Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 08:02, курсовая работа
Қазақстан егемен ел ретінде даму барысында экономикалық өзгерістердің әр түрлі сатыларынан өтіп келеді. Басты мақсат — нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Осы қиын жолда едәуір жетістіктер де бар. Ұлттық валюта тұрақтанды, өркениетті сауда жөнделуде, ол бастапқы кезде орын алған жабайы баспа-бас тауар алмасуды ығыстыруда. Республика дүниежүзілік нарыққа шықты және дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануда.
І-тарау:Негізгі бөлім:
1.1. Қазақстанның отын-энергетикалық қорының жағдайы мен болашағы 6-9
1.2. Қатты отын қорлары және оларды пайдалану мүмкіншілігі 10-12
1.3. Қазақстан Республикасының шикізаты..................................................13-19
II-тарау: Мұнай және газ қорлары және оларды пайдалану болашағы 20-21
2.1. Қазақстан отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) басқаруды жетілдіру……………………………………………………………………..22-23
2.2. Энергетикада баға түзуді қалыптастыру 24-27
2.3. Қазақстан Республикасының шикізат мөлшері...................................28-29
Қорытынды…………………………………………………………………..30-31
Қолданылған әдебиеттер 32
Жер қайнауындағы табиғи байлықтарды өндірушілердің табыстары
әлемдік бағаға байланысты екенін ескере отырып,оларға салынатын табыс салығына прогрессивті ставканы енгізген дұрыс болар еді. Егер шикізаттың қалыптасқан бағасы орташа көрсеткіштен жоғары болып қалыптасса, онда осындай шикізатты экспорттаушы кәсіпкерлер бағаның артық мөлшеріндегідей пайызда қосымша табыс табады. Аталған кемшіліктерді жою үшін шикізатты өндірушілерге салынатын табыс салығының базасын кәсіпорынның ішкі пайда нормасынан шикізаттың сатылу уақытындағы қалыптасқан әлемдік бағасы мен шикізатты өндіру мен тасымалдауға кеткен шығындардың айырмасына ауыстыру керек. Кез келген шикізатты болсын, дайын өнімдерді болсын экспорттаушы кәсіпорындар сатылу бағасын жасалған келісім шарттарында төмендетіп жазып, табыс мөлшерін азайтып көрсетуі әбден мүмкін,ал белгілі бір уақытта қалыптасқан шикізат бағасын кемітіп көрсету мүмкін емес және оның дұрыстығын тексеру онша қиынға соқпайды. Сонымен қатар шикізаттың өзіндік құны мен тасымалдау шығынын анықтау көп жағдайда тұрақты болып қалады. Бұл арада экспорттаушы кәсіпорындардың келіспейтін жақтары орын алуы мүмкін, мәселен, Қазақстан шикізаты сапасының төмендігі. Әлемдік бағаның төмендеуіне қарамастан шикізатты экспорттау еліміз үшін маңызды болып қала берсе,онда өндіруші кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмек көрсету аса қажет. Салық салу жағынан шикізатты экспорттаушылар үшін көмекті табыс салығы ставкасын төмендеген сайын пропорционалды түрде табыс салығы ставкасын да азайту керек. Мұндай әрекет шикізатты өндірушілер мен экспорттаушылар үшін едәуір көмек болар еді. Сонымен, шикізатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын салықты алып тастап, бір ғана прогрессивті табыс салығын қолданған дұрыс болар еді. Осы аталған салық төлеушілер мен еліміздің экономикасында орын алып отырған монополиялық кәсіпорындарды теңестіріп қарауға болады. Өйткені монополиялық кәсіпорындар өз кезегінде үстеме пайда табу үшін өздерінің тауар немесе қызмет бағаларын қайта-қайта көбейтуге құштар болып отыр. Бағаның тұрақты жағдайда болуын ынталандыратын салықтың қажеттілігінде болып отыр. Кейбір экономикасы дамыған батыс елдерінде,тұрғындардың өміріне аса қажетті салалардағы кәсіпорындар үшін пайда нормасы мемлекет тарапынан 12% шамасында етіп қойылған. Яғни кәсіпорын осы нормадан артық тапқан табысын салық түрінде түгелдей мемлекет бюджетіне өткізуі тиіс. Қазақстан жағдайында халыққа комуналды қызметтер көрсетіп отырған жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекет тарапынан мұндай қысымдық көрсету көптеген қиыншылықтарға алып келуі мүмкін. Мысалы, инвестиция жасаған компания атанған саладан өз қаржысын алып, пайда, нормасы жоғары болатын салаға ауысып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан Қазақстан-дық кәсіпорындар үшін ішкі пайда нормасын инфляциалық пайызды ескере отырып, 20-25%-ға дейін көтеруге болады.
Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртарап тандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:
қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;
бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;
жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;
адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік
бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің
белгісі бір деңгейін ұстап отыру
және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға
салынатын салықтардың
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты,соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Ғылым, 1998.-584 с.
Мұнай(13%)
Информация о работе Қазақстан республикасының отын энергетикасының комплексі және оның даму болжамы