Қазақстан республикасының отын энергетикасының комплексі және оның даму болжамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 08:02, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан егемен ел ретінде даму барысында экономикалық өзгерістердің әр түрлі сатыларынан өтіп келеді. Басты мақсат — нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Осы қиын жолда едәуір жетістіктер де бар. Ұлттық валюта тұрақтанды, өркениетті сауда жөнделуде, ол бастапқы кезде орын алған жабайы баспа-бас тауар алмасуды ығыстыруда. Республика дүниежүзілік нарыққа шықты және дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануда.

Оглавление

І-тарау:Негізгі бөлім:
1.1. Қазақстанның отын-энергетикалық қорының жағдайы мен болашағы 6-9
1.2. Қатты отын қорлары және оларды пайдалану мүмкіншілігі 10-12
1.3. Қазақстан Республикасының шикізаты..................................................13-19

II-тарау: Мұнай және газ қорлары және оларды пайдалану болашағы 20-21
2.1. Қазақстан отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) басқаруды жетілдіру……………………………………………………………………..22-23
2.2. Энергетикада баға түзуді қалыптастыру 24-27
2.3. Қазақстан Республикасының шикізат мөлшері...................................28-29
Қорытынды…………………………………………………………………..30-31
Қолданылған әдебиеттер 32

Файлы: 1 файл

отын энергетикасы (Автосохраненный).docx

— 257.77 Кб (Скачать)

Қалыптасқан жағдайда Қазақстанның банк жүйесінде  сақталып отырған әлсіз тұстар алаңдаушылық туындатады. Сыртқы берешектің қайта  құрылымдауына және мемлекет тарапынан  қаржылай көмекке қарамастан банк активтерінің сапасы нашарлай берді, ал жұмыс істемейтін несиелер көлемі өте жоғары деңгейде (халықаралық есеппен алғанда) қалып  отыр. Есептелген, бірақ алынбаған  пайыздық кіріс көлемінің жоғары болуы, қайта құрылымдалған несиелер үлесінің жоғары болуы және кірістіліктің  төмен болуы капитал жеткіліктілігінің  нормативтері үшін тәуекелдер туындатады. Банктердің бұрынғысынша тәуекелге  барғысы келмеуін, ал ірі заңды  тұлғалардың заем қаражатының үлесін төмендетуді жалғастыруын ескерсек, мақсатты қаржы бөлінген кредиттер, мемлекет тарапынан адрестік көмек  және бейімделген ақша-кредит саясаты  кредиттеудің жақын болашақта өсуіне ықпал етуі екіталай.

Айтарлықтай күйзелістер болмаған кезде банктердің жағдайы біртіндеп жақсаруы мүмкін. Алайда, әлемдік экономикадағы белгісіз ахуалды ескерсек, банк жүйесінің  толық сауығуын және оның әлеуетті күйзелістерге қарсы тұруын және жинақталған қаражатты өндірістік қызметке бағыттауын қамтамасыз ету  үшін бастамашыл тәсіл қолданған  жөн. Әлемдік экономикалық жағдайдың  айтарлықтай нашарлауы, атап айтқанда, ірі көршілес мемлекеттер тарапынан  болатын ықтимал теріс әсерлер, Қазақстанның экономикасына және оның банк жүйесіне теріс әсер етеді. Ықпалдар қол жетімді ресурстар көлемінің  қысқаруы және қарыз құнының ұлғаюы (банктер, заңды тұлғалар және квазимемлекеттік құрылымдар үшін), сондай-ақ сенімнің әлсіреуі түрінде болады, бұл, өз кезегінде, банктер  үшін қосымша қиындықтарға әкеп соғады. Экономикадағы қаржы ресурстарының  көптігіне қарамастан, мұндай ахуал  басқару органдары үшін көптеген қиындықтар туындатады, сондай-ақ «2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарында» көзделген мемлекеттік  емес секторды дамыту және экономикалық әртараптандыру есебінен өсуді қамтамасыз етудің міндеттерін іске асыру үшін кедергі болады.   

Бұл қиындықтардан  шығуға Қазақстанның банк жүйесін орнықты  ету жөніндегі уақтылы және шешімді  шаралар көмектесуі мүмкін. Мемлекет орынды бірқатар шешімдер қабылдады: үмітсіз  несиелерді есептен шығаруға кедергі  келтірген салық ережелерінің күші жойылды; шетел валютасында кредиттеуге  қарсы және капиталдың ең төменгі  мөлшеріне қойылатын талаптарды ұлғайтуға бағытталған шаралар  есебінен нормативтік-құқықтық база нығайтылды; проблемалық активтерді реттеудің  жаңа тұжырымдамасы қабылданды. Соған  қарамастан қосымша байыпты күш  салу қажет.  Бірінші кезекте, барлық банктердің кредиттерді дұрыс бағалауына және резервтер қалыптастыруына (олар қайтарылмаған жағдайда) пәрменді түрде  қол жеткізу қажет. Одан басқа  тиісті жағдайларда үмітсіз несиелер көлемін төмендету және банктердің капиталын акционерлер немесе мемлекет тарапынан толықтыру үшін нақты  іс-қимылдар жасау қажет. Көрсетілген  жағдайлар туындаған жағдайдағы төтенше іс-қимылдардың жоспарларын  дайындау қажет.   

Жағдайдың белгісіздігін назарға ала отырып икемді макроэкономикалық саясат жүргізген  жөн. Міндетті резервтеу нормативінің жақындағы аздап ұлғаюы бейімділігі  аз ақша-кредит саясатының жағына қарай  жасалған қадам ретінде қабылданады. Ұлттық банк қаржы секторына қолдау көрсету мен инфляцияны ұстап  тұрудың арасын байқап теңгеруі қажет. Жоспарланған бюджетті біртіндеп шоғырландыру бұрынғысынша орынды болып табылады және ол шығыстар сапасын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Егер сыртқы күйзелістер отандық экономикаға  әсер ететін болса, ақша-кредиттік және салық-бюджеттік реттеу органдары  жағдайды реттеуге дайын болғандары жөн. Айырбастау бағамының едәуір икемділігі экономиканың осындай күйзелістерге  бейімділігіне жәрдемдесетін болады.       

Болашақта қарсы циклдік бюджет саясатын жүргізуді  жалғастыра беру қажет, ал бюджетті макроэкономикалық  саясат мақсаттарына және мұнай ресурстарын  оңтайлы пайдалануға сәйкес дайындаған жөн.    Мемлекеттік органдардың мұнайға жатпайтын бюджетті орта мерзімді перспективада қысқарту жөніндегі жоспарлар жасағаны орынды. Әлеуметтік шығыстар инфляцияны ұстап тұрудың әкімшілік шараларына сүйенбес үшін халықты қорғаудың жетілдірілген жүйесі ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа мемлекеттік емес сектордың одан да серпінді қызметі және одан әрі экономиканы әртараптандыру үшін айтарлықтай резерв бар, бұл экономиканың өсуінің кемсітушілік сипатының аз болуын, бүкіл халықтың берекесін қамтамасыз етеді.  Соған байланысты жақындағы «Дуинг бизнес» рейтингіндегі көрсеткіштердің жақсаруы сенім ұялататын фактор болып табылады, ал басқару, ашықтық және институционалдық құрылыс мәселесіндегі алдағы табыстар қаржы секторының сауығуымен қатар инвестициялар мен өсу үшін жаңа мүмкіндіктердің туындауына әкеп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қатты отын қорлары және оларды пайдалану мүмкіншілігі

Қазақстанда көмірдің дүниежүзілік өнеркәсіптік қорының 3%-ы шоғырланған. Көмір өндіру көлемі бойынша Қазақстан дүниежүзінде 8-ші орын, ал ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады.

Қазақстанда барлығы 100-ден  артық көмір кендері ашылған, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд.т., бірақ жақсы зерттегендері 40-тай, олардың өнеркәсіптік қоры 34,1 млрд.т.

1993 жылдың басындағы Қазақстанның  теңестік (баланстық) көмір қоры 38,63 млрд.т. деп есептелді, ол геологиялық қордан 22% құрайды.

1.2.1-кестеде көмір қорының Қазақстан аумағында орналасу құрылымы көрсетілген.

Солтүстік және Орталық  Қазақстанда Қарағанды (9.3 млрд.т), Торғай (5,3 млрд.т) және Екібастұз (12,5 млрд.т) ірі көмір алабтары (бассейндері) орналасқан.

Казақстанның барлық көмірін  екі түрге бөлуге болады: тас және қоңыр көмір. Тас көмірлерге жататын көмірлердің ылғалды күлсіз массасының жоғары жану жылулығы 24000 қаж/кг-нан көп және ұшпа заттардың шығымы 9%-тен артық болады. Қоңыр көмір ылғалды күлсіз массасының 24000 қаж/кг-нан аз жоғары жану жылулығымен және жұмыстық ылғалдың 30-40% мөлшерімен сипатталады.

Қазақстан аумағында көмір  қорының орналасу құрылымы

2-кесте

 

Аты

Геологиялық қор 

Теңестік қор 

Шығыс Қазақстан 

4,5

3,04

Батыс Қазақстан 

2,9

1,79

Солтүстік Қазақстан 

81,8

18,52

Орталық Қазақстан 

54,5

14,8

Оңтүстік Қазақстан 

33,0

0,48

Барлығы республика бойынша 

176,7

38,63


Жалпы теңестік қордың негізгі  бөлігі — 24,3 млрд.т.тас көмірге келеді (1.2.2-кесте), оның 6,1 млрд.т (25%) — кокстауға  жарайтын көмірлер. ТМД-да жалпы көмір шығарудың 20%-ін, ал кокстенетін көмір шығарудың 16%-ін Қазақстан қамтамасыз етеді.

Қазақстанның теңестік көмір қорының құрылымы

 

 

 

 

 

 

3-кесте

 

Аты

Теңестік қор 

Оның ішінде

 

 

А+В+С,

С2

Қоңыр көмір 

14,33

12,39

1,94

Тас көмір 

24,30

21,75

2,55

оның ішінде кокстау үшін

6,12

5,82

0,31

Барлығы республика бойынша

38,63

34,14

4,49


Тас көмір Қарағанды, Екібастұз, Қушекі кен орындарында шығарылады. Кокстенетін көмір тек Қарағанды кен орнында ғана шығарылады және оның үлесі, алап бойынша өндірілген көмірдің 55%-ін құрайды.

Қоңыр көмірлер көбінесе Солтүстік Қазақстанда негізінде  Торғай және Майкүбі алаптарында шоғырланған.

Қазақстанда 01.01.1996 жылы 24 көмір шахтасы және 11 көмір карьері жұмыс істеді, олардың жалпы жобалық қуаты 162 млн.т болған. Бұл кәсіпорындарда 1992 жылы 126,8 млн.т. көмір шығарылды, оның ішінде 93,5 млн.т ашық тәсілмен, ал 1995 жылы көмір шығару 83,2 млн.т, оның ішінде ашық тәсілмен шығару 68,8 млн.т болды. Көмір өндіру деңгейінің төмендеуі экономиканың тұрақсыздануына байланысты.

Ашық тәсілмен жылына 400 млн.т көмір шығаруға жарайтын жалпы  болжаулық қор Республикада бар, ал ашық тәсілмен шығаруға жарайтын өнеркәсіптік қор 21 млрд.т және Екібастұз (51%), Торғай (26,4%), Майкүбі (8,8%) және Шұбаркөл (7%) көмір алаптарында шоғырланған. Қазіргі ашық тәсілмен шығарылатын көмір деңгейіне есептесе бұл қор Қазақстанға 200 жылдан артық уақытқа жетеді.

Көмірді ашық тәсілмен шығару жер астынан шығарумен салыстырғанда 3-5 есе арзан. Мысалы, 1995 жылы екібастұз көмірін шығару қарағанды көмірін шығарудан 5 есе арзанға түсті.

Көмір саласында үкімет деңгейінде шешілетін үш басты мәселе бар. Ол — көмірді тасымалдау, көмірді жер астынан және ашық тәсілмен шығару.

Көмірді ашық тәсілмен шығару энергетика және тұрмыс секторының мұқтаждықтарын қамтамасыз ете алды. Жылу және электр өндіру құны бойынша бұл көмірлер мұнай және газбен ойдағыдай бәсекелесе алады. Ол үшін көбінесе импорттық шығару және көлік жабдықтарын сатып алу керек.

Көмірді ашық тәсілмен шығарғанда экология мәселесін шешу керек. Ертерек екібастұз және борлы көмірлерін шығарғанда оларды іріктеп қазу немесе байыту фабрикаларын салу тиімді емес деп шешілген. Енді қоршаған ортаны қорғау шығындары кенет өскендіктен бұл мәселеге, қайтып келу керек және айтылған көмірлердің ірі-ірі тұтынушыларымен бірігіп, мәселені кешенді қарастыру қажет. Халықтың тұрмыс қажеттігін қамтамасыз ету үшін көмір сомдауды (брикетирование) ұйымдастыру керек.

