Айналым қорлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 19:53, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.

Оглавление

Кіріспе……………………………………………………………………………3


I.Кәсіпорынның айналым қорларының теориялық негіздері
1.1 Айналыи қорларының түсінігі мен мәні………………..…………………..4
1.2 Айналым қорларының құрылымы……………………………...…………...9
1.3 Ауыспалы айналым қаражаты…………………………………..………….13

II.Кәсіпорында айналым құралдырының пайдалануы
2.1 Кәсіпорында айналым қорларының экономикалық жағдайы……………18
2.2 Кәсіпорынның экономикалық қорлары.....................…………….……….19
2.3 Кәсіпорында айналым қорларын бағалау………………………………….21


III. «Caspian Beveriage Holding»АҚ айналым қорларын жетілдіру Жолдары мен мәселелері…………..............................................................…..22



Қорытынды……………….........……………………………..……………….32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................33

Файлы: 1 файл

касипорынның айналым корлары.doc2.doc

— 282.50 Кб (Скачать)

 

Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:

Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез    кәсіпорындардың   қоймадағы   тауарлар   запасының   үлес салмағы жоғары болады;

        Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді.   Егер,   кәсіпорынға   отынды   аз   жұмсайтын    қондырғы қондырса,   қалдықсыз   жұмыс   жасайтын   болса,   онда   айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;

Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.

Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:

 Айналым сферасы;

 Элементтері;

Норма ауытқуы;

 Қаржыландыру көздері;

Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді. Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.

Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:

1.  Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын   өз   ақшасына   шикізат   немесе   материалдар   сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.

2.  Өндірістік   сатысы.   Өндірістік   запастар   бірінші   аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.

3.  Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына  келеді.  Бұл  қаржылар  жаңадан  еңбек  кұралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.

Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:

Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып  алынған жартылайфабрикаттар,    қосымша    материалдар,    отын,    тара, запасты бөлшектер, арзан жэне тез тозатын құралдар).

Аяқталмаған өндіріс  және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.

Болашақ кезеңдер шығындары.

Айналым қорлары (п. 1+п.2+п.З).

Қоймадағы дайын өнімдер.

Жөнелтілген, бірақ ақысы  төленбеген тауарлар.

Есептеулердегі ақша құралдары.

Банк мекемелеріндегі  шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.

Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бүл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды-орнықты орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаржыларына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады. Орнықты пассивтер:

 

 

    1. Айналым қорларының құрылымы

 

Нарықтық экономикаға  көшу еліміздің қаржы жүйесіне елеулі өзгерістерді әкелгені анық. Елде меншіктің  түрлі нысанында қызмет атқаратын  шаруашылық субъектілері  пайда бола бастады. Жылдар өткен сайын олардың қызметіне деген қызығушылық тек олардың басшылары мен инвесторларда ғана емес, жалпы мемлекетте де туындады. Себебі мемлекеттің қаржы жүйесінің елеулі элементі болып кәсіпорын қаржысы табылады. Кәсіпорын деңгейіндегі қаржыларды тиімді басқаруға кез келген субъект тырысады.

Кәсіпорынның өзінің қызметін ұдайы, әрі тиімді жүзеге асуына белгілі бір орта қажет. Ал оған кәсіпорынның айналымнан тыс капиталымен қамтамасыз етілуін жатқызуға болады. Себебі капитал кез келген шаруашылық субъектінің қаржылық қызметін басқарудың маңызды объектісі болып табылады.

Айналымнан тыс немесе қаржылық емес активтерге көңіл көп  бөлінеді. Себебі олардың есебінен кәсіпорын қызметінің ұдайы жүруә  қамтамасыз етіледі.

Кәсіпорынның айналымнан тыс активтеріне негізгі қорлар мен материалды емес активтер жатады.

Кез келген шаруашылық субъектінің  қаржылық қызметін басқарудың маңызды  объектісі болып капитал табылады.  Кәсіпорынның капиталы оның қызметіне  авансталатын ресурстардың жалпы көлемін білдіреді. Мұндай ресурстар субъектінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталады. Әдетте , капитал кәсіпорын мүлкін қаржыландыру көздеріне сәйкес келеді және ресурстарды үнемді пайдалану нәтижесінде белгілі бір экономикалық әсер алуды қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынды құру кезеңінде  бастап капиталдың негізгі көзі болып  алғашқы меншікті  капитал табылады. Ал ол өз кезегінше кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырады , яғни құрылтайшылардың кәсіпорын мүлкіне құрылтайшы құжаттарымен анықталатын мөлшердегі салымдарының жиынтық құныдық көрінісін қалыптастырады.

Акционерлік қоғамдарда жарғылық капитал болып бүкіл  шығарылған акциялардың номиналдық құны табылады, ал мемлекеттік кәсіпорындарда -кәсіпорын иелігіндегі мемлекеттік  мүлітің құны, ал меншіктің басқа нысандарында –меншік иелерінің үлусінің (пайларының) сомасы. Осыдан басқа, мақсатты қаржыландыру (мемлекеттік бюджет, демеушілердің қаражаттары, т.б.) және тартылған капитал қолданылуы мүмкін.

Әдетте, қызмет ету (функциялау) процесінде кәсіпорынның капиталы өседі, ал оның кеңеюінің көздері болып меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар (жинақталған капитал да қосылады), тартылған және қарызға алынған қаражаттар шығады (1-сурет).

 

1-сурет. Кәсіпорынның капиталының көздерінің құрылымы.

 



 

 

 

 

Кәсіпорынның капиталын  классификациялаудың (жіктеудің) критерийлері түрлі болуы мүмкін. Осындай критерийлерің  бірі болып капиталды негізгі  және айнымалыға бөлу табылады. Бұл  курстық жұмыста оның бір ғана элементі қарастырылады –негізгі капитал (оны іске қосуға инвестицияларды қоса).

Кәсіпорынның негізгі  капиталы ұзақ мерзімді активтерге пайда  табу мақсатында оларды ұзақ мерзім бойы қолдану мақсатымен жұмсалған ақша қаражаттарын білдіреді. Негізгі капиталдың экономикалық мазмұны оның келесі қасиеттері арқылы айқындалады:

Салымдар ұзақ мерзімді сипатқа ие, яғни негізгі капиталды  пайдалану уақыты бір жылдан кем  емес;

Қаражаттар активтердің  үнемі мобильсіз, төменгі ликвидті бөлігіне салынады да, шаруашылық айналымнан алынып тасталынады;

Қаражаттар пайда алу  мақсатында салынады, өйткені тек  осы жағдайда аұщалар капитал  болып қайтарылады.

Негізгі капиталға негізгі  қорлар, материалды емес активтер және басқа да айналымнан тыс активтер жатады.

Негізгі қорлар кәсіпорын  активінің элементі болып өзінің экономикалық мазмұны бойынша шаруашылық қызметте көп рет қолданылатын, өздерінің бастапқы натуралды-заттық нысанын жоғалтпайтын, ұзақ мерзім бойы қызмет ететін және өздерінің құнын дайын өнімге амотизациялық аударымдар түрінде бөліктеп ауыстыратын еңбек қаражаттары ретінде көрініс табады.

Мақсаттық мағынасы, өндірістік процестегі ролі мен атқаратын қызметтеріне байланысты негізгі қорлар белгілі  бір топтар бойынша жіктеледі (кесте -3).

 Кесте-3. Негізгі қорлардың бөлек қасиеттері бойынша жіктелуі.

      

          Жіктелу қасиеттері

 

      Негізгі  қорлардың топтары

                      1

                       2

  1. меншік құқығы бойынша
    1. Меншікті:

Меншік құқығы негізіндегі  иеліктегі (жалға берілгендерін  қоса)

Оперативті басқару  немесе шаруашылық жүргізуде қолданыстағы

1.2. Жалға алынғандар

  1. қолдануға байланысты

2.1. Орнатылған

2.2. Орнатылмаған 

  1. қолдану дәрежесіне байланысты

3.1. қолданыстағы

3.2. қолданылмайтындар

  1. мақсаты бойынша

4.1. Өндірістік

4.2. Өндірістік емес

  1. Өндіріс процесіндегі роліне қарай

5.1. Активті

5.2. Пассивті


* Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М., 2006

 

Оларға мыналар жатады: патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және тауарлық белгілер, өндірістік ақпараттарды қолдану бойынша басқа да құқықтар, жер және табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ге арналған программалық өнімдер, интеллектуалдық меншікке құқықтар (ноу-хау) және басқалар.

Негізгі қорлар –бұл еңбек  қаражаттарына жататын материалдық-заттық құндылықтар жиынтығына салынған қаражаттар.

Бизнес жүйе ретінде  бұрын салынған капиталдар , соның  ішінде негізгі қаражаттарға, нәтижесінде  қызмет етеді және дамиды.

Капитал салымдарының пропорциялары  жөнінде дұрыс шешімдерді қабылдау нәтижесінде пайда табуға мүмкіндік  туады.

Кәсіпорынның салымдарының тиімділігін бағалауда , оларды іске қосу мен жаңартуды талдауда келесідей мәселелерді қарастыру керек:

Негізгі қорлардың қызметтік  пайдалылығы бірнеше жылдар бойы сақталады, сондықтан оларды иемдену  мен іске қосу бойынша шығындар уақыт  аралығына бөлінген;

. Сол себепті оларды  пайдалану тиімділігі тек қана  экономикалық факторлармен емес , әлеуметтік, экономикалық және  басқа да факторлармен анықталады.

Кәсіпорынның негізгі  капиталына салымдар капиталды салымдар деп аталады, ал шығындар –инвестициялық.

Капиталды салымдар деп  жалпы ішкі өнімнің бөлігі және де негізгі қорларды жаңарту мен  жасауға, айналым қаражаттарын өсіруге  бағытталатын шетел инвестициялары қарастырылады.

Капиталды салым салу жөнінде сұрақ әдетте, кез келген кәсіпорын  үшін  қиын болып келеді. Себебі айналымнан ақша қаражаттарының  үлкен бөлігі алынады, ал инвестициялық шығындар пайданы тек болашақта әкеледі.

Сондықтан негізгі капиталға  инвестициялардың мақсаттылығы жөнінде  сұрақтарды шешкенде капиталды салымдарды пайдаланудың әр бір нақты бағыттарының экономикалық тиімділігін бағалау керек.

Ол салынған капиталға  шығындар мен  мүмкін табыстарды салыстыруда  көрініс табады.

Соңғы жылдары республикада техникалық қайта жарақтану мен  өндірісті жөндеуге көңіл бөлінеді. Әдеттегідей бұл шаралардың тиімділігі жаңа құрылыстар салу мен кеңейтуден гөрі тиімдірек келеді. Бұл  капиталды салымдардың бір бөлігін үнемдеп қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа құрылысты жүргізуді кәсіпорын өндіріс күштерінің жаңартылған және толығымен қолданып жатса, бірақ өндіріс көлемін қосымша ұлғайту қажет болса бастау керек.

Мемлекет деңгейіндегі капиталды салымдарды қаржыландырудың  материалдық негізі болып жалпы ішкі өнім табылады. Нақтырақ айтсақ, ұлттық табыстың ағымдық тұтынуы көзделмеген бөлігі болып табылады. Жинақтауға қолданылатын ұлттық табыс негізгі капиталды кеңейтілген жаңартуды қаржыландырудың басты көзін білдіреді.

Оны қалпына келтіруде (реновацияда) маңызды рольды амортизациялық аударымдар атқарады. Олар біріншіден, негізгі қорларды жаңартудың міндеттерімен шартталған мақсатты ресурс болып табылады;

Екіншіден ,капиталды  салымдардың тұрақты көзі болып  табылады, себебі олардың мөлшері  кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінен  байланысты емес.

Осыдан басқа кеңейтілген  жаңартудың көзі болып шетел қарыздары мен инвестициялар да шыға алады.

Аталған ішкі көздер алғашқы  болып келеді. Қаржылық –несиелік  жүйе арқылы ақшалай қаражаттар бөлінеді, қайта бөлінеді және қаржылық ресурстардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлары түрінде көрініс табады.

Ұлттық табыстың бөлігі қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Оның қалған бөлігі материалдық өндіріс саласына қаржы  ресурстарының орталықтандырылмаған қорларын құруға бағытталады. Олар шаруашылық субъектілердің қарауында болады, яғни микродеңгейде қалыптасады.

Информация о работе Айналым қорлары