Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:21, контрольная работа
Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін атнып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.
І. Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі.
1.1. Ақша-несие саясатының мәні, мақсаттары және институционалдық негізі
1.2. Ақша-несие саяасатының теориялық негізі
1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ |
2 | |
1. |
АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ |
|
1.1 Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері |
3 | |
1.2 Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері |
5 | |
2. |
НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ |
|
2.1 Несие саясаты, оның элементтері |
7 | |
2.2 Несие механизмінің мазмұны |
12 | |
2.3 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері |
13 | |
2.4 Несиелеу әдістері |
15 | |
3. |
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ |
|
3.1 ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары |
17 | |
3.2 ҚР-да ақша – несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі |
20 | |
ҚОРЫТЫНДЫ |
27 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
28 |
КІРІСПЕ
Ақша – несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.
Курстық жұмыста ақша-несие саясатының ерекшеліктері және келесідей сұрақтар қарастырылған:
Ақша және несие теориясы
бір орталықтан жоспарлау жүйесінен
– нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі
ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру
тәжірибелерімен тығыз
1. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша саясаты болады.
Ақша саясаты – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша саясаты 16-17 ғғ. Капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша саясатына өзгеріс енгізді.
Ақша саясатының типі: ақша – ерекше тауар ретінде жүруіндегі яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша саясатының төмендегідей элементтері кездеседі:
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті.
Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына қарама – қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометтализмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда -1871-1873 жж., Францияда -1876-1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та -1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834-1852 жж., Үндістанда 1852-1893 жж., Нидерландфыда 1847-1875 жж. қолданылды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршам асап тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.
Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкесіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.
1.2 Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.
Ақа белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды тқлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
2. НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
2.1 Несие саясаты, оның элементтері
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие саясаты туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие –қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие саясаты несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытшұа бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие саясатынан несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақш капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие саясаты мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие саясаты арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтеді.
Несие саясатының маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық – экономикалық формацияның өзіне тән несие саясатының құрылымы болады. Мысалы, 20 ғасырдың 20 жылдарынан 90- жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы – орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие саясаты құрылды.
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді.
Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие саясатында көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:
Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: 19 ғ. аяғы 20-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие саясатында ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Екіншіден, әр түрлі несие
мекемелері арасында бәсекенің күшеюі.
Банк монополиясы мен несие
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Информация о работе Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі