Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:57, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының ақша айналымының негізгі көрсеткіштері ақша базасы мен ақша агрегаттарын қарастыру және талдау жасау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн деп санадым:
ақша түсінігі мен мәнін ашу; Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру; Ұлттық Банк ақпараты негізінде ақша базасы мен ақша агрегаттарын талдау; курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;
Электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.
Сонымен, бүкіл ақша айналымы: қолма – қол және қолма – қол емес ақшалар болып бөлінеді. Сондай – ақ:
Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.
Ата = Тауар бағаларының сомасы /Ақша айналымының саны
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атхаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:
мұнда,
Ак — айналысқа қажетті ақша саны;
Стб — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;
Өтс — өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.
Осындай жағдайларды, айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін, әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады. [7]
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа кажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.
2.2 Ақша
массасы, базасы және ақша
Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма – қол ақша мен қолма – қол ақша айналысынан немесе қолма – қол емес ақшалардан тұрады. Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.
Екінші концепцияны қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде басқа да бағалы қағаздарды қолма – қол емес ақша айналымына жатқызады.
Үшінші концепцияны қолдаушы экономистер қолма – қол ақшаның барлығына қарсы шығады да, ақша деп тек қолма – қол ақшаларды санайды.
Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді:
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
Ақша массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық айнымалыларға әсер ететіндіктен, ұлттық экономика дамуының негізгі мақсаттарына да әсер етуі мүмкін.
Ақша массасын өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік бойынша өлшеу.
Ақша массасын
трансакциондық өлшеу ақшаның
айналым құралы ретіндегі
Ақша массасын трансакцонды өлшеу айналыс құралдары қызметін атқаратын активтерді ғана есептеу керек. Мұндай активтерге көбінесе төлем құралы ретінде қолданылатын монеталар және қағаз ақшалар жатады. Сонымен қатар, оларға чектік депозиттерді ( ағымдағы шоттарды ) жатқызуға болады.
Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу ақшаның мәні оның өтімді актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік сатушының берілген берілген тауарды кез келген уақытта аз шығындармен және жеңіл өткізуін білдіреді. Бұл ой бойынша ақшалар басқа активтерден сапа жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік дәрежесі бойынша ғана ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.
Ақшалар – ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге айырбастамау керек. Ал, мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте төмен. Өтімділігі төмен тауарларды сату көп уақытты алады.
Тауарлы айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның көлемін білу қажет. Ақша айналымының жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір жыл көлемінде кез келген келісім шарт жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар бағасының қажетті сомасысын және ақшаның айналымын ескере отырып, айырбастың теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол келесідей:
MV = PQ, немесе M = PQ / V
Мұндағы:
M – ақша айналымына қажетті ақша массасы;
PQ – тауар бағасының сомасы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса да, ол бұдан ертерек те мәлім болған. К.Маркс өзінің « Капиталының » І томында бұл теңдікті былай көрсеткен болатын:
Ақша массасы = тауарлар сомасы / ақша бірліктерінің айналым саны
Сондай – ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін толығырақ сипаттады:
М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) / n
Мұндағы:
Ц*Т – тауар бағасының сомасы;
Кц – несиеге сатылған тауарлар сомасы;
П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер ағымдағы периодта жүзеге асады;
n – ақша бірлігінің айналым саны;
Коммерциялық
банктердің несиелік ақшаларды шығару
интенсивтілігі депозиттерді міндетті
түрде резервтер көмегімен
Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.
Ақша массасы
көлемінің өзгеруіне
Ақша массасының жылдамдығы – ақша қозғалысының интенсификациялы көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы табыс айналымының жылдамдығын көрсетеді″.
Ақша массасының айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға, экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және тағы басқаларға байланысты өзгереді.
Ақша массасы айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэфицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, онда жоғары конъюктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айнаысының жылдамдығы айналыстығы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша санына кері пропорционалды әсер етеді. Ендеше қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды деп санауға болады.
Ақша массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
″Самуэльсон П. Экономика. – М.: Машиностроение. Т. 1. 1997. С. 260
Айта кететін нәрсе – «ақша айналысының жылдамдығы» және «төлемдердің өту жылдамдығы» деген ұғымдардың бір – бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға:
өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ақша массасы айналымының екі көрсеткіші болады:
Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша базасы және ақша агрегаттарын талдау