Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Файлы: 1 файл

меруерт.doc

— 247.50 Кб (Скачать)

Кіріспе 

      Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

     Коммерциялық  банктерде меншіктік капиталды  қалыптастыру банк қызметінің алдындағы  бірінші міндеті. Меншікті капитал  бәрінен бұрын қаржылық ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде қажет.

     Сонымен бірге банктер мен ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын комуналдық облигациялар әртүрлі мемлекеттік  заңды тұлғаларға қарыздар бойынша  талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң өсім ақылы және әдетте оның 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.

      Коммерциялық  банктер бағалы қағаздарды нарықта  сата отырып, қайта сатып алу операциясын (репо) жасайды. Бұл банктердің өтімділігін  реттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жүмылдыру үшін өте икемді және ыңғайлы тәсілі.

      Несиелік  ресурстар – ақшалай қаражаттардың  бір формасы. Демек, біздің көзқарамызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым  дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық  негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.

      Несиелік  ресурстар – банктік жүйенің  арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығынан тұрады. Несиелік ресурстар  пассивтік операциялар нғтижесінде  құралады. Пассивтік операциялар  көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады. 

      Банкаралық  займдар – банктің ресурстық  потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың  маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады  және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады.

      Банкаралық  займдар ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы  корреспондеттік шоттардың ақшалай  қаражаттарының қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.

      Қазіргі банктердегі несиелеу жүйесінің  басты ерекшелігі тек қана тартылған  және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер  үшін ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.  

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 

1.1 Несие: оның мәні, мазмұны 

      Қарыз  мәмілесі  ретінде  несиені  екі  көзқараста   қарастыруға  болады.  Біріншіден,  оның  техникалық  заңдылық  белгілері  көзқарасынан,  екіншіден  әлеуметтік  мазмұны, яғни  осы  келісім  негізінде  өсетін  және  дамитын  немесе  онда  өз  көрінісін  табатын  өндірістік  байланыстар  типін  сипаттайтын  белгілер  тұрғысынан.  Бұл  екеуі  бір – бірінен  бөлінгісіз,  бұлар  өзара  байланысты   және  себепші. Бірақ  экономикалық  талдау  үшін  маңыздысы  қарыз  мәмілесінің  эканомикалық  мазмұны  яғни  өндірістік  қатынастардың  белгілі  формаларымен  байланысты  шаруашылық  әдістері,  жұмыс  тәсілдері  емес,  өндірістік  қатынастардың  өзі  болып  табылады.

      Несиеге  қатысты  осыны  айтуға  болады.  Несиені  оның  техникалық – заңдылық  белгілері  жағынан  тауарлар  айналысы  процессін  жүзеге  асыратын  мәміленің  белгілі  бір  типі  ретінде  қарастыруға  болады.  Бұл  жағдайда  несие  олардың  алдында  техникалық  немесе  құқықтық  категория   ретінде  танылады.  Несиені  құбылыстардың  экономикалық  мазмұны  ретіндегі  көзқарас тұрғысынан  қарастыруға  болады.  Бұл  жағдайда  несие  олардың алдында  экономикалық  ғылым  категориясы  ретінде  қабылданады.  Несие  теориясы   оны  техникалық -  заңдылық  категория  ретінде  емес,  қоғамдық – экономикалық  категория  ретінде  қарастырады.  Несиені  оның  формальді  - заңдылық  белгілері  жағынан  оқып  білудің  несиелік  мәмілені  тек  меншіктің  қозғалысы  әдісінің  ерекше  түрі  ретінде  түсіну  үшін  маңызы  бар. Сондықтан  несие  экономикалық  категория  ретінде  несиелік  мәміленің  ерекше   техникалық - заңдылық  белгілерімен  сипаттала алмайды.  Осылайша,  несие - өндірістік   қатынастарды  білдіретін  экономикалық  категория.  Несие  экономикалық  категория  ғана  емес,  сонымен  қатар    тарихи  категория  екенін  атап  өту  керек. Ол  өндірістік  күштердің  тек  белгілі  бір  дамуында  пайда  болады. 

     Тауардың  бір  тауар  иесінен  басқаға  ауысуы   нарықта  айырбас  арқылы  жүзеге  асады.  Тауар  айырбасы  сферасының  несие үшін  маңызы  зор.  Оның  пайда  болуын  ішкі  тұтыну  үшін  өндірілген  өнімдер  сферасынан  емес,  тауар  иелері, экономикалық  қатынасқа түсуге  дайын меншік  иелері  дербес  заңды тұлға ретінде бір – біріне  қарама – қарсы тұрған  айырбас сферасынан  іздеу қажет. 

      Несие  бәрінен  бұрын   тауар  өндірісі  процессінде  пайда  болатын  оның  негізгі   өндірістік  қатынастарымен  анықталатын қоғамның  әлеуметтік  байланыстарының  белгілі  бір  типі.  Сондықтан  несие   экономикалық  категория  ретінде  тек  өндірістік  қатынастар  шеңберінде  ғана  сипатталуы  мүмкін.  Бұл  несиені экономикалық  мазмұны  көзқарасы  тұрғысынан  қарастыруға  қатысты.  Несие  әлеуметтік  байланыстың  белгілі  бір  типі   бола  отырып,  өндірістік қатынастар  тобына  жатады.  өндірістік  қатынастар  өз  жиынтығында  қоғамдық  қатынастар,  қоғам  аталатындарды  құрайды  және  сонымен қатар тарихи  дамудың белгілі бір сатысында тұрған,  өзіне ерекше  сипаты  бар қоғамды құрайды.  Қоғамның  негізгі өндірістік  байланыстарына  сүйенген  неселік қатынастар   жекелеген тұлғалар  мен кәсіпорындар,  кәсіпорындар  мен мемлекет,  мемлекет  пен тұрғындар,  адамдардың  әлеуметтік  топтарының  арасындағы  тауарлар  айналысы  сферасында   пайда болады.  Айналыс сферасы немесе  тауарлар  айналысы  өндірістік  қатынастармен анықталады.  Осылайша  белгілі бір өндіріс белгілі бір  тұтынуға,  үлестіруге,  айырбасқа және  осы әр  түрлі жағдайлардың  бір – біріне  белгілі бір қатынасына  себепші болады.  Өндіріс жағдайындағы  айырбас құнның  немесе  меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы  тәрізді әр  түрлі тәсілдерімен   жүзеге  асырылады.  Мұндай  тәсілдердің  бірі  қарыз  деп аталатын  тауар  айналысының  бір   формасы  болған  мәміле  типі  болып  табылады. Тауар  айналысының  мұндай  формасы  өндірістің ерекше  шарттарымен  анықталады,  осы  себептен  тауарлардың  иеліктен  шығаруылуы  уақыт  бойынша  олардың  бағасының  өткізілуінен  бөлініп  қалады .  Бұл шарттар  мынаған   байланысты: «тауарлардың  бір  типі  өз  өндірісіне  көп  уақытты,  ал  басқа  түрі  анағұрлым  аз  уақытты   талап  етеді.  Әр  түрлі  тауарлардың  өндірісі  жылдың  әр  түрлі  мерзімімен   байланысты.  Бір  тауар  өз  нарығында  пайда  болса,  басқасы  алыс  нарыққа  сапар  шегуі  қажет.  Сондықтан  әлде  бір  тауар  иеленуші  келесі  бір  сатып  алушыдан  бұрын  сатушы  ретінде  көрінуі  мүмкін. Бірдей  мәмілелердің  бір тұлғалардың арасында  жиі қайталануы  кезінде тауарларды  сату  шарттары  олардың өндіріс шарттарымен   реттеледі.  Екінші   жағынан ,  тауарлардын белгілі   бір тарапын   пайдалану,  мысалы   дейді,  белгілі бір уақыт аралығына сатады.  Бұл жағдайда  сатып алушы тек мерзімі кеткеннен кейін ғана  шын мағнада тауардын   тұтыну құнын алады.  Сондықтанда   ол  тауарды төлемі  төлегеннен   бұрын алады». 

     Өндірістік   капиталдардың  қозғалысы   олардың  бір  формадан   басқа  формаға  ауысуымен  тұйықталмайды,  қозғалыс  олардың   ұдайы  өндірісінің  процесі,   капиталдардың   шеңбер  айналымы   болып  табылады.

           Капиталдардың  үнемі  қайталанатын  шеңбер  айналымы – бұл   капиталдардың  айналымы.   Өндірістік  капиталдардың  бірде  тауар   формасында,  бірде   ақшалай  формада   болуы  олардың   қозғалысының   жалпы  формасы  болып  келеді,  яғни  олардың  ұдайы  өндіріс  формасы   болып  саналады.

     Өндірістік   капиталдардың   жүйелі   түрде   бір  формадан басқа   формаға  айналуы,  сонымен  қатар   олардың үнемі  шеңбер   қозғалысы,  капиталтардың   шеңбер  айналымы  және  айналымы  барлық  жерде  бірдей  емес;  әрбір  нақты  жағдайда  олар  өндірістің    тауар  айналысының  ерекшеліктерін   қамтып  көрсетеді.   Өндірістік  капиталдардың   қозғалысы  олардың  шеңбер  айналымы   шегінде   үздіксіздігімен   ерекшелінеді.  Олардың қозғалыс  процесінде  ақшалай  қаражаттардың  құйылуы  және  кері  қайтуы,  ресурстарда    және   оларды   жабатын  көздерде   қажеттілердің   толқуы  байқалады.  Мұны  функционалдық  формаларының   өзгерісіне  қарай   негізгі,  содай – ақ  айналым  капиталдарының  да   қозғалысына   байланысты   байқауға  болады.

      Тауарларды  жөнелту  мерзімі,   оларды  өткізуден  түсім  алу  мерзімімен  әрқашан  сәйкес  келе  бермейтіндігі   белгілі.  Бұл  көбінесе   тауар   өндірісі   орынын   көп  жағдайда  алыс  орналасуына  сонымен бірге,   тауарларды  өткізу  нарығынан  бұл  алшақтың   едәуір  болуы   және  уақытша   бос  ақшалай  қаражаттарға  деген   қосымша   қажеттілікті  тудыруы  мүмкін.  Біріншеден,  қоғам  босатылған   ресурстардың  бекерге  доғарылуын  болдырмауға,  екіншіден,  ұдайы  өндірістің   үздіксіз  жүзеге  асуына  мүделі  болады.  Өндіріс  уақытымен   айналыс  уықыты   арасындағы  сәйкес  келушілік   құндық  субстанциясы  бар   жиынтық   ұлттық  өнім  қозғалысына   қатысты .  Босатылған  жиынтық ұлттық  өнім  құнының барлық  бөліктерінің  - «С»,  «V»  және  «М» -  өнімдері  болуы  мүмкін.  Мысалы: жалпы  экономика  көлемінде    өндірістік  процесінде  жұмсалған  өндірістік  құралдарын  қалпына  келтіру  бірден  жұмсалмайды:  амортизациялық  аударымдар  жинақталады,  бос  ресурстар  өз  қозғалысында  тоқтап  қалған  жғне  өнімді  пайдалануды  талап  ететін  құндар  түрінде тұрып  қалады.  Ұдайы   өндірістің   объективті  процестеріне   байланысты   құн  өндірісте   толығымен  қатыспайтын  «V» -  да   да  осындай  көрініс  байқалады,  оның  кейбір  бөлігі  уақытша  пайдаланылмайды  жғне  ақшалай  формада  банктегі  шоттарда   тұрып қалады.  Әрине,  бұл қоғамдық  өнім  құнның  уақытша босатылған  бөлігі   несиеге негізделіп  жинақталады,  қарыз ақша  түрінде өз  қозғалысын  жалғастырады.  Мұнан басқа «М» түрінде жаңадан жасалған  құнның  бөлігі  де  несие арқылы  қайта бөлу  сферасына  тартылуы,  несие  қозғалысына  құндық  сипат  беруі  мүмкін.  Тауар  шаруашылығы  жағдайында  өндірістік  капиталдардың  (негізгі  және  айналым)  шеңбер  айналымы  және  айналымы  несиенің  объективті  қажеттілігін  толық  түрде  түсіндіре алмайтынын  атап  өту керек.  Уақыт бойынша капиталдың   шеңбер  айналымының   кеңістікте  бір қалыпты еместігі   тек қаражаттардың бір буынында  босатылуы және  басқа   буында   оларға  қажеттіліктің    бар болу  фактын   сипаттайды.  Демек,  тауар  шаруашылығында  капиталдың  шеңбер  айналымы  және   айналыиында  несиелік  қатынастардың   пайда  болу   мүмкіндігі   қаланған.

         

1.2 Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама 

      Несиелеу  жүйесі несиелік процесті ұйымдастыруды  және несиелеу приницптеріне сай оны реттеуді анықтайтын элементтер жиынтығы ретінде түсіндіріледі.  Қазіргі несиелеу жүесінін құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

      ·                   несиелік қызметті реттеуге бағытталған заңдармен нормативтік-актілер

      ·                   несиелік саясат

      ·                   несиелік механизм

      ·                   несиелеу техникасы

      Қазіргі несиелеу жүйесі банктін ресурсына  негізделеді. Бүгінгі жағдайдын  бұрынғы әрекет еткен жүйеден  айырмашылығы - ол уақытта несиелі  мекемелер өздері жоғарыдан берілген несиелік ресурстар мен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктер мен жинақталатын ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі басқармасында орталықтандырылған түрде жинақталып қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырыған. Сондай несиелеу шегінде, сол немесе басқа аумақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінін ол уақыттарында қаражат жинақтау деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардын активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердін көлемі толығымен банкттердін   тартылған қаражаттарын байланысты. Бұл берілетін несиелердін  ауқымынын, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасатын пайда мөлшерін көрсетеді.

      Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудін тек кәсіпорыннын қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес. Сонымен қатар несиелік мекеменін рентабельдігін арттыру үшін де несиелеудін маңызы зор. Дәл осы тұста  коммерцияның: «арзанға сатып алып қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл әрине клиенттердің несиелері мен депозиттеріне сол сияқты банк аралық несиегеде тиісті. 

      Қазіргі несиелеу жүйесінін басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқада нормативтер, ол  ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резевтер түрінде ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансынын өтімділігің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.

Информация о работе Коммерциялық банктер