Көмірдің негізгі кен  орындары Қазақстанның орталығында  орналасқан, сондықтан көмірді бүкіл республика бойынша тасымалдау географиялық жағынан тиімді. Бірақта темір жол жүйесінің жеткіліксіз дамуына және өткізгіштік қабілетінің төмендігіне байланысты қиыншылықтар туады. Тұтынушыларды үздіксіз көмірмен және басқа да жүктермен қамтамасыз ету үшін Орталық Қазақстанның темір жол көлігінің сүлбасын қайта қарау керек. Шұбаркөл кемір кен орынының дамуын бүгінгі күні Жарық — Жезқазған тармағының өткізгіштік қабілеті тежеп отыр. Жезқазған — Қызылорда, Шұбаркөл — Арқалық темір жолдарын салу, Жезқазған — Жарық тармағын қайта құру, Қарағанды — Қарағайлы тармағын Семейге дейін, Қарағанды — Борлы тармағын Майкүбеге дейін ұзарту көлік шығындарын шұғыл қысқартып, қоры үлкен сапасы жоғары Шұбаркөл және Майкүбе көмір кен орындарында көмір шығару көлемін жылына 25-30 млн.т-га дейін өсіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанның істейтін және болашақтық кен орындар қорларының сипаттамасы және көмір шығару көлемдері 1.2.3-кестеде келтірілген.

Екібастұз, торғай, Қушекі және борлы көмірлері сапасы төмен (жоғары күлді және күкіртті, жану жылулығы төмен) көмірлерге жатады, сондықтан ірі ЖЭС-дың қазандарында жаққан тиімді. Шұбаркөл, Қарағанды және Майкүбе көмірлері жоғары сапалы болғандықтан, оларды өнеркәсіптік пештерде, жеке жылуландыру қондырғылары мен қазандықтарда пайдаланған тиімді.

Қазақстанда ұзақ мерзімді болашақта  бір жылда жер астынан көмір  шығаруды 20-24 млн.т-га дейін, яғни 2 есе, қысқартып тек 10-12 шахтаны қалдыру көзделіп отыр. Ал ашық тәсілмен 80 млн.т-дей жоғарыкүлді энергетикалық көмір және 50 млн.т-ға жуық жоғары сапалы энергетикалық көмір шығару жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қазақстан Республикасының шикізаты

 

Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде әзірленді.

Бағдарламаны  әзірлеу қажеттілігі ел экономикасындағы мұнай-газ саласының рөлін тұрақты  нығайтумен шарттасады.

Мұнай-газ  саласы елдің және оның жекелеген  өңірлерінің дамуына маңызды  әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл  экономикасы үшін алға тартушы күш  болып табылады, экономиканың басқа  да салаларының дамуына ықпал  етеді. Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысы өңірлер мен бүкіл мемлекет ауқымындағы неғұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуымен  байланысты.

Жақын болашақта  елдің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы  объектілер құрылысын қамтитын салаларды  кешенді дамытудың ел үшін бірыңғай жоспарларын әзірлеу жолымен  барлық мүдделі тараптардың қызметін үйлестіруді талап етеді.

Бағдарлама  қаралып отырған кезеңдегі салалық  мәні бар маңызды міндеттердің шеңберін айқындайды және тиісінше, оларды шешуге бағытталған өзара байланысты ұйымдық, норма шығарушылық, әлеуметтік, экономикалық, қаржылық және басқа да шаралар кешенін  қалыптастырады.Бағдарламаны іске асыру  қорытындылары бойынша саланың  жұмыс істеу тиімділігін арттыру  арқылы көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу деңгейін өсіруден, мұнай  мен газ ресурстарын тиімді пайдаланудан, халықаралық транзит көлемдерін өсіруден әлеуметтік-экономикалық әсерді ұлғайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің толық энергетикалық тәуелсіздігіне, ішкі нарықты мұнай өнімдері мен  газға қажеттіліктерін үздіксіз және толық қамтамасыз етуге қол  жеткізу көзделеді.

Бағдарлама  мұнай-газ кешенін дамыту мәселелерінен  басқа, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық  бағыттағы ілеспе объектілерді жақсарту мүмкіндіктерін қарастырады.

Информация о работе Қазақстан республикасының отын энергетикасының комплексі және оның даму болжамы