуді мақсат етеді, егер ол перпективада мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығына, елдің территориялық тұтастығына, саяси еркіндігіне зиян келтіретін болса. Сонымен қатар, мемлекеттің ЖҰӨ - де шетел капиталының үлесі 25 пайыздан артық болмауы тиіс.  
Шетел инвестицияларын тартудың маңызды принципі - келісімнің өзара пайда әкелуі. Бірде - бір кәсіпкер, мемлекет немесе фирма пайдасыз келісім жасамайды. Біздің мақсатымыз - олардың мүмкіндіктерін сенімді қорғай отырып, өз мүдделерімізді қанағаттандыру.  
Шетел инвестицияларын экономиканың басым салаларына салу принципінің мәні - мемлекетте жүргізіліп отырған құрылымдық және инвестициялық саясатқа сәйкес шетел инвестицияларын басым объектілерге бағыттау. Бұл бір жағынан, ресурстардың шектеулі болуымен, екіншіден, экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін оларды рационалды қолдану қажеттлігінен туындайды. Ішкі инвестициялық ресурстарды басым объектілерді дамытуға, ал шетелдік ресурстарды екінші ретті мақсатта қолдану дұрыс емес. Бұл принциптің екінші жағы, мемлекет экономика, әлемдік жүйедегі алатын орны сияқты белгілерге сүйене отырып, нақты бір ел, оның компаниялары мен фирмаларының инвестицияларын тарту керек.  
Біздің мемлекетімізде әр мемлекеттің мүдделері әр түрлі. Біз үшін барлығы тиімді немесе тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан біз “берсе ал, ұсынса келіс” принципі бойынша кез - келген мемлекеттің, компаниялардың ұсыныстарымен келісе отырып, несиелерді ала бермеуіміз керек.  
Экномикасы динамикалық және тұрақты дамып отырған, ірі технологиялық жетістіктері бар, серіктес ретінде жоғары сенімділік деңгейіне ие және мемлекет егемендігіне зиян келтіретін, нақты саяси мақсаттар мен этникалық және территориялық мақсаттары жоқ елдердің инвестицияларына назар аударған жөн. Мұндай мемлекеттер қатарына Германия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Францияны жатқызуға болады./35, 56-73 б/.  
Жоғары принциптерден кем түспейтін – мемлекет үшін минималды коммерциялық тәуекел принципі. Бұл принцип келісім жүргізуші біздің отандық кәсіпорындарды, оның қаржылық жағдайы, әлемдік нарықта және өз елінің экономикасында алатын орны, серіктес ретіндегі сенімділік сияқты көрсеткіштер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жолы арқылы жүзеге асырылады.  
Шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесінің маңызы өте зор. Әр мемлекет өзіндік ерекшеліктерге ие: экономикалық, технологиялық, қаржылық, табиғи ресурстар потенциалы.  
Сондықтан ол серіктес келісім бермейтін шарттар ұсынуы мүмкін. Шетел инвестицияларын тарту бойынша халықаралық келісім негізінде, мемлекеттің арнайы шарттары қарастырылған. Жалпы нормаларды, әлемдік тәжірибені объективті талдау және бағалау жатады.  
Әлемдік тәжірибе – шетел инвестицияларын тартуға бағыттайтын инвестициялық саясаттың жүзеге асырылуының күрделі мәселелерін шешу үшін сенімді бағыт - бағдар.  
Республика экономикалық шетел инвестицияларына қажетттілігі өтпелі кезең ерекшеліктерімен түсіндірілетін, қазіргі тұрақсыз жағдайы мен капитал салымдарының ішкі ресурстарының шектеулі болуында айтарлықтай жоғары. Бірақ қойылған мақсатқа жету үшін инвестицияның қажет болуына қарамастан, шетел инвестицияларын тарту экономика өсуінің факторы ретінде жағымды мәнге ие болғанымен, жалпы мемлекет және жеке аймақ үшін жағымсыз нәтиже әкелуі мүмкін.  
Біріншіден, инвестицияны өтеу үшін республикада өндірілетін өніммен, ең алдымен, мұнай, металл, сонымен қатар, қарызды жабу шотына валютамен есеп айырысады. Осылардың барлығы ел экономикасына көлемді сыртқы қарыз ретінде ауыртпалық түсіреді. Шынында да, егер шетел инвестициялары ішкі салымға қарағанда, үлкен табыс әкелетін болса, жаңа қарыздарды жабу мүмкіндігін бере отырып, өндірістің жедел дамуына септігін тигізеді. Бірақ көптеген зерттеушілердің пікірінше, тәжірибе көрінісі керісінше.  
Екіншіден, инвестицияда шетел капиталы үлесінің жоғарлылығы, яғни жалпы ұлттық өнімде жоғары болуы экономикалық түрде қауіпті, себебі ол республика егемендігіне зиян келтіруі мүмкін.  
Шетел капиталы көлеміне мемлекеттің экономикалық тәуелді болуы елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігіне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан шетел инвестицияларының көлемі және оларды тарту шарттары мемлекет, қоғам бақылауында болуы керек.  
