Информатика кабинетiне қойылатын талаптар

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 00:08, реферат

Краткое описание

ЕТ кабинетi алғаш қолданушыларға, соның iшiнде, жасөспiрiмдерге техника қауiпсiздiгiндегi жiберген қателiктерi мен қолданудағы құрылғының сыртқы қорабына байланысты емес әрекеттерiне байланысты арнайы дайындықты және нұсқауды өткiзудi қажет етпейтiн қауiпсiздiк жұмысын қамтамасыз етуi тиiс. ЕТ кабинетiнде бейнетерминалдың үш тобымен жұмыс iстеуге рұқсат етiледi:
А – түрлi-түстi, тек демонстрациялық мақсатта;
Б – оқу процесiнде жеке қолданушыларға арналған түрлi-түстi мониторлар;
В – ЕТ кабинетi үшiн монохромды.

Файлы: 1 файл

Информатика кабинетинин паспорты.doc

— 375.50 Кб (Скачать)

Информатика кабинетiне қойылатын талаптар.

 

ЕТ кабинетi алғаш қолданушыларға, соның iшiнде, жасөспiрiмдерге техника қауiпсiздiгiндегi жiберген қателiктерi мен қолданудағы құрылғының сыртқы қорабына байланысты емес әрекеттерiне байланысты арнайы дайындықты және нұсқауды өткiзудi қажет етпейтiн қауiпсiздiк жұмысын қамтамасыз етуi тиiс. ЕТ кабинетiнде бейнетерминалдың үш тобымен жұмыс iстеуге рұқсат етiледi:

А – түрлi-түстi, тек демонстрациялық мақсатта;

Б – оқу процесiнде жеке қолданушыларға арналған түрлi-түстi мониторлар;

В – ЕТ кабинетi үшiн монохромды.

Қолданушылардың кең ауқымды екенiн, соның iшiнде балалардың да жұмыс жасайтынын ескере отырып, ЕТ кабинетiнiң барлық құралдарының қауiпсiздiк деңгейi тұрмыстық радиоэлектронды құралдарға арналған – ГОСТ 12.2006-83 тен кем болмауы тиiс.

ЕТ кабинетiнде мына құжаттарға сәйкес талаптар қатаң сақталынуы керек:

  1. ГОСТ 28139-89 - мектеп жабдықтары. Техника қауiпсiздiгi);
  2. ГОСТ 50377-92, ГОСТ 12.2.007-75 - жалпы механикалық және электрлiк қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету;
  3. ГОСТ 25861-83 - электр тогынан зақымданудан сақтану.

ЕТ кабинетiнiң барлық элементтерiнiң конструкциясы қолданушының жiберген қателiктерi мен қолданудағы құрылғының сыртқы қорабына байланысты емес әрекеттерi құрылғының кернеулерi 36В-тан жоғары бөлiктерi мен бөлшектерiне тиiспеу мүмкiндiктерiн қарастырады.

ЕТ кабинетiнiң электр желiсiмен қамтамасыз ету жүйесi төмендегiдей:

  • Кедергiсi 1 МОм-нан кем емес ²Жерсiздендiру² потенциалымен гальванициялық байланысын қамтамасыз ету керек;
  • 10 мА-дан жоғары ²жерсiздендiру² болмаған жағдайда жұмыс iстеу орындарын ток көзiнен ажырататын қорғаныс құрылғысы болуы қажет.
  • Ток кернеуi күшейiп кеткен кезде және қысқа шағылыстар, сонымен бiрге қауiптi жағдайда қолмен өшiру кездерiнде өздiгiнен өшетiн қорғаныс құрылғысы болу керек.

Кернеулерi белгiсiз желiлердiң бiрi-бiрiмен қате жалғану және ажыратылу мүмкiндiктерi болмау қажет, электр тогымен қамтамасыз ету желiлерi жеткiлiктi түрде механикалық жақсы жабдықталуы керек. Өрт қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптары оқыту және тұрмыстық электр құрылғыларының мөлшерiне сәйкестендiрiлуi тиiс.

Күйген жағдайда улы газдар мен түтiн шықпауы керек. Электр тогымен қамтамасыз етiлгеннен кейiн барлық өрт сөндiру құралдары қолдануға дайын болуы тиiс.

ЕТ кабинетiндегi барлық элементтердiң денсаулыққа зиянды әсер ететiн факторлары балаларға қатысты сәйкес мөлшерден аспауы керек, ал құрылғылармен үнемi жұмыс iстейтiн ересек операторлар үшiн (ГОСТ 12.2.003-74, 12.3002-75, 12.1006-84, 12.1.001-83, 12.1.045-85), сонымен бiрге ГОСТ 21552-84, ГОСТ 27016-86, ГОСТ 27201-87, ²Санитарлық ережелер мен мөлшерлер² тобында көрсетiлген сәйкес мөлшерден аспауы керек.

 

Кабинеттегi ауаның  температурасы – 19-21°, ал ағынды ауадағы температура – 18-22°. Сәкесiнше, ауа ылғалдылығы 62-55% және 39-31%. Ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,1 м/с.

Экран бетiнен 5см қашықтықтағы нүктеге рентген сәулесi мөлшерiнiң экспозициялық қуаты 7,74*10 а/кч (0,0003мкр/с немес 10,8 мкр/сағ) мөлшерiнен аспау керек. 200-315мм диапазонында ультракүлгiн сәулесiнiң мөлшерi 10 ВТ/м -тан аспау қажет, дыбыс деңгейi 50 децибелден аспауға тиiс.

 

ДК-мен жұмыс iстеу кезiнде оқушылардың дұрыс отыруына қойылатын талаптар.

 

ДК-мен жұмыс iстеу кезiнде дұрыс отыру керек. Оқушы отырған орындық жиегi үстел жиегiне 3-5см кiрiп тұруы керек. Жауырынның төменгi жағын тiреп отыратын тiрек болуы қажет. Иықтың бұлшық еттерiне және қолға күш түспес үшiн шынтақты тiреп отыратын пернетақтаның алдында орын болуы керек. Шынтақ пен иық және бел мен тiзе 90° бұрыш жасау қажет.

Көз деңгейi тiк орналасқан экран бетiнiң ортасында немесе оның биiктiгiнiң 2/3 бөлiгiнде орналасуы керек. Көру сызығы экран бетiне перпендикуляр орналасуы тиiс.

ДК-ден экранынан оқушы көзiнiң тиiмдi арақашықтығы – 0,6-0,7м немесе 0,5м-ден кем болмауы керек.

 

Жарықтандыруға қойылатын талаптар.

 

Табиғи жарық сол жақтан түсу керек, оның оң жақтан, арттан және алдыңғы жақтан түсуiне болмайды. Күн сәулесiнiң шағылысуы оқушының көру аймағына тiке түспеуi керек.

Информатика кабинетiнiң аумағы солтүстiкке немесе солтүстiк-шығысқа бағытталған терезелерден түсетiн табиғи және жасанды жарықтармен қамтамасыз етiлуi қажет. ТЖК (табиғи жарықтандыру коэффициентi) қар көп түсетiн аймақта 1,2%, ал басқа аймақта 1,5%-тен аз болмау керек, жарықтандыру қатынасы – 3:1. Қабырғаны төбеге дейiн, не белгiлi бiр биiктiкке дейiн бояу түстерi: ашық-көгiлдiр, ашық-жасыл, ашық-сұр, ашық-сары, ақшыл-бозғылт түстер. Терезе жақтаулары мен терезе алды ақ түспен сырланады.

Монитор экранына қарсы қабырғаны қара (қою) түспен бояуға болмайды.

Жұмыс үстелдерiнiң түсi табиғи ағаш түстi, көгiлдiр, ашық-жасыл, ашық-сұр болып келуi керек және жылтырамайтын болуы қажет. Терезеге қабырға түсiмен сәйкес келетiн перделер (жалюздер) iлiнедi. Перделер табиғи жарықты өткiзбейтiн және терезенi толық жауып тұратындай болуы керек және олар ауыр матадан тiгiледi. Терезеге қара перделер iлуге тиым салынады!

Күндiзгi шамдар ДК экранына тура түспеу керек. Люминесценттiк шамдар қатарлана орналасу керек, олар қуаттары 36 немесе 40Вт болатын ЛБ және ЛХБ типтегi шамдар болады. ЛД және ЛДЦ типтi люминесценттiк шамдар қолдануға рұқсат етiлмейдi!

Сұр ЛПО13, ЛЕЮ31, ЛПО 33 001 және 006, ЛСО02, ЛСО04 типтегi күндiзгi шамдар сыртқы жағы жарқырамайтын, iшкi жағы металл болуы керек.

Информатика кабинетiне рұқсат етiлетiн  жарықтандыру түрлерi:

  • Жалпы люминесценттiк жарықтар және перделi терезелер – мониторлар жағалай орналастырылған және ортаға 2 қатармен қойылған жағдайда;
  • Аралас жарықтандыру (табиғи және жасанды) – 1-3 қатарлы жұмыс орындары болатын және экран мен жұмыс үстелi жарық сәулелерiне перпендикуляр орналасқан жағдайда;
  • Табиғи жарықтандыру – жұмыс орындары бiр қатарда терезе жақтаулары бар қабырғадан 0,8-1м қашықтықта орналасқан және экран сол қабырғаға перпендикуляр орналасқан жағдайда.

