Қазақстан Республикасының ақша базасы және ақша агрегаттарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:57, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының ақша айналымының негізгі көрсеткіштері ақша базасы мен ақша агрегаттарын қарастыру және талдау жасау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн деп санадым:
ақша түсінігі мен мәнін ашу; Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру; Ұлттық Банк ақпараты негізінде ақша базасы мен ақша агрегаттарын талдау; курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;

Файлы: 1 файл

Курсовая Гаухар gotovМакроэкономика.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің  міндетті нормаларының сәл ауытқуы  ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл құралды жиі қолдана бермейді.

Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді, банктер  тартылған ресурстарды тиімді пайдалана  алмайды, өйткені кредит берудің аясы азайып, айналыстағы ақша массасы кемиді.

Қазақстанда 2003 жылдың қаңтарынан 2004 жылдың мамыр айына дейін міндетті резерв нормасы 18-20%-дар болып белгіленді, 2004 жылдың мамырынан бастап ол теңгедегі және шетелдік валютадағы банктің депозиттік міндеттемелері бойынша 30%-ға дейін көтерілді. Міндетті резерв нормаларының арттырылуына ақшалай мультипликатордың 1,61-ден 3,1-ге дейін күрт өсуі себепші болды.

Банктер резервтерінің (Ұлттық банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражат) артығымен өсуіне байланысты резервтердің баламалы тәртібіне кешудің ғана мүмкіндігі пайда болған жоқ (экономикалық нормативтерді орындайтын банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттың шамасын, әдетте резервтік талаптардан кем ұстамауға тиісті болатын), сонымен қатар резервтік талаптардың нормаларын кемітуге мүмкіндік береді. Резервтік талаптардың нормативі 2005 жылы 20%-ға дейін кемісе, 2006 жылдан бастап 15%-ға дейін төмен түсті.

Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге кредит береді.

Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердін тұрғысынан алғанда  есептік мөлшерлеме дегеніміз - артық  резервтердің шығыны болып табылады. Сондықтан да оны Ұлттық банк кеміткенде, ол коммерциялық банктердің қарыз (ссуда) алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен коммерциялық банктер берілетін кредит ақшаның ұсынылуын арттырады.

Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын тежейді, бұл кредит ресурстарының және банктеріне берілетін кредиттің мөлшерін азайтады, ол өз кезегінде айналымдағы ақшаның массасын кемітеді.

Инфляция айтарлықтай  төмен болған жағдайда пайыздық мөлшерлемелер  экономикада ақша массасының өсуін  ынталандыру мақсатында пайдаланылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда инфляцияның деңгейі 6-4-7% жағдайында қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі 7%-ке белгіленген. 2010 жылы инфляция 8%-дан асқанда, пайыздық мөлшерлеме қайтадан 8-8,5% дейін көтеріледі.

Ашық нарықтағы  операция айналымдағы ақша мөлшерлемесін реттеу процесінде айрықша орын алады. Бұл операция, бір жағынан, құнды қағаздарды Орталық банктің сатуын және сатып алуын білдірсе, екінші жағынан, құнды қағаздарды коммерциялық банктердің, қаржы компанияларының, халықтың сатуын және сатып алуын білдіреді.

Орталық банк құнды  қағаздарды сату және сатып алу арқылы резервтерді банк жүйесіне тартады  немесе оларды бұл жүйеден алады, осылай егу арқылы ол айналымдағы  ақша массасын көбейтеді немесе азайтады. Қазақстанда мұндай құнды қағаздарға мемлекеттік қазынашылық облигациялар жатады. Оны үкімет бюджет тапшылығын жою үшін шығарады. Сол сияқты құнды қағаздарға Ұлттық банк арқылы шығаратын ноталар жатады. Ұлттық банк осы құнды қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің ең аз шамадағы резервтерінің шамасы артып, клиентурамен жасасатын активтік қарыз операцияларын ұлғайтуға мүмкіндік алады, ақша эмиссиясы артады. Ұлттық банк коммерциялық банктерге құнды қағаздарды сатқан жағдайда, керісінше, олардың резервтелген қаражат сомасы кемиді, ал банктерде кредит ресурстары азайып, ақша массасы төмендейді.

Соңғы жылдары (2005-2010 жж.) ҚР Ұлттық банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің бір әдісіне ақша нарығындағы валюталық интервенция жатады.

Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын-валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.

Еркін өзгермелі бағам  режиміне өткенен кейін де Қазақстан  Ұлттық Банкі ұлттық валютаның айырбас  бағамының алыпсатарлық өзгерістерінежол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз. [8]

Ұлттық Банктің валюталық  нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады жөне ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «стирилизациялау» құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артық ақшаны айналыстан алып отырды.

Мұнай мен металдың әлемдік бағасының тым көп  өсуіне байланысты Қазақстанға шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жиі күш жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық алтын резервін ұлғайтты. Ол 2010 жылдың ортасында 13,0 млрд доллардан асты. Сондай-ақ, 8,7 млрд АҚШ долларынан көп мөлшерде Ұлттық мұнай сақтандыру қорында қаражат бар.

Экономиканың  «тым қызып кетуі» теңгенің шектен тыс нығайтылуы және инфляцияны тежеу  мен айналымдағы ақша мөлшерін реттеу секілді мәселелер осылайша шешілетін болды.

Ұлттық банк пен Қазақстан үкіметі елдегі ақшаның айналысын басқару мен  реттеуде ақша-кредит саясатының аталмыш  құралдарын ептілікпен пайдаланып жүр.

 

Қорытынды

Жоғарыда аталып кеткендей, ақша айналымы - тауарлар мен  қызметтерді қолма – қол және қолма – қол емес формада жүзеге асыратын, мемлекеттің ішкі экономикалық айналымындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналымы екі бөліктен тұрады: қолма –  қол ақша айналымы және қолма –  қол емес ақша айналымы.

Ақша айналысы – белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтеліп, ақша айналымының бөлігі болып табылады. Ал ақша айналымы қолма – қол және қолма – қол емес ақша белгілерін қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.

Ақша айналысының  заңы, яғни оның мәні – ақша мөлшері  сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын ақша өлшемінің айналым соңына бөлген кезде оның теңесуі ақша айналысының құралы қызметін орындау үшін қажет.

Сонымен қатар, ақша айналысына әсер ететін жағдайлар  қарастырылған болатын. Соның бірі – ол несиенің даму деңгейі. Егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақща қажет және тағы басқалар.

Сондай –  ақ, ақша коммерциялық банктердің төлем  – кассалық бөлімдерінен клиенттер  арқылы айналысқа түсіп, белгілі  бір мерзімнен кейін клиенттердің кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма – қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

Ақша айналымын  жеделдету үшін электрондық төлем  жүйесі қолданылады. Ол сонымен бірге  айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, айналыстағы  қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.

Қолма – қол  емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі шот иесінің жазбаша  бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның  төлем құралы ретінде қызметтің  атқарылуы. Қолма – қол емес ақшаның  төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы.

Қолма – қол  ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді.

Ақша массасы  – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Оның құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.

Белгілі бір  мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс - шаралар  жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.

Қазақстан Республикасындағы  ақша агрегаттары келесідей:

М0 – айналыстағы  қолма – қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша;

М1 – М0 + банктік  емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

М2 – М1 + теңгедегі  басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;

М3 – М2 + банктік  емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері;

Бүгінгі таңда  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолма – қол ақша айналымын реттеудегі басты қызметтерінің бірі - экономика субъектілерінің қажеттілігін ұлттық валюта ақша белгілерімен дер кезінде және тұтас қанағаттандыруы.

Осы жұмыстарға байланысты Ұлттық Банкінің филиалдарының  эмиссия – кассалық реттеуімен екінші деңгейдегі банктердің кассалық жұмысы, купюралық құрылымды жақсарту, ұлттық валютаның ақшалай белгілерінің саудасын қолдау, айналымнан ескі үлгілерді алып тастау жүргізіледі.

Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатының шарттарына байланысты Республикада экономикалық жағдай жағымды қалыптасуда, өнеркәсіптер мен халықтың мемлекет саясатына сенімнің артуы мемлекеттегі ақша ұсынымына оң әсер тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №27 баспасөз релизі 4 шілде 2012 жыл .
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №47 қаулысымен мақұлданған «Ақша-кредит саясатының 2012 жылға арналған негізгі бағыттары»
  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Инфляциялық шолу 2012 жыл 1- тоқсан»
  5. Көшенова Б. А. «Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары» Оқу құралы   - Алматы: Экономика, 2000.
  6. «Ақша. Несие. Банктер» Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.
  7. Мақыш С. Б. « Ақша айналысы және несие» – Алматы:ИздатМаркет 2004.
  8. Жүнісов Б.,МәмбетовҰ.,Байжомартов Ү.«Нарықтық экономика             негіздері» -  Алматы : Экономика, 2000
  9. Қ. Жарылқасынов «ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты туралы» // «Қаржы және қаражат»№7, 2008
  10. «Ақша айналысы және несие» С.Б. Мақышұлы –Алматы: Экономика,2004
  11. Дробзина Л.А. «Финансы»Учебник для вузов – Москва : ЮНИТИ, 2000
  12. Блеутаева К.Б. «Ақша  және  банктер» - Алматы : «Қазақ университеті», 2006
  13. Кенжеболатова М.Ш «МакроЭкономика» - Астана : «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ»,2009
  14. www.minfin.kz.
  15. http://www.nationalbank.kz .
  16. http://www.akorda.kz.

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша базасы және ақша агрегаттарын талдау