Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 19:54, реферат

Краткое описание

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2008 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады.

Файлы: 1 файл

акша каражаты курс - копия.docx

— 64.99 Кб (Скачать)

 

Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша  меншікті акцияларды сатып алуды  жүргізуге құқығы бар. Акцияларды сатып алу:

  • акционерлік қоғамның акциялары үшін қолайлы конъюнктураны ұстап тұру;
  • әрбір айналым жасаушы акциялардың кірісін көбейту;
  • өзге компанияларға сату үшін қолда акциялардың қажетті санына ие болу;
  • өзге заңды және жеке тұлғалардың акциялардың бақылау пакетін басып алуын жою;
  • опциондар арқылы жұмысшылармен қызметкерлерге таратып бөлу үшін қолда акциялардың болуы, яғни белгілі бір жеңілдік жағдайларда қызметкерлер (жұмыскерлер) арасында акциялар тарату туралы әкімшілік пен оның қызметкерлері (жұмыскерлері) арасындағы келісім үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

Сатып алынған меншікті акциялар –  бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған  акциялар. Сатып алынған акциялар, фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық  бермейді.

Сатып алынған акциялар:

  • айналымнан алынып қойылуы;
  • сатылуы және қор нарығы айналымында тағы да пайда болуы мүмкін.

Акционерлік қоғам жарғылық капиталды азайту және айналымнан акцияларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау кезінде:

  • жарғылық капиталдың азаюын мемлекеттік органдардан тіркеуден өткізуі;
  • акционерлік қоғамның тиісті міндеттемелерін орындауды мерзімінен бұрын тоқтатуды және шығындарды (зияндарды) жабуды талап етуі мүмкін барлық кредиторларды хабардар етуі тиіс.

Сатып алынған акцияларды қайтарып алу кезінде акцияларды жою туралы Акт жасалады. Актіні комиссия жасайды және лауазымды тұлға оны бекітеді.

Акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттар қалыптастыру үшін 521 «Қайтарып алынған капитал» шоты тағайындалған. Аталмыш шоттың дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған акциялардың құны, ал кредит бойынша сатып алынған, айналымнан қайтарып алған немесе опциондар арқылы сатылған акциялардың құны көрсетіледі.

Қайтарып алынған капитал есебі бойынша негізгі бухгалтерлік есеп жазуларын келесі кестеде қарастырамыз:

 

                    

 

 

                        Қайтарып алынған капитал есебі

п/п

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Корр. шот

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1.

Акционерлерден сатып алу құны бойынша меншікті акциялар сатып алу

 

521

431,432,

441,451,

452,

2.

Сатып алынған акциялардың сатып алу және номиналды құны арасындағы айырма:

   

Егер акциялар олардың номиналдық құнынан төмен баға бойынша сатып алынса

 

521

 

561

Егер акциялар олардың номиналдық құнынан жоғары баға бойынша сатып алынса

561

521

3.

Айналымнан қайтарып сатып алынған меншікті акцялар:

   
 

Қарапайым акциялар

501

521

 

артықшылығы бар акциялар

502

521

4.

Өз жұмыскерлеріне опцион арқылы сатып алынған меншікті акцияларды сату

431,432,

441,451,

452

 

 

521




 

                     

Резервтік капитал есебі

 

Резервтік капитал – бөлінбеген кіріс есебінен құрылатын, акционерлік  қоғамның немесе шаруашылық серіктестігінің  меншікті қаражаттарының бір бөлігі. Резервтік капитал шаруашылық қызметтен құрылған шығындарды (зияндарды) жабуға немесе есепті жылдың бөлінбеген кірісі жеткіліксіз болғанда дивидендтерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталдың құрылуы мен оны пайдалану тәртібі заңдармен және құрылтайшылық құжаттармен айқындалады. Резервтік капиталдың ең төменгі мөлшері жарғылық капиталға пайыздық қатынастармен белгіленеді.

Белгіленген тәртіпте жарғылық капиталды  көбейту кезінде, соған сәйкес резервтік капитал сомасы да көбеюі тиіс. Шаруашылық жүргізуші серіктестік, егер бұл құрылтайшылық құжаттарда қаралған болса, заңмен белгіленген ең төменгі мөлшерден тыс қосымша резервтік капитал құруға құқығы бар.

Резервтік капиталдың болуы мен  оның қозғалысы туралы ақпараттар қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарында 55 «Резервтік капитал» бөлімінің  келесідей шоттары қаралған:

  • 551 «Заңмен белгіленген резервтік капитал»
  • 552 «Өзге де резервтік капитал»

Резервтік капитал есебі бойынша негізгі бухгалтерлік есеп жазулары келесі кестеде келтірілген.

                          

Резервтік капитал есебі

 

п/п

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Корр. шот

Дебет

Кредит

1.

Резервтік капитал құру:

   

заңмен белгіленген сома шегінде

561,562

551

заңмен белгіленген сомалардан тыс

561,562

552

2.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану:

   
 

Есепті жылдың бөлінбеген кірісі жоқ болғанда немесе жеткіліксіз болғанда артықшылығы бар акцияларға дивидендтер есептеуге

 

 

551,552

 

 

622,687

 

Есепті кезеңнің немесе өткен жылдардың шығындарын (зияндарын жабу) жабуға

 

551,552

 

561,562


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  Қазіргі таңда «Акционерлік капитал  есебінің» әртүрлі жүйедегі мүмкіндіктері бар. Оларды қалыптастыру кәсіпорындардың көлемінің, қызмет ауқымының әр түрінде қолданыс табуда.

Акционерлік капиталдың есебін ұйымдастырғанда бухгалтерия жұмысының қарқынын кеңейту мен кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне бақылауды жақсарту және де кәсіпорынды басқаруды дұрыс қолға алуда маңызды болып табылады.

Меншікті капитал қаржылық есеп беруде бірден- бір бөлінбейтін  қажет категория. Халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастырылған стандарттау  құралы кәсіпорынның қаржылық есеп беруі  бухгалтерлік есебі емес. Көптеген отандық бухгалтерлер  халықаралық  қаржылық есеп  стандартын аша отырып, белгілі бір операцияны қалай  есептейтінін, алғашқы құжаттарды дайындау және толтыру туралы одан реттеуші құжаттар, нормативтік актілер іздемекші  болады. Бірақ, бұл былай емес. Батыстық бухгалтерлер үшін қаржылық есеп инвесторлармен, меншік иелерімен қарым-қатынас  жасайтын тіл ретінде маңызды, себебі оларға кәсіпорынның есебі қалай  жүргізілетіні, яғни жеңілдетілген  режимде немесе журнал - ордерде немесе есептің автоматтандырылған әдісін қолдану - қолданбау маңызды емес. Бухгалтерлік есепті жүргізуде ақпаратты жинау және әзірлеу қағидасы сол қалпы қалады, өйткені халықаралық қаржылық есеп беру стандарты бухгалтерлік есепті жүргізуді реттемейді. Сондықтан да бухгалтерлерге есепті жүргізуде стандарттың әрбір әрібін қатал ұстану міндетті емес. Халықаралық қаржылық есеп  стандарты бұл қоғамдық қызығушылықтарды сипаттайтын, қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну тәртібі үшін қажет жүйе. Халықаралық қаржылық есеп  стандарты  көптеген мемлекеттерде қолданылатын бизнес тілі. Сондықтан да Қазақстанға инвесторлар қажет болғандықтан экономикалық тиімді, ал инвесторлар болса қаржылық ақпаратты  халықаралық қаржылық есеп  стандартына сәйкес ұсынуды талап етеді.

Халықаралық қаржылық есеп  стандартының артықшылығына келетін  болсақ, біріншіден, оның қабылдауда оңайлылығы, өйткені оны дайындауда әлемдік  тәжірибе қолданылды. Екіншіден, халықаралық  қаржылық есеп  стандартты қолдану  кәсіпорынның қаржылық есебінде нақты  әділ сандармен құрылады. Халықаралық  қаржылық есеп  стандартына көшуде активтерді бағалауда және де қазір  пайдалы болып саналатын кәсіпорындар кейін зиянды болулары мүмкін белгілі  бір проблемалар туындауы мүмкін.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты халықаралық қаржылық есеп  стандартына жақындатылып жасалған стандарт. Тек халықаралық  қаржылық есеп стандарты кеңірек, ал ондағы ақпарат толығырақ. Әрине, кейбір стандарттағы терминдерді түсіну қиынырақ және арнайы білімді талап етеді.             Бірақ біздің Президентіміздің дамыған  елдер қатарына қосылу туралы жолдауын жүзеге асыру үшін біз ол қиындықтардан  өтуге дайын болуымыз қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі.

2. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік кодексі.

3. В.П. Проскурина. Бухгелтерлік  проводкалар. Алматы 2011ж.

4. «Шаруашылық серіктерстіктер  туралы» Заң.

5. «Акционерлік қоғам  туралы» Заң.

6. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов,  Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ  баспасы,   145-148 бет.

7. В.К. Радостовец, Т.Ғ.  Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И.  Шмидт.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы,             2007 ж. 25-36 бет.

8. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н.  Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік  есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2006 ж. 332-352 бет.

9. В.Л. Назарова. Шаруашылық  жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік  есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж. 209-212бет.

10. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік  есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік  құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.

11.  Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік  және қаржылық есеп принциптері  (халықаралық стандарт) Алматы 2007 ж.

12.  К.А. Китебаева «Принципы  бухгалтерского учета I,II». Караганда  2007г.  С.114-115.

13.  А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә.  Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы.  – Алматы «Экономика» 2007ж. 

14.  Бухгалтер бюллетені.  №3, қаңтар 2007ж.

15.  Бухгалтер бюллетені.  №23, маусым 2007ж.

16.  Бухгалтер бюллетені.  №39, қыркүйек 2007ж.

17. Учет и финансы. Л.  Продан. Собственный капитал предприятия,  его сущность, оценка и связь  с финансовой устойчивостью компании. №6, декабрь  2006г. С 21-28.

18. Қазақстан Республикасының  Президентінің «Бухгалтерлік есеп  туралы»   Заң күші бар №2732 Жарлығы.

19.№ 2732, 1 қаңтар 2009 жылғы  Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік  есеп жөнінде ” жарлығы. 28 ақпан  2009 жылғы өзгерістерімен және  толықтыруларымен

20.Әбдіманапов Ә.З. “Бухгалтерлік  есеп теориясы және принциптері”  Алматы-2008 ж.

21.Бухгалтерлік есеп стандарты. Алматы - 2006 ж.

22.Кеулімжаев Қ.И. “Бухгалтерлік  есеп принциптері” Алматы - 2008ж

23.Ілиясов Қ., Құлпыбаев  “ Қаржы ”, – Алматы, 2007

24.Бухгалтер бюллетені №7, 2007 жыл. 14-17 бет.

25.Бухгалтерлік есеп және  аудит, №3, 2008 жыл. 3-11 бет.

 

 


Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы