Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 19:54, реферат

Краткое описание

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2008 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады.

Файлы: 1 файл

акша каражаты курс - копия.docx

— 64.99 Кб (Скачать)

 Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің жарғылық  капиталы мына жағдайларда тексеріледі:

  1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
  2. сот шешімі бойынша.
  3. әр қаржылық жылдың соңында - қаржылық есеп беру бойынша.

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің қатысушысы  серіктестіктің жарғылық капиталындағы  өзінің үлесін   немесе оның бөлігін  өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.

 Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің жарғылық  капиталының  мөлшерінің өзгеруі  серіктестікке жаңа қатысушының  келуі мен шығуына байланысты  болса да жарғылық капиталға  қайта есептеу жүргізіледі. [7;98б]

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының  өсуі оның толық төленгеннен кейін  жүзеге асырылады және ол мына жолдармен  жүргізілуі мүмкін:

  • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар;
  • жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;
  • серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек.
  • бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе.
  • серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.

Серіктестіктің  жарғылық капиталының  мөлшерінің кемуі  серіктестіктің барлық қатысушыларының  салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік  – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен  оның міндеттемелері бойынша жауап  береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.

Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.

Акцияның  номиналдық  құны - акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.

Орналастыру бағасы - алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы. [8;45б]

Акциялар  қарапайым және артықшылығы бар  болып бөлінеді.

Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы  жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс  алған кезде дивиденд алуға, сонымен  қатар қоғам жабылған кезде  заңмен бекітілген негізде  қоғамның  мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.

Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.

Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.

Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды  басқаруға құқық бермейді, келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:

  • акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады.
  • қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы  қоғамның жабылуы немесе қайта құрылуы бойынша  сұрақтарды шешуге қатысады;
  • артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде оның төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде.

Қоғамның  жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден  төмендетуге рұқсат етілмейді.

Жарғылық  капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Артықшылықты  акциялар» деген  шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта  жүргізіледі.

Заңды тұлға  өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен катысуы  және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген  бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік  негізінде азаматтардың ерікті түрде  бірігуі өндірістік кооператив болып  танылады. [9;210б]

Өндірістік  кооператив жарғысы заңды тұлға  жарғысының жалпы ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары  туралы кооператив мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді  бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі  туралы; кооператив пайдаларын болу мен  шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі  туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс.

Салынған  пай кооператив мүшесінің үлесі  болып саналады. Кооператив пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған болса, олардың еңбектеріне  сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпорын - шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді.

Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады,  бөлінбейтін болып саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында бөлінбейді.

Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік  органның шешімі бойынша құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады. Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады. [10;120б]

Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың субсидияларлы  жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.

Коммерциялық  емес ұйымдар - басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым.

Серіктестіктердегі  капиталдың есебі.

Серіктестіктердегі  капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте ұқсас болып  келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды  салу мен алу шоты  бойынша  әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. «Әріптестер капиталы»  баланстық есеп беру кезінде әр шот  бойынша қалдықты көрсету керек.

Салымдар  есебі. Әр әріптес серіктестікке  материалдық және материалдық емес активтерді құрылтай келісім - шартында көрсетілген тәртіпте сала алады. Салынған активтер серіктестікке активті салған күні әділ нарықтық бағасы бойынша бағалануы керек. [11;67б]

2010 жылы 1 шілдеде Ахметов Мади мен Балтабаев Жанибек өздерінің капиталдарын біріктіріп жауапкершілігі шектеулі серіктестік «КаzЖиһаз» ашпақшы болды. Ахметов 280 000 теңге ақша қаражатын және  370 000 теңгеге бағаланған жиһаз салды. Балтабаев 400 000 теңге ақша қаражатын және  200 000 теңгеге бағаланған құрал - жабдық салды.

1 шілде

Д 1010, 1040 Ақша қаражаты.............................................280 000   

    2410 Жиһаз.......................................................................370 000     

К 5020 Ахметовтың капиталы............................................650 000     

Д 1010, 1040 Ақша қаражаты............................................400 000

   2410 Құрал жабдық.........................................................200 000

К 5020 Балтабаев  капиталы...............................................600 000

Серіктестік инвестициямен байланысты міндеттемелерді  ала алады. Сөйтіп, Балтабаев қосымша  жеті айдан кейін өзі қозғалатын арбаша, сомасы 450 000 теңге құрайтын салды. Бұл мүлікке қатысты кредиторлық қарыз серіктестікпен 370 000 теңге қабылданды. Бухгалтерлік жазу:

1 ақпан

Д 2410 Көлік  құралы.................................................................................450 000  

К 3310 Жеткізушілер мен медігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық   қарыздары..........................................................................................................370 000     

К 5020 Балтабаев  капиталы........................................................................80 000    

Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу.

Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу серіктестіктің келісім - шартында көрсетілген кез келген әдіспен жүргізіледі. Серіктестіктің пайдасы ереже бойынша үш бөлімге бөлінеді:

  1. әріптестер капиталдары (салынған капиталға пайыз ретінде қарастыруға болады)
  2. әріптестермен көрсетілген қызметтерге өтем (әріптестердің еңбекақылары ретінде қарастыруға болады)
  3. коммерциялық тәуекелден қосымша пайда.

Пайданы мұндай үш бөлімге бөлу әр әріптестің серіктестікке қанша салғанын көрсетуге  мүмкіндік береді.

Пайданы бөлудің бірнеше әдістері бар:

  1. бекітілген пропорция бойынша
  2. салынған капиталдың ара салмағы бойынша
  3. жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар.

Табысты бөлудің әртүрлі нұсқауларын  қарастырайық.

Бекітілген  пропорция әдісі. Егер барлық әріптестердің  салымдары бірдей көлемде болса, онда олар пайданың тең үлестерін  алады. Бірдей салымдар әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Мысалға, барлық әріптестер бірдей капитал салулары мүмкін немесе біреуі қызметіне көп уақыт бөліп басқару бойынша көптеген мүмкіндіктерді иеленуі мүмкін, ал енді біреуі көп капитал салуы мүмкін. Егер әріптестер серіктестікке әртүрлі салым салса, онда пайданы бөлу де әртүлі жүргізіледі. [12;84б]

Ахметов пен Балтабаев өткен жылы  1 400 000 теңге пайда алды. Серіктестіктің келісім - шарты бойынша пайда мен зиянды бөлу  60% және 40% пропорция бойынша Ахметов пен Балтабаевқа тиесілі.

30 маусым 2008 жыл

Д 5410 Таза пайда.......................................................1 400 000

К 5020 Ахметовтың капиталы ( 1 400 000*60%) .......840 000

К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*40%).......560 000

Салынған  капиталдың ара салмағы әдісі. Ахметов  пен Балтабаев 1 250 000 теңге капиталмен серіктестік құрды. Ахметов 650 000 теңге, Балтабаев 600 000 теңге салды. [12;58б]

Егер  серіктестіктің қызметіне салынған капитал пайданың ең көп бөлігін  берсе, онда пайда мен зиян  салынған капиталға сәйкес бөлінеді.Бұл екі  жақты талданады:

1. Әр  әріптестің салған капиталы шоты  бойынша жыл басына қалдық  негізінде (қосымша салымдар мен  алымдарды есептемегенде):

30 маусым 2008 жыл

Д 5410 Таза пайда ...............................................................1 400 000

К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000*65/125)...............728 000

К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*60/125)............672 000

2. Осы  шоттар бойынша орташа жылдық  қалдықты қолдану негізінде:

Егер  әріптестер жыл бойы олардың капиталдағы  үлестері өзгеруі мүмкін деп санаса, онда пайда мен зиянды бөлу әр әріптестің капиталындағы үлесі орташа салмақтандырылған  негізде жүргізіледі.

2011 жылы 1 қарашада Балтабаев 100 000 теңге, ал 2011 жылы 1 қаңтарда Ахметов 100 000 теңге алды. Сонымен қатар, 2011 жылы 1 қаңтарда Балтабаев қосымша 80 000 теңге салды. Орташа капиталдың жылға есебі:

 

Әріптес

Кезең

(ай,жыл)

капитал

Айлар саны

Капитал*ай

Орташа капитал

Ахметов

 

 

Балтабаев

 

 

Капитал  орташа жинағы

07.01.12.01.

01.02.06.02.

 

07.01-10.01

11.01-01.02

02.02-06.02

650 000

550 000

 

600 000

500 000

580 000

6

6

12

4

3

5

12

3 900 000

3 300 000

7 200 000

2 400 000

1 500 000

2 900 000

6 800 000

 

 

600 000

 

 

566 670

1166670


 

 

Капиталдағы пайыздық қатынас:

Ахметов= 600 000/1 166 670=51,4%  Балтабаев=566 670/ 1 166 670=48,6%

Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:

30 маусым 2006 жыл 

Д 5410 Таза пайда ..................................................................1 400 000

К 5020 Ахметовтың капиталы   (1 400 000 * 0,514)...............719 600

К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*0,486).................680 400

Жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар әдісі.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы