Дебиторлық және кредиторлық қарыздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Краткое описание

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген 4010 «Банк несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Оглавление

Кіріспе

Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық борыштар
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

дебиторлык кредиторлык берешек.doc

— 365.50 Кб (Скачать)

    Вексельдер  эмитенттер бойынша:

    Қазыналық және жекеше.

    Төлем түрлері бойынша:

    Жай және аударылмалы.

    Төлем кепілділігінің барлығына қарай:

    Қамтамасыз  етілген және қамтамасыз етілмеген.

    Төлеу тәртібі бойынша:

    Мерзім  вексель және ұсынушылық вексель  болып бөлінеді.

    Вексельдерді  толтыру мен ресімдеу белгіленген  ережені сақтауды керек етеді. Құжатта  міндетті түрде вексельдік таңба, яғни вексель деген жазу жазылып оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі керек. Аударылмалы вексельді трасат (борышкер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесеі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдалануы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель  бойынша төһлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыру қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен  арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.

    Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:

    Дт:    1210      «Алынған вексельдер» шоты

    Кт: 1210  «Алынуға тиісті борыштар» шоты

    Ал  вексель бойынша сатып алушылардың  борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп  түскен мерзімінде (пайызсыз):

    Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» 

    Кт:  1210 «Алынған вексельдер» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Айта  кететін бір жағдай көпетген уақыттарда вексельде көрсетліген сома бойынша  пайызмөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы: 500000 (бес жүз мың) теңгеге  алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз  көлемінде төлем төлеу көрсетліген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептеледі:

    500000+500000*5%*6/12=500000+12500=512500 теңге

    Егер  осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:

    500000+500000*5%*9/12=500000+18750=518570 теңге.

    Жоғарыда  қарастырылған мысалымыз бойынша  бухгалтерлік жазуларымыз келесідей  түрде жазылады:

    А) вексель алынғанда 

    Дт:  1210 Алынған вексельдер шоты                                                 500000 тг

    Кт:  1210  Алынуға тиісті борыштар шоты     500000 тг

    Ә) вексель бойынша сатып алушылардың  борыштары есептелген пайыз сомасымен  бірге өтелгенде

    Дт:  1010 Ақшалар шоты                                                                 512500 тг

    Кт:  1210 Алынған вексельдер шоты                500000 тг 

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің

    Борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны Дебиттелетін  шот Кредиттелетін шот Тип
1 2 3 4 5
1 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы 1210 3010  
2 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетіліген қызметке есептеліген қосылған құн салық  сомасы 1210 3130  
3 Борыш сомасы бұрын  алынған аванс сомасына шегерілді 1610-1610 1210  
4 Сатып алушы  және тапсырыс берушілерден есеп айырысу  шотына келіп түскен сома 1030 1210  
5 Сатып алушы  және тапсырыс берушілердің борышы олардың  кредиторлық қарызы есебінен өтелінді 1270-2150,4240 1210  
6 Сатылған (тиеп жіберліген) тауар, өнім, көрсетліге қызмет үшін алынған вексель 1280 1210,2120-2130  
7 Сатып алушы  және тапсырыс берушілер берген вексельдері  үшін борыштарын төледі 1030 1280  
 

    1.2 Күмәнді дебиторлық борыштар

    Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды  және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұймдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздрға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті  кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

    Тікелей еспетен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетліген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен   резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.

    Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету  мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз  қарыздар сомалары құрылған күмәнді  қарыз бойынша резерв есебінен есептен  шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.

    Егер  сатып алушының дебиторлық  қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен  шығарылып және ол осы есептен  шығарылып және ол осы есеп беретін  кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен  шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):

    Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты

    Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

    Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз  сомасы есеп берудің келесі кезеңінде  өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен  түскен табыс есебінде танылады. Бұл  жағдайда бухгалтерлік есепте :

    Дт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» 

    Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.

    «Күмәнді  қарыздар бойынша резервтер» есебі  №10 журнал-ордер жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті  деп есептеген борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:

    Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;

    Дт: 7210 Жалпы әкімшілік шығындар шоты                                           100000 тг

    Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша 

    резервтер шоты            100000 тг

  • Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80000 ( сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;

    Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша

    резервтер шоты                                                                                    80000 тг

    Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар                                                             80000 тг

    Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно етіледі. Кәсіпорындар мен ұымдар бұл жағдайда қызыл  сиямен жазу арқылы алынып тасталады.

    Дт: 7210 Жалпы және әкімшілік 

    шығындар  шоты                                                                                  20000 тг

    Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша

    резервтер шоты                                                                                   20000 тг

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан  күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айыпма қалдығының соамсы ғана көрсетіледі.

    Мысалы: «ҚКК» фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті  қарыздары бойынша резерв  сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезінде күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезе шығындары ретінде танылады да, «ҚКК» фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз соамсы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.

    Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде  жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын  сомаларды анықтау қажет. Бұл  уақыттағы  бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

    • Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызмет ітуралы беруде);
    • Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)

    Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты  күмәнді дебиторлық борыштар нәтижесінде  туындаған шығындарды дұрыс есептеу  болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс есептеу болып  табылады. Көпетеген кәсіпоырндар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.

    Жоғарыда  аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан еспетелегн пайыз әдісіне  тоқталатын болсақ, бұл  әдіс сәйкестік  принципіне бағытталған. Бұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

    Мысалы: «ҚКК» фирмасының 2004 жылғы көрсеткіштері:

  • Сатылған тауарларының көлемі                                                  1000000 тг
  • Сатылған тауарларының қайтарылғаны                                     50000 тг
  • Сауда щегерімі                                                                               10000 тг
  • Күмәнді қарыздар бойынша резерв                                              8000 тг

Информация о работе Дебиторлық және кредиторлық қарыздар