Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 23:07, курсовая работа
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады.
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады.
Қойылған мақсаттарды іске
Фискалды саясат – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады.
Қаржы
саясатын жасау процесінде елдің
алдына қойылған міндеттердің орындалуы
үшін материалдық жағдайлар
Демек,
қаржы саясаты қаржы
Фискалды саясат өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды.
Мемлекеттік
саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық,
геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға
болмайды.
Қоғамдық
- экономикалық фармацияның базистік
және қондырмалық жүйесіндегі қаржы.
ҚОНДЫРМА
ҚАРЖЫ ОРГАНДАРЫ
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ
ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ
ҰДАЙЫ ӨНДІРІС
Экономикалық
Экономикалық заңдар
Өндірістік Өндіргіш
қатынастар
күштер
БАЗИС
Сурет 1. Қоғамдық-экономикалық
формация
Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үекімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Мезгілінің ұзақтылығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегия мен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады [2-1б].
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастардың ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылар жағы және елдің, аумақтың саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен икемділігімен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастары дамуының өзінің айрықшалықты заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды [2-7б].
Қаржы
саясаты қаржы ресурстарын
Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме қаржы саясатының нақтылы қаржы қатынастарынан үзілмейтіндігіне қызмет етсе, онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін.
Қаржы
саясаты қазіргі кезеңде
Қазіргі
жағдайда қаржы саясатының негізгі
бағыттары мыналар болып
1. шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2. дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3. халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркенниетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі және сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналылығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет тапшылығының, мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне инфляциялық процестерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржы құрылысының тәжірибесін, жаңа тенденциялар мен прогресивті құбылыстарды, дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнің ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктерін есепке алу негізінде қаржы саясатын дер кезінде өзгертіп отыру алдыда тұрған мәселелерді неғұрлым қысқа уақытта және ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді [3-33б].
Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба матеметикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура еледі.
Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:
Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы саясаты жетістіктерінің бірі – Ұлттық банк кредиттерін беру эмиссия жолымен мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
Қаржы саясатына қойылатын маңызда талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экномикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға, белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.