Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 00:44, курсовая работа
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.
Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды.
1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сәйкес, 1991 жылдың 30 желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі талап етілді.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім. Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.
Саяси партиялардын жіктелуі
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланға әдебиеттер.
2002 жылғы шілденін 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң кабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Сонғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мушесі болуы керек. Соған орай казір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал-демократиялық "Ауыл" партиясы, Республиканың саяси "Отан" партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық "Ак жол" партиясы, "Асар" республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы және т.б. жатады.
Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақ жол» партиясы. Оның басшылары - керінде билік басында қызмет істеген, саяси тәжірибелері бар, қырықтың қырқасына шыққан белгілі азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси-экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарастары, тұжырымдама-лары бар. Үкіметтің басқан ізін бағып, көбіне сыни пікір айтып отырады." Ақ жол Казакстан", "Эпоха" сиякты басылымдары бар.
Қазіргі электората (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар Республикалық саяси "Отан" партиясы. Оның дүниеге келіп, қалыптасуына Н. Назарбаев көп күш жұмсады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақ-стан Республикасы Конституциясы бойынша Президент ешкандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партиядағы мүшелігін тоқтатты. Бұл партиядағылардың басым көпшілігі -мемлекеттік қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар. Сондықтан оны билік партиясы деп те атайды. Онын іс-әрекетін жұртшылыққа жеткізіп, үгіт-насихат жүргізетін бұқаралық ақпарат құралдары, әр түрлі басылымдар мен телеарналар жетіп артылады. Бұл партия кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуға, елде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға басты назар аударады.
"Отан" партиясына жақын тұрған — Қазақстанның Азаматтық партиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының кызметкерлері мен жұмысшыларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай-ақ оларды шетелдік инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентте тікелей шетелдік капиталдың мүддесін қоздеп, мейлінше, соларға тиімді заңарды қабылдауға ұмтылады.
"Асар"
партиясының бағдарламасына
Қазақстан Коммунистік партиясын негізінен бұрынғы коммунистер кұрайды. Басым көпшілігі - зейнеткерлер. Бұл партия үкіметтің істеген ісін әрдайым сынға алып, оппозициялық сыңай білдіреді.
Қалған партияларды көпшілік жүрт жөнді біле бермейді. Ғани Қасымов болмаса, олардың бағыт-бағдармаларын оқып, байыбына бара бермейді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтык мемлекет құру. Оған еліміздегі ешкандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?
Сонымен
катар республикадағы барлық
партиялар оздерінің
Республикадағы
партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ
көппартиялықтың калыптасу
Оның
себептері қандай? Ең алдымен,
республикада пікір
Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.
Қазақстанда
көппартиялықтың бұдан әрі
Қазақстанның Конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым салады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.
Сонымен
қазіргі қоғамның өмірінде
4.Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды езгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси козғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан озі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым құрылды, ал Шевченко (казіргі Ақтау) қаласында сол уакытта "Парасат" деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда "Азат", "Желтоқсан" партиялары солай туған болатын.Мәселен, Қазақстанның азаматтық "Азат" козғалысы қоғамдық-саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Басты мақсатын "Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа коғамдастық шеңберінде Казақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жонінде өз ұсыныстарын жасады, "Желтоқсан",
"Алаш" партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға (славяндык "Лад", "Русская община", казактар бірлестіктері) олардын осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс беруге белсене кірісті.
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны кұру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттын жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны корғау т.с.с. жалпы халықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылыктары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдык
құрылысқа катынасына карай
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: козғалысқа қажеттілік және онын пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.
Қоғамдық ұйымдарга халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына койған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар ете көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы апамдардың мақсаттары мен карым-катынастарының әр алуандығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халыкаралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одактарга, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалык, мәдени-ағарту, спортгық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге белінеді:
1. Қоғамдық-саяси
мүдделеріне сай құрылған
2. Экономикалық
мүддесіне қарай құрылған
3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподактар, шаруалар одағы).
4. Қызмет түріне
қарай кұрылған ұйымдар (
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар. Кәсіподақ—бір мамандықтың немесе әндірістін бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқбасқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде калыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз канауына төтеп беру үшін жалданушы жүмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардын еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеумеггік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Кәсіподактар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл аткарады. Кәсіп-одактар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табынын арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподактарға айтарлықтай идеологиялық және саяси эсер стеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың өкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек наркында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталист жүйемен біршама экономикалық одаққа кіргендей болады. Мұндайларды "жауапты" кәсіпорындар деп атайды.
Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. (Мысалы, Италияда). Мемлекет тарапынан олардың күресіне көмек жасалмайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай қарсы тұрып, өз жақтастарын батыл шараларға шакыруы мүмкін. Мұндайларды "жауапсыз" кәсіп одақтар дейді.
Біздін республикамызда кәсіподактар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника кауіпсіздігінің ережелері сақталуын кадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподактармен келісіп шешіледі.
Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі — жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жолдан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.
Екіншісі — үздіксіз ереуілге шығып, екіметке күшпен қысым жасау. Бірак бұдан экономикаға нүқсан келеді.
Үшіншісі — кәсіподақтардың өз көзкарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен колданады.
Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін кұрылады. Қысымша топтар өз аттарынан сайлауға катынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар көбінесе мүдделерінін ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.
Информация о работе Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы