Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:21, контрольная работа

Краткое описание

Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін атнып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.

Оглавление

І. Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі.
1.1. Ақша-несие саясатының мәні, мақсаттары және институционалдық негізі
1.2. Ақша-несие саяасатының теориялық негізі
1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

КР акша-несие саясаты.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

Қор рыногын дамыту жөніндегі  заңнама жетілдіріле түседі.

Валюталық рыноктың жұмыс  істеуін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында, валюталық реттеуді бұдан ары ырықтандырудың нарықтық құралдарын дамытумен қатар валюталық ағыстың жүйелік мониторингісі, талдау және төлемдік теңгерімнің жағдайын болжамдау жөніндегі жұмыс жақсартылатын болады. Жалпы алтын – валюта резревтері үш айлық импорттың көлемінен кем болмайтындай деңгейде қолдау көреді.

Валютаның айырбастау бағамының саясаты валютаның сатып алушылық қабілетінің жалпы пара – парлығын қамтамасыз ету, ішкі валюталық рынокта алыпсатарлық операциялардың белсенді дамып кетуін болдырмауды және төлемдік теңгерімнің бекітуін есепке ала отырып жасалынады.

Республикадағы бүгінгі  банктік екідеңгейлі жүйе мынадай  жүйелер – бірінші деңгей Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкін, көрсетеді, екінші деңгей – екінші деңгейдегі банктер. Қаржы рыногының маңызды институты болған өтпелі кезеңдегі банктердің дамуы тұрақсыздыққа және құрылымдық қайта құрылуға қатты ұшырады. Жүйелі нарықтық қайта құрылуда банктік капитал ролінің көтерілуі, капиталдандырудың халықаралық стандарттарын және қаржылық орнықтылықты банктердің сақтауларының қажеттілігі олардың қайта құрылым жасау, ірілену, тарату және қосылу секілді заңды процестеріне бастау салды.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру, оларды жеке басқаруға беру, сыртқы экономикалық байланысты монополиядан шығару, инвестициялық ахуалды ішкі рыноктар капиталдарының есебінен күшейту банктер ролін арттырады. Мұның сыртында, алып пайдалану бағдарламасын жүзеге асыруда және мақсатты несиелер мен сыртқы инвесторлардың қарыздарын жабуда қаржылық делдалдар ретінде банктік институттардың маңызы көтерілді.

Банктер жүйесінің осылайша қалыптасуы дамыған нарықтық экономикалы  көптеген елдер үшін объективті болып  келеді, олардың қаржылық рыноктарында ақшалай қаражаттардың үздіксіз қозғалысы, ақшалай қорлардың жинақ объектісінен инвестицияның объектісіне банктік институттар болып саналатын қаржылық делдалдар арқылы ауыстырушылықта болады.

Көптеген нарықтық институттар  ішінде республиканың банктік жүйесі өзінің дамуында айтарлықтай қысқа  кезеңде қалыптасуының теріс  салдарларын көп жағынан жеңе білді, экономика секторының қайта құрылуы бойынша жетекші болды, олардың өлшемі қолайлы инвестициялық ахуалдың және инвестицияның елге құйылысының кепілдемесі болып отыр. Ақашалай – несиелік реттеудің құралдары нарықтық экономиканы дамытудың макроэкономикалық тұрақтануында, оның салалары мен нарықтық инфрақұрылымның өрлеуі мен дамуында аса маңызды рол ойнайды. Банкілік жүйелердің дамуына орай ақша рыногы инфрақұрылымының жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдарды пайдалана келіп, ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру мүмкін болды.

Банктік қызмет рыногында  бәсекес көтерілді. Банктерді инвестициялық және депозиттік банктерге бөлу банктер мен банктер қызметі туралы заңдармен ғана таратылған жоқ, сондай-ақ банктер заңнамаларын одан әрі жұмсарту банктерді дәулетті көтерме корпоративтік келушілерге қызмет көрсетуге қайта бағдарлаудан халықтың қаражатын тарту жұмысына, банк қызметін кеңейтуге, банктер жұмысының беделді жақтарын нығайту жөніндегі мемлекеттік зерттеулерді өрістетуге бағдарды тездетті.

Өтпелі экономиканың жағдайында банк бәсекелестігін дамыту банктердің қосымша ресурстарын тартудағы өзара байланысты және олардың көлемін сол банктердің қаржылық орнықтылығы дәрежесімен экономиканың нақтылы секторында қайта инвестициялауды күшейтеді. Әлемдік практикада осыған ұқсас үрдіс бар, атап айтқанда, берілген несиелердің көлемі шектеусіз өсе келе, басқа операциялар бойынша банк табысынан асып түсіп, пайданың орнына зиян шектіреді. Әрбір банктің бір – бірлерінің қызмет нәтижелерін жоққа шығарарлықтай қарама-қайшлықтарының үйлесуі өткір проблемаға айналды: операциялардың табыстылығы көтерілді және ол бойынша тәуекел төмендеді.

 

3.2 ҚР-да ақша  – несие жүйесінің қызметі  мен оны жетілдірудегі Ұлттық  Банкінің ролі

 

Қазақстан Республикасының  ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

ҚР-дағы ақша жүйесі келесі бағыттарда әрекет етеді:

  • тауарлар мен қызметтерге бағаның қалыптасуы
  • тауар айырбасымен қызмет ету
  • нәтижелі өндіріс құрылыстың қалыптасуы
  • еңбек өнімділігінің артуы үшін стимул жасау
  • шаруашылық субъектілері қызметтерінің нәтижелерін бағалау
  • жаңадан жасалған құнның қайта бөлінуі

Несие жүйесі кең мағынада несие қатынастарының, несие нысандарының, қаржы мекемелерінің жиынтығы. Несие жүйесі тар мағынада бұл есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы елдегі ақша айналысын реттейтін басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер тарабы болып табылады.

Несие жүйесінің - өз қызметтерін  орындау барысында несиелік қатынастар туындайды. Несие жүйесі – уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтайды, оны қайтару және төлеу шарттарды қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелерінің әртүрлі субъектілерінің арасындағы экономикалық байланыстар. Несие жүйесінің экономикадағы ролі 3 суретте көрсетілген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 - Несие жүйесінің экономикадағы ролі

ҚР-ның несие жүйесінің  элементтері 4 суретте көрсетілген.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4 - Несие жүйесінің элементтері.

 

 

Сурет 4 - ҚР-ның несие  жүйесінің элементтері

 

ҚР-ның несие жүйесінің  маңызы 5 суретте көрсетілген. рпрпрпрпррпррпрпр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5 - ҚР-ның несие жүйесінің маңызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5 - ҚР-ның несие  жүйесінің маңызы

 

Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан  Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады.

Кепіл берушісі Үкімет болып  табылатын Қазақстан Республикасының  ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге  қатысады. Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді. Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді. Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді.

Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу-сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциялық нормативтер белгілейді.

Қазақстан Республикасында  информациялық процестерді ақша-несие  реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді.

ҚР-ның Ұлттық банктің  міндеттері:

  • ақша айналымы, несие банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша-несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді;
  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау

Ұлттық банк жұмысының  негіздері келесіде:

  1. Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару
  2. Өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялануды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  3. Халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  4. Банк ісін лицензиялау, ақша – несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  5. Банк ісін бақылау және қадағалау;
  6. Елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  7. Ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу
  8. Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу

Қазақстан Республикасының  ақша-несие саясатын жүргізуіндегі  Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері 6 суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6 - Қ Р-ның ақша-несие саясатын жүргізуіндегі Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ақша несиелік қатынастар қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен уақытша бос капиталды (ақшалай) жинақтау мен қайта бөлу бойынша несиелік мекемелер мен  әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстарды білдіреді.

Несие жүйесі – бұл несиелік қатынастар, несие формалары, мен несиелік мекемелер жиынтығы, елдегі несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айналысын рететуші және басқа қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер торабы.

Несиелік жүйенің маңызды  элементтері: Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несиелік мекемелер болып табылады.

Несие жүйесін құрудың  негізгі принциптері:  елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік  монополия, елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің автономиясы болып табылады.

Қазіргі әлемдік несие  жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар әр типті банктер арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгерістердің жойылуы несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа ақпараттық техниканы енгізу, алып банктердің тез өсуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.03.1995
  2. Сейтқасымова Г.С. Банк ісі. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998
  3. Жақашев Б. Ақша айналысы. Тараз, 2004
  4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2004
  5. Сейтқасымова Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 2004
  6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы: Экономика, 2000
  7. Әуельбаев С.Ш. Нарықтық экономикадағы халықтың қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілуі. Тараз, 1999
  8. Смагулова Р. Қаржы нарығы. Алматы: Қазұлтагру, 2001



Информация о работе Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі