Сураныс пен усыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:09, курсовая работа

Краткое описание

Сұраным мен ұсыным нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Нарық - өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................................3
І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.
1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5
1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13
ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17
2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі..............23
ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.
3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25
3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30
Қорытынды..........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38

Файлы: 1 файл

Сұраныс пен ұсыныс.doc

— 211.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

                                                           Q                                                        Q

13 сурет. Икемді сұраныс    14 сурет. Икемсіз сұраныс

 

4. Мүлде  икемді сұраныс – бағаның аз  ғана өзгеруінде де сұраныс  айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.

5. Бірлікті  икемділігі бар сұраныс – бағаның  пайыздық өзгеруі сұраныстың  бірдей пайыздық өзгеруімен бірге  жүреді, ал икемділік коэффициенті 1-ге тең (17 сурет).


P                                      P                                      P  

 

 

 

                                   Q                                      Q                                     Q

 

15 сурет. Мүлде  16 сурет. Мүлде 17 сурет. Бірлікті

икемсіз сұраныс   икемді сұраныс                            икемділік    

 

 

Баға  бойынша икемділікке қатысты  бірнеше ережелер:

1. Тауардың  орнын алмастырушылары неғұрлым  көп, соғұрлым оған деген сұраныс  икемді, өйткені баға өскен жағдайда  оны арзандауымен ауыстыруға  болады.

2. Тауар  неғұрлым қажетті болса, соғұрлым  оған сұраныс икемділігі аздау.

3. Тұтынушының  шығындар құрылымында тауардың  неғұрлым көп меншікті салмағы  болса, соғұрлым оған деген  сұраныстың икемділігі жоғары. Мысалы, басқа тамақ өнімдеріне қарағанда  (яғни басқалардан қымбат) – ет, шығындар құрылымында үлесі жоғары тамақ өніміне баға өссе де, оған деген сұраныс басқа (салыстырмалы арзан) тамақ өнімдерінің сұранысынан көптеу деңгейде қысқарады.

4. Қолға  неғұрлым қиын түсетін тауар  болса, соғұрлым сұранысы икемді. Солай, тауарлар тапшылығы жағдайларында,  сұраныс икемділігінің көрсеткіштері көптеген тауарлары бар дамыған нарық жағдайларындағыдан аздау.

5. Қажеттіліктерді  қанықтыру деңгейі неғұрлым жоғары, оған деген сұраныстың икемділігі  соғұрлым төмен. 

Егер  жанұя мүшелерінің әр қайсысында автомобиль болса, енді бір машина сатып алу тек оған бағаның түсу жағдайында ғана мүмкін.

6. Уақыт  өткен сайын сұраныс икемділеу  болады. Жаңа тауар пайда болғанда, оған деген сұраныс баға бойынша  икемділігі аздау. Арада уақыт  өткенде нарық қанығып, субтитут  – тауарлар шығып, тауарға көптің қолы жетеді, бірақ баға түскен жағдайда, яғни оған деген сұраныс бағаға байланысты, одан тәуелді болады.

Баға  бойынша сұраныстың айқас икемділігі – басқа тауарға бағаның өзгеруіне  байланысты бір тауарға сұраныстың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды. Баға бойынша айқас икемділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

ЕXY = Х тауарға сұраныстың пайыздық өзгеруі / Y тауар бағасының пайыздық өзгеруі = [ ∆QХ / ∆РY] ∙ [РY / QХ].

Егер  Х және Y тауарлары өзара ауыстырылатын (алмасатын) болса, айқас икемділігінің коэффициенті оң сан болады, себебі, бір тауар бағасы өскен жағдайда оны басқа, арзандауымен ауыстыруға болады. Майдың бағасы өскенде, тұтынушы оны арзан маргаринге ауыстырады. Неғұрлым айқас икемділік коэффициентінің шамасы көп, соғұрлым тауарлар өзара алмасушылығының дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары өзара толықтырушы жағдайда айқас икемділігінің коэффициенті теріс сан болады. Автомобильдерге бағаның өсуімен байланысты бензинге сұраныс азаяды. Айқас икемділігінің коэффициент шамасы неғұрлым көп, соғұрлым тауарлар өзара толықтырушылық дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары тәуелсіз болса, айқас икемділік коэффициенті 0 (нөлге) тең.

Сұраныстың  айқас икемділігі симметриялы және бейсимметриялы (симметриясыз) болуы мүмкін. Шарикті қаламның бағасы өссе, капиллярлы қаламның да бағасы өседі (және керісінше). [5, 29 б]

Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан  кем емес фактор. Сұраныстың табыс  өзгеруіне деген сезімталдығын  анықтау үшін табыс бойынша сұраныс  икемділігінің коэффициенті есептеледі:

Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:

1. Ең  қажетті тауарлар – табыстың  өсуімен салыстырғанда, оларға  деген сұраныс аздау, ал табыс  бойынша икемділік коэффициенті  тең: 0<E1<1;

2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1

3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары – оларға  деген сұраныс табыстан жылдамдау,  тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі  коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең. [5, 33 б]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға  байланысты икемділігі.

 

Ұсыныс  икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі.

Ұсыныс  икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:

ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).

Егер  икемділіктің коэффициенті бірілктен  көп болса, ұсыныс икемді болады; егер, икемділіктің коэффициенті бірліктен аз болса, ұсыныс икемсіз болады: Ес = 1.

Ұсыныс  икемділігіне ықпал ететін факторлар:

    1. Ұзақ сақтауға қабілет пен сақтау құны. Ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін емес тауарлар үшін, ұсыныс икемділігі төмен болады.
    2. Өндірістік үдерістің ерекшелігі. Өндіруші тауар баға өскенде өндірісті кеңейтуі мүмкін немесе өндіруші бағаның төмендеуі кезінде басқа өнімді шығара бастауы мүмкін, онда бұл тауардың ұсынысы икемді болады.
    3. Уақыт факторы. Өндіруші бағаның өзгерісіне лезде жауап қайтара алмайды, құрал, шикізат және қосымша жұмыс күшін жалдауға белгілі бір уақыт қажет немесе жұмысшыларды қысқартып, банк кредитімен есептесу қажет және т.б. [6, 79 б]

Ұсыныс  икемділігінің коэффициенті әрқашан  оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.

 

 

 

           P                        S2                   S1


 

 

 

 

                                                               Q

                                                 

22 сурет. Икемді және икемсіз ұсыныс

«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа  мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (22 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (23 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (23 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ. [5, 34 б]

 

 

           P                        S1


 

 

          P0                                                           S2

                                   Q0                                Q

23 сурет. Мүлде икемді және мүлде икемсіз ұсыныс

 

 

 

 

 

 

ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.

3.1.Сұраным мен  ұсыным өндіруші мен тұтынушы  арасындағы қатынастардың нарықтық түрі.

     Сұранымның негізін адамның тұтыну  қабілеттілігі құрайды. Алдымен  бұл қалыпты өмір сүру жағдайымен  қызмет етуді қолдау қажеттілігі. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбануында, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.

     Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, төлем қабілеттілігі бар тұтыныс. Тауардың рыноктық бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынасты көрсететін сызық сұраным қисығы деп аталады.

     Сұраным заңы бойынша, әдетте тауарға баға төмендегенде, тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған сұраныс азаяды.

Сұраныс қисығы бір орында тұрмайды: әр уақыт сайын қозғалып отырады.Рыноктық сұраным көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, рынок көлемі, жинақталған мүлікпен сатып алушылар санымен және басқалармен қалыптасады.Тауарға деген сұраным мөлшері тұрғындардың ақшалай табыс деңгейіне тура пропорционалды. Баға көтеріңкі болса, тауарды сатып алушылар сұранымы төмен болады.

     Сұранымның жай – күйіне көптеген: экономикалық сипаттарға ( сиректік, бағалық, пайдалылық, жаңалықтық) ұлттық, аймақтық сипаттағы ( табиғи –климаттық жағдайға байланысты әртүрлі аймақтағы сұранымның ерекшелігі), демографиялық (әйел, еркек, балалардың өзіне тән ерекше сұранымдары),кәсіпқойлық ( атқаратын қызметіне,айналысатын тіршілігіне), дінилік, психологиялық сипаттағы факторлар әсер етеді.

Сұранымның  икемділік коэффициенті былай белгіленеді  – «Е».

Егер  «Е» көрсеткіші 1 – ден көп  болса ( Е>1), онда сұраным икемді, ал егер аз болса, айталық, 0,5 сұраным икемсіз.

Әртүрлі топтағы тауарлар үшін сұраным икемділігі біркелкі емес.

Ұсыным  – тауар өндірушілердің сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы.

Ұсынымның мөлшері алдымен өндіріс шығындарына, қолданатын өндіріс технологиясының  сипатына, дотация мен салыққа, тауарлар бағасына, баға өзгеруін күтуге, сатушылар санына, табиғи – климаттық жағдайға байланысты.

Ұсыным  заңына сәйкес, өндірушілер өндірілген өнімнің көбін жоғарғы бағамен  сатуды ұсынады. Қалыпты жағдайда баға жоғары болса, онда сатушылар тарапынан тауарды ұсыну көбірек болады. Керісінше, тауар ұсынысы ұлғайған сайын,оларға баға төмендей түседі.

         Аталып отырған бөлім бір-бірімен  бәсекелес көптеген сатушылар  мен сатып алушылар болатын  нарықтың қызмет істеу механизмін  талдауға арналған.

         Сатылатын тауар біртектес (стандартты) және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылады деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байлансықа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да, факторлардың қалай әсер ететінің қарастырамыз.

         Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі  бір өнімді таңдау және сатып  алу қабілетін айтады. Сұраныс  тауардың бағасы мен көлемінің  арасындағы тікелей байланысты  көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы  мүмкіндіктерін кесте түрінде  былай көрсетеді.Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтунышы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі солғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.

         Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің  қайсысы, нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына, және т.б.

         Сұраныс қөлемі – сұранысқа  әсер ететін басқа факторлар  тұрақты деп ұйғарғандағы, әр  түрлі бағамен сатып алынатын  тауардың санын көрсетеді.

Кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы:

Информация о работе Сураныс пен усыныс