Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 19:06, курсовая работа
Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.
Несиенің берілуі мен өтелуі қарыздын көрсетілуінін ортақ біртұтас сызбасы барысында ссудалық шоттар өзара ажыратылуы мүмкін:
· ашылуы мақсатына қарай
· айналым мен өзара байланысты бойынша
Ашылуы мақсатына қарай ссудалық шоттары депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда клиент өзінің банктік депозитке салынған меншікті қаражатын жұмсап қойған ғана белгілі бір мөлшерде несие алуға құқық алады. Мұндай ссудалық шоттарды халық көбіне өз қаражаттарын шоттарға сақтай отырып банк несиесін пайдалану қажеттігі жағдайында алуға мүмкіндік алады. Егер бұл шоттағы дебеттік қалдық шықса онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.
Айналымы мен өзара байланысы бойынша ссудалық шоттардын үш типі болуы мүмкін:
1.Айналым - төлемділік
2.Қалдықты - компенсациялық
3.Айналым - қалдықтық
Ссудалық шоттардын үш типі де мәні жағынан несиелеудін жоғарыда айтылған үш әдісіне сғйкес келеді, айналым бойынша, қалдық бойынша, айналым-қалдықтық әдісі бойынша.
Айналым – төлемділік ссудалық шоттың ерекше бір түрін контрагенттік шот құрайды.
Контрагенттік шоты-банктік тәжірибеде банктердің бірінші классты несиелік және төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несие беруде активті-пассивті (есеп айырысу-ссудалық) шоттарды біріктіре отырып, пайдалануын білдіреді. Бұл шот банк сенімінің ең жоғарғы формасын сипаттайды. Контрагенттік шотының дебет жағы бойынша клиеттін өндірістік қызметіне жғне пайданы бөлуіне байланысты барлық төлемдер, ал кредитіне клиенттін есебіне түсетін түсімдер және басқада түсімдер де есепке алынады. Бұл шоттын кредиттік қалдығы клиенттін сол уақытта айналымда бар меншікті қаражатын, ал дебеттік қалдығы айналымға банк несиесінін тартылғандығын яғни ол бойынша пайыз төлеп отырғандығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта арнайы ссудалық шоттар бойынша тауарлар қорлары айналымына байланысты бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сонымен қатар сату жабдықтау ұйымдары несиеленеді. Кәсіпорынға тек бір ғана арнайы ссудалық шот ашулы мүмкін. Бірақ-та банк кәсіпорындағы жекелеген қандайда бір тауарлар шаралары үстіне несиелеу қажет деп санаса, онда оған жай ссудалық шоттар ашуға мүмкіндік береді.
Несиелік мәмілені құжаттау. Кез келге экономикалық мәміле, оның ішінде несиелік мғміле құжаттылуды талап етеді. Бастапқы кезде банк пен клиент арасында ауызша келісім жасалып оның соңы банкке несиелік ресурсқа сұралатын өтініштін жазбаша түрде несиенін мақсатын көрсете отырып тапсырылуымен аяқталады. Банкте клиенттін қаржылық жағдайын анықтауға және оның несиелік қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін материалдар болуға тиіс. Сондықтан да банк клиенттен оның қызметі жайлы соңғы 2-3 жылдағы жыл басына жасайтын кғсіпорыннын балансын, қажет болған жағдайларда таяу айдағы күнге жасалатын балансын талап етеді. Кәсіпорыннын балансына қоса банкке пайда жғне зиян туралы ақшалай қаражаттар қозғалысы туралы есептерін береді.
Клиенттің белгілі бір мақсатқа несие алуға оның қажетті мөлшерін сыйақы мөлшерін және нақты мерзімнен тұратын несиеге деген қажеттілікті негіздейтін, басқаша айтақанда техникалық-экономикалық негіздемесі немесе бизнес жоспары болуға тиіс. Банкке берілген ссуда алуға деген өтінішімен қатар несиелік мәміленін шарттарынан туындайтын талаптарды орындау барысында арнайы құжатты қарыз алушынын мерзімді міндеттемесі болады.
Несиелік шарттан басқа, қажет болған жағдайда, кепілі шарт туралы келісім шарт жасалады. Іс жүзінде егер кепіл несиелік мәмілеге қатысатын болса, онда міндетті түрде кепіл туралы келісім шарт жаслауға тиіс. Сөйтіп ол кейде нотариалды түрде куәләндыруы да мүмкін.
Несилеу процесі барысында клиент банкке басқада құжаттарды (кепіл-хаты, үшінші-бір тұлғаны кепілдемесін, әр түрлі орындардан анықтама қағаздарды) тапсырады.
Өкім несиенін бағытын белгілейді. Ол клиенттін тілегіне және нақты жағдайына байланысты болады. Бағыттарына байланысты несиені берілуі үш түрлі болуы мүмкін:
1.Ссуда клиенттін есеп айырысу шотына аударылады.
2.Ссуда есеп айырысу шотына түспей тауарлы жғне тауарлы емес операциялар бойынша әр түрлі төлем құжаттарын төлеуге беріледі.
3.Ссуда бұрын берілген несиелерді қайтаруға беріледі.
Барлық қатынастарда клиенттін ссудалық шоты дебеттелінген жғне есеп айырысу шоты (бірінші жағдай), басқа кәсіпорындардын, ұйымдардын, мекемелердін шоттары, (екінші жағдайда) сол сияқты белгіленген мерзімде қайтарылуға тиісті қаржы бойынша ссудалық шот (үшінші жағдай) кредиттелінеді.
Несие берілу көлемі бойынша да ажыратылады. Мұнда үш вариант болуы мүмкін
1) ccуда толық есеп айырысу шотына түсіріліп сол шоттан жұмсалады
2) несиенін толық көлемін алу құқығын клиент біртіндеп қосымша ақшалай ресурсқа деген қажеттілікке байланысты іске асырады.
3) Клиент несиелік шартта бұрынырақ көрсетілетін несиені алу көлемінен бас тартуы мүмкін
Несиенін бағытын бірінші варианті клиент үшін екінішісімен салыстырып қарағанда экономикалық жағынан тиімді себебі толық несиені алып, оны біртіндеп жұмсау банктін несиелік көмегімен қымбатталады. Еске салатын жәйт: әр күні алған несие үшін судалық сыйақы төлеу қажет. Несие үшін төлеу есебі несиеге рұқсат алған күнінен емес ссудалық шотта алынғандығы көрестілген бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Қалыпты жағдайда клиенттін несиені алудан бас тартуы банктін зиян шегуіне алып келеді. Банк клиенттін кінәсіне байланысты өз ресурстарын тоқтатып коя алмайды, себебі олардын басым бөлігі өз кезегінде ақылы тартылған ресурстар. Бұл жағдайда банк басқа қарыз алушыларға несиені беру уақытын жіберіп алғаны үшін клиенттен бұл зияндардын орыннын жабуын талап ете алады.
Несиінін қайтару тәсілдері.
Несиенін берілуі сияқты несиені қайтарудын бірегей жасалған үлгісі жоқ. Іс жүзінде суданы қайтарудын төмендегідей көптеген варианттары болады:
1. Мерзімді міндеттемелер негізінде эпиздотық қайтару
2. Меншікті қаражаттардыни жинақталуын жғне несиеге деген несие айырысу шотына қажетіліктін азаю шамасына қарай қайтару
3. Алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару
4. Түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу
5. Несиенін қайтарылуын мерзімін созу
6. Мерзім өткен қарызды «Мерзімі өткен несиелер» шотына аудару
7. Банк резервінен есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру
Ссудалық қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процессті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтарылуына қарай:
1. Несиені толық қайтару
2. Несиені жартылай қайтару
Қайтару жиілігіне қарай:
1. Несиені бірден қайтару
2. Несиені бөліп бөліп қайтару
Қайтарудын жүзеге асырылуы уақытына қарай
1. Несиені жүйелі түрінде қайтару
2. Несиені эпизодтық қайтару
Қайтару мерзіміне қарай
1.Несиені мерзімді қайтару
2.Несиенін уақытын созып қайтару
3.Несиенін мерзімін өткізіп барып қайтару
4.Несиені мерзімінен бұрын қайтару.
Қайтару көздеріне қарай
1.Клиенттін меншікті қаражаттары
2.Жана несиені пайдалану
3.Кепіл берушеніні шотынан шегеру
4.Басқа
кәсіпорын шотынан түскен
5.Бюджеттік түсім және т.б.
Несиенін
қайтарылуын арнайы құжат арқылы
жаасауға да жасамауға да болады. Несиенін
қайтарылуын негіздейтін
Банк несиелік келісім шарттың орындалуына және қарыз алушының толық қайтуына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнына ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алынған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар қолданылады. әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.
Несиелеу процесінде жасалатын
бақылау банктің несиелік
Қарыз алушының несиелік
2
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ
НЕСИЕЛІК ПОТЕНЦИАЛЫН
ТАЛДАУ
2.1
Коммерциялық банктің
несиелік потенциалына
жалпы сипаттама
Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциялын өсіру мәселері мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие болды. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары халық шаруашылығының уақытша бас ресуртары жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктікжүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығынан құралды. Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құрылды.
· депозиттер
· банкаралық зайымдар
· меншікті қаражаттар
· депозит емес көздер
Депозиттердің сапалығы, тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса,банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің сапалығы мен жылдамдығы банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты.