Индустриялды-инновациялық дамудың экономиканы тұрақтандырудағы маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:18, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бағыты – еліміздің шикізат ресурстарын толығымен пайдалану, ол кейінгі жылдары республиканың маңызды саласына айналып, ұлттық экономиканың өсуіне ықпал жасайтын сектор болып табылады. Бірақ біз сыртқы нарықтардағы сыртқы экономикалық қызмет сценарилеріне жаңа тәсілдерді таппайтын болсақ, онда оның даму болашағы мынадай болады: еліміз барлық әлем шаруашылығы үшін шіикізат базасы болып қала береді. Бұл өз кезегінде қазақстандық тауарлар тек қана әлемдік нарыққа шіикізат күінде шығып, тауардың бәсекелестік қабілеттілігі болмайды, елімізде ғылымды көп қажетететін тауарлар өндірісі артта қалып қояды және елімізге импорттық тауарлар саны артып кетеді.

Оглавление

Кіріспе 5
1. Қазақстан Республикасының индустриялды-инновайиялық даму
стратегиясы 7
2. Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму
бағдарламасының нақты нәтижелері 19
3. Индустриялды-инновациялық дамудың экономиканы тұрақтандырудағы
маңызы 26
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Файлы: 1 файл

ҚР иннов дамуы.doc

— 336.50 Кб (Скачать)

    -кәсіпорындарды  қаржы экономикалық сауықтыру шараларының даму болашағы бар дәрменсіз төлем қабілеті нашар кәсіпорындарда іске асыру;

    -нарық  кеңістігін дәрменсіз кәсіпорындардан тазарту үшін банкроттық процедурасын қолдану;

    -сыртқы  әкономикалық қызметті тарифтік  және тарифсіз әдістермен ретттеу;

    -халықаралық  стандарттар бойынша өндірістерді  сертификациялау мен сапаны бақылауды  дамыту;

    -корпоративтік  құрылымдардың қалыптасуына құқықтық және ұйымдастырушылық ықпал ету;

    -өндірістік  инфрақұрылымды қаржыландыруды дамыту;                                             

    -қызметке  тауар нарығында үстемдік ететін, табиғи монополистер мен шаруашылық субьектілер жұмысына тарифті қалыптастыру үшін, өндірушілер, тұтынушылар мен мемлекеттің әкономикалық мүддесін сақтауда құқықтық және нормативтік -әдістемелік базаны жетілдіру;

    -тиімділігі  жоғары технологиялармен іске қосуды ынталандыру;                              

    -келісім-шарт  түзумен шетелдер нарығына шығуды қамтамасыз етуде кәсіпорындарға ықпал ету;                                                                                                                               

    -БСҰ кіруге дайындық.

    Қазақстан    Республикасы   Үкіметінің    «Қазақстан    Республикасының  индустриялық-инновациялық    дамуының     2003-2015     жылдарға     арналған стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл, жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес индустриялық дамудың басымды бағыттары бойынша 2005-2007 – жылдарға арналған   жоғарғы   технологиялық   өндірістерге   мамандар

    даярлау бағдарламасы. Денсаулық сақтау саласында 2006-2008 жылдарға арналған ғылыми зерттеу бағдарламасы, 2005-2015-жылдарға арналған энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама секілді жекелеген салалық бағдарламалар әзірленетін болады. Оларды нақты орындаушылар мен іске асыру мерзімдері, сондай-ақ көзделетін көлем мен кадрландыру көзі жылдар бойынша көрсетілетін болады.

    Стратегиялық  жоспарды іске асыруға тікелей қажет  инвестициялық сипаттағы шығындардың  көзделіп отырған көлемі 30 млрд. теңгені құрайды. қосымша құны жоғары өндірістердің 13 инвестициялық жобасын қаржыландыруға 10 млрд. астам теңге, облыстың инновациялық мемлекеттік қор арқылы 2004жылы -100,0млн. теңге, келесі жылдары тиісті жылға бекітілетін бюджетке сәйкес анықталады.

    Стратегиялық  жоспардың іс шараларын қаржыландыруға кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  Даму банкінің, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаржылары облыстың, облыстық инновациялық мемлекттік қорының қаржылары жүмсалатын болады.

    Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті жылға бюджет құрған кезде нақтыланып отырады.

    Сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың қаржылары тартылатын болады.

    Өзіндік қаржы есебіне бәсекеге қаблетті өнім шығару үшін жаңарту жүргізілетін жеке сектор басты қаржылық ауыртпалықты көтеретін болады.

    Стратегилық жоспарды сәтті іске асыру уран, алтын, көмір, құрылыс қазбалары секілді кен алу саласын одан әрі дамыту салаларының өндіріс үлесін төмендету және өңдеу саласында дайын өнім өндіріс үлесін арттыру, машина жасау сапасының өндірісін жаңарту, жаңа экспортқа бағытталған өнім түрлерінің өндірісі есебінен облыстың экспорттық әлеуметін көтеру негізінде облыс экономикасын тұрақты арттыруды қамтамасыз етуге, мақтаны тереңдете өңдеудің аяқталған циклін құруга әсер етеді.

      Иновациялық жоғары технологиялық өндіріс, дайын өнім экспорты артатын болады .

     Облыстағы инвестициялық қызметтің климаттың жақсаруы шетелдің инвесторлары тартудың ұлғаюына алып келеді.

     Стратегиялық  жоспарды іске асыруға шағын, орта бизнес белсене тартылатын болады, бұл салада инновациялық бағыт дамитын болады.

    Индустриялық - инновациялық дамуының іс-шараларын жүзеге асыру экономикалық өсім қарқынын ұлғайтуды қамтамасыз етеді. 

Кесте 1. Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2015 жылдарға арналған картасы 

Р/с№     Жобаның атауы Жауапты мемлекеттік  орган немесе ұлттық холдинг Өңір Жобаға өтініш беруші Іске асыру  мерзімі *
1 2 3 4 5 6
Бозшакөл КБК салу ИЖТМ Павлодар облысы «Қазақмыс»  корпорациясы» ЖШС 20102014 жылдар
Ақтоғай КБК  салу ИЖТМ ШҚО «Қазақмыс»  корпорациясы» ЖШС 20112014 жылдар
Металданған өнім өндіру зауытын салу ИЖТМ Қостанай облысы «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ 20112014 жылдар
Инновациялық  технологияларды пайдалана отырып, жылына 270 мың тонна жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту ИЖТМ Ақтөбе облысы «Қазхром» трансұлттық  компаниясы» АҚ 20092012 жылдар
Ауыл шаруашылығы, жол құрылысы техникасы мен автобустар жасау ИЖТМ Қостанай облысы «АгромашХолдинг»  АҚ 20032011 жылдар
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының  инфрақұрылымын салу ИЖТМ Алматы облысы «Жетісу» ӘКК 20052018 жылдар
Ықпалдастырылған  газ-химия кешенін салу МГМ Атырау облысы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС 20102014 жылдар
«Бейнеу – Шымкент» газ құбырын салу МГМ Өңіраралық жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 20102019 жылдар
Ақмола облысындағы  Нұра Есіл арнасын қайта жаңарту АШМ Астана қаласы АШМ Су ресурстары комитеті 20102012 жылдар
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит  дәлізін қайта жаңарту ККМ Өңіраралық жоба ККМ 20072012 жылдар
Ақмола облысының  Бурабай ауданындағы «Бурабай»  арнайы экономикалық аймағының шекараларында туристік ойын-сауық кешенін салу ТСМ Ақмола облысы «Tourism Borovoe City» ЖШС 20092021 жылдар
Сырдария өзенінде тасқынға қарсы Көксарай қарсы реттеуішін салу ТЖМ ОҚО ТЖМ 20082011 жылдар
«KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін жасау ҰҒА Астана қаласы ҰҒА 20062013 жылдар
«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру ҰҒА Қызылорда облысы ҰҒА 20052013 жылдар
Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру ҰҒА Астана қаласы ҰҒА 20082012 жылдар
Қазақстан Республикасының  Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін құру ҰҒА Астана қаласы ҰҒА 20062014 жылдар
Шымкент қаласында  «Химфарм» ақционерлік қоғамына жұмыс істейтін қуаттарды кеңейту  және Астана қаласында GMP стандарттарына сәйкес фармацевтика  фабрикасын салу «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Өңіраралық  жоба «Химфарм» АҚ 20092011 жылдар
Өндірістік  қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта жаңарту «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Ақмола облысы «Қазатомөнеркәсiп-КҚЗ» БК» ЖШС 20102011 жылдар
Мойнақ СЭС-ін салу «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «Самұрық-Энерго»  АҚ 20062011 жылдар
Балқаш ЖЭС-ін салу «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «Самұрық-Энерго»  АҚ 20102015 жылдар
Алматы қаласында  және Алматы облысында 12 трансформаторлы кіші станция салу («Кеңсай», «Медеу», «Шымбұлақ», «Жаңа», «Отрар», «Алатау», «ҚазМУ», «Отын», «Ерменсай», «Алтай», «Мамыр», «Жаңа-3А») «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Алматы қаласы «Самұрық-Энерго»  АҚ 20092012 жылдар
Қазақстанның  ұлттық электр желісін жаңғырту, II кезең «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Өңіраралық  жоба «KEGOC» АҚ 20092016 жылдар
Екібастұз МАЭС-1 кеңейту және қайта жаңарту «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Павлодар облысы «Екібастұз  МАЭС-1»

ЖШС

20102014 жылдар
№ 3 ст. энергия  блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2  кеңейту және қайта жаңарту «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Павлодар облысы «Самұрық-Энерго»  АҚ 20092013 жылдар
«Жетіген – Қорғас» темір жол желілерін салу «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «Қазақстан  Темір Жолы» ҰК» АҚ 20092012 жылдар
«Өзен – Түрікменстанмен  мемлекеттік шекара» жаңа темір  жол желісін салу «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Маңғыстау облысы «Қазақстан  Темір Жолы» ҰК» АҚ 20092011 жылдар
Атырау МӨЗ  қайта жаңарту және жаңғырту «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Атырау облысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 20092014 жылдар
Ақтау пластикалық  массалар зауытында жол битумдарын шығару «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Маңғыстау облысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 20102011 жылдар
Электровоздар жасауды ұйымдастыру «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Ақмола облысы «Бәйтерек-А» АҚ 20082011 жылдар
КБФ және күкірт қышқылы цехын салу «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Жамбыл облысы «Қазфосфат» ЖШС 20102012 жылдар
«Үшбас» және «Герес»  кен орындары базасында моноаммоний  және диаммонийфосфат шығару «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ ОҚО «Қазақстандық минералдық ресурстар» тау-кен компаниясы»  ЖШС 20092013 жылдар
«Таман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында Қазақстан  Республикасында  жүк вагондарын жасайтын қуаттар құру «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Павлодар облысы «Қамқор Менеджмент» ЖШС 20092011 жылдар
Шардара ГЭС-ін жаңғырту «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ ОҚО «Самұрық-Энерго»  АҚ 20112015 жылдар
Қазақстанның  ҰЭЖ-не 500 кВ, 220 кВ кернеулі желілермен қоса отырып, Алма 500 кВ КС салу «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «KEGOC» АҚ 20102014 жылдар
Мойнақ ГЭС-інің қуат беру схемасы «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «KEGOC» АҚ 20112012 жылдар
Инфрақұрылымы дамыған бордақылау алаңын құру «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Алматы облысы «ОтесБиоАзия» ЖШС 20082010 жылдар
Инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы бордақылау алаңын құру «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ БҚО «Crown Батыс» ЖШС 20082010 жылдар
Мақтаның сортты тұқымдық материалын шығару зауытын  салу «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ОҚО «Қазақстан  мақтасы» АҚ 20082010 жылдар
Құс фабрикасын қайта жаңарту «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қостанай облысы «АгроИнтерҚұс»  ЖШС 20092011 жылдар
«Құнарлы өнімдер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  құс фабрикасын салу «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қарағанды облысы «Құнарлы өнімдер» ЖШС 20092011 жылдар
Ет өндіруге бағытталған өндірісті жаңғырту «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қостанай облысы «Комсомол құс  фабрикасы» АҚ 20092011 жылдар
Қысқа кесілген макарон өнімдерін шығару цехын  салу «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қостанай облысы «Қостанай диірмен  комбинаты» АҚ 20092010 жылдар
Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және қайта өңдеу «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Астана қаласы «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС 20102011 жылдар
Васильков алтын  кен орнын одан әрі игеру және алтын шығару фабрикасын салу Ақмола облысының  әкімдігі Ақмола облысы «Васильков  КБК» АҚ 20072010 жылдар
Ет өңдеу  кешені Ақмола облысының  әкімдігі Ақмола облысы «Астана агроөнім»  ЖШС 20082010 жылдар
Бордақылау  алаңын құру Ақмола облысының  әкімдігі Ақмола облысы «Бауманское-07»  ЖШС 20092010 жылдар
Бордақылау  алаңын құру Ақмола облысының әкімдігі Ақмола облысы «Острогорское»  ЖШС 20092010 жылдар
Цемент зауытын  салу Ақмола облысының  әкімдігі Ақмола облысы «BI-Cement» ЖШС 20072011 жылдар
