Сураныс пен усыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:09, курсовая работа

Краткое описание

Сұраным мен ұсыным нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Нарық - өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................................3
І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.
1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5
1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13
ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17
2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі..............23
ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.
3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25
3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30
Қорытынды..........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38

Файлы: 1 файл

Сұраныс пен ұсыныс.doc

— 211.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе....................................................................................................................3

І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.

1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5

1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9

1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13

ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17

2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға  байланысты икемділігі..............23

ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.

3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25

3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30

Қорытынды..........................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық  әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері  бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші  фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы. «Нарықтық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – сатушы мен сатып алушының өзара іс - әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдерге өндіру керек?». Бұл жерде басты мақсат пайда болып табылады. «Айырбас» пен «нарық» деген түсініктер синонимдер еместігін атап өткен жөн. «Айырбас» – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын жобалайды, ал «нарық» – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі. Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып табылады. Нарықтық механизмде тепе – теңдіктің жалпы механизмі идеясы жатыр.Ол А. Смиттен бастау алады. Жалпы тепе - теңдік теориясы қалайша нарықтық шаруашылықтың практика жүзінде әр адамның және әр кәсіпорынның жеке іс - әрекеті негізінде экономикадағы тепе – теңдікті қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.

Сұраным мен ұсыным нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Нарық - өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс моделі.

1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.

Рыноктың  жұмыс істеу механизмі оның сұраным мен ұсынымдарының негізгі элементтерінің өзара қатынастарына негізделген.

Сұраным – адамдардың әр түрлі тауарларды тұтынушылығын, олардың қалаулары  мен сатып алу мүмкіндіктерін айтамыз.

Жеке  сұраным – жекелеген сатып алушылардың не ана, не мына тауарларға ақша түріндегі қажеттіліктері.

Нарықтық  сұраным – жеке сатып алушылардың  қосынды сұранымдары.

Тұтынушылардың  әр түрлі тауарларға деген сұранымдары  көптеген факторларға байланысты:

    • Тауардың бағасы;
    • Басқа тауарлардың бағасы;
    • Тұтынушының табысы;
    • Тұтынушының тұрмыс деңгейі;
    • Тұтынушының талғамдары мен ұнатуы;
    • Өз перспективасы туралы тұынушының пікірі;
    • Тауар қанағаттандыратын қажеттіліктің маусымдылығы;
    • Үкіметтің экономикалық саясаты.

Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:

Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда

Qd – тауарға сұраныс

P – тауар бағасы

I – сатып алушының кірісі (табысы)

T –  сатып алушылардың ұнатулары

PS– субститут – тауарлар бағасы

PC – тауарлар – комплементарийлердің бағасы

N –  нарықтағы сатып алушылар саны.

Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі  факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ең кіші сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі.

           Р


 

 

 

                                       D

                                                      Q

1 сурет. Сұраныс қисық сызығы

 

Сұраныс қисық сызығының практикалық  мәні: оның көмегімен өндірушілер  тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады. Сұраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері төуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды.

Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен  түсіндіріледі:

  1. сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
  2. кемитін шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады, демек, оларға баға кеміген жағдайда алынады.
  3. кіріс әсері және ауысу әсерімен. Кіріс әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда толық қаралады.

Бағалардан  басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан – Д1 ге дейін), ал азаюы – төмен және солға (Ддан – Д2 ге дейін).

 

        

           P                                             


                                                        

                                             D1

                                       D

                                    D2

                                              Q

2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.

 

Кейбір  жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс  заңының парадоксы (қайшылығы) деп  аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.[1, 98 б]

1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.

2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде  айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.

3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.

4. Инфляциялық күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді. [2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы.

Ұсыным  – рынокта тұрған немесе оған әкелетін тауарлар.Экономикалық категориялардың  көмегімен ұсыным - өндіруші өндіргісі  келетін және және сата алатын тауарлар мөлшерінің сол өнім құнына және басқа  факторларға байланысын көрсетеді.

Әрбір сәтте өз тауарларын рынокқа ұсынушы өндірушілердің жағдайлары әрқилы болып келеді. Олардың  бір бөлігі тауарды көп өндіріп, рынокқа көп әкеледі, басқалары аз өндіріп, аз әкеледі. Олардың бәрі де өз тауарларын мейлінше жоғары бағамен сатуға тырысады. Оның өзінде тауарларының ағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым белсенді түрде көбірек сатуға, яғни оның ұсынымын ұлғайтуға тырсады. Сонымен, ұсынымға ықпал етуші ең басты фактор баға болып табылады.

Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:

QS = f (P, PS, PC,pres,  K,T,N), мұнда

QS – тауар ұсынысы (supply)

P –  тауар бағасы

PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары

Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы

K –  технология деңгейі 

Т –  салықтар мен жәрдемақылар (taxes)

N –  нарықтағы сатушылар саны 

     Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады. Ұсыныстың қисық сызығы - ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа (өскен жағдайда), сол жаққа (төмендегенде) ығыстырылады.(3 сурет)

 

           P                                            S


 

 

 

                                                                      Q

3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы

 

Ұсыныс көлемінің  өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып  жатады – өзара ауысатын және өзара  бір-бірін толықтыратын тауарлардың  бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс  факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет).

 

         P                                 S2    S


                                           S1

 

 

                                                                       Q

 

4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.

 

Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез  келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше болады.

Ұсыныс  қисық сызығы нарық сұранысының  сипатына байланысты өз кескінін, пішінін  өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп  таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.

Информация о работе Сураныс пен усыныс