Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 00:44, курсовая работа
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.
Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды.
1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сәйкес, 1991 жылдың 30 желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі талап етілді.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім. Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.
Саяси партиялардын жіктелуі
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланға әдебиеттер.
Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен-өзі автоматты түрде парламенте көпшілік орынды камтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын камтамасыз етеді. Себебі, ол үкіметті заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ол мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді. Өйткені ол орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады. Бипартиялық көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге билеген басқа партияларға аудара сала алмайды. Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда — консерваторлар мен лейбористер, Германияда—христиандық демократтар мен социал-демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ, әдетте, олар шешуші рөль атқармайды және жеңіске жетерлік мүмкіндіктері де жок. Дегенмен, мүндай жүйенің өміршендігін аты аталған елдердің өмірі дәлелдеп отыр.
Бірпартиялық жүйе өзінен баска, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялык партиялардын жоктығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей колына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.
Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең тәуірі,тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыңғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыкка жатпайды. Әйтпесе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер кабылдағанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен түзету және басқарушы топтың жүмысына демократиялық бақылау жасау және т.сс.
Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның "бөлшектену", "бөлектену" деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады: 1) бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда өздерінің саяси нұсқау, мақ-саттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған ұйымы; 2) бір партияның ішінде өзіндік бағыты, кұрылысы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шыкпаған мүшелердің белігі. Мүндай жағдай азшылықтың құқы бұрмаланған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол өтпелі кезеңдерде пайда болады және ұзаққа созылмайды.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латыннын "бірлестік" деген сөзінен) кұруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаган бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері болады:
а) парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек, дербес басқара алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан) құралған көппартиялық коалиция;
ә) екі күшті партияның әркайсысы өкіметті өз қолына алып билей алатындай жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия парламентте копшілік дауыс алады да, екіншісі оппозицияда болады. Егер екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек партиямен келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндайды түрін өзгерткен екіпартиялық коалиция дейді;
б) билік үшін бәсеке екі партия одағынын арасында болса, оны екі блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция әсіресе Францияға тән. Онда президенттік, парламенттік, кантондык сайлаулар кезінде екі блок құрылады. Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар (Францияның бүрынғы президенттері Де Голь мен Жискар де Эстеннін фамилияларынан шыққан), т.б. кіреді де, сол блокқа социалистер, коммунистер, солшыл радикалдар жатады;
в) егер дербес партия ұзак уақыт (20—30 жыл бойы) билік етсе, оны басымды коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социал-демократиялык партиясы 1932жылдан 1976жылға дейін,содан кейін 1982 жылдан осы уакытқа дейін билік басында. Жапонияда либералдық-демократиялык партия 1955 жылдан бері өкімет басында келеді.
Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партиянын орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекетгік өкімет органдарыңда партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру. Бірөқатар Батыс елдерінде (Германия, Италия, Швеция, т.б.) 60—70 жылдардан бастап саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейбір елдерде заң бойынша саяси партиялардың сайлау науқанына арнайы қаржы бөлінеді. Бұл конституцияда көрсетілген міндеттерді орындау және қиянат етушілікке жол бермеу (мысалы, саяси партияларды кұрғанда әлдеқандай кішігірім топтардын немесе жеке адамдардың ықпалын азайту, не болмаса қызметкерлердің, қоғам қайраткерлерінің сатылғыштығына жол бермеу және т.б.) үшін керек деп саналады.
Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құқық берілген. Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай камтамасыз етілгеңдігі деп саналады.
3.Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы.
XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған коныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бокейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының "делегатгар съезі" шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уакытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өніріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардын өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де козғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа "Алаш" партиясын кұруға мәжбүр етті. Ол туралы "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілказактык съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 казанда "Қазақ" газетінде "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына карамай бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес құқығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.
1917 жылы желтоқсан
айының бас кезінде Орынборда
екінші жалпы қазақтың съезі
шақырылды. Онда Алашорда
"Алаш" партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзкарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны "буржуазиялық-ұлтшыл" партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Козыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынындада, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттык мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялык мақсатка жатады.
"Алаш" теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, "Алаш" партиясының басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
Қазақстан
тарихында шұғыл бетбұрыс
Республиканың
саяси өмірінде "Қазақ ССР-індегі
қоғамдык бірлестіктер туралы"
заңы айтарлықтай рөль атқарды.
Республикадағы
алғашқы қоғамдық-саяси
Егер Республика аумағында белді рөль атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар:
Ұлттық-демократиялық "
Партийный, бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан окиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркеңдеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.
Қазақстанныц республикалық "Азат" партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазакстанның азаматтық "Азат" қозғалысының кұрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйекте "Азат" қозғалысынын құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Казақстанның республикалық "Азат" партиясының пайда болғаны туралы шешім кабылданды. Ол бағдарламасында Қазакстанның шын мәніндегі егемендігін камтамасыз етуді, аумақтык тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.
Жалпы алғанда ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы, Қазақстанның республикалық " Азат" партиясы," Алаш" ұлт-бостандық партиялары ұлттық және ұлттык-демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне каймыкпай карсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айткан жөн.
Қазақстанньщ социал-
Қазақстанның социалистік парти
"Қазақстанның Халық конгресі" партиясы 1991 жылғы 5 қазанда өткен құрылтай съезінде күрыдды. Өзін центристік либералдык-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарыктық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті камтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.
"Қазақстанның Халық бірлігі" одағы 1993 жылғы 6 акпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары "но-менклатуралық партия", "үкімет партиясы" деп атады. Бұл партия Президент Н. Ә. Назарбаевтың көзкарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлт аралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін калайды. 1995 жылдың каңтарында болған съезіңде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999 жылы
Информация о работе Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы