Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 18:27, реферат

Краткое описание

Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады.

Файлы: 1 файл

БИЗНЕС ЖОСПАР.doc

— 375.00 Кб (Скачать)


БИЗНЕС ЖОСПАР

 

Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1. жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
  2. тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
  3. бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
  4. маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
  5. өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
  6. ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
  7. жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
  8. жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
  9. жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
  10. қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.   

Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.
Бизнес- жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.
Жобалар негізнде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді. Кәсіпкерлік жобаларды, ойларды іске асыру жоспарышетелдік тәжірибеде бизнес-жоспар деген атауға ие. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына бизнестің ену шамсына қарайбізде де мұндай жоспарлар етек алуда.
Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген.операцияның бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек.
Ең алдымен, жоспар кәсіпкерлік операцияның мақсаты мен міндетін суреттеуден құралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, әлеуметтік сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды кеңейте түсу т.б. кәәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалықәлеуетін ұлғайту – маңызды міндеттердің бірі.
Бизнес-жоспар міндетті түрде кәсіпкерлік өнім сипаттамасынан, яғни тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар және қызмет сипаттамаларынан құрылуы тиіс. Жоспарда кәсіпкерлік операцияның түпкілікті өнімі толық суреттелуі қажет. Жоспар тауар тұтынушылары шеңбері мен өзі қанағаттандыратын қажеттіліктер туралы мәселеге жауап беруге арналған.
Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның нәтижелігі мен қажетті ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажеттібарлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның схемаларын суреттеуде көрсетілген.
Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.