3,56 га жылыжайлар Ақмола облысының  әкімдігі Ақмола облысы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС 20092010 жылдар
Қазақстан Республикасында  медициналық техникалар өндірісін  оқшауландыру Ақтөбе облысының  әкімдігі Ақтөбе облысы «Ақтөберентген» АҚ 20092010 жылдар
Бестамақ ауылындағы мал шаруашылығы кешені Ақтөбе облысының  әкімдігі Ақтөбе облысы «Париж коммунасы  ХХІ» ЖШС 20082010 жылдар
Үшінші Жаңажол  газ өңдеу зауыты Ақтөбе облысының  әкімдігі Ақтөбе облысы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»  АҚ 20062012 жылдар
1100 мал басына  арналған сүт-тауар фермасы Ақтөбе облысының  әкімдігі Ақтөбе облысы «Айс» ЖШС 20092010 жылдар
№ 2 мыс-мыс-мырыш  рудасын өндеу жөніндегі байыту фабрикасы Ақтөбе облысының  әкімдігі Ақтөбе облысы «Актөбе мыс компаниясы» ЖШС 20082010 жылдар
«Юбилейное» кен орнында құрамында алтын бар руданы өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы және кеніш салу Ақтөбе облысының  әкімдігі Ақтөбе облысы «Юбилейное» ЖШС 20092013 жылдар
Шилісай фосфоритті кен орнының базасында фосфоритті тыңайтқыштар шығару өндірісін ұйымдастыру Ақтөбе облысының  әкімдігі Ақтөбе облысы «Темір Сервис ЛТД» ЖШС 20072011 жылдар
Дәрілік заттар өндіретін жаңа фармацевтикалық  зауыт салу Алматы облысының  әкімдігі Алматы облысы «Global New Life» ЖШС 20092011 жылдар
3,65 га жылыжай  салу Алматы облысының  әкімдігі Алматы облысы «Green House – жасыл  үй» ЖШС 20092010 жылдар
Қуаты 75 МВт  болатын Атырау ЖЭО кеңейтудің IV кезегін салу Атырау облысының  әкімдігі Атырау облысы «Атырау ЖЭО» АҚ 20062010 жылдар
«Ромат» фармацевтикалық  компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту ШҚО әкімдігі ШҚО «Ромат» фармацевтикалық  компаниясы» ЖШС 20102011 жылдар
«Құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауытын салу ШҚО әкімдігі ШҚО «Қазақцемент» ЖШС 20062010 жылдар
Өскемен металлургия  кешенінің мыс қорыту және электролиз зауыттарын салу, жылына 70 000 тонна мыс қорытпасы ШҚО әкімдігі ШҚО «Қазмырыш»  АҚ 20062010 жылдар
«ӨТМК» акционерлік  қоғамы базасында титан кесектерін және қорытпаларын өндіру зауыты ШҚО әкімдігі ШҚО «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ 20072010 жылдар
Өскемен қаласында  толық циклді автозауыт және автоқұрамдауыштар  шығаратын технопарк салу ШҚО әкімдігі ШҚО «Азия Авто»  АҚ» 20102015 жылдар
Былғары өндірісін  қайта жаңарту және жаңғырту ШҚО әкімдігі ШҚО «Семей былғары-үлбір  комбинаты» ЖШС 20072010 жылдар
«Өскемен құс  фабрикасы» акционерлік қоғамын  жылына 20 мың тонна  етке дейін  кеңейту ШҚО әкімдігі ШҚО «Өскемен құс  фабрикасы» АҚ 20092010 жылдар
Цемент зауытын  салу Жамбыл облысының  әкімдігі Жамбыл облысы «Мыңарал Тас  компаниясы» ЖШС 20092010 жылдар
Тараз металлургия  зауытының ферроқорытпалар өндірісін  кеңейту және жаңғырту Жамбыл облысының  әкімдігі Жамбыл облысы «Тараз металлургия  зауыты» ЖШС 20092010 жылдар
Орал газ-турбиналы  электр станциясы (№ 1 турбоблогы) БҚО әкімдігі БҚО «Орал қаласында  салынып жатқан газ-турбиналы электр станциясының дирекциясы» ЖШС 20092010 жылдар
«Құрғақ тәсілмен»  цемент өндіретін № 5 технологиялық  желіні іске қосу Қарағанды облысының  әкімдігі Қарағанды облысы «Қарцемент» АҚ 20082012 жылдар
Қарағанды облысындағы  Индустриялық парктің инфрақұрылымын салу Қарағанды облысының  әкімдігі Қарағанды облысы «Сарыарқа»  ӘКК 20072011 жылдар
3 га жылыжай кешенін салу Қарағанды облысының  әкімдігі Қарағанды облысы «Green Technology»  ЖШС 20092010 жылдар
Темір рудасын  өндіру және өңдеу Қарағанды облысының  әкімдігі Қарағанды облысы «Bapy Mining» ЖШС 20072010 жылдар
«Қазақмыс корпорациясы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  филиалы – Қарағанды құю-машина жасау зауытында қосалқы бөлшектер  өндірісі және «ҚазБелАЗ» техникасын құрастыру Қарағанды облысының  әкімдігі Қарағанды облысы «ҚазБелАЗ»  БК» ЖШС 20092010 жылдар
Металл илектеу  зауытын салу Қостанай облысының  әкімдігі Қостанай облысы «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ 20082010 жылдар
Бордақылау  алаңын салу (Әулиекөл ауданының Тимофеевка ауылы) Қостанай облысының  әкімдігі Қостанай облысы «Тимофеевка-Агро»  ЖШС 20092011 жылдар
Ет өңдеу  кешені Қостанай облысының  әкімдігі Қостанай облысы «Қарасу-Ет»  ЖШС 20092010 жылдар
Бордақылау  алаңын салу Қостанай облысының  әкімдігі Қостанай облысы «Қараман-К» ЖШС 20092010 жылдар
Қостанай қаласында  ұсақ сұрыпты илектеу станын салу Қостанай облысының  әкімдігі Қостанай облысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС 20102012 жылдар
200 мал басына  сүт-тауар фермасы Қостанай облысының  әкімдігі Қостанай облысы «Садчиковское»  ЖШС 20092010 жылдар
Ақшабұлақ кен  орнында газ турбиналық электр станциясын салу Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысы «Кристалл Менеджмент»  ЖШС 20102011 жылдар
600 мал басына  арналған сүт тауар фермасы Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысы «Рза» АҚ 20092010 жылдар
Құмкөл газ  турбинасы станциясында  25 мВт  бойынша қосымша 2  газ турбиналық құрылғылар салу Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысы «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз»  АҚ 20092010 жылдар
Диірмен кешенін, құрамажем зауытын қамтитын элеватор кешенін салу Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысы «Корпорация АПК-Инвест»  ЖШС 20092010 жылдар
Теңіз операцияларын  демеу базасын салу Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысы «Балықшы» ЖШС 20082010 жылдар
Ақтау қаласының  әуежайында халықаралық жолаушылар терминалын салу және ұшу-қону жолағын  қайта жаңарту» Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысы Маңғыстау облысының  әкімдігі 20082010 жылдар
Қуаты жылына 30 000 тонна болатын хлор және каустикалық соданы мембраналық әдіспен шығару өндірісін салу және ұйымдастыру (NaOH 100%) Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Каустик» АҚ 20092010 жылдар
Фармацевтика  зауытын қайта жаңарту және салу Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Ромат» фармацевтикалық  компаниясы» ЖШС 20102012 жылдар
Медициналық зауытты  қайта жаңарту және салу Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС 20102013 жылдар
Бастапқы алюминий өндіретін электролиз зауытының  екінші кезегін салу Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Қазақстан  электролиз зауыты» АҚ 20092010 жылдар
Нан-тоқаш өнімдерін  шығару Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Энергия Капитал-1»  ЖШС 20082010 жылдар
Ақсу МАЭС № 2 блогын қалпына келтіру Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Еуразия энергетика корпорациясы» АҚ 20072010 жылдар
Екібастұз қаласында  бағыт ауыстырғыштар өндірісін және темір жол доңғалақтарын өңдеуді ұйымдастыру Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Проммашкомплект» ЖШС 20092012 жылдар
Мақта-мата жібін  тоқуды ұйымдастыру ОҚО әкімдігі ОҚО «Охy-Textile» ЖШС 20082010 жылдар
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аумағында тоқыма өнеркәсібін ұйымдастыру ОҚО әкімдігі ОҚО «ЮТЕКС KZ» АҚ 20072010 жылдар
Гигроскопиялық  мақта, мақта целлюлозасы мен  құрамында шикізат бар мақтадан техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін  ұйымдастыру ОҚО әкімдігі ОҚО «Мақтаөнеркәсібі  Целлюлоза»                                              ЖШС 20082010 жылдар
Күрке тауық  өсіру, сою және етін өңдеу бойынша  құс кешені ОҚО әкімдігі ОҚО «Ордабасы Құс» ЖШС 20092010 жылдар
«Медеу-Шымбұлақ»  тау-шаңғысы курортын кешенді дамыту Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы «Chimbulak Development»  ЖШС 20082010 жылдар
Қатты дәрілік заттарды шығару өндірісін жаңғырту және жаңа өндірістерді құру жолымен қолданыстағы өндірісті кеңейту және жаңғырту Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы «Нобел Алматы Фармацевтік Фабрикасы» АҚ 20092010 жылдар
«GEGA» өндіріс-логистикалық орталығы Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы «Global Ecological Group Almaty» ЖШС 20072010 жылдар
«Абу Даби Плаза» көпфункцианалдық кешенін салу Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы «Aldar Properties PJSC» ЖШС 20102014 жылдар

