Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 19:53, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Кіріспе……………………………………………………………………………3
I.Кәсіпорынның айналым қорларының теориялық негіздері
1.1 Айналыи қорларының түсінігі мен мәні………………..…………………..4
1.2 Айналым қорларының құрылымы……………………………...…………...9
1.3 Ауыспалы айналым қаражаты…………………………………..………….13
II.Кәсіпорында айналым құралдырының пайдалануы
2.1 Кәсіпорында айналым қорларының экономикалық жағдайы……………18
2.2 Кәсіпорынның экономикалық қорлары.....................…………….……….19
2.3 Кәсіпорында айналым қорларын бағалау………………………………….21
III. «Caspian Beveriage Holding»АҚ айналым қорларын жетілдіру Жолдары мен мәселелері…………..............................................................…..22
Қорытынды……………….........……………………………..……………….32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................33
Жолдағы ақша қаражаттарын қолдану. Жолдағы ақша қаражаттары бұл фирманың ағымдағы шотында бейнеленген ақша қаражаттарының қалдығы мен банк құжаттары бойынша көрсетілетін ақша қаражаттарынң қалдығы арасындағы айырма.
Банк шотында біраз уақыт бойы қосымша ақша сомасы юолып отырады, ол қолданылуы мүмкін. Егер фирманың дебиторлармен жұмысы олардың кредиторларына қарағанда жақсырақ болса, онда есеп құжаттары теріс сальдоны көрсетеді, ал банк құжаттары – оң сальдоны көрсетеді.
Нәтижесінде фирманың жолдағы қаражаттары сальдосының шамасы оның қарыз міндеттемелерін бойынша қаражаттарды тартуды жылдамдату және кредиторламен есеп айырысуды баяулату қабілеттігіне тікелей байланысты. Табысты фирмалар қаражаттардың айналымдылығын жоғарлататын дебиторлық қарызды қайтаруды жылдамдата алады, бірақ сол уақытта олар мүмкіндігінше төлемдерді төлеуді баяулатады.
Ақша қаражаттарының түсімдерін жылдамдату. Қаржы менеджерлері несиеге сатудан бастап дебиторлық қарызды өтеу процесін жалдамдату әдістерін іздеуге тырысады. Бұл олардың міндеті болғанымен, есептемелер жүргізу жылдамдығы көбінесе банк операцияларының жүргізу әдістеріне байланысты болады. Есептеулерді жүргізуді жылдамдатудың және ақша қаражаттарының оған қажеттігі бар бағытқа ығысуын қамтамасыз ететін бірнеше әдісті қарастырайық. Бұл локбокс жүйесі, кейінгі акцертелуімен жүзеге асырлатын жоспарлы төлемдердің тәрітібіндегі есептеулер жүйесі және банк операцияларының концентрациялануы.
Локбокстар жүйесі ақша қаражаттарын басқарудың ең бұрынғы құралдарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде банктердің көбісі бұл қызметті жүзеге асырады. Бұл жүйе шегінде келіп түскен чектер корпорация басқармасының бас бөлімшесі орналасқан жерге емес, сатып алушының тұрғылықты жеріндегі банктің арнайы бөлімшесіне жіберіледі. Белгілі уақыт сайын локбокстардың іші компанияның жергілікті банкіндегі шотына жіберіліп отырады және фирмаға электрондық жүйе арқылы бұл туралы мәлімет жіберіледі, бұл кезде дебиторлық қарыз шоттарының түзетілуі іске асырылады. Локбокстар жүйесі чектерді алуға, оларды депонирлеуге және баснк жүйесі арқылы есептеулерді жүргізуге қажетті уақытты қысқартады. Бұл пошта аударуларының мерзімінің азаюы арқылы іске асады. Локбокстарды жүзеге асыру ақша қаражаттарының қарапйым жүйені қолданғанға дейін бір-төрт күн бұрын қолға түсіруге мүмкіндік тудырады.
Кейінгі акцертелуімен жүзеге асырлатын жоспарлы төлемдердің тәрітібіндегі есептеулер жүйесі қаражаттардың сатып алушы шотынан фирма шотына белгілі келісілген күндерде аударуға мүмкіндік береді. Бұл операциялар чексіз немесе қағассыз деп аталынады, себеі дәстүрлі чектерсіз жүзеге асырылады. Бірақ та мұндай мәмілелердің нәтижелері жабдықтаушы мен сатып алушыға қызмет көрсетеін банктің есеп беру құжаттарында орын алады. Жүйе ақша қаражаттарының аударылуын тездетеді, себеі пошта аударуына және клрингке кететін уақытты мүлдем жояды. Бұл жүйе аса тиімді болғанымен сатып алушылар қолдау дәрежесі төмен болып шықты.