      Агробизнестегі индикативті жоспарлау.
Қазіргі жағдайларда экономиканы мемлекеттік басқарудың басты буындарының бірі- индикативті жоспар болуға тиіс. Индикативті жоспардың нұсқаулы (кңес кезіндегі) жоспардан басты айырмашылығы сонда, ол негізінен ұсыныс жасаушы және бағыттаушы сипатта болып келеді. Мұнда стратегиялық маңызы бар немесе нығайтылған мемлекеттік ықпалды талап ететін жекелеген бағыттар бойынша индикативті жоспарды қатаң түрде қалыптастыру және орындау есептен шығарылмайды.
Индикативті жоспарлау.
Индикативті реттеу – бұл мемлекеттің экономикалық тұтқалар арқылы өндіріске ықпал жасауы. Мемлекеттік инвестициялар; жекеше, мемлекеттік, ұжымдық секторлардың өніміне мемлекеттік тапсырма,; мемлекеттік салық саясаты; несие капиталдың рыногы арқылы өндірісті реттеу; мемлекеттік болжам жасау; экономиканы жоспарлау және тағы басқалар сондай тұтқалар болып табылады.
Индикативті жоспарды қалыптастыру үрдісі қайырмалы байланыс ұстанымында өтеді. Үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен бағыттарын жете ойластырады, мұны кәсіпорындар болашақ даму жолдарын айқындаған кезде ескереді; өз кезінде шаруашылық субъектілерінің ниеттері республиканың әлеуметтік –экономикалық дамуының жоспарын жасау кезінде ескеріледі. Индикативті жоспарлар стратегиялық (ұзақ мерзімді), орта мерзімді және ағымдағы (жылдық) жоспардан тұрады.
Индикативті жоспарлау сол жоспарланып отырған кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сәйкес және белгіленген нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен әлеуметтік және экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал ету шараларына сәйкес келетін, әлеуметтік экономикалық даму міндеттерін, басымдылықтарын, индикаторларын қалыптастыру үрдісі болып саналады.
Индикативті жоспарлаудың мақсаттары. Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты ұлттық экономиканың ұдайы дамуын және оның құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ету, дағдарысты құбылыстардың алдын ала және оларды бәсеңдету, елдің экономикалық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету,шаруашылық субъектілерінің іс-әрекетін алға қойылған жалпы ұлттық әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағыттау болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтастығы мен мақсаттылығын қолдау үшін индикативті жоспарлау мынандай негізгі талаптарға сай болуы керек:
-республика экономикасына мемлекеттік реттеу құралдарын пайдалану тиімділігі;
-нарықтық механизмдер әрекетінің негізінде экономиканың өзі реттелуінің жоғары деңгейін шаруашылық субъектілерінің экономикалық ынта көрсетуіне мол мүмкіндікті қамтамасыз ету;
-дамудың талдау мен болжаудың жалпы әлемдік тәжірибеде қабылданған әдістерін пайдалану;
-тиімді аймақтық саясатпен қамтамасыз ету.
Индикативті жоспарлау жүйесі. Индикативтік жоспарлау жүйесі әлеуметтік-экономикалық міндеттердің шешілу ұзақтығына байланысты стратегиялық, орта мерзімді және жылдық жоспарлардан тұрады. Шешілуге тиісті міндеттердің маңыздылығына қарай индикативті жоспарлар ең жоғары деңгейде, аймақтық және салалық деңгейлерде жете ойластырылады.
Стратегиялық жоспар 10-15 жылға жасалады және ұлттық экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді, болашағы мол мақсаттарын міндеттері мен басымдылықтарын, оларды орындау кезеңдерін және мемлекеттік әлеуметтік –экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын айқындайды.
Аса ірі, кешенді түрде қарастыру мен көбінесе ресурстардың шоғырландырылуын талап ететін, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми техникалық маңызды мәселелер бойынша стратегиялық жоспардың құрамында мемлекеттік бағдарламалар жасалады. Олар бұл мәселелердің, өндірістік-ресурстық әлеуметтің өзгеруін болжап бағалауды ескере отырып, кезең-кезең шешілуін ойластырады, мәселелерді шешу мақсатымен әлеуметтік-экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал етудің өзара үйлестірілген кешенді шаралары мен әдістерін қамтиды. Мемлекеттік бағдарламалар оларды алға қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті кезеңге жасалады.
Орта мерзімді жоспар (3-5 жылға арналған) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты және әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған экономикалық реттеушілер жүйесін айқындайды; стратегиялық жоспарда, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген көлемдерді (индикаторларды) нақтылаудықамтамасыз етеді және жоспарланып отырған кезеңдегі экономика мен әлеуметтік өзгерістегі бүкіл кешенді шараларды көрсетеді.
Жылдық (ағымдағы) жоспар ағымдағы маро-экономикалық тепе-теңдік мәселесін шешуге, қажет болған жағдайда, орта мерзімді жоспарда айқындалған экономикалық реттеушілер мен басқа шараларды, қалыптаса бастаған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып түзетуге бағытталған. Әлеуметтік-экономикалық дамудың ең маңызды индикаторларын болжау тоқсан сайын жасалынады.
Шаруашылық дамуының айрықща, тосын жағдайлары (әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, ірі табиғи және технологиялық апаттар) кезеңдерінде дәл осы кезеңдердің ерекшелігімен және шешілуге тиісті әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айқындалатын мерзімге арнайы бағдарламалар мен жоспарлар жасалынуы мүмкін.
Облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарлары аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған, оларды жергілікті атқару органдары жасайды; өздерінің қаржылары есебінен қаржыландырылатын бөлім дербес жасалынады, ал мемлекеттік орталықтандырылғанқаржылар есебінен қаржыландырылатын жалпы ұлттық мәселелерді шешуге қатысты бөлімнің негізіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарында айқындалған индикаторлар мен ресурстар алынады.
Салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары салалық саясаттың негізгі бағыттарын, саланы дамытудың тораптық мәселелерін шешудің ұйымдастырушылық-техникалық және экономикалық шараларын айқындайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдар даму жоспарларын қазіргі заңдарға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты, эканомикалық реттеушілерді мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, ішкі және сыртқы рыноктардағы сұраныстарды, мемлекеттің өнімдерді, жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жөніндегі келісім шарттарын ескере отырып, дербес жасайды және орындайды.
Экономикалық реттеушілер жүйесі натуралды құндылықты және нормативті көрсеткіштерден тұрады, индикативті жоспарда айқындалған мақсаттарға жету мүддесінде мемлекет осылар арқылы экономикаға ықпал етеді.
Экономикалық реттеушілер жүйесіне мыналар жатады:
-іс-әрекеттің жекелеген түрлерін лицензиялау, өнімнің жекелеген түрлерін сыртқа шығару мен әкелуге лицензиялар беру;
- меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындарда байқау және келісім шарт негізінде рұқсат етілген өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекет мұқтаждары үшін сатып алу көлемі;
- жекелеген салаларды, аймақтарды, кәсіпорындарды, ғылыми-техникалық прогретің басым бағыттарын қолдауға қажетті роталықтандырылған қаржы-қаражат, сондай-ақ мемлекетік бағдарламаларды орындау;
- орталықтандырылған инвестициялар көлемі мен осы қаржыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын ең маңызды құрылыстардың тізімі; сондай-ақ сырттан қарыз алудың көлемі мен қаржыландырудың сыртқы көздері есебінен орындалатын жобалардың тізімі;
- салық ставкаларының, амортизацияны есептеудің нормалары мен тәртібінің, несие үшін пайыздардың, кеден (баж) салықтарының, алымдардың және тағы басқалардың өзгеуі;
- мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс істеу және экономикалық реформалардың жүзеге асырылу жағдайларын айқындайтын көрсеткіштер;
- тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғауға және әлеуметтік мәселелерді шешуге арнайы бағытталған шаралар.
Мемлекеттік бағдарламалар ұзақ мерзімді индикативті жоспарлардың құрамында аса маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жасалады. Орта мерзімді және жылдық жоспарларда жұмыстардың мазмұны мен қаржыландыру көлемі нақтылы қаржыландыру жағдайларына байланысты түзетіліп отырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жоспарларының құрамын, олардың өзі мемлекеттік экономикалық басқару орындары көрсетіп берген формалары мен көрсеткіштер негізінде дербес айқындайды.
Экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалған жоспарлардың құрамында қорғанысқа жұмылдырылған (мобилизациялық) қуаттарды құру, дамыту және сақтау, қорғанысқа жұмылдырылған резервтердің материялдық құндылықтарын жаңартып отыру алдын ала ойластырылуға тиіс.
Аграрлық жоспарлау макро және микро экономикалық көлемдерді реттеуді, мынандай стратегиялық және тактикалық міндеттердің оңтайлы ара қатынасын айқындауды талап етеді:
- аграрлық реформа жүргізудің мемлекеттік саясаты негізінде бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру;
- баға деңгейін қадағалап отыру негізінде бағаны реттеу;
- қаржы тәртібін жетілдіру негізінде өндірістің құлдырауын болдырмау;
- өнім өткізу рыногын дамыту мен тауар өндірушілерге қызмет жөнінде құрылымдық және мекен-мекемелік (институттық) өзгертулер жүргізу;
- еңбек дәйектілігіне лайықты жүйе құру, еңбек ресурстары рыногын дамыту және келісім-шарттар жүйесін меңгеру жолымен кадрлардың жауапкершілігін нығайту.
Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру кеңшарларды мемлекет билігінен алу және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін көбейту жолымен жүргізілмек болатын.
Жекешелендіру іс жүзінде қалай болса, солай, саңыржақ жүргізілді; ірі кәсіпорындарды кішігірім дербес агро-құрылымдарға бөлшектеу және олардың шаруашылық жүргізуіне тиісінше жағдай жасамау бүтіндей үйлесімді өндірістік үрдістердің бұзылуына, ішкі және сыртқы байланыстардың үзілуіне әкеліп соқты. Ең бастысы, жекешелендіру бағдарламасы біріңғай аграрлық саясатпен және экономиканы тұрақтандыру шараларымен қуатталмады. Республиканың аграрлық өнімге деген сұранысы мен ауыл шаруашылық туар өндірушілерін мемлекеттік қолдау дәрежесі және жекешелендіру жұмыстарының жағымсыз салдарын болдырмау маралары анықталмады, тауар өндірушілердің қызмет көрсетуші және қосалқы кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас механизмі жұмыс істемеді.
Сонымен бірге бағалар сәйкессіздігіне байланысты ауыл шаруашылығында айналым қаржыларының болмауы жағдайды ушықтыра түсті. Ірі кәсіпорындарды осылайша өзгертулердің экономикалық мақсатқа сәйкестілігін көп жағдайда ешкім айқындаған жоқ.
Аграрлық сектордың кешенді түрде және өзара байланысты толық шешілмеген мәселелері жекешелендіру үрдісінен күткендегідей нәтиже бергізбеді, өйткені жекешелендіруді елдің негізгі стратегиялық және экономикалық мәселелерімен үйлестіру механизмдері жоқ болатын.
Мұндай жағдайда ең бастысы - өтпелі кезеңде әлеуметтік – экономикалық үрдістердің басқарылуын қалпына келтіру және мемлекеттің өндірісті жедел реттеушілердің рөлін арттыру болмақ.
Макроэкономикалық деңгейде аграрлықбөліктегі өндірісті қалпына келтіру параметрлерін және оны жүргізу кезеңдерін анықтап алу қажет.
Микроэкономикалық тұрғыдан ауыл шаруашылығындағы түбегейлі мәселелерді шешуге басты назар аударған жөн. Шешімін табу шаруашылық жүргізуші субъектілерге байланысты бұл мәселелер төмендегідей.
- топырақтың желге үгітілуін, желмен ұшуын (дефляцияны) және топырақ құнарлығы төмендеуін тоқтату үшін жер игеруді жетілдіру, жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен аймақтар бойынша ауыл шаруашылық дақылдары егістерін орналастырудағы ауытқуларды болдырмау;
- егіс көлемінің құрылымын жетілдіру негізінде елдің ішкі қажеттіліктнрін толық қнағаттандыратындай және халықаралық рынокқа шығатындай егіншілік өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету;
- рынок қажеттіліктерін мал өнімдерімен қанағаттандырарлықтай, жоғары өнімді мал басын ұстау үшін жоғары сапалы мал азығы өндірісін ұйымдастыру.
Өндірістің барынша аяқталып бітуі (ауыл шаруашылық өнімін өңдеу, сақтау және өткізілуі) бар, үйлестірілген жүйелер едәуір жоғары нәтижелер беретінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Мұнда акционерлік негізде жоғарыдан төмен үйлестірілудің (интеграцияның) алуан түрлері таралуы мүмкін.Үйлестіруші ретінде ауыл шаруашылығына кірісіп, ене бастаған, ірі-ірі өңдеуші кәсіпорындар көрінуі ықтимал. Өңдеуші кәсіпорындар базасында акционерлік негізде, атқарушы аппаратын міндетті түрде талдау және оның шығындар сметасын бекіту арқылы, өндірушілер мен өндірушілер арасындағы өзара қатынаста қайшылықтар болдырмайтындай корпорациялар құрған дұрыс. Акционерлік (жабық) тұрпатты қосымша кәсіпорындар құрған да жөн болады.
Қадағалау және бағаны реттеу.
Осы кезге дейін бір де бір капиталистік елде баға белгілеудің толық еркіндігі жоқ. Айрықша әлеуметтік маңызы бар бүтіндей салалар капиталистік елдердің әкімшілік қадағалауында болумен келеді.Қазіргі уақытта капиталистік елдерде, оның ішінде Еуропалық Бірлестікте де, әбден қалыптасқан ауыл шаруашылық өніміне бағаны реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де арасындағы «коридор» аумағында ғана болады. Мұнда жоғарғы шек ол өндірген тауарлармен рыноктың толып тұруы, сатып алу бағасының төмендеуі жағдайында фермердің ең аз кепілді кірісін сақтап қалуды көздейді.
Жапонияда ауыл шаруашылығы үшін бағаның аса сәйкестігі жүзеге асырылуда, ауыл өнімдері бағасының өсу қарқыны өнеркәсіптік тауарлар бағасының өсу қарқынынан 1,5 есе асып отыр.
Нарықтық экономиканың жұмыс істеу ұстанымдарына баға тепе-теңдігі сәйкес келеді, бұл дегеніміз - өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды барынша азайту қажеттілігін ескере отырып, өнімнің белгілі бір түріне сұраныс пен ұсыныс мөлшерінің дәлме дәл келуі.
Баға қатынастарын материалдық –техникалық ресурстарды иемденуден өнімнің тұтынушыға жетуіне дейінгі бүкіл ұдайы өндіріс үрдісі жүйесінде қарастыру керек, өйткені барша осы тізбек бойынша кірісті қайта бөлу жүріп жатады. Бұл әсіресе тұтынушының жалпы соңғы бағасында шығындардың ең үлкен үлесі мен жиынтық пайданың біршама шағын үлесі тиетін ауыл шаруашылығына қатысты. Сондықтан шығындар мен бағалардың қалыптасу үрдісін өндіріс құралдарын сатып алғаннан өнімді соңғы тұтынушы сатып алғанға дейін қадағалау қажет.
Бөлшек сауда бағасына үлестік қатысудың болжамды коэффициенттері, мысалы , сиыр еті (өндірістік шығындарды қоса есептегенде), қатысушы-кәсіпорындар үшін былай болуы мүмкін: ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін -0,55-0,60; ет өндірушілер үшін -0,15, көлік және көтерме сауда кәсіпорындары үшін -0,05, бөлшек сауда үшін -0,15-0,20, сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің үлестік қатысу коэффициенті -0,05-0,10.
Агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) - өндіріс құралдарының орасан тапшылығы, оларды монополиялық жасап шығару жағдайында өте тапшы техниканы, сондай-ақ өндіріс тің басқа да құралдарын нарықтық еркін бағамен сатуға жол бермеу керек. Бағаның жоғарғы шегін белгілеу қажет, егер АӨК-тің бірінші өрісінің кәсіпорындары мұны бұзатын болса, онда олар жаңағы шектен асатындай айып немесе салық төлеуі тиіс. Сонымен қатар өте тиімді техника жасап шығаратын кәсіпорындарға несие алуда жеңілдіктер жасау, салықты төмендету, қазіргі ғылыми –техникалық даму жетістіктерін игеруге арналған табысын салықтан босату қажет.
Соның өзінде жылына немесе тоқсан сайын бір рет өзгерістер енгізілетін өнім мен қызмет көрсету бағасын көтерудің экономикалық негізділігін министрліктер, ведомостволар деңгейінде қарап отыру керек және бағаның бұдан кейінгі көтерілуі баға тәртібін бұзушылық деп саналуға тиіс. Мемлекетаралық деңгейде өнімнің жекелеген түрлеріне бағаның бірдей болуы туралы басқа мемлекеттермен экономикалық келісім жасау қажет, мұны бұзушыларға экономикалық санкция қолдану керек.
Сауда – делдалдық ұйымдардың үстеме бағалары өндіріс құралдарын 20 пайызға және оданда көп қымбаттатып жіберетіндіктен, бұл үстеме бағалардың ең шекті деңгейін белгілеу қажет, сонымен бірге тауарлар айналымының нақтылы шығындарына байланысты өндіріс құралдарының түрлеріне қарай үстеме бағаны да әртүрлі ету (дифференцициялау) керек.
Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне агросервис қызметін көрсетуде кәсіпорынның іс-әрекет қырларын өзгертіп отыруға, тауар өндірушілердің өндірістік және экономикалық мүдделерін ескеруге, оларға қызмет көрсету бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін маркетинг жүйесіне көшкен жөн.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін ұлғайтуға және көп еңбек тілейтін, тиімділігі төмен салаларды дамытуға материалдық ынталануын туғызуға бағытталға тиімді шаралар қабылдау мақсатында бағаның ауытқуына тәуелсіз, белгілі бір кезең бойында тұрақты кіріс алуына жағдай жасау мүмкіндіктерін қарастыратын, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасында баға сәйкестігін қолдайтын, тұрақты жұмыс істеуші механизм ойластырылғаны дұрыс.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу сатысында баға белгілеу жүйесін жетілдіру ауылдың тауар өндірушілердің өңдеуші кәсіпорындар (шығындардың бекітілген сметасы бойынша жұмыс істейтін корпарация, акционерлік қоғамдар, кооперациялар, атқару аппаратын жалдайтын келісім –шарт жүйелері, ассоциация) және тағы басқалармен үйлестірілуінің маңызды дәрежеде ұйымдық құрылымымен айқындалады.
Экономикалық қатынастарды реттеу үшін өндірушілер мен өңдеущілер арасында кепілдік баға ұстанымдарындаөзара есеп жүргізуді ұсынуға болады. Мұндай жағдайда тауар өндірушілер шикізат өңделіп, дайын өнім алынғаннан кейін көтерме сауда-сату бағасы есептелген кезде калькуляцияға енгізілген шикізат құны мен кепілдік баға бойынша іс жүзінде төленген аванс арасындағы айырмашылықты төлеуі керек. Пайда түрінде алынған айырмашылықты қатысушыларға тапсырылған шикізаттың есептелген құнына қарай теңбе-тең бөлген дұрыс. Азық-түлік рыногының субъектілерін: тауар өндірушілерді және сауданы экономикалық тұрғыдан үйлестірген пайдалы.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында тауар өндірушілерге мемлекет, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер, өңдеуші және сауда жасайтын кәсіпорындар, оларға қызмет көрсетуші орындар арасындағы келісімдер негізінде, сұраныс пен ұсынысты ескеріп өнім өндіру үшін жағдай жасау тиімді. Ол үшін жыл сайын негізгі шикізат түрлеріне отын-энергетикалық ресурстар мен материалдарға баға деңгейін болжап ойластыру қажет. Мұндайда өндірушінің бағаны көтеруі жөн бола ма, жоқ па, соны анықтау үшін өнім бағасын бір пайызға өзгерткенде сұраныс қанша пайызға өзгеретінін сипаттайтын икемділік көрсеткішін (ик) пайдалану керек.
Шығындар мен бағалар туралы нарықтық ақпаратты жақсарту, сауда мәмілелерінің жариялығы, статистика орындарының өндірістік құралдар мен заттар бағасын және олардың индекстерін жариялауы қажет. Есеп айырысу –нормативтік шығындар мен ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің және АӨК-де қолданылатын материалдық-техникалық ресурстардың ықтимал бағасы туралы ақпарат дайындау керек. Мұндай ақпаратқа ие болған өндірушілер мен тұтынушылар ұсынылған бағаның алыпсатарлық деңгейін шамалай алар еді.
Қаржы-несиелік саясатты жетілдіру.
Ауыл шаруашылығының, өнімді өткізу рыногы мен инфрақұрылымның материалдық-техникалық базасы әлсіреген тұста экономиканың аграрлық бөлігінің нарықтық қатынастарға көшуі көптеген кәсіпорындардың ойсырауына әкеп соқты.
Көптеген елдерде экономиканың аграрлық бөлігін мемлекеттік қолдауға тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық даму деңгейлері әртүрлі болуына қарамастан, ауыл шаруашылығына зор қаржылық көмек жасалуда, ондағы мақсат тауар өндірушілердің бір қалыпты кірісі бар жағдаайда тұрғындарды бағасы қолайлы азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр.
Ауыл шаруашылығына қосымша қаржы (дотация) берудің мақсаты дүние жүзі елдерінде түрліше. Бұл – аграрлық бөлікті шетелдік бәсекеден қорғау, өнімді сыртқа шығаруға ынталандыру және т.б. Шынында, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құнының белгілі бөлігін дотация құрайды, мысалы, Жапонияда -70%, Еуропа Экономикалық Бірлестігі елдерінде-40%, АҚШ-та-30%. Жапониядағы қомақты дотация фермерлердің өндірістік шығындары едәуір көп болуынан туындайды. Мұнда елдің азық-түлік саудасына мемлекеттік монополия орнатылған, ауыл шаруашылық өнімін міндетті түрде сатып алу бағасы мен бөлшек сауда бағасы орталықтан анықталады.
Қазақстанда қараусыз қалған қора мен істен шыққан техника негізінде шаруа қожалықтарын құрып, олар – сенімді азық-түлік өндірушілері болады деп күту орынсыз.ауыл шаруашылығына қаржы бөлінуі қажет.
Аграрлық бөліктегі дағдарыс себептерінің бірі – банк-несие жүйесінің жағдайына байланысты. Банктік пайыздың үлкен мөлшері не ақша айналымын толығымен тұрақтандыра алмайды, не теңгенің толық мәнінде жақсы айырбасталуына қол жеткіздірмейді. Алайда күрделі мәселе мынада, пайыз мөлшерін өсіру ауылдық тауар өндірушілер экономикасын біржола туралатып тастауы мүмкін. Мұндай жағдайда ауылдағы тауар өндірушілердің несие алуға мүмкіндігі көтермейді, бірақ олар несие алуға мәжбүр болады, барлық дерлік ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің айналым қаржысы, әдеттегіше, тек қарыздан тұрады.
