Қазақстан Республикасының ақша базасы және ақша агрегаттарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:57, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының ақша айналымының негізгі көрсеткіштері ақша базасы мен ақша агрегаттарын қарастыру және талдау жасау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн деп санадым:
ақша түсінігі мен мәнін ашу; Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру; Ұлттық Банк ақпараты негізінде ақша базасы мен ақша агрегаттарын талдау; курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;

Файлы: 1 файл

Курсовая Гаухар gotovМакроэкономика.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

Әлем елдерінің  ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.

(1-кесте)

ТМД және кейбір елдердің ақша бірліктері

 

Елдің атаулары

Ақша бірлігі

Елдің атаулары

Ақша бірлігі

Қазақстан

1 теңге = 100 тиын

АҚШ

1 доллар = 100 цент

Ресей

1 рубль = 100 копеек

Англия

1 фунт стерлинг = 100 пенса

Украина

1 гривня = 100 копийка

Израиль

1 шекель стерлинг = 100 агора

Беларусь

1 рубль = 100 копеек

Жапония

1 иен = 100 сена

Өзбекстан

1 сум = 100 тийн

Сауд Арабиясы

1 риал = 100 халал

Қырғызстан

1 сом = 100 тыйн

Түркия

1 лир = 100 куруш

Тәжікстан

1 сомони = 100 дирам

Кувейт

1 динар =100 дирхам = 1000 филса

Әзірбайжан

1 манат = 100 гепик

Қытай

1 юань = 10 цзяо = 100 финям

Армения

1 драм =100 люма

Йемен

1 риал = 100 филса

Молдова

1 лей =100 бань

Кипр

1 фунт =100 миллима


 

Ақша түрлеріне — бұл заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс, және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунтстерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 1/2 пенилер, сондай-ақжаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар.

Ал, Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 теңгелік банктік билеттерБірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ [12]

Эмиссиондық жүйе — бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде — РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айналысады. Ұлттық Банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) және монета жасайтын - Монета сарайы (Өскеменде) бар. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады

 

2 Қазақстан Республикасының ақша айналысы

 

    1. Ақша айналысы және оның заңы

 

Ақша  айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып  алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым  қозғалыста, яғни айналыста болуына  мүмкіндік жасайды. Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу  үшін қолданылуы мүмкін.  Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның тек  сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, бакнтен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауар айналысы, сондай-ақ  несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. [7]

Ақша  айналысының кұрылымына қолма-қол  ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар айналысы —  бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді.

Қолма – қол  ақшалар келесілер үшін қолданылады:

    • тауарлар мен қызметтер айналымын жүзеге асыру үшін;
    • жалақы төлеу бойынша есеп айырысу және соған сәйкес төлемдерді төлеу үшін;
    • бағалы қағаздарға төлем және олар бойынша табыстарды төлеу үшін;
    • коммуналдық және тағы басқалар қызметтерге төлем жасау үшін;

Айналыста көбіне қолма – қол ақшалар жүретіндіктен, оларды ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста болады. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз ғана бөлігін құрағанмен, оның маңызы өте зор. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасында  қолма – қол ақшаны Ұлттық Банк банкнота түрінде эмиссиялайды, ал екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін    қолма – қол емес формада төлеп  алады. Коммерциялық банктердің операциялық  кассасынан қолма – қол ақшаның  көп бөлігі клиенттерге беріледі. Яғни клиенттер заңды тұлғалар болатын болса, онда ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі , ал клиент жеке тұлға болатын болса, онда ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның бір бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса, ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде ( яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, дивиденттер  төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және сол сияқты түрінде ) беріледі.

Қолма – қол  ақша, негізінен, халықтың ақшалы табысынан  және оны жұмсаудан түседі. Бірақ  ақшаның көп бөлігі жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық  төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып  алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, айып пұл және тағы сол сияқтыларды төлеуге жұмсалады.

Жалпы айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем – кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін  клиенттердің кассасы арқылы айналыстан шығады.

Мемлекеттің қолма – қол  ақша айналысы – бұл белгілі бір  уақыт мерзімінде қолма – қол  формада жүргізілген барлық төлемдердің  сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Бұл айналым көбіне халық табыстарының түсуімен және  олардың шығындалуымен  байланысты болады.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент- қолма- қол ақшаны пайдалану. Қазіргі кезде біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара  есепке қолма- қол ақшаны тек төменгі  жалақының төрт еселенген мөлшері  көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептеуге чектерін енгізумен шектелуде. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қолақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.  Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолиа-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республыкамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәір бөлігін орталық банктерден шығарылған бакнтік билеттер құрайды.Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді .

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма – қол емес ақша айналымы қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде басым қолданылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар) қызмет етеді.

Қолма – қол емес ақшаның  төлем айналымын екі тобқа  бөлуге болады: тауарлы операциялар  бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы. Бірінші топқа тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар жатады, ал екіншісіне бютжет төлемдері ( табысқа салық, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және тағы осы сияқты төлемдер ) және бюджеттен тыс төлемдер, банк ссудаларын өтеу, несиенің пайызын төлеу, сақтандыру компанияларымен есеп айырысулар кіргізіледі. [7]

Қазіргі кезде пластикалық  картачкаларды қолдану қолма- қол  ақшасыз есеп айырусуды ұйымдастыруда  ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қолма – қол емес ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп айырысуға, қолма – қол ақшаларды қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару. Бұл айналыс мемлекеттің ақша айналысының үлкен бөлігін құрайды.

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан кетпей, оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының айдарылуы қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма – қол  емес ақша төлем айналымы қолма – қол ақша айналымының ажырамас бөлігі болып табылыды және екуі бірге қосылып  мемлекеттің ақша айналымын қалыптастырады. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отруынан байқалады. Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

өнімді өндіру және сату процесін, яғни таурлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;тауарлы  емес сипаттағы есеп айырысулармен  байланысты ақша айналымы;

ақша  айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

Есеп айырысу  операциялары банк операцияларының  негізгілерінің біріне жатады. Есеп айырысу  операцияларын жүргізу үшін әр түрлі  шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және тағы басқа шоттары.

Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып  бөлінеді.

Инкассо- әр турлі  құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсыры бойынша және олардың  шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, векселдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.

Инкассолық  операцияның екі түрі бар:

    • жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтың ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылыды;
    • құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты көрсету және оны тек төлемді қолма – қол алғанда немесе акцептелгенде ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.

 Аудару операцияларында  клиент банкідегі өз шотынан  белгілі бір соманы көрсетілген  жаққа аудару жөнінде тапсырма  береді. Мұндай операцияны жүргізгені  үшін банк коммерциялық ақы алады.

Аккредитив ( латын  сөзі – « сенемін » ) – бір  банктің екінші банкке аккретивте көрсетілген  шарттарды орындағанда белгілі  бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға  төлеу жөнінде берген жазбаша  тапсырмасы.

Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.

    • Ақшалы аккредитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп – бөліп, оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент - банкке берген тапсырма жазылған.
    • Құжатты аккредитив – келісім, ол бойнша эмитент - банк клиентінің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі, сондай – ақ ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек. Эмитент - банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке беруіне болады.

Электронды  төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару. Ол банктік шоттардың  жағдайын бақылау, сондай – ақ несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.

Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем  жүйесіне:

    • автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
    • банктік автоматтар;
    • сауда ұйымдарындағы терминалдар;
    • үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша базасы және ақша агрегаттарын талдау