Осындай жағдайды бастан кешірген әлем елдерінің тәжірибесін ескере отырып, шетел инвестицияларының көлемі, бір жағынан, жан басына шаққанда 200 - 300 АҚШ долл. есебінен анықталса, екінші жағынан, ЖҰӨ - нің 15 - 20 пайызынан жоғары болуы керек. Сөйтіп, Қазақстандағы шетел инвестицияларының көлемі жылына 400 - 500 млн. АҚШ долл., ЖІӨ - нің 14 -17 пайызын құрауы тиіс.  
Шетел инвестициясын қолдау стратегиясы Қазақстанның құрылымдық реформалары мен инвестициялық саясаттың басымдықтарымен тығыз байланыста болуы шарт.  
Келесі бір жайтты атап кеткен жөн. Шетел инвесторының өз салымдарын салу саласы мемлекеттің көзқарасымен сәйкес болмауы мүмкін. Мысалы, шетел инвесторы мұнай - газ өңдеуді инвестициялау мен экспорттық өндіріске үлкен қызығушылық танытуда. Қазіргі таңда республика шетел инвестицияларын капиталды қажет ететін сала мен өндіріске тартуға мәжбүр.  
Болашақта жеке сектордың толық дамымауы есебінен шетел инвесторлары экономикаға мемлекеттік сектор, қозғалмайтын мүлікпен қамтамасыз етілген үкіметтік және банктік кепілідемені алу жеңіл және инвестициялық тәуекел деңгейі төмен, “экспорттық бағытқа ие” ірі кәсіпорындар арқылы ұмтылады. Қазіргі таңда мемлекет осы жолмен жүруге мәжбүр, әсіресе, тікелей шетел инвестицияларын, концессиялық келісім мен өнімді бөлу туралы келісімге қатысты сұрақтар туындағанда.  
Нарықтық экономиканы қалыптастыру, экономикалық бірлестіктің құқықтық базасының әрекет етуін жоғарлату, экономиканы өсіру үшін үкімет жеке секторға, ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерлікке шетел инвестицияларын тартуда, өзінің кепілдемесімен, капиталды сақтандырумен, салықтық жеңілідіктермен тұрақты түрде қолдап отырады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, перспективада бұл шаралар Қазақстан экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыты болуы тиіс. Сонымен бірге, инвестициялар басым өндіріс пен салаларға бағытталуы керек. Салалық басымдылыққа келесілер жатады:  
1) өндіріске инвестицияны ынталандырушы фактор болып табылатын өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым;  
2) жылу - энергетикалық кешен;  
3) металлургиялық кешен;  
4) мұнайхимиялық кешен және химиялық өнеркәсіптің жеке өндірістері;  
5) коммуникация және байланыс;  
6) агроөнеркәсіптік кешен, әсіресе, өңдеуші кәсіпорындар.  
Жылу - энергетикалық кешен, металлургиялық кешен мен мұнайхимиялық кешен және химиялық өнеркәсіптің жеке өндірістерінде дайын өнім шығаратын объектілерге капитал салу қолдау табады.  
Агроөнеркәсіптік кешенде дайын өнім шығаратын кәсіпорындарға, көлік пен байланыста мемлекеттің әлемдік қауымдастықпен байланысқан және оның сыртқы нарыққа шығуына жол ашатын коммуникацияға салынатын инвестициялар артықшылыққа ие болады.  
Шетел инвестицияларын тарту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыруда, тәуелсіз мемлекеттердің саяси және экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып, шетел инвестицияларының табысты және тиімді нысандарын таңдап алу маңызды мәнге ие.  
Әлемде шетел инвестицияларын тартудың кең тараған нысаны - концессия, бағалы қағаздардағы үкіметтік және жеке тікелей инвестициялар, займдар мен несиелер, әлемдік жалға алу, еркін экономикалық аймақтар және басқалары.  
Табиғат ресурстарының иесі - мемлекет пен шетел компаниясы арасында жасалатын концессиялық келісімдер мәні – тәуелсіз мемлекеттің пайдалы қазбаларды игеруді дайындау және пайдалануда өз құықтарын толық және жартылай беру. Олар қабылдайтын мемлекеттің ұлттық егемендігіне зиян келтіретіндіктен, шетел инвестицияларының қазіргі нысандары, дамушы мемлекеттер үшін дәстүрлі концессияға қарағанда, ол өте табысты және қауіпсіз./36, 56-76 б/.  
Әлемдік тәжірибе қабылдаушы мемлекет үшін инвестицияның басқа нысандарымен салыстырғанда, тікелей шетел инвестицияларының тиімді екенін көрсетеді:  
1) инвестицияның кейбір нысандары қабылдайтын мемлекетке ескірген технологияны әкелу мүмкіндігіне тиым салады;  
2) тікелей инвестициялар тауар өндірісі мен қызметке, өндіріс пен басқаруға, маркетинг, ноу - хауға бағытталады;  
3) тікелей шетел инвестициялары мемлекеттің сыртқы қарызының болуымен байланысты емес;  
4) тікелей инвестициялар ұлттық экономиканың әлемдік дамыған халықаралық ғылыми - техникалық және экономикалық бірлестікке ықпалдасуына көмек береді.  
Тікелей шетел инвестицияларының барлық сфералар мен салаларда қолданылатын әмбебап нысаны - бірлескен кәсіпорындар. Қабылдаушы мемлекет табыстары өз өнім үлесінен, шетел серіктесінің пайдасына роялти және салық салу үлесінен қалыптасады.  
Қабылдайтын мемлекеттің өнімдегі үлесі 50 пайыз. Әлемдік тәжірибедегі роялти көлемі 8 - 40 пайыз аралығында ауытқиды. Табыс салығының мөлшері шетел инвестициялары туралы арнайы заңмен анықталады.  
Өңдеуші секторда қабылдайтын мемлекет қатысушының басқа шарттарын қабылдауы мүмкін. Ол жеткілікті шикізат қорының шетел компанияларымен игерілгеннен кейін, өз капиталын салуы мүмкін, қабылдайтын мемлекеттің салымы ретінде, бар өндірістік қуат, инфрақұрылым, әр түрлі экологиялық көрсеткіштер алынады.  
Шетел компаниясы қабылдайтын мемлекетке болашақта акцияның бір бөлігін несие ретінде төленетін роялти және салық есебінен беруі мүмкін, ал бірнеше келісім - шарттарда ақысыз акцияны беру қарастырылған. Жалпы ақша ағымдары шетел компаниясы мен қабылдаушы мемлекет арасында 25 - 75 пайыз және 15 - 85 пайыз қатынастарында бөлінеді.  
Қазіргі таңда, Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар құру шетел инвесторларын тартудың бір нысаны.  
Бірлескен кәсіпорындар өңдеуші, мұнай өнеркәсібінде, халық тұтынуындағы тауарлар өндірісінде кең таралуда. Шетелдік кәсіпорын құру негізінен, өңдеуші өнеркәсіпте, ауыл шаруашылық шикізатын өңдеуде, құрылыс материалдары мен халық тұтынуындағы тауарлар өндірісінде жол ашылған.  
Қазіргі келісімдерде әр түрлі шетел инвестицияларының шарттары кездеседі: концессиялық келісім, бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім және өңдеуші сектордағы өнімді бөлу.  
Қазіргі концессиялық келісімдер басқа нысандар белгілерімен сәйкестендіріліп, Қазақстанға Каспий теңізінде Батыс Қазақстанның, Қызылорда және басқа шалғай орналасқан аймақтарда көмірсулар мен химиялық шикізат орындарын, шельфтерді игеру және пайдалану үшін қолданылуы мүмкін.  
Өнімді бөлу туралы келісімдер экспорттық салаларда, әсіресе, мұнай -газды игеру, мұнай өңдеуші өнеркәсіпте, металлургияда қолданылады.  
Техникалық қызметтер туралы келісімдер, қазіргі таңда, әлемдік нарыққа шығу үшін халықаралық мәнге ие темір жолдарды, республика территориясында мұнай және газ құбырларын салу үшін қолдануы керек.  
Қазіргі кезде, Қазақстанның алдында тұрған мақсаттардың бірі – еліміздің әлемдік экономикалық қауымдастыққа жедел енуі. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қажетті шарттаға ие: маңызды шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, кадрлық потенциал мен республикадағы тұрақты қоғамдық - саяси жағдайдың болуы.  
Экономиканы қайтақұру мәселесі сыртқы экономикалық қызмет саласында айқын көрініс тапты. Қазақстанның инвестициялық саясатын жүзеге асыруға сыртқы экономикалық байланыстарының рөлі маңызды көлемде өсуде, себебі сыртқы экономикалық байланыстар шетел капиталын тарту есебінен, капитал салымдары үшін қосымша қорларды ашудың және бірлескен кәсіпорындар құрудың маңызды жолы.  
Еуропалық континентте Қазақстан үшін ерекше қызығушылыққа Еуропалық Одақ ие. “Үлкен жетілік” елдерімен екі жақты байланыстар күшеюде: ең алдымен, Ұлыбритания және Германия. Азия бағытында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониямен өзара экономикалық байланыстарға үлкен назар аударылуда.  
Шетел инвестицияларын тартудың негізгі басымдықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін салалар мен экспортқа бағытталатын өндіріс – мұнай - газ және мұнай - химиялық салалар, электр энергетика, металлургия, коммуникация және агроөнеркәсіп кешені, себебі Қазақстан бидай, жүн, мақтаның ірі өндірушісі. Мұнай - газ саласында мұнай және газды игеру мен экспорттауды көтеру, сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға назар аудару керек./37, 23-30 б/.  
Сөйтіп, шетел инвестициялары - дамыған тауарлық қатынастарға ұлттық шаруашылық субъектілердің бейімделу деңгейін ірі коммерциялық инвестициялау негізінде көтеруге қабілетті, әлемдік ғылыми - технологиялық жетістіктерді енгізудің маңызды жолы. Бұл мәселе Қазақстан үшін ішкі тауар -ақша өлшемдерін деформациялау жағдайында маңызды. Республикада жаңа өндірістік қуаттарды жедел құру үшін тікелей өндірістік капиталдың импорты қажет.


Информация о работе Инвестиция