    2 Қазақстан Республикасының  индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының іске асыру жолдары 

     2010 жылдың 21-желтоқсанында Астанада  бейнекөпір арқылы облыстардың  қатысуымен Индустриаландыру Картасының  тұсау кесері өтті. Онда үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама бойынша екінші жартыжылдықта жүзеге асырылған жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына ұсынылды.

  Бұл жобалар «Самұрық-Қазына» Қоры мен оның еншілес компанияларының қаржысымсн іске асқан.

«Самұрық-Қазына» Қоры Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 жобаны өзі жүзеге асыруда, ал тағы 21 жоба Қордың еншілес компаниясы Қазақстан Даму банкінің қарамағында. Оның жалпы құны 22 млрд АҚШ долларын құрайды. Іс жүзінде бұл дегеніңіз бүкіл инвестицияның тең жартысы.

     Қордың  энергетика саласындағы инвестициялары 93 пайыз, мұнай өңдеу, инфрақұрылым саласындағы инвестициялар 86 пайыз, химия мен фармацевтика бойынша  инвестициялар 84 пайызға теңеседі. Бағдарлама аясындағы жүзеге асырылатын жобалардың құрылысы кезінде 32,5 мың жұмыс орындары және 6,5 мың тұрақты жұмыс орындары ашылады.

     «Самұрық-Қазына»  Қоры басқарма Төрагасы Қайрат Келімбетов Елбасына диверсификация мен модернизация бойынша алға қойылған мақсаттарды  орындау 3 бағытта жүзеге асырылатынын айтты: «Ең алдымен, қазіргі өнеркәсіптік және инфрақүрылымдық активтердің түбегейлі модернизациясын жасаймыз. Екіншіден, Қордың күші өндірісті диверсификациялауға және экспорттық әлеуметті арттыруга жұмсалады.       Үшіншіден, Қор құрамындағы компаниялардың жұмысы қажетті инфракұрылымды құруға, экономиканың нақты өсімін қамтамасыз етуге жұмсалмақ».

Алғашқы бағыт бойынша мұнай өңдеуші  зауыттардың реконструкциясы және модернизациясы басталады. 2011 жылы елдің  Ұлттық электр желілері жұмысының техникалық деңгейін арттыру, энергетикалық тиімділігін қамтамасыз етуде шаруалар атқарылады. Ол үшін подстанциядағы ескі құрылғыларды алмастырып, жаңа электр беру линиялары құрылысы жүргізіледі. Энергогенерация ауқымы қайта құрылады. Екібастұз ГРЭС-l реконструкция жобасы бойынша құрылғыларды жабдықтау, құрылыс жұмыстары, демонтаж бойынша келісім-шарттар түзіліп, шаруалар басталды. Екібастұз ГРЭС-2 бойынша реконструкция жұмыстары басталды, ол станцияның күшін 525 МВт-қа дейін арттырады. Шардара ГЭС-і реконструкциясы басталды, ол станцияның пайдалануға беру мерзімін

ұзартады.

     Диверсификация  бойынша тау-кен және химия секторларын  барынша жоғары өнім шығаратындау дәрежеге жеткізу, оған қатысты өңдеу салаларын  дамытуға ықпал ететін шаруалар жасалынады.

     2011 жылы Степногорскіде күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Қазфосфат» ЖШС фосфорит рудасын өндіретін тау-кен байыту фабрикасының құрылысы басталады. ENRC-мен бірге Қазақстан электролиз зауытының бірінші кезектегі ауқымы іске қосыл ды. Зауыт бұған дейін 100 мың тонна алюминий шығарды.

     Төрт  ұлттық компания өздері қаржыландырып  жатқан немесе бастама етіп көтерген жобалардың қазіргі ағымдағы іс-шаралары туралы ақпарат берді.

Мәселен, «Қазақстан Темір Жолы» жылдың екінші жартысында мынадай жобаларды жүзеге асыруда: «Өзен - Түркіменстанмен арадағы мемлекеттік шекара» және «Жетіген - Қорғас» темір жол линияларының құрылысы; Испандық «Тальго» компаниясымен бірге жылына 150 вагон шығаратын жолаушы вагондары зауыт салу; «Альстом» компаниясымен және «Трансмашхолдинг» компанияларымен бірге жылына 50 локомотив шығаратын жолаушы вагондары өндірісін жолға қою; «Қазақстан вагон өндіру компаниясы» ЖШС бірге жылына 3000 жүк вагонын құрастыратын және өзге де жобалар. Қазір «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның 21 отандық кәсіпорнымен бірге жүк вагондарына қажетті 233 деталь өндірісі жолға қойылған. Бұған қосымша, отандық тауар өндірушілермен бірге тағы да 200 өнім шығару көзделуде.

     «Қазақстан  Даму банкі» (ҚДБ) АҚ бойынша 16 ірі объекті  пайдалануға берілді, оның 5-і модернизацияланған болса, қалған 11 -і Қазақстан үшін тіпті жаңа. Бұл жобалардың жалпы сомасы 1 млрд.700 млн. АҚШ доллары. Бұл соманың ішіндегі ҚДБ құйған инвестиция 800 млн АҚШ доллары. Оның ішінде: «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты. Павлодардағы бірінші алюминий шығару өндірісі, Тараздағы ферросплав зауытын кеңейту, Оралдағы газотурбиндік электростанция, Павлодардағы хлор жэне каустикалық сода өндірісі сияқты жобалар бар. Бұл жобалар бойынша 5700 жұмыс орны ашылды. 2011 жылы ҚДБ Атырау мұнай өңдеу зауыты, Қызылордадағы газотурбиндік электростанция, Алматы облысындағы Мойнақ гидроэлектростанциясын реконструкциялауды жалғастырмақ.

     Жалпы, Банк алдында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекетгік бағдарламасы аясында бүкіл инвестицияның 10 пайызын  қамту, яғни, жыл сайын 1 млрд АҚШ долларын құю мақсаты тұр.

«ҚазМұнайГаз» мұнай өңдеу және мұнай-химия  жобаларын дамыту бойынша, елдің  оңтүстік аймағын көгілдір отынмен  қамтамасыз етудегі жобалар бойынша  жұмыс істеуде.

     Атырау  мұнай өңдеу зауытын модернизациялау 2015 жылы мұнайды өңдеуді 50 пайыздан 84 пайызға дейін арттыруға ықпал етеді. Ал жылына 5 млн тонна мұнай өңделмек. Дайындалатын мұнай өнімдері халықаралық Евро-4 и Евро-5 стандарттарына сәйкес болмақ.

Хош иістендіргіш көмірсутек өндірісі қолға алынып жатыр. Ол 2014 жылы елдің мұнай-химия саласындағы базалық өндірісті өндіруді жолға қояды. Ол кезде өндірілетін өнім: бензол - 133 мың тонна, параксилол - 496 мың тонна болады. Ақтаудағы битум зауытының құрылысы да назарда тұр.

     Елбасы  жобалардың тұсаукесерін жасаған кезде  «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ кұбыры құрылысының бастамасы болды. Оның ұзындығы 1475 шақырым, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өтеді.

«Самұрық-Энерго»  АҚ мынадай жобаларды ұсынды:

Азиада-2011 объектілерін электрқуатымен қамтамасыз ету, 110 және 220кВ қуаты бар 4 трансформаторлық станцияны іске қосу, оларды жалпы қуаты 832 МВА (мега вольт ампер). Жоғары қуатты кабель линиялары мен электр беру: 110 кВ, ұзындығы 49,6 шақырым.

Мойнақ  ГЭС-ін пайдалануға беру. Қуаты 300 мегаватт. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр қуаты дефицитін жояды. Және Орталық Азия елдерінен импортталатын қуатқа деген тәуелділіктен құтқарады.

     Жобалардың  тұсаукесерінен кейін Президенттің өнеркәсіп саласындағы «Алтын сапа»  және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әспеттейтін «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. «Алтын сапа» сыйлығы өнімдер немесе кызмет көрсету сапасы саласындағы жақсы нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі. Биылғы «Алтын сапа» Президент сыйлығы үшін жарияланған конкурсқа 207 компания қатысты. Сондай-ақ биыл «Индустриялық серпіліс» және «Инновациялық серпіліс» атты жаңа сыйлықтар белгіленді. Олардың арасынан ең үздік отандық компаниялар осымен бесінші рет Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. «Алтын Сапа» президенттік сыйлығының лауреаттары болып «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялары жүзеге асырған жобалар мен Қор компанияларыньщ несие алушы клиенттері таңдалды.

     2010 жылғы «Алтын сапа» сыйлығы  «Өндірістік мақсаттағы үздік  кәсіпорын» аталымы бойынша биыл  «Қазақстан темір жолы» ұлттық  компаниясы» — «Локомотив құрастыру  зауыты» АҚ-ға (Астана қаласы) және  «Oxy-Textile» АҚ-ға (Оңтүстік Қазақстан облысы) берілді. «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (Алматы облысы) және «Родина Агрофирмасы» ЖШС (Ақмола облысы) лауреаттар атанды. Ал «Хан Шатыр» ЖШС (Астана каласы) және «Кардиохирургия орталығы» ЖШС (Жамбыл облысы) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша сыйлықтармен марапатталды.

Информация о работе Индустриялды-инновациялық дамудың экономиканы тұрақтандырудағы маңызы