Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 19:53, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Кіріспе……………………………………………………………………………3
I.Кәсіпорынның айналым қорларының теориялық негіздері
1.1 Айналыи қорларының түсінігі мен мәні………………..…………………..4
1.2 Айналым қорларының құрылымы……………………………...…………...9
1.3 Ауыспалы айналым қаражаты…………………………………..………….13
II.Кәсіпорында айналым құралдырының пайдалануы
2.1 Кәсіпорында айналым қорларының экономикалық жағдайы……………18
2.2 Кәсіпорынның экономикалық қорлары.....................…………….……….19
2.3 Кәсіпорында айналым қорларын бағалау………………………………….21
III. «Caspian Beveriage Holding»АҚ айналым қорларын жетілдіру Жолдары мен мәселелері…………..............................................................…..22
Қорытынды……………….........……………………………..……………….32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................33
Ағымдағы активтедің құнына тең, ал өтімділікті жоғалту тәуекелі нолге тең болады.
Қаржы менеджменті теориясында ағымдағы активтерді қаржыландырудың түрлі стратегияларын анықтауға болады. Бұл менеджердің ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігін, яғни таза айналым капиталының салыстырмалы шамасыны, жабу көзін таңдауына байланысты. Активтерді басқарудың төрт моделі белгілі: идеалды модель; агрессивті модель; консервативті модель; келісімді модель.
Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялар үздіксіз ағымының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік қорлар мен кредиторлық қарыздың өсуіне аоып келеді, өндіріс дайын өнімнің өсуіне алып келеді, өткізу дебиторлық қарыздың, есеп шоттағы және кассадағы ақща қаражаттарының өсуіне алып келеді. Бұл операциялар көп рет қайталанып, нәтижесінде ақшалай түсімдерге және ақшалай төлемдерге алып келеді.
Айналым капиталының элементтері өндіріс аясынан айналыс аясына қарай және керісінше үздіксіз ауысып отырады. Айналым капиталының бөлігі үнемі өндіріс аясында (өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, складтағы дайын өнім, т.б.), ал екінші бөлігі – айналыс аясында (тиелген өнім, дебиторлық қарыз, ақша қаражаттары, құнды қағаздар, т.б.) үнемі болып отырады. Сондықтан кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен мөлшері тек өндіріс аясы қажеттіліктеріне ғана емес, айналыс қажеттіліктеріне де шарт болады.
Өндіріс және айналыс аясының айналым капиталына деген қажеттілігі әртүрлі шаруашылық әрекеттерінің түрлеріне ғана әртүрлі болмайды, тіпті бір саланың әр кәсіпорынына әртүрлі болады. Бұл қажеттілік айналым қаражаттарының заттық мазмұны мен айналыс жылдамдығына, өндіріс көлеміне, өндіріс ұйымдастырылуы мен технологиясына, өнімді өткізу, шикізат пен материалды сатып алу тәртібіне және т.б. факторларға байланысты.
«Caspian Beveriage Holding»АҚ - ның балансында көрсетілу әдісіне қарай айналым қаражаттары келесі топтарға бөлінеді:
қор түріндегі материалды айналым қаражаттары – ЕҚ. Бұған баланс активінің II бөліміндегі барлық статьялар кіреді: өндірістік қорлар, арзан бағаланатын және тез тозатын заттар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары, дайын өнім, тауарлар, басқа да қорлар;
дебиторлық қарыз – ЕДҚ. Дебиторлық қарыз құрамына баланс активінің III бөліміндегі келесі статьялар кіреді: тиелген тауарлар, дебиторлармен есеп айырысу (тауарлар, қызметтер, жұмыстар үшін, алынған вексельдер бойынша, еншілес кәсіпорындармен, бюджетпен, басқа операциялар бойынша қызметкерлермен, басқа да дебиторлармен), аванстар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілген, басқа айналым активтері,
Ақша қаражаттары - ЕА. Ақша қаражаттарына баланс активінің III бөліміндегі келесі статьялар кіреді: касса, есеп айырысу шоты, валюта шоты, басқа ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржы салымдары,
Айналым капиталының жалпы сомасы – Е.
««Caspian Beveriage Holding»АҚ ның 2008-2010 жылдардағы айналым капиталының жалпы сомасының өзгерісі келесідей:
2008 жылы айналым капиталының жалпы сомасы:
Е1 = 92,0 + 6110,0 + 665,0 = 6867,0
2009 жылы айналым капиталының жалпы сомасы:
2010 жылы айналым капиталының жалпы сомасы:
Е3 = 1502,0 + 103724,0 + 2965,0 = 108191,0
2-графигінде ««Caspian Beveriage Holding»АҚ ның 2008-2010 жылдардағы айналым капиталының жалпы сомасының өзгерісі бейнелік түрде көрсетілген.
*График 2. - ««Caspian Beveriage Holding»АҚ ның 2008-2010
жылдардағы айналымнан тыс активтертерінің жалпы сомасының өзгерісі
Графиктен көріп отырғанымыздай,
айналым капиталының жалпы
Кәсіпорынның иелігіндегі ақша активтерін немесе ақша қаражатын басқару жалпы айналымнан тыс активтерін басқарудың бір бөлігі. Кәсіпорын жұмыс барысында әрекет жасайтын қалдық ақша активінің көлемін, оның абсолюттік төлем қабілеттілік деңгейін анықтайды, операциялық кезеңнің мерзіміне әсер етеді, сондай-ақ белгілі мөлшерде оның инвестициялық мүмкіншілігін сипаттайды.
- ««Caspian Beveriage Holding»АҚ -ның салым ақшаларын қалыптастыру түрлі себептермен байланысты, олардың негіздері оның қалдық ақша қаражатының жіктелуінде.
1. Операциялық ақша активтерінің қалдығы |
2. Сақтандыру ақша активтерінің қалдығы | ||
Кәсіпорын салым ақшалырының түрлері |
|||
3. Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы |
4. Өтемдік ақша активтерінің қалдығы |
*Сызба 3 - - ««Caspian Beveriage Holding»АҚ ның шетел банкілеріндегі салым ақшаларының негізгі түрлері
Операциялық ақша активтерінің қалдығын
қалыптастырудың мақсаты
Сақтандыру ақша активтерінің қалдығы негізінен нарықтағы дайын өнімдер конъюктурасының нашарлауына байланысты және операциялық жұмыстан ақша қаражатының өз уақытында түспеуіне байланысты сақтандыру тәуекелдігін қалыптастыруға қажет. Қалдықтың бұл түрінің қалыптасуы кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігінің болуын ұстап тұруға, жекелеген қажетті қаржылық міндеттемелерді төлеуге қажет. Бұл қалдық ақша активтері түрінің мөлшеріне белгілі мөлшерде кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық несие алу мүмкіншілігі әсер ететді.
Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы нарықтың жекелеген сегменттерінде қолайлы конъюктура болуына байланысты тиімді қысқа мерзімджі қаржы салуды қалыптастырады.
Қазіргі еліміздің экономикасының дамуы жағдайына байланысты кәсіпорындардың басым көпшілігінің ақша активтерінің бұл түрін қалыптасытыруға мүмкіншілігі жоқ.
Өтемдік ақша активтерінің қалдығы – негізінен банктердің талабы бойынша кәсіпорынға есеп айырысу қызметін көрсетуге және оған басқадай қаржылық қызметтің түрін орындауға қалыптасады. Ол – азаймайтын ақшалай активтердің сомасы, оны кәсіпорын банктен жасалған келісім бойынша тұрақты түрде өзінің есеп шотында сақталуы керек. Мұндай қалдық ақша активтерін құру банктен кәсіпорынға несие берудің бір шарты ретінде қарауға болады.
Қаралған қалдық ақша активтерінің түрлері тек кәсіпорынның өз салым ақшасын қалыптастырудың экономикалық уәжін сипаттайды. Айталық, сақтандыру ақша активтерінің қалдығын қолданбайтын кезеңіне оны инвестициялық мақсатқа пайдлануға болады немесе кәспорынның қатарлас өтемдік қалдық ақша ретінде қарауға болады.
Сондай-ақ инвестициялық қалдық ақша активтерін, пайдаланбаған кезеңде – оны сақтандыру немесе өтемдік қалдық активі ретінде қарауға болады. Бірақта, әр аталған уәж есепке алынуы керек.
Қаржылық менеджментінің ақша активтерін басқару процесіндегі негізгі мақсаты мен бірге ақша активтерін басқару процесіндегі маңызды мәселенің бірі – уақытша бос ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Ақша салымын жинақтау және кәсіпорынның төлем қабілеттігін басқару оның ақша активтерін келесі элементтерге бөлінеді:
Ұлттық валютамен ақша активтері,
Шетел валютасымен ақша активтері,
өтімділігі жоғары қаржы бөлу түрінде ақша активтерінің қорлары.
Ұлттық валютамен ақша активтері |
Шетел валютасымен ақша активтері |
Қысқа мерзімді қаржы бөлу түріндже ақша активтерінің қоры |
Кассадағы ақша қаражаты |
Кассадағы валюта қаражаты |
Қысқа мерзімді ақша аспап түріндегі қор активтері |
Есеп шоттағы ақша қаражаты |
Валюта шотындағы қаражат |
Қысқа мерзімді қор асабы түріндегң қор активтері |
Арнаулы есеп шоттағы ақша қаражаты |
Арнайы шоттағы валюта қаражаты |
|
Жолдағы ақша қаражаты |
Жолдағы валюта қаражаты |
*Сызба 3 - Кәсіпорынның төлем қабілеттігін қамтамасыз етуші ақша
активтерінің негізгі элементтерінің құрамы
Кәсіпорынның ақша активтерінің құрамын қаржылық менеджменттің көзқарасымен сипаттай отырып, атап кететін жай, мұндағы трактат бухгалтерллік есептен кең. Бухгалтерлік есепте қысқа мерзімді қаражат бөлу айналым активтерінің құрамында жеке дара есеп объектісі және есеп беру ретінде қаралады, ал қаржылық менеджмент қысқа мерзімді қаржы бөлуді бос ақша қалдығы активтерін қор түрінде орналастыруды қарайды, өйткені ол кез келген уақытта кәсіпорынның қаржылық міндеттемесін орындауға қажет болуы мүмкін.
Қаржы менеджментінің негізгі мақсатына сай, ақша активтерін басқару процесінде, оны басқаруға сәйкес саясат қалыптастырылады. Осы саясатты қалыптастыру процесінде есепке алатыны, кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету талабы көп мөлшерде ақша активтерін жасаудың қажетілігін анықтайды, яғни кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігі шеңберінде орташа қалдықты барынша көбейту.
Басқа жағынан қарағанда, ескеретін жай, кәсіпорынның ақша активтерін ұлттық валютамен сақтау кезінде, оның инфляцияға байланысты нақтылы құнынан айрылу қаупі бар, одан басқа ақша активтері ұлттық және шетел валюталарыда сақтау кезінде өз құнынан айрылады, осыған байланысты олардың орташа қалдығын барынша азайтуды қажет етеді. Осы аталған қарам-қайшылықты талап ақша активін басқару саясатын жасаған кезде ескерілуі тиіс. Соныменен, ақша активтерін басқару саясаты – кәсіпорынның айналымды активтерін жалпы басқару саясатының бір бөлігі ретінде қаралады, олардың жиындық қалдық мөлшерін оңтайландыру арқылы кәспорынға тұрақты төлемқабілеттігі қамтамасыз етіледі.
Ақаша қаражаттары көбінесе пайдасыз активтер деп аталынаы. Олар еңбекақыны төлеу үшін, шикізат, материаолдарды, негізгі құралдарды сатып алу үшін, салықтарды төлеу, қарыздарды қайтару, дивидендтерді төлеу және т.б. үшін қажет. Бірақ та ақша қаражаттары өздігінен пайда әкелмейді. Сондықтан ақша қаражаттарын басқарудың негізгі мақсаты – оларды фирманың қызметін жүзеге асыруға қажетті минимумды деңгейде ұстап тұру. Басқа сөзбен айтқанда, ақша қаражаттарының шоттардағы және кассадағы сомасы мыналарды жзеге асыру үшін қажет болу керек: а) мердігерлердің шоттарын уақытында төлеу; б) несие қабілеттілікті ұстап тұру үшін; в) күтілмеген шығындарды төлеу.
Ақша қаражаттарын басқару соңғы 20 жыл ішінде көптеген өзгерістерге тап болды. Бұл негізінен екі фактордың әсерінен болды. Біріншіден, 1982 жылдан бастап проценттік ставкалар жоғарлау тенденциясына ие болды, ал бұл, өз кезегінде, банкте ақша қаражаттарын сақтаумен байланысты шығындардың өсуіне алып келді және қаржы менеджерлерінің қаражаттарды басқаруда тиімді әдістерді іздеуге мәжбүр етті. Екіншіден, жаңа технологиялар, олардың ішінде есептеу кезінде электрониканы қолдану, ақша қаржаттарын есептеуді нақты уақыт кезінде жетілдіріге мүмкіндік береді.
Ақаша қаражаттарын басқару фирма және оған қызмет көрсететін банк жүзеге асырады. Бірақ онымен бірге, бұл процестің тиімділігі жоғары дәрежеде қаржы менеджеріне байланысты болады. Ақша қаражаттарын басқару әдістер клесідей болады: 1) ақша ағымдарын синхронизациялау; 2) жолдағы ақша қаражаттарын қолдану; 3) ақша түсімдерін жылдамдату; 4) банк есеп айырысуларын кеңістік-уақыттық жетілдіруі; 5) төлемдерді бақылау.
Бизнес аясында негізгі
ролді ірі компаниялар
Енді ақша қаражаттарын басқару әдістерін тереңірек қарастыра кетейік.
Ақша ағымдарының
Бұндай жағдай фирмаға да тән. Божамдардың нақытлығын қамтамасыз етіп және ақша түсімдерінің ақша шығындарымен келістірілуін қамтамасыз етіп, фирма шоттағы орташа қалдықты минимуға дейін қысқартуы мүмкін. Бұны біле тұра, коммуналды қызмет көрсететін компаниялар, мұнай компаниялары, несие карточкаларын өндірумен айналысатын компаниялар ай бойында тұрақты "төлемдік цикл" бойынша мердігерлемен төленуге тиіс сомаларды аудару туралы, ал сатып алушылармен қарыздарды қайтару туралы келісм жүргізеді. Бұл ақша ағымдарының синхронизациялануына әкеледі және ол өз кезегінде шоттағы қалдықты жоюға, банк несиелерін азайтуға, проценттерді төлеуге кететін шығындарды азайтуға және пайданы көбейтуге әкеледі.