Қазақстан Республикасының ақша базасы және ақша агрегаттарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:57, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының ақша айналымының негізгі көрсеткіштері ақша базасы мен ақша агрегаттарын қарастыру және талдау жасау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн деп санадым:
ақша түсінігі мен мәнін ашу; Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру; Ұлттық Банк ақпараты негізінде ақша базасы мен ақша агрегаттарын талдау; курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;

Файлы: 1 файл

Курсовая Гаухар gotovМакроэкономика.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

2012 жылғы 1-тоқсанда  ақша массасы 10293,1 млрд теңгеге  дейін 5,6%-ға ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 1350,1 млрд. теңгеге дейін 0,6% ұлғайды (жыл басынан бастап азаю – 1,1%), банк жүйесіндегі депозиттер 8984,8 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді (жыл басынан бері 7,1%-ға өсу). Ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесі 2012 жылғы сәуірдегі 87,1%-дан 2012 жылғы мамырдағы 86,9%-ға дейін азайды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның депозиттердің қысқаруы  аясында  өсуі депозиттер үлесі төмендеуінің негізгі себебі болды.

2012 жылғы наурызда 2011 жылғы наурызбен салыстырғанда  оның өсуі банк жүйесінің таза  сыртқы активтерінің сол сияқты  ішкі активтерінің ұлғаюы нәтижесінде 15,3% болды.(2-кесте) [4]

2-кесте 

 

 

Дерек көзі : Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкі 

 

Банк жүйесінің  таза сыртқы активтерінің құрылымында 2012 жылғы наурызда 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Ұлттық Банктің  де , сол сияқты банктердің де таза сыртқы активтері өсті.Банктердің таза сыртқы активтерінің өсуі банктердің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің төмендеуіне және резидент еместерге қойылатын талаптарының өсуіне байланысты болды.

Қарастырылып отырған кезеңде ақша массасының негізгі құрамдас бөліктерінің құрылымында банк жүйесіндегі резиденттер депозиттерінің өсу қарқынымен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақшаның неғұрлым тез өсу қарқыны тіркелді.Нәтижесінде ақша массасының құрылымндағы резиденттер депозиттернің үлесі 2011 жылғы наурыздағы 87,7 % -дан 2012 жылғы наурызда 87,3% -ға дейін төмендеді. [4]

Ақша мультипликаторы ақша массасының өсу қарқынымен салыстырғанда ақша базасының неғұрлым қарқынды кеңеюі нәтижесінде 2011 жылғы наурыздағы 3,18-ден 2012 жылғы наурызда төмендеді.Бұған сондай-ақ резервтеу коэфицентінің ұлғаюы себепші болады. (1-график)

1-график 

 

 

Дерек көзі : Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкі 

 

Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.

Аталған ережеге  сәйкес, ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.

Ақша массасының негізгі компоненті – ол ақша базасы. Ақша базасы міндеттемелерге жататын  резервтік және бастапқы ақшаларды  білдіреді. Ол келесі формуламен анықталады:

                           МВ = СІС + RR + DCB

Мұндағы:

CIC – айналыстағы нақты ақшалар;

RR – міндетті резервтер;

DCB – екінші деңгейдегі банктердің ұлттық банкідегі корреспонденттік        шоттарындағы қаражаттары;

Ақша базасының  ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы  көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

                                       А = М3/МВ

ҚҰБ-нің соңғы  жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:

  1. ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);
  2. ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;
  3. ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттар ынан.

2012 жылғы 1-тоқсанда ақша базасы 15,7%-ға кеңейіп, 2012 жылғы наурыздың аяғында 3282,7млрд теңге болды. Тар ақша базасы 2927,9 млрд теңгеге дейін 6,9%-ға кеңейді.

2012 жылғы наурызда 2011 жылғы наурызбен салыстырғанда  ақша базасы 16,8%-ға кеңейді.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2012 жылғы наурызда 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 31,8 млрд АҚШ долларына дейін 8,3%-ға төмендеді. Ішкі валюта нарығында валютаны сатып алу,Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның келіп түсуі Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету операцияларымен және Ұлттық қор активтерін алтын валюта резервтері есебінен толықтырумен бейтараптандырылды. Сонымен қоса, банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарының төмендеуі орын алды. Нәтижесінде таза валюталық қорлар (ЕАВ) қарастырылып отырған кезеңде 15,4%-ға азайды, алтындағы активтер жүргізілген операциялар мен әлем нарықтарында оның бағасының өсуі нәтижесінде 65,8%-ға өсті. [2] , [4]

2012 жылғы наурызда 2011 жылғы наурызбен салыстырғанда Ұлттық Банктің таза ішкі активтері, ең алдымен , банктер алдындағы қысқа мерзімді ноттары бойынша міндеттемелерінің төмендеуі есебінен өсті.(3-кесте)

 

Дерек көзі : Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкі 

 

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.

Ақша агрегаттары  бір – бірінен өтімділігі бойынша  ажыратылады. Ең өтімділігі жоғары агрегат  болып  М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 – дің өтімділігі М0 – ге қарағанда азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.