Банк операцияларының концентрациясы. Алдыңғы қаралған екі әдіс есептеулер жылдамдығына ие болғанымен, олардың бір кемшіліг бар – ақша қаражаттары көптеген банктер арасында таралып кетеді. Сондықтан банк операцияларының концентрациялануы әдісінің міндеті ақша қаражаттарын бір немесе бірнеше шотқа жинақтау. Бұл әдістің негізгі мақсаты алдындағы қаралған схемалар бойынша қозғалатын ақша қаражаттарын бір немесе бірнеше бас бағыттарға жіберу. Бұл қаржы менеджерінің жинақталған қаражаттардың қысқа мерзімді инвестициялану немесе оларды банктер арасында тарату бойынша міндетін оңайлатады.
Типтік схема бұл
кезде былай көрініс табады. Локальды
банктер шотында түсім
Төлемдерді төлеуді бақылау. Ақша қаражаттарын жинақтау процесін жылдамдату активтерді басқарудың тек бір жағы ғана болып табылады, ал екінші жағы – төлем төлеуді бақылау. Бұл да өте маңызды мәселе, себебі көрінетін нәтижелерге тек түсімдерді ғана емес, шығындарды да бақылау арқылы келуге болады.
Кредиторлармен есеп айырысуды орталықтандыру. Бұл әдіс ақшалай төлемдерді бақылаудың тиімді әдісі. Бұл әдіс қаржы менеджеріне түсетін түсімдерді дұрыс бағаауға және қажетті төлемдерді жүзеге асыру графигін құруға мүмкіндік береді. Және де бұл кредиторлармен есеп айырысу мен жолдағы ақша қаражаттарына тиімді бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Нольдік сальдолы шоттар. Бұл нольдік сальдосы бар шығын шоттары. Нольдік сальдолы шоттар шығындарды және ақша қаражаттарының қалдығын бақылауды жеңілдетеді, яғни банк шотында қозғалыссыз жатқан бос сомадарды қысқартады.
Бақылаудағы шығын шоттары. Нольдік сальдолы шоттар жинақтаушы-банк шотында жатса, бақылаудағы шығын шоттары кезе-келген банкте ашылуы мүмкін. Алғашында бұл шоттар алшақ орналасқан банктерде қолданылды, сондықтан алғаш кезде бұл әдіс алшақ есептеулер әдісі деп аталды. Бұл шоттарды жүргізудің техникасы қарапайым: бақылаудағы шотта чекті көрсетуге дейін ақша қаражаттары жоқ болады. Содан кейін банк клирингтік орталыққа келіп түскен чектердің жалпы сомасы туралы ақпарат береді.
Қорытынды
Кәсіпорынның капиталын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Айналым капиталының анықтамасына біздің зерттелген тәсілдерді ескере отырып, айналым капиталының жеке авторлық түсінігін ұсынуға болады: кәсіпорынның айналым капиталы экономикалық категория ретінде әр алуан экономикалық қарым-қатынастар мен әр түрлі материалдық емес активтерді құру және қолдану бойынша үдерістегі рыноктық экономиканың шаруашылық субьектілері арасындағы қарым-қатынастарды білдіреді.
Біздің көзқарасымыз бойынша айналым капиталы оны өндірістік пайдалану үрдісінде толығымен құрылған өнімге өтеді және ақша нысанында өндірілген тауарды іске асырғаннан кейін кәсіпорынға капиталдың әр айналысынан кейін толық қайтып оралатын капитал бөлігін көрсетеді. Айналым капиталына еңбек пәндерін сатып алуға авансталатын, әр өндірістік циклде толық тұтынылатын капитал, сонымен қатар қызметкерлердің еңбегіне төленетін қаржыларды қосқандағы кәсіпорынның ақша қаражаттары жатады. Экономикалық категория ретінде айналым капиталы айналым капиталының элементтерін қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі (айналымдық өндірістік қорлар мен айналыс қорлары) және рыноктық жағдайлардағы шаруашылықты жүргізу субьектілер арасындағы экономикалық қатынасты көрсетеді. Бұл қатынастар кәсіпорын мен мемлекет, кәсіпорындар, қызметкерлер, менеджерлер мен кәсіпорындар иелері арасында болады.
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері айналым капиталы құрылымының кәсіпорын құны мен пайдалану өндіріс көлемінің потенциалды өсу деңгейіне әсері жекелеген өнімдердің қаржылық бағалау блогы мен кәсіпорындардың қаржылық қызметінің имитациялық моделі көмегімен әрекет етуші кәсіпорындардың бірқатарының ақпараты негізінде жүргізілгенін көрсетті. Компания құнын және кәсіпорын өндіретін жекелеген өнімдерді бағалау бойынша методологиялық аппарат негізіне халықаралық тәжірибеде кең тараған бағалаудың қазіргі әдістерін қолдануына болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі