Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 23:07, курсовая работа
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат, экономикалық процестерді реттеумен байланысты, фискалдық саясат салық төлемдерін алу, қоғамдық тауарларды өндіру кезінде
ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды. Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақты көлемін, жұмыс пен қамтылуды жұмыстылықты өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз дискредициялық емес фмскалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы - өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе кіріктірме тұрақтандырғыштың кіріктірме тұрақтылықтың іс-әрекетін қажет етеді.Сондай-ақ бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатты ажыратады.
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады [4-1,2б].
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
А. елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
В. Қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
Б. экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.
Қаржы сясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке өзгеше қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саяатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
қаржы резервтерін жасау бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және алалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі;
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:
объективті әкономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
өткен жалдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.
Жеке өзгеше қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрлымын, қаржы қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі;
бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып үсетін қаржы резервтерін жасау;
салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
Қаржы теориясында Кейнстің қағидалары үлкен рөл атқарады. Оның қаржы қағидалары келесі жағдайлардан тұрады.
1940-1970
жылдар аралығында барлық
Кейнстің мектебі 2 бағытта дамыды.
Консерваторлық теорияда салықтарға ерекше көңіл бөлінді. Мектеп өкілдерінің пікірінше салық саясаты ұзақ мерзімді жоспарда экономикалық өсуді ынталандыруға бағыттауы тиіс. Сөйтіп Лаффердің салық қағидасы пайда болды.
Салықтар саласындағы фискалыдқ саясат олардың ықпал етунің екі бағытын қарастыраы: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұранымы артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.
Екінші, жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтары табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі. Қызмткерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірітің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары – “ұсыным экономикасының” өкілдері А.Лаффэр және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігімен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.
Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жеке секторындағы инвестицияны да қысқартады.
Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі бойынша белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді.
Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді.
Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан – Т’ нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырмаларын төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-күйін жақсартады [5-4,5б].
Лаффэрдің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде, және тым төмен мөлшерлеме кезінде Т’ нүктесінде бірдей болады.
Бірақ,
егер Т нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі
сұранымды ынталандырмайтын болса,
онда Т’ нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі
өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты
көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа,
жинақ ақшаға және инвестицияға ынталандырмалар
жасайды.
T’ 100 % Т