М2 ақша агрегаты қолма қол ақша  және қолма  – қол емес құралдар арқылы анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ  жасауымен және заңды тұлғалардың  шоттарындағы қалдықтармен тікелей  байланысты. Яғни, бұдан мынадай  ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады.  Ендеше халықтың жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын атқарады деп айтуға болады.

Әр елдегі ақша агрегаттарының құрамы бірдей емес. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін төрт ақша агрегаты қолданылады, сондай – ақ М2 –нің құрамына  бір күндік операциялар бойынша бағалы қағаздар, ақша нарығының депозиттік шоттары, Ал М3 –ке М2 –ге қосымша ретінде қазынаның қысқа мерзімді вексельдері, коммерциялық банктермен жасалатын сатып алу туралы жедел келісімшарттар кіреді. Ал Жапония мен Германияда үш ақша агрегаты қолданылады. Англияны айтатын болсақ, онда бес ақша агрегаты қызмет етеді.

Енді осы  ақша агрегаттарының әр қайсысына бөлек  – бөлек тоқталып өтейік.

М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен  мерзімсіз депозиттерді жатқызады.

Кейбір елдерде  бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбританияда тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ – та сондай – ақ М1 агрегатына банктік емес мекемелермен шығарылғанаккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді де жатқызады.

Негізінде, М1 агрегата айналыстағы ақша массасының « тар  » көрсеткіші болып табылады. Бірақ, соған қарамастан, ол өте маңызды, себебі ол ақшаның төлем құралы функциясымен тығыз байланысты. Ол жеке сектордың  барлық өтімді қорларлануын қамтиды. Осы уақытқы дейін М1 агрегаты пайыз ставкасының және халықтың өтімділікті таңдауының арақатынасы деп саналды. Себебі М1 агрегатына жататын активтер ешқандай пайыздық табыс әкелмейтін. Өкінішке орай қазіргі кезде бұл заңдылық пайыздық табысы бар ағымдық шоттардың пайда болуына байланысты бұзылған.

М2 және М3 агрегаттарын анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар.

Францияда М2 агрегатына М1 агрегатымен қоса, төрт жылға дейінгі  мерзімсіз депозиттер;  АҚШ - та жинақ  шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ – ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; Ұлыбританияда – чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

М3 агрегаты М2 агрегатынан  басқа: Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады. Яғни М3 агрегаты ақша массасының « кең » көрсеткіші болып табылады.

М3 агрегаты мемлекеттегі халықтың сатып алу қабілетінің  толық соммалы көрсеткіші деп  санауға болады. Сондықтан мемлекет көп жағдайда осы агрегатты пайдаланады  және айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қолданады.

 Сонымен,  барлық ақша агрегаттары иерархиялық  жүйеге тізбектеледі: әрбір келесі  агрегат өзінің алдындағы агрегатты  қосып алады.

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта бола бермейді. Оларға бірден – бір әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары дамуының өзгеруі.

Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі  кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

  • М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);
  • Ml = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;
  • М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
  • МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

Мұндағы,

Аудармалы депозиттер —

  • 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;
  • 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;
  • 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа депозиттер — негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Айналыстағы қолма-қол ақша

Айналыстағы қолма-қол  ақша көлемі 2012 жылғы 1-тоқсанда 1307,8 млрд теңгеге дейін 4,28%-ға қысқарды.

2012 жылғы наурызда 2011 жылғы наурызбен салыстырғанда  айналыстағы қолма қол ақша 19,28%-ға өсті.Бұл ретте банктер кассаларынан қолма-қол ақшаны беру 1,2трлн теңгеге дейін 18,3%-ға, ал банктердің кассаларына түсімдер -1,2 трлн теңгеге дейін 25,1%-ға өсті.

2012 жылғы наурызда  қолма-қол ақшаның өсуі жалақыларды,  зейнетақыларды және жәрдемақыларды  берудің өсуімен және соның  салдарынан банкоматтарды нығайтуғаберудің  өсуімен байланысты болды. Сондай-ақ, айналыстағы қолма-қол ақшаның  өсуіне жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына берудің ұлғаюы ықпалын тигізді. Бұл ретте аталған факторлардың қолданысы қарастырылыпотырған кезеңде тіркелегн тауарларды, қызметтердіжәне орындалған жұмыстарды өткізуден алынған түсімдердің және валютаны сатудан түскен түсімдердің өсуімен бейтараптандырылмады. [4]

2012 жылғы 1-тоқсанда  ақша агрегаттарының жылдық динамикасы  өсу қарқынын көрсетті. (2-график)

 

3 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру және басқа да шараларына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 2006 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол ақшамен нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.

Осыған қарай  Ұлттық банк ақша базасының шамасын  Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы  екінші деңгейдегі банктердің қаражат  мөлшерін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады. Бұл ақша-кредит саясатының құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл құралдар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.

Ақшалай мультипликатордың  шамасы міндетті резервтердің нормаларына  тәуелді, өйткені міндетті резервтер  кредит ресурстарының көзі ретінде  пайдаланылмайды, сондай-ақ айналымдағы  қолма-қол ақшаның үлес салмағына тәуелді. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма-қол ақшаның мультипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдығына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету) секілді ақша-кредит саясатының құралдарын пайдаланады. [7]

Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша базасы және ақша агрегаттарын талдау