Қазақстан жағдайында аграрлық бөлікті қолдау түрлендірілген болуға тиіс. Өндіріс пен өнім өткізу көлемін қысқартуды болдырмау, шаруашылықтардың элиталық астық дақылдары, картоп және басқалардың тұқымдарын өсіруге ықыласын арттыру, асыл тұқымды малдардың тектілігін сақтап қалу мақсатында ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілер қаржылай қолдаудың қажетті көлемінде дотация мөлшерін белгілеу керек.
Сонымен қатар мемлекеттік бюджет есебінен мына шараларды орындаған жөн: мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің техниканы, қосалқы бөлшектер мен мұнай өнімдерін иемденудегі шығындарының орнын мемлекеттік бағаларды қадағалау арқылы ішінара толтыру, мемлекеттік жерге орналастыру шараларын, өсімдіктердің жаппай зиянкестерімен ауруларымен күрес жүргізу.
Еңбекке ынталандыру және кадрлар жауапкершілігі.
Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесін қолдану өндірістік ресурстарды едәуір тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы жүйе кәсіпкерлер мен қызметкерлердің Еңбекке ынталандыру және кадрлар жауапкерщілігін арттырады. Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесін қолдану өндірістік ресурстарды едәуір тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.осы жүйе кәсіпкерлер мен қызметкерлердің құлшынысын тудырып, дербестікке ынталандырады, екі жақтың да өзара жауапкершілігін арттырады.
Біздің өмірімізге бір пайдасы тиер деп, дамыған елдер тәжірибесіне талдау жасайтын болсақ, Германияда іс-жүзінде тарифтік шарттар жасасу соңғы кезде тағы бір маңызды екі элементі қамтиды. Бұл, біріншіден, еңбекақының ең аз мөлшерін белгілеу, екіншіден, еңбек ақыны индекстеу, яғни өмір сүру құны индексінің өсуіне сәйкес еңбек ақысының автоматты түрде өсетіндігі туралы пунктті тарифтік шартқа қосу.
Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесі өзара материалдық жауапкершілікті қарастыруы керек. Келісім-шарт бойынша еңбекке ақы төлеу еңбектің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асырылады, соңғы нәтижемен және ең жоғарғы мөлшерменшектелмейді. Келісім-шарт бойынша жалақының алдын ала мөлшері жұмыс басталғанға дейін белгіленеді. Аграрлық рыноктың және шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлерінің дамуы табыстарды еңбек бойынша болумен қатар, өндірісті дамытуға еңбеккерлер салған қаржыға қарай кірістерді дифференциялауға да жағдай жасайды.осыған байланысты нарыққа көшудің негізгі мәселесі жалдамалы жұмыскерлерді қалай меншік иесіне айналдыруда болмақ, өйткені нарықтың қозғаушы күші меншік иесінің немесе тең құрылтайшының мүддесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу жүйесі өнімні ңсаны мен сапасына, жалпы кіріс пен сіңірілген дербес еңбекке тікелей тәуелді болуға тиіс.
Өнім өткізу және қызметтер рыногын дамыту. Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерін тұрғындарға мемлекеттік сауда арқылы өткізгенде, өткізу бағасымен салыстырғанда, бөлшек бағаның өсетіні байқалады, ол әр түрлі сауда айналымына түсу есебінен болады.
Қазіргі уақытта агробизнес жүйесіндегі ең әлсіз буын өнімді өткізу болып табылады.
Бұл мәселені шешудің басты жолдарының бірі – бағаны сұраныс пен ұсыныс негізінде реттеп отыратын аймақтың тауарлық биржалар жүйесін құру. Сонымен қатар облыстар мен аудандарда ауыл шаруашылық сату жөнінен жәрмеңкелермен аукциондар өткізуді кеңінен қолдану керек.
Аймақтарда астық сатып алуға аванс беру үшін, меншік түріне қарамастан, өңдеуші, сауда жасаушы, делдалдық етуші және басқа ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың жарнамаларынан қалыптасатын, орталықтандырылған қаржы қорларын құру қажет. Қордың мақсаты – астық және басқа азық-түлік түрлерін сатып алуға қысқа мерзімді жеңілдетілген несие беру.
Сондай-ақ мүлікті кепілге салып және жергілікті бюджеттердің өз міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін кепілдігімен берілетін вексельді айналымға енгізу қажет.
Шаруа қожалықтарына, фермерлік және ұжымдық шаруашылықтарға, ассоцацияларға, акционерлік қоғамдарға, шағын кәсіпорындарға, кооперативтерге, жеке шаруашылықтар мен басқада тауар өндірушілерге маусымдық жұмыстар жүргізу кезінде қызметтер көрсету үшін кооператив негізде арнайы кәсіпорындар құрған жөн. Арнайы кәсіпорындарды жабдықтау үшін республика көлемінде де, жақын және алыс шетел аумағында дализинг, басқа да есеп айырысу түрлері негізінде несие алу арқылы ауыл шаруашылық мәшинелері мен жабдықтарын, комбайындар мен басқа да техниканы сатып алып, иемдену қажет. Бұл үшін металлургия, энергетика, көмір өнеркәсібі салаларының өнімін пайдалану, шектеулі келісімдер жасау мүмкіндіктерін қарастыру жөн.
Жалгерлік пен лизингті пайдалана отырып, әрбір ауданда жөндеу-техникалық кәсіпорындар базасында техниканы сатуға қамдау мен сатуды,қосалқы бөлшектерді өткізуді,пайдаланудың кепілді және одан кейінгі кезеңдерінде техника жөндеуді, бөлшектерді қалпына келтіру мен дайындауды,жөндеу және сатуда жүзеге асыратын көпмақсатты техникалық орталық құру керек. Сондай-ақ техникалық сервис қызметін тұтынушыға жақындату мақсатында шеберханалар, мәшине аулалары және техникалық қызмет пунктері негізінде әртүрлі меншік түрлеріндегі ауылдық тауар өндірушілерге қызмет көрсететін фирмалар, кооперативтер, жалға беру пунктері мен кәсіпорындар құру қажет. Бұл кәсіпорындар жекеше де, мемлекеттік те немесе менщіктің аралас түрінде де болуы мүмкін.

    Бизнес-жоспардың түсінігі.

              «Бизнес-жоспар» термині біздің тәжірибемізде 90-шы жылдардың басында қолданыла басталды, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылуы дәуіріне енді және заманның өзі  нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды басқару қағидаларын өзгертуді талап етті. Жалпы инвестицияландыру процесінде бизнес-жоспар маңызды элементтердің бірі болып табылады. Бизнес-жоспар-кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдердің кешенді, жүйелі түрде түсіндірілетін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды объективті бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға дәлелдей алатын құрал. Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің потенциалды қатынасушылар мен көмекшілеріне, жергілікті әкімшілігіне, мүмкін болатын инвесторларға, эксперттерге. Бизнес-жоспарды құжат ретінде түсіну ондағы ақпараттардың құпиялылығын білдіреді, бұл туралы жазбалар болуы керек. Бизнес-жоспардың мазмұны кешенді және жүйелі болуы керек, бұл онда сақталған ақпараттардың толық екендігін білдіреді.

 

5.Бизнес- жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау.

Б-ж жаңа өндірістік қуат құру арқылы н/е өндірісті жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байл. ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады. Кәсіпорынның капиталды активтеріне ресурстарды салғаннан кейін олар «байланысты» болып қалады да, кәсіпорынның осы мүлік түріне салынған қаржылық ресурстардың сипаты өзгереді, шығындардың «капиталдығы» олардың өндірістік процеске қатысатын басқа шығындардың түрлерінен айырмашылығын, үлкен ақша сомасының ұзақ мерзімге оқшаулануын білдіреді. Бұл капиталдық салыным сатып алынған активтерді қолданудың бүкіл кезеңінде табыс әкелуі тиіс, инвестор салынған капиталынан күтетін табысының нормасы оның басқа бір салаға салынған салымының табыстылығынан кем түспеуіне үміттенуге құқылы.

Жұмыс істеу кезеңінің соңында активтер белгілі бір жойылу құнына ие болады н/е ешбір жойылу құнын иеленбейді. Капиталдық активтерге жұмсалатын  ақша құралдары шикізатқа, материалдарға, еңбек ақысына кеткен шығындардан ерешеленеді. Бұл мыналармен байланысты: - өнімді өндіруге және өткізуге кеткен ағымдық шығындарды, құралдардың айналыс процесіндегі ұзақ үзіліске жол бермей, өнімді өткізгеннен түсірілген пайдадан жүйелі түрде жабу керек;

- капиталдық салынымдар, кәсіпорынға ұзақ мерзім бойы табыс әкелетін    негізгі құралдар түріне айналады, сондықтан осындай шығындардың толық ақталуы инвестиция айналысының бұдан да ұзақ мерзімде толық циклды іске асуын білдіреді. Барлық инвестициялық шешімдер стратегиялық болып табылады, өйткені көп жағдайларда кәсіпорынның ағымдағы шығындарын алдын- ала анықтайды. Ин.ш.- ұзақ мерзімді шешімдер, оларды болжау сипаты кәсіп-ның қызметінің барлық аспектілерін сыртқы ж/е ішкі факторларды есепке ала отырып, мұқият қайта өңдеуді талап етеді; Ин.ш белгісіздікпен ж/е тәуекелмен байл. сондықтан міндетті түрде арнайы құралдарды қолдану к/к; Ин.ш белгісіздігі мен тәуекелдерінің минимизациялануы жоғары деңгейде дайындалған ақпараттық базаға негізделуі к/к.

 

6. Бизнес-жоспардың құрылымы.

Бизнес-жоспар – жаңа бизнестің мақсатын н/е қызмет етіп жүрген бизнестің   дамуын, оны басқару және ұйымдастыру міндеттерін анықтаушы, қойылған мақсаттарына жету жолдары мен әдістерін туындайтын қиыншылықтарды талдау негізінде белгілеуші жоспарлық сипаттағы құжат. Б.ждың құрылымы келесідей: 1Өндірілетін өнімнің сипаты.2Өнімді өткізу нарығы. 3Бәсекелестері. 4Маркетингтің жоспары.5Өндіріс жоспары.6Өндірісті ұйымдастыру.7Заңдық жоспары.8Қаржылықжоспары.9Қаржыландыру жоспары.10Резюме.11Қосымша

Көбірек бөлшектенген ж/е іске асып жатқан өндірістің кеңеюімен байл. Б.ж құрылымы: 1Кіріспе.2Кәсіп/лік қызмет/ң мақсаты.3Кәсіпорын/ң мінездемсі мен потенциалы.4Кәсіп/лік қызмет түрінің сипат/сы.5Өнімнің сипат/сы.6Өнімді өткізу нарығының бағасы.7Бәсекелес/нің сипат/сы мен бағасы. 8Өнімді өткізу болжамы.9Маркетинг стратегиясы.10Маркетинг жоспары.11Өндіріс жоспары. 12Ұйымдастыру құрылымы мен менеджмент.13Персоналы.14Өнім/ң табыстылығын талдау.15Қаржы стратегиясы.16Қаржы жоспары.17.Қосымша

 

7.Бизнес-жоспардың мазмұны.

Бөлімдері:1)Қысқаша сипаттамасы.2 беттен аспайды,б-ж/ң қысқаша мазмұны берілу к/к:-бизнестің сипаттамасы;-басқару;-негізгі қаржылық көрсеткіштері;-инвестицияның қажеттілігі.2)Компания.Компания қызметінің толық сипаттамасын,оның тарихы мен стратегиясын көрсету к/к:-компания тарихы;-ағымдағы іскерлік;-іс жүргізу стратегиясы.3)Істің саласы.Нарықтың өлшемі жайында ақпараттарды,негізгі қатысушыларын,даму тенденциясын қамту к/к.Компания жетекші/і осы саланы ж/е компания/ң дамуына ықпал ететін сыртқы факторларын жете түсіну к/к:өнеркәсібі;жетістікке жетудің сыни факторлары;басқа факторларын бағалау.4)Өнім н/е қызмет көрсету.Компания/ң өнімін н/е қызмет/н сипаттау.Компанияңыз ұсынатын өнім/ң н/е қызмет/ң арасындағы айырмашылығына және бәсекелестеріңіз ұсынатын баламаларына ерекше көңіл бөліңіз:өнім/р н/е қызметтер;өнімді н/е қызметті салыстыру.5)Маркетинг.Бизнестің нарықтық мүмкіндіктерін анықтап,бағала:өнімге қазіргі,потенциалды сұранысты анықтап,кәсіпорынның күшті ж/е әлсіз жақтарына ж/е бәсекелестерге нақты ж/е шынайы баға бер.Нарықты зерттеуге сүйенген жөн:клиенттеріңіз,бәсеке,сіздің компанияңыз.6)Өндірістік іскерлік.Материалдық техника/қ құрал/ды,орналасатын жерге ж/е қондырғы/ға деген қажеттілікті ж/е компания/ң мақсатына жетудегі керекті еңбек ресурстары сипатталу к/к.Техника/қ сұрақ/дан аулақ бол:мүлік пен қондырғы;өндіру н/е қызмет көрсету.7)Басқару.Кәсіпорындағы басқарушы құрам мен жұмыс істейтін негізгі адамдардың тапқырлықпен ерекшеленетінін ж/е бизнесті сәттілікпен жүргізе алатынын көрсет:негізгі жетекшілері,ұйымның құрылымы мен бақылауы.8)Инвестицияға деген қажеттілік.Компанияның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін керекті қосымша қаржылар бағаланады.9)Қаржы.Б-ж/ң дәлелденуі жүргізілу к/к.Барлық қаржылық құжаттар теңге ж/е доллар түрінде келтірілуі к/к.Болжамдаған айырбас курсын әр кезең б/ша көрсет:алдыңғы кезең б/ша қаржылық құжат/р;болжамдалатын қаржылық құжаттар;болжамдау.

 

8.Жоба мен жобалық цикл түсініктері.

Жоба-белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорының іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.Жобаның стратегиялық түріне меншік түрінің өзгерісін н/е өндіріс сипатының түбегейлі өзгерісін қарастыратын жобаларды жатады.Тактикалық-шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен,өнім сапасын жоғарылатуымен ж/е қондырғыларды жаңартуымен б/сты.Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.Кезеңдері:1)Жобаның тұжырымдалуы.Кәсіпорын жетекші/ң жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап,кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды.Идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет.Тиімді идеяны қабылдау үшін бірнеше инвестиц/қ жобалар әзірленеді.2)Ж/ны дайындау.Жоба жоспарының барлық бағыттарында-коммерция/қ,техника/қ,қаржы/қ.эконм/қ,институционал/қ ж/е т.б.-оны нақтылау мен жетілдіру талап етіледі.Бастапқы ақпараттарды іздеу н/е жинақтау маңызды.3)Ж/ны сараптау.Жобаның өмірлік циклына қажетті саты жүргізілу к/к.Егер жоба стратегиялық инвестор есебінен қаржыландыратын болса,онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді.4)Ж/ны іске асыру.Бизнес идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін қамтиды.Мақсаты бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлар/ң салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.5)Нәтиже/ді бағалау.Жоба соңында,жобаны орындау кезінде жүргізіледі.Жобаға салынған идеялар мен іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.

.

 

 

 

 

 

БИЗНЕС – ЖОСПАР 

 

2012 жыл                                                                                                                           Талдау жасалған күні

 

Заемшының  атауы

Ұйымдық-құқықтық мәртебе

 

Заңды мекенжайы :

 

Шын мәніндегі мекенжайы, тел.:

 

СТН

 

СЖН / БСН

 

Қызмет түрі:

 

Жұмыс тәжірибесі:

 

Басшының аты-жөні

 

 

       Бұл кестеде заемшының атауы, сондай-ақ заңды мекенжайы көрсетілуі қажет (ФЛ, ДК немесе ЖШС).

       Одан әрі кесте бойынша мекенжай, СТН, СЖН / БСН, жоғарыда аталған қызмет саласывдағы жұмыс тәжірибесі (жыл саны) , Басшының аты-жөні.

1. Жобаның мәні:

Бұл тармақта несиенің қандай бағдарлама шеңберінде, қандай мақсатқа пайдаланылатыны көрсетілуі қажет.

МЫСАЛЫ:  Бұл жобаның мақсаты «Етті тұқымдағы жас төлді молайту үшін ірі мүйізді мал және асыл тұқымды бұқалар алу» бизнес жоспарын іске асыру үшін несие тартудың орындылығын негіздеу болып табылады.    

Мал басын өсіру, асыл тұқымды мал өсіру, ірі мүйізді қараны бордақылау және оларды өткізу, мал шаруашылығы өнімі өндірісін өсіру. Бұл үшін (заемшының атауы) (берушінің атауы).    ___сомда  ______ бас ірі қара мал санын сатып алуды жоспарлап отыр. 

Жобаны іске асырудағы пайда:

МЫСАЛЫ:  Жоба іске асырылғаннан кейін шаруашылықта мал басы өседі, жұмыс орындары сақталады немесе артады, шаруашылықтың табыстары өседі.

Несиені жабудың көздері:

МЫСАЛЫ: Несиені жабу ет, сүт өткізуден, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін (бидай, картоп, шөп және басқа) өткізуден алынған табыстар түріндегі ақшалай қаражат түсуімен жүзеге асырылатын болады.    

 

 

 

 

 

 

2. Несиелік деректер

Осы бизнес-жоспардың екінші тармағында алынған шағын несие туралы кесте түріндегі ақпарат көрсетіледі, яғни, шағын несие сомасын, шағын несиені өтеу тәртібін, шағын несиенің мақсатты арналуын және басқасын көрсету қажет.

 

Шағын несие сомасы, теңге

 

Шаңын несиенің мерзімі, айы

 

Сыйақы ставкасы, %

 

Шағын несиенің мақсатты арналуы

 

Өтеудің кезеңділігі, ай сайын/тоқсан сайын, жыл сайын

 

Сыйақыны өтеудің кезеңділігі, %

 

Информация о работе Бизнес жоспар