Мемлекеттің фискалды саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 23:07, курсовая работа

Краткое описание

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады.

Файлы: 1 файл

Курсавой.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

    Көптеген  елдердің статистикалық мәліметтері  дәлелдеп берген макроэкономикалық  заңдылыққа сәйкес – салық алымдарының  деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, экономикалық өсу қарқыны соғұрлым төмен, және керісінше, салық жүктемесі неғұрлым төмен болған сайын макро және микро деңгейдегі экономикалық өсудің мүмкіншілігі де жоғары.

    Үшіншіден, кез-келген салық саясатының негізгі мақсаты ретінде фискалдық және ынталандырушы рөлдері арасында оңтайлы қатынасқа қол жеткізу тұрғысынан қарастырамыз. Сонда салық саясаты салық жүктемесін анағұрлым әділетті бөлу, оңтайланған салық ставкасына көшу мен салық жүйесін жеңілдету қажет. А.И. Худяков пен Г.М. Бродскийдің Салық салу теориясы атты еңбегінде, салықтарды пайдалану сипатына байланысты жалпы және арнайы «мақсатты) салықтар деп жіктейді. Салық салу жүйесінде кейбір салықтар бюджетке келіп түскең соң, бюджеттің басқа да кірістерімен араласып, жалпы қажеттіліктерге жұмсалады, яғни бұл – жалпы бағыттағы (абстракциялы) салықтар. Ал енді кейбір салықтар нақты бір шараларды қаржыландыру үшін қолданады, яғни бұл арнайы салықтар. Мәселен бұған әлеуметтік салықтарды жатқызуға болады. Қазіргі кезде арнайы салықтар (бұрын бюджеттен тыс қорларға аударылатын) бюджетте ерекшеленіп көрсетіледі. Айта кету керек, көп жағдайларда арнайы салықтар бюджеттен тыс арнайы қорлардың табыс көзі ретінде бекітіледі[11-4-5б].

    Үшінші  улгі, салықтың әрбір түрін бюджет деңгейлері арасында бөлшектеместен, әртүрлі деңгейдегі бюджетке салықтарды тұтасымен түрлері бойынша нақтылы бөлу. Бұл әсіресе жергілікті бюджеттердің нақтылау рәсімдерін жеңілдетер еді [12-6б].

    Қарастырылған осы үлгілер еліміздің қаржы  саласындағы бірқатар мәселелерді  шешіп береді. Атап айтатын болсақ: Біріншіден, субвенциялар мен алымдар көлемдерін бекіту тұрақтылығы жергілікті атқарушы органдарға жеткілікті бюджеттер жобаларын қалыптастыруды республикалық бюджет жобасының жасалуын күтпестен-ақ жүзеге асыруға міүмкіндік беру.

    Екіншіден, салықтың әрбір түрін бюджет деңгейлері арасында бөлшектеместен, салық түрлері бойынша бюджеттер арасында нақтылы бөлу мүмкіндігін қалыптастыру, ал ол республикалық, сонымен қатар, жергілікті бюджеттерді де нақтылау рәсімдерін жеңілдетеді.

    Үшіншіден, барлық аймақтар бюджеттік алымдарды бөлуге де сол сияқты субвенцияларды алуда да міндеттемелердің тұрақты мөлшеріне ие болады [13.Б 22-23].

Информация о работе Мемлекеттің фискалды саясаты