Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 20:40, курсовая работа
Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында футбол клубын ашуды қарастырады. 14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9
4. Маркетингтік жоспар 11
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 12
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 13
4.4 Маркетинг стратегиясы 13
5. Техникалық жоспарлау 15
5.1 Техникалық процесс 15
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 15
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 15
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 15
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 16
7. Жобаны іске асыру 17
7.1 Іске асыру жоспары 17
8. Пайдалану шығыстары 18
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 19
10. Қаржыландыру қажеттілігі 21
11. Жобаның тиімділігі 22
11.1 Cash-flow проекциясы 22
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 22
11.3 Баланс проекциясы 22
11.4 Қаржы индикаторлары 22
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 24
12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні 24
12.2 Қоршаған ортаға әсер 24
Қосымшалар 25
2-сурет ОҚО халқы саны өсуінің оң серпінін көрсетеді. Мәселен, 2010 жылы халықтың саны 2 567 707 адамды құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 56 009 адамға көп.
3-кесте
– Оңтүстік Қазақстан облысында балалар
жасындағы халықты бөлу, адам
Жасы | 2000 ж. | 2005 ж. | 2009 ж. | 2010 ж |
0 – 4 | 224 256 | 256 845 | 329 860 | 350 192 |
5 – 9 | 255 097 | 224 507 | 254 019 | 262 368 |
10 – 14 | 253 822 | 255 466 | 242 827 | 237 423 |
Ескерту: [2] әдебиет негізінде құрастырылды
3-суреттегі деректерді ескере
отырып, балалар футбол клубы
клиенттерінің үлесі (5-14 жастағы балалар)
2010 жылғы ОҚО жалпы халқы санының 19,5%
құрайды.
4-кесте – 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында
дене шынықтыру-сауықтыру және спорт
жұмысының негізгі көрсеткіштері
Дене шынықтыру ұжымдарының саны (бірлік) | |
Барлығы, оның ішінде балалар: | 1 453 |
Жалпы білім беретін мектептерде | 1 137 |
Балалар жас өспірімдер клубтарында | 10 |
БЖДДК-да (балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары) | 4 |
Мүдделері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында | 15 |
БЖСМ-де, сегізжылдық және т.б. | 56 |
Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда | 1 |
Ескерту: [2] әдебиет негізінде құрастырылды
Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысында балалар және шынықтыру ұжымдарының саны 1 223 бірлікті құрайды, бұл жалпы санының 84,2%.
Осы уақытта Шымкент қаласында 9 спорт
алаңы бар. Қалада дарынды балалар көп,
бірақ алаңдар мен жаттықтырушылар жетіспейді.
Кәсіпорының негізгі бәсекелесі Шымкент қаласындағы дене шынықтыру ұжымдары болып табылады. 3-кестеде көрсетілгеніндей Оңтүстік Қазақстан облысында олар онша көп емес. Шымкент қаласында сондай бір балалар футбол клубы жоқ, тек мектептерде дене шынықтыру ұжымдары мен спорт алаңдары бар, оларда спорттың әр түрімен айналысады.
Шымкент қаласында кәсіби футбол клубы
бар. Ол 2000 жылғы шілдеде «Томирис»
және «Жігер» командаларының 2003 –
«Ордабасы» командасымен бірігуі
нәтижесінде «Достық» деген атпен
құрылды.
«Қазмұнайгаз» компаниясы Қазақстанда
көп функционалды спорт алаңдарын салудың
екі жылдық бағдарламасын әзірледі және
бекітті. Ұлттық компания өзінің еншілес
компаниялары арқылы 60 спорт алаңын салуды
жоспарлап отыр. Олардың үшеуін «ҚазТрансГаз»
АҚ өткен жылы Шымкент қаласында салды,
сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінде
тағы да 9 алаң салу жоспарлануда. Сондай-ақ
«ҚазТрансГаз» АҚ үстіміздегі жылғы
мамырда футбол турнирін өткізуді
ұйымдастырды, ол Шымкенттегі № 50 мектептің
футбол алаңында өтті. [4]
Қызмет беру саласында жұмыс істейтін заманауи компаниялар жетістіктері құрамдауыштарының бірі – оны ұсыну сапасы. Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты басқа да тең жағдайларда клиент өз таңдауын сервис деңгейі барынша жоғары компанияның таңдауына береді.
Клубтағы сервистің сапасына басымдық беру болжануда. Ең алдымен, бұл әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, барлық шағымдар мен ұсыныстарды (жеке әңгіме, сауалнама) қарау, инабатты, ізетті қызмет көрсету.
Жоспарланған жарнама науқанының басталуы – клубтың ашылуына бір ай қалғанға дейін. Ең алдымен, Интернетте дербес web-ресурс ашу, БАҚ-та жарнамалар беру, жарнаманы объект орналасатын аудандардағы лайт-бокстарда орналастыру.
Сондай-ақ, спорт дүкендері желісін («Мегаспорт», «Adidas» және басқалары.) ынтымақтастыққа тартуға болады. Нұсқалардың бірі ретінде мынадай схеманы қолдану жоспарлануда: спорт құралын сатып алатын адамға пакетіне спорт клубының карточкасы салынады, оның қысқаша сипаттамасы мен деректемелері, сондай-ақ жасалатын жеңілдіктер көрсетіледі. Өз кезегінде, дүкен клубтың ғимаратында өз жарнамасын орналастыру мүмкіндігіне ие болады.
Әрбір келушіге жеке қызмет көрсетілуіне
орай карточка жүйесін енгізу, жеңілдіктер
мен бонустар жүйесін әзірлеу.
5-кесте
- SWOT-талдау
Сыртқы
Орта |
Мүмкіндіктер | Қала мектептері
арасында турнирлер өткізу мүмкіндігі
Көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту |
Қатерлер | Шымкент қаласында
жаңа спорт клубтарын ашу.
Футболдың кеңінен танылуының азаюы. | |
Ішкі
Орта |
Басымдықтар | Жоғары технологиялы
заманауи жабдықтарды пайдалану.
Көрсетілетін қызметтің жоғары сапасы. Жоғары білікті құрам. |
Кемшіліктер | Қалыптасқан оң имидждің болмауы (танымал еместігі). |
Бәсекелестер алдындағы басымдық, ең алдымен, мыналардың есебінен алынуы мүмкін:
- кәсіпорынның оңтайлы (бағасы мен сапасының арақатынасы) жарнама науқанын әзірлеу;
- ата-аналармен жеке жұмыс;
- баға саясатын уақытылы түзету;
- ұжымдық іс-шаралар: жарыстарды, турнирлерді пайдалана отырып жарнама науқанын ұйымдастыру;
- ақы төлеуге «ата-ана және бала» тұрғысынан келу,бірлескен жаттығуларды көтермелеу, жеңілдіктер жасау;
-
тұрақты клиенттер үшін көтермелеу
жүйесін әзірлеу.
Футболда техника дегенді спортшының доппен жұмыс істеуін және дұрыс қимылдауы деп түсінеді. Доппен жұмыс істеу техникасы жас футболшыларды одан әрі оқыту тұғырнамасы болып табылады. Егер баланың мектептегі оқумен салыстырсақ доппен жұмыс істеу де қалыпты жазу және оқу үшін қажетті әліпбиді зерделеумен бірдей болады.
Футболшылар ең алдымен ойынды құрайтын жекелеген әдістер мен олардың үндестігін үйренулері қажет. Осы футбол «әліпбиін» игеру онымен айналысушының жеке ынтасында және өзін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Жаңа футбол клубында дайындалу схемасы мынадай. Жаттығуда (бастауыш топтар) топтың бір бөлігі алғашқы 30 минутта дене үйлесімін жаттықтырумен, қалған уақытта - техникалық әдістерді жетілдірумен айналысады. Жаттығудың екінші жартысында олар жаттығулардың орнын ауыстырады. Ересектер тобының да схемасы осындай. Олар 30 минут қақпаға доп салумен, басқалары - ойын жағдайларын қалыптастырумен айналысады. Екінші 30 минутта олар орын ауыстыруда. Әрбір жаттығу 1 сағатқа есептелген. Қатысушылардың бәрі жастары бойынша топқа бөленген – 7 жасқа дейін, 8-11 жастағылар, және 12-14 жастағылар . Әрбір жаттығу кезінде балалар төрт түрлі жаттығу топтарын жасайды:
1) қимылды дамыту;
2) техникалық әдістерді пысықтау;
3) қақпаға доп салу;
4) ойын жағдайларын қалыптастыру.
Барлық апталық циклда әрбір жас тобы
әр жаттығу түрлерін бірнеше рет жасайды.
Әрбір топпен бір жаттықтырушы және оның
көмекшісі жұмыс істейді. Негізінен бұлар
бұрынғы спортшылар. .
Клуб мектептің жалға алынған спорт залында
орналасады. Сондай-ақ балалар футбол
алаңдары да жалға алынады. Кәсіпорынның
жоспарында офис сатып алу қарастырылған.
Жобаны іске асыру нәтижесінде
жалпы құны 262 мың теңге тұратын спорт
құралын шығаратын әлемдік өндіруші
болып табылатын Nike компаниясының 30
жаттығу футбол добы сатып алынады. Бағасы
sport.wikimart.ru сайтының деректері негізінде
алынды.
5.4.
Коммуникациялық инфрақұрылым
Жобада қажетті коммуникациялық, атап айтқанда электр-, жылу- және сумен жабдықтау инфрақұрылымдары бар орын- жайды жалдау қарастырылған.
Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады.
3-сурет – Ұйымдастыру құрылымы
Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын
жүйелікке жатқызуға болады. Ол директордың
кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және
жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік
б ереді
Осы жобаны іске асыру 2012 жылғы қаңтардан
2012 жылғы сәуірге дейінгі кезеңді қамтиды
деп болжануда.
6-кесте – Жобаны іске
асырудың күнтізбелік жоспары
І с-шаралар/ай | 2 012 | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу | + | |||
Қаржыландыру мәселесін шешу | + | |||
Кредит алу | + | |||
Автоға алдын ала ақы төлеу | + | |||
Автоны жеткізу | + | |||
Құрамды іздестіру | + | |||
Келісім шарттар жасасу | + | |||
Жұмысты бастау | + |
Кәсіпорын қызметтер көрсетумен айналысуды жоспарлауына байланысты пайдалану қызметтері туындамайды.
Кәсіпорынның барлық шығыстары жалпы және әкімшілік болып табылады
Жобада мектептің спорт залын жалдау және
футбол алаңдарын жалдау көзделген. Жалдау
құны айына 40 мың теңгені құрайтын
болады.
7-кесте – Кәсіпорынның
бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары,
мың тг
Шығындар | 2012 | 2013-2018 | |
ЕТҚ | 380 | 380 | |
Спорт залын жалдау | 20 | 20 | |
Футбол алаңын жалдау | 20 | 20 | |
Банк қызметтері | 5 | 5 | |
Коммуналдық шығыстар | 12 | 12 | |
Доптар | 3 дана/ай | 26 | 26 |
Интернет | Мегалайн | 4,5 | 5 |
Байланыс қызметтері | 10 | 10 | |
Кеңсе тауарлары | 5 | 5 | |
Жарнамаға арналған шығыстар | 15 | 15 | |
Өзге де көлденең шығыстар | 15 | 15 | |
Жиыны | 513 | 513 |