Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:18, курсовая работа
Бірінші бағыты – еліміздің шикізат ресурстарын толығымен пайдалану, ол кейінгі жылдары республиканың маңызды саласына айналып, ұлттық экономиканың өсуіне ықпал жасайтын сектор болып табылады. Бірақ біз сыртқы нарықтардағы сыртқы экономикалық қызмет сценарилеріне жаңа тәсілдерді таппайтын болсақ, онда оның даму болашағы мынадай болады: еліміз барлық әлем шаруашылығы үшін шіикізат базасы болып қала береді. Бұл өз кезегінде қазақстандық тауарлар тек қана әлемдік нарыққа шіикізат күінде шығып, тауардың бәсекелестік қабілеттілігі болмайды, елімізде ғылымды көп қажетететін тауарлар өндірісі артта қалып қояды және елімізге импорттық тауарлар саны артып кетеді.
Кіріспе 5
1. Қазақстан Республикасының индустриялды-инновайиялық даму
стратегиясы 7
2. Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму
бағдарламасының нақты нәтижелері 19
3. Индустриялды-инновациялық дамудың экономиканы тұрақтандырудағы
маңызы 26
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
2006 жылдан
бері, даму институттарының 3 компаниясы,
және бір ұлттық компания «
КДБ және
«Даму» Қорының 15 кәсіпорыны «Алтын Сапа»
Республикалық конкурс-
«Денсаулық» Емдеу-диагностикалық пойызы - Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының біріккен жобасы «Парыз - 2010» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының жеңімпазы ретінде танылды.
Қазақстан
Республикасының Индустриялық-
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан
кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген
тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия
Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге
арналған мемлекеттiк экономикалық
саясатын қалыптастырады және экономика
салаларын әртараптандыру арқылы дамудың
шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету
саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және
экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар
және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық
саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк
экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан
экономикасы бiрқатар проблемаларға
тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға
мыналарды жатқызуға болады: бiр
жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк
экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел
iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар
мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының
мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк
және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы,
кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы,
ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды
байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және
тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға
(бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi,
менеджменттiң экономиканы Ғаламдану
процестерiне және сервистiк-технологиялық
өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында
алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге
қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн
жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық
қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация,
Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын
құру көзделiп отыр.
Бұл
ретте осы институттар қосылған
құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және
олардың жұмыс iстеп тұрғандарын
дамытуға және келелi салаларды кешендi
талдау, олардың ең маңызды элементтерiн
анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық
зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау
көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн
болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық
қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi
мемлекеттiк ғылыми және инновациялық
саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған
мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын
одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу,
монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты
жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты
шеңберінде экономиканың және басқарудың
барлық салаларында әлемдiк стандарттарға
көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы
мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн
жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды
негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде
импортты алмастыратын және экспортқа
бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi
шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық
саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi,
сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк
артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн
факторлар келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру
нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы
сервистiк-технологиялық дамуға өтуге
дайын болуы керек.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан
кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске
ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық
капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды.
Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды.
Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады.
Тоқсаныншы
жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер
өндiру процесi толымсыз сипат алып,
әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы
орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық
сипатқа ие болды.
Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы
аса зор. Дамыған және дамушы елдер арасындағы
шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал
орталық оны өңдеп, шетке қайта жеткiзуге
негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар
айтарлықтай өзгердi.
Ғаламдық
капитализм жағдайында дамушы елдер
өндiрiстiк процесс тiзбегiне тартылып,
қосылған құны барынша төмен тауарлар
өндiрiсiнiң салыстырмалы төменгi сатысындағы
тауарларды өндiрумен айналысады.
Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң
мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң
ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк
проблемасын ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн
әртараптандыра алғанын атап өтуге болады.
Экспорттың құрылымын әртараптандыру
үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi
елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты
алмастыруға және экспортқа бағдарланған
саясаты мысалдарынан айқын байқауға
болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған
Латын Америкасы (Мексика және Бразилия)
және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур)
елдерiне жасалған талдаудан экспортқа
бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық
өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы
туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы
елдерi де, Шығыс Азия елдерi де импорттың
орнын басу және экспортқа бағдарланған
кезеңдерiнен өткен. Шығыс Азия елдерiнiң
белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру
саясатынан бас тартып, экспортты қолдау
саясатына көшуі, ал Латын Америкасының
импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы
осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.
Экономикалық теория тұрғысынан алғанда
экспортқа негізделген саясаттың табысты
болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының
әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң
экономикалық даму процесiн тоқтатпау
үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға
мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi
импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты
бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк
және тарифтiк тосқауылдарда негізделген
салаларды құрғандығын атап өту керек.
Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың
және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын
импортты алмастыру саясатын одан әрi
сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы
өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады.
Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей,
ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде
ұтылып жатты.
Жалпы
алғанда жаңа ғаламдық экономикалық
жағдайды қалыптастыратын әлемдiк экономикадағы
басым үрдiстердi төмендегiше жiктеуге
болады:
-дамыған елдерде индустриялық экономикадан
сервистiк-технологиялық экономикаға
өту;
-ғаламдану;
экономиканы ырықтандыру;
-ғаламдық
бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде
экономикалық дамыған елдер индустриялық
даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық
экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен
бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады.
Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын
ғылыми және инновациялық негiзi бар.
Экономикасы дамыған елдерде
зияткерлiк ресурстар және
Тәуелсiздiк
алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық
экономикада әлемдiк тауар
Қазақстанда
пайдалы қазбалардың iрi қорларының
болуы оның салыстырмалы экономикалық
артықшылығы болып
Өндiрiстiң
және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды
дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан
шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң
жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бердi.
Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк
инвестицияларды тарту және қаржы саласында
құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi
жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан
жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының
дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр
cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi
кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық
даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн
қаржы ресурстары жинақталуда.
Қорытынды
Қортындыға келсем, қазіргі кездегі Қазқстан өнеркәсібі шикізаттық сипатта болып отыр, экспорттық тауарлар құрамында бәсекеге қабілетті дайын тауарлар жоқ, экспорт арқылы негізінен минералдық өнімдер, өнделмеген немесе шала өңделген қара және түсті металлдар ғана сатылады. Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газдың, қара және түсті металдардың меншік иелері шетелдік компаниялар болып табылады, мемлекеттің шетелдік және отандық акционерлік компанияларда акция пакеті жоқ, тек қана мұнай өндіруге аз – мұз қатысынан басқа қомақты түрде қолға ұстары тағы жоқ.
Негізігі капиталға деген инвестициялар, көбінесе, кен өндіру өнеркәсібіне келіп түседі, ақырғы дайын өнім шығару үшін өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция салушылар әзірге байқалмайды.
Өңдеуші өнеркәсіп салалары айтарлықтай дамымағандықтан, сондай – ақ, олардың қолданбалы ғылыммен байланысы жеткілікті түрде жолға қойылмағындықтан, Қазақстанда өнеркәсіпті дамытудың инновациялық факторының әзірге экономикаға тигізетін әсері азын – аулық қана дәрежеде.
Осындай жағдайда кластерлерді әзірлеуге қатысушылар – тік және көлденең бағыттарда, табиғи факторларды да, инвестициялық және инновациялық факторларды да естен шығармай кластерлерді құру және дамыту жөніндегі әлемдік тәжірибені жан – жақты, өте мұқият ескерулері қажет. Сонымен бірге, Қазақстан экономикасының басты ерекшелігімен санасуға тура келеді, өйткені; бүгінде Қазқастанда өндірілетін басты өнімдерінің бәрі де шетелдік компаниялардың меншігінде, ал олар болса барлық шикі мұнайды құбырлар арқылы сыртқа шығаруға, өндірілген барлық қара және түсті металдарды, атап айтқанда, темір кені, ферроқорытпа, қара металдың жалпақ илектері, тазартылған және тазартылмаған мыс, өңделмеген мырыш, қорғасын және басқа түрдегі өнім түрінде шетелдерге жөнелтуге ғана ынталы.
Осындай жағдайда құрылатын кластерлердің құрамында әртүрлі ұйымдар және мекемелермен қатар Қазақстанның үкіметтік құрылымдары мен ғылыми күштер де болуға тиіс және олар кластерге қатысушыларға елеулі түрде өз ықпалын жүргізетіндей ықпалда болулары керек. Бұл жерде Даму Банкі, Инвестициялық және Инновациялық қорлар сияқты Даму институттары деп аталатындардың қатысуымен ғана шектелуге болмайды. Мұны алғашқы кластерлерді құру барысында – ақтаяу арада өмірдің өзі көрсететін болады.
Қазақстан
Таяу болашақта кластерлер үшін құрылыс
алаңына айналады деген үміт бар.
Қазақстанда кластерлер экономиканың
барлық салаларында –
Қазақстан Республикасының, оның жекелеген аймақтарының, экспорттық әлеуетін дамыту мемлекеттің экономикалық саясатының басылымдықтарының бірі, себебі бұл мәселенің әлеуметтік, экономикалық, саяси маңызы ерекше.
Экспорттық әлеуетті дамытудың теориялық, әдістемелік аспектілерін зерттеп, Қазақстан Республикасының және Оңтүстік Қазақстан облысының экспорттық потенциалының қазіргі жағдайына экономикалық талдау жасап, жүргізілген есептеулер нәтижелері бойынша келесідей қорытынды жасауға болады:
Информация о работе Индустриялды-инновациялық дамудың экономиканы тұрақтандырудағы маңызы