Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша құн өлшемі
ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы
жағынан салыстыруға келетін тауарлар
құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне
материал беру» қызметін атқарады. Бірақ
та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес,
тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық
қажетті еңбек олардың бірінің біріне
өлшеуіне жағдай жасады, Барлық тауарлар
қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың
құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
өлшей алады.
Құнның
өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның
барлық тааурлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда
делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар
ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар
болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған,
құнды құрай алатын алтын саналады. Яғни,
бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады.
Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын
емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
[6]
Ақша
құн өлшемі қызметін идеалды, оймен
ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың
құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына
дейін орындалады, сонымен құнның
тауар формасынан ақша формасына
айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек
жеткілікті.
Тауарлар құнының ақшамен
бейнеленуі оның бағасы деп аталады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында
алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен
анықталуы мүмкін емес. Баға тауарды өндіруге
және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен
анықталады.
Құн
өлшеу қызметі жалпы эквивалент
ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың
бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Әрбір елде ақшаның өлшемі
ретіндегі қабылданған және тауарлар
бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын)
баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы
деп аталады.
Бағалардың
негізінде және олардың қозғалысында
құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі
қызметі мен баға масштабы арасында
һзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке
тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметі
болып табылады. Құн өлшемі қызметі құн
заңына байланысты анықталады. Баға
масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ
тауардың құнын көрсету үшін емес, тек
оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді.
Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс
пен ұсынысқа байланысты белгіленеді.
Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін
тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі
көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.
Баға масштабы заңдық сипатқа ие бола
отырып, мемлекет билігіне тәуелді және
құнды емес тауар бағасынкөрсету үшін
қызмет етеді
Арнайы
баға масштабы алтын құны мен оның
мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне
байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка
валюта реформасының (1976–1978 жж.) нәтижесінде
арнайы алтын бағасы және алтын паритеті
жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады
Бүгінгі
таңда тауарлар алтынға тікелей
айырбасталмайды және олардың бағасы
алтынмен белгіленбейді. Ақшаның бұл
қызметін алтынның орнында жүретін
оның құндық өкілдері немесе қағаз және
несиелік ақша белгілері атқарады. Несие
ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді,
өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ.Мұндай ақшалардың меншік құны
болмайтындықтан да, олардың толық бағалы
емес ақшалар деп аталады.
Сонымен
алтын белгілерінің, яғни толық құнды
емес және қағаз ақшалардың пайда
болуы, ақша формаларының олардың алтындық
мазмұнынан ажырауына алып келеді.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс құралы
қызметінде ақша тауар айналысы процесінде
делдалдық рөл атқарады. Таур айналысы
мынадай процестерді қамтиды: туар сату,
яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы.
Бұл процесті арнайы формулада мынадай
түрде беруге болады: Т ( тауар ) -А( ақша
) – Т ( тауар ).
Ақша
айналысының таур айналысынан айырмашылығы
ақша тауарды біртіндеп айналыстан
шығара отырып, өзі айналыста үнемі
қалып отырады. Ақшаның айналыс
құралы ретіедегі қызметінің басты
ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті
толық бағалы емес құнның белгілері:
қағаз және несиелік ақшалар атқарады,
екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар
атқарады.
Айналыс
құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері
мынада:
Тауар
мен ақшаның қарама- қарсы қозғалысы;
Оны
идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
Ақшаның
бұл қызметінде тауарларды айырбастау
өте тез орындалатын болғандықтан,
оны нағыз ақшалар емес (алтын),
оны ауыстырушылар – ақша белгілері
орындайды.
Бірақ
бұл, несие және қағаз ақшалар
ақшалы тауармен байланысты емес деген
сөз емес. Бұл байланыс
несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуымен түсіндіріледі.
Сонымен
ақша, ақша айналыс құралы қызметін
атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын
тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Қанша дегенмен бір
ақша бірлігі – несие таур мәмілелеріне
қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы
қанша көп болса көп болса, айналыс үшін
олардың қажетті саны сонша азболады.
Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар
массасынан артық болса, онда ақшаның
құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақша қор жинау құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың
болуына байланысты тауарлардың тек нақты
ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі
әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен
айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың
өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта
болуы шаруашылық субъектісінде қосымша
қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады.
Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін
кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге
беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше қозғалыс
формасына ие: Т (міндеттеме), келісілген
мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).Ақшаның
төлем құралы қызметін мен айналыс құралы
қызметтері арасында өзара айырмашылықтар
бар. Ақша айналыс құралы ретіндегі делдалдық
рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде
ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы
қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме
арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің
аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен
ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға
қарыз аоушының төлемеу қаупін тудыруы
мүмкін. [8]
Ақша
төлем құралы ретінде
тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына
да қызмет етеді.
Жалпы
барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға
болады:
тауарлар және көрсетілген
қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
мемлекетке қатысты
қаржылық міндеттемелер,
банктік
несиелер, мемлекеттік және тұтыну
несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
сақтандыру
міндеттемелері;
әкімшілік,
сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның
төлем құралы қызметін толық бағалы
емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар
атқарады.
Ақшаның
қор жинау және қорлану қызметі.
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде,
оның иесіне тауар алудың қамтамасыз етумен қатар,
байлықты жинау құралы болып табылады.
Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға
немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін
ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның
қор жинау қызметін толық бағалы
емес ақшалар атқара
алмайды, себебі олардың меншікті құны
жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген.
Ал
ақшаның қорлану қызметін толық
бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі
формада жүзеге асады:
Көсіпорындар
мен ұйымдардың ағымдық және
жинақ (дипозиттік) шоттардағы, сол сияқты
банктердегі басқа шоттардағы ақшалай
қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық
қорлану формасында;
Банктердегі
халық салымдарында, облигацияларда
жинақталған жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары,
халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге
қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың
пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік
ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға
ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға
ортақ қоғамдық байланыстың материалдануқұралы
болып табылады. Халықаралық төлем құралы
ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық
байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады.
Халықаралық сатып алатын құрал ретінде
дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы
нақты ақшамен төленетін тауарлар және
көрсетілетін қызметтер айырбасындағы
тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет
етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты
құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір
елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар
беруі барысында қызмет етеді.
Егер
де еліміздің ішіндегі
ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық
ақша бірлігі формаыснда қызмет ететін
болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс
өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін
шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі
металл құймасына, яғни жалпылама балама
тауар формасына өтеді» - деп жазады. Сондай-ақ
бұл жерде дүниежүзілік ақша ретіндегі
алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын
монеат стандарты тұсында дүниежүзілік
ақша қызметін алтын және алтынға
ауыстырылатын жекелеген елдердің
несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне
АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі
атқарған.
Қазіргі
дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ –
доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі
валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық
валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз
алу құқығы) атқарады.
1999
жылы қаңтар айынан бастап,
Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа
валюта «Еуро» енгізілген. Еуропалық валюталық
Одаққа бастапқыда он бір ел қатысқан:
Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия,
Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия,
Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың
1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз
төлемдер үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты
мен монеталары 2002 жылдың 1 қаңтарынан
және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық
одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері
2002 жылы 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін
тоқтатты.
Ақша жүйесі және оның элементтері
Жалпы
мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі
ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі
болып табылады. Әр бір мемлекеттің
өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Ақша
жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық
заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын
ұйымдастыру формасы.
Ақша
жүйесінің мынадай типтері болады:
–металл ақша айналысы,
яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола
отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады,
ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
–несиелік және қағаз
ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан
алынып тасталып, оның орнына несиелік
және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:
Биметаллизм – жалпыға балама
рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс)
негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болады:
–қос валюталы жүйе,
яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы
шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына
байланысты белгіленген;
–қатар жүретін валюталар
жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет
тарапынан белгіленген;
–ақсақ валюта жүйесі,
яғни мұнда алтын және күміс монеталары
заңды төлем құралы қызметін атқарады,
бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс
монеталарды жасау жабық түрде жүзеге
асырылып, алтын монеталар жасауға ерік
берілді.
Биметалдық ақша жүйесі
капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне
сәйкес келмеді, себебі екі металды құн
төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның
бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды.
Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде
қызмет ететін бір ғана металдың болуы
талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша
жүйесінің орнына монометаллизм ақша
жүйесі келді.
Монометаллизм – бұл барлығына
бірдей балама және ақша айналысының негізі
ретінде бір ғана металл (алтын немесе
күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Алтынға
ауыстырылатын құн белгілерінің
сипатына байланысты алтын монометаллизмі
мынадай үш түрге бөлінеді: алтын
монета стандарты, алтын құйма стандарты
және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке
тұсындағы капитализм талаптарына біршама
сәйкес келе отырып, өндірістің, несие
жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды
сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл
стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен
сипатталады: [10]
–алтын елдің ішкі
ақша айналысында болып, ақшаның барлық
қызметтерін бірдей атқарды;
–алтын монеталарды
құюға рұқсат етілді;
–толық құнды емес
ақшалар айналыста жүре отырып, еркін
және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға
ауыстырылды;
–алтын және шетел
валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға
және ішке алып келуге болатын болды.
Алтын құйма стандартының алтын монетадан
айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета
болмайды және алтын монетаны еркін түрде
жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар,
басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты
алтын құймасына тек олардың сомалары
көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады.
Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы
1700 фунт стерлинг сияқты.
Алтын девиз стандарты – банкноталардың
алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын
білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің
валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия,
Австралия, Дания, Норвегия және басқа
да елдерде алтын девиз стандарты бекітілген.
1929–1933
жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың
нәтижесінде алтын монометаллизмнің
барлық формалары жойылды. Алтынға
айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді.
Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі
және оны алтынға айырбастау капиталистік
елдердің барлығында тоқтатылды.
Алтын
айналысынан айырбасталмайтын несиелік
ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының
қалыптасу механизміне қарай
айырбасталды. Несиелік ақшалардың
номиналдық құны оның нақты құнынан біршама
асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу
ашық нарықтағы операциялар, міндетті
резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі,
ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы,
қаржы және валюта саясатының көмегімен
жүзеге асырылады.
Қазіргі
ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады:
Ақша бірлігі — барлық тауарлардың бағаларын
бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде
бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі
ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде
1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген.
Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең,
ағылшынның 1 фунт стерлинг — 100 пенсаға,
Ресейдің 1 рублі —100 копейкіге, Қазақстаннның
1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.