 

Жарықтандыру деңгейiнiң мөлшерi 

2-кесте

 

Жұмыс түрi

Жұмыс iстеу

Жазықтық

ЛК жарықтануы

ДК-де жұмыс (сабақтар мен практика)

Экран

В

200-300

Пернетақта

Г

400-500

Үстел

Г

400-700

Сынып тақтасы

В

400-500


 

ДК пайдаланатын пәндерге қойылатын талаптар

 

Бейнетерминалмен жұмыс iстеу ұзақтығы бейнетерминалдың ерекшелiгiне, оқушылардың жасына, жұмыстың басталу уақытына, үзiлiс ұзақтығына жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Жұмыс орнына дұрыс отыру төмендегi көрсеткiштерге сай болуы қажет. Жұмыс ұзақтығы (экран центрiндегi жарықтану нүктесi 0,4мм-ден кем емес өлшемдегi бейнетерминалдар үшiн):

  • 5 сынып оқушылары үшiн    – 15 минут;
  • 6-7 сынып оқушылары үшiн – 20 минут;
  • 8-9 сынып оқушылары үшiн – 25 минут;
  • 10-11 сынып оқушылары үшiн, егер екi сабақ қатар жүрсе, бiрiншi сабақта – 30 минут, екiншi сабақта – 20 минут.

Жұмыс ұзақтығы экран центрiндегi жарықтану нүктесi 0,5мм-ден кем емес өлшемдегi бейнетерминалдар үшiн 30%-ке кемидi:

  • 5 сынып оқушылары үшiн    – 10 минут;
  • 6-7 сынып оқушылары үшiн – 15 минут;
  • 8-9 сынып оқушылары үшiн – 18 минут;
  • 10-11 сынып оқушылары үшiн, егер екi сабақ қатар жүрсе, бiрiншi сабақта – 20 минут, екiншi сабақта – 15 минут.

ДК қолданатын сабақтар саны бiр күнде 10-11 сыныптар үшiн 2-ден көп емес, ал 5-9 сыныптар үшiн 1 сабақтан кем болмауы керек.

ДК-дi қолданатын сабақтар аралығындағы үзiлiстер 10 минуттан кем болмау қажет.

Өндiрiстiк практика кезiнде күнделiктi ДК-мен жұмыс iстеу ұзақтығына байланысты төмендегi өлшемдегi бейнетерминалдар қолданылады:

    • 3 сағат – жарықтану нүктесi 0,4мм-ден кем емес өлшемдегi бейнетерминалдар;
    • 2 сағат – жарықтану нүктесi 0,5мм-ден кем емес өлшемдегi бейнетерминалдар.

ДК қолданатын жоғарғы сыныптардағы факультативтiк және үйiрме жұмыстары аптасына 2 академиялық сағаттан аспау керек.

ДК-мен жұмыс iстеу кезiнде әрбiр 20-25 минут аралығында көздiң шаршағанын басу үшiн арнайы жаттығулар жасалу керек. 10-11 сынып оқушылары үшiн информатика сабақтарының арасында дене шынықтыру үзiлiсiн жасау керек. Көз және дене шынықтыру жатығуларының жиынтығын айына 1 рет ауыстырып отыру ұсынылады.

 

Кабинеттi қолдану ережесi

  1. Оқу кабинетi сабақтан 15 минут бұрын ашылуы керек;
  2. Кабинетке оқушылар ауыспалы аяқ киiммен келуi керек;
  3. Оқушылар кабинетке мұғалiм болған жағдайда ғана кiруге тиiс;
  4. Кабинет әрбiр үзiлiс сайын желдетiлуi қажет;
  5. Мұғалiм кабинеттегi сабақтар бiткен соң оны тазалатып отыруы керек.

 

Информатика кабинетiн безендiруге қойылатын талаптар

  1. Кабинеттiң алдыңғы жағында Мемлекеттiк таңбаларды айқындайтын материалдар  мен тақырыптық қабырға материалы "Бүгiн сабақта" iлiнедi.
  2. Тұрақты қабырға материалы ретiнде "Жаңа ақпараттық технология" тақырыбын айқындайтын материалдар мен "Техника қауiпсiздiгiнiң бұрышы" болу керек.
  3. Ауыспалы қабырға материалдары: Ақпараттық хабаршы, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

 

Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар

 

Информатика кабинетiнде қолданылатын программалық қамсыздандыру 5 топқа бөлiнедi:

  • жүйелiк программалық қамсыздандыру;
  • базалық ақпараттық технологияға негiзделген программалық қамсыздандыру;
  • жалпымәндi программалық құралдар;
  • оқу процесiндегi программалық құралдар;
  • мектептiң сұранысын қанағаттандыратын баспалық қызметке көмекшi программалық қамсыздандыру.

Программалық  қамсыздандырудың барлық топтарына  қойылатын жалпы талаптар:

  • лицензиялық келiсiм (программалық қамсыздандырудың қолданылу тиiмдiлiгi);
  • консультация беру мүмкiндiгi;
  • қолданылатын есептеуiш техниканың архитектурасына, компьютерлер типiне, класына және сипаттамасына сәйкестiлiгi;
  • кез келген режимге және тiлдiк ортаға бейiмделген жұмыс жасау қабiлеттiлiгi;
  • интерфейсi;
  • программалық қамсыздандырумен жұмыс жасауға арналған құжаттардың бар болуы;
  • қарiптердi пайдалану мүмкiндiгi;
  • аппараттық және программалық құралдарға қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы.

Жүйелiк  программалық қамсыздандыруға қойылатын  талаптар

Жүйелiк программалық қамсыздандыруға келесi талаптар қойылады:

  • операциялық жүйеге;
  • операциялық қабықшаға;
  • желiлiк программалық қамсыздандыруға;
  • антивирустық құрылғыларға;
  • ақпараттарды қалпына келтiру мен көшiру құралдары;
  • операциялық жүйенiң немесе операциялық қабықшаның мүмкiндiктерiн кеңейтетiн арнаулы программалар (утилиттер); дискеталарды баптауға арналған жүйелiк программалық қамсыздандыру және оның құжаттары немесе оны құру құрылғылары.

Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар

Орта мектепте информатиканың базалық  курсында базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыру оқыту объектiсi болып табылады. Аталған программалық қамсыздандыруды басқа пәндердi оқыту процесiне де, әкiмшiлiк мiндеттердi шешу барысында да қолдануға болады.

Бұл топтардың  құрамына келесi программалар енедi:

  • мәтiндiк процессор;
  • электронды кесте;
  • деректер қорын басқару жүйесi;
  • компьютерлiк графика жүйесi (компьютерлiк презентация);
  • компьютерлiк телекоммуникациялармен жұмыс жасау жүйесi.

Аталған топтың программалары көп жағдайда офистiк пакеттер құрамында болады. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде базалық ақпараттық технологияны қолдану формалары мен салалары сәйкес программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарға сай анықталады.

 

 

Техникалық құралдар, оқу-көрнекiлiк құралдар тiзiмi

Информатика кабинетiндегi жиһаздар мен құралдар

 

 

Атаулары 

(өлшемi мен жағдайы)

 

Болу керек саны

Бар саны

 

Ескерту

Инвентар-лық ведомость бойынша

Оның iшiнде жөнделген

Оқушылардың жұмыс орындарының құралдары

Жүйелiк блок

9-15

     

Пернетақта

9-15

     

Тышқан

9-15

     

Ақпаратты кескiндеу құрылғысы (монитор)

9-15

     

Мұғалiмнiң жұмыс орнының құралдары

Жүйелiк блок

1 дана

     

Пернетақта

1 дана

     

Тышқан

1 дана

     

Iшкi жады құрылғысы

1 дана

     

Ақпаратты кескiндеу құрылғысы (монитор)

1 дана

     

Мультимедиа құрылғылары

1 дана

     

Графиктiк және символдық ақпараттарды басу құрылғысы (принтер)

1 дана

     

Сканер

1 дана

     

Демонстрациялық түрлi-түстi бейнемонитор (экран өлшемi диагональ бойынша)

1 дана

     

Кабинеттiң жергiлiктi желiсiнiң адаптерi және кабельдер жиынтығы

1 жиын-тық

     

ЗИП жиынтығы

1 жиын-тық

     

Базалық программалық қамсыздандыру :

Жүйелiк программалық қамсыздандыру;

БАТ-на негiзделген программалық қамсыздандыру:

  • мәтiндi к процессор;
  • электрондық кесте;
  • деректер қорын басқару жүйесi;
  • компьютерлiк графика мен презентация жүйесi;
  • телекоммуникациялармен жұмыс жүйесi (Интернет);
  • программалық құралдар

1 жиын-тық

     

Қолданбалы программалық құралдар:

  • Информатика курсын оқытуға негiзделген программалық құралдар;
  • Программалық құралдар;
  • Ақпараттық-әдiстемелiк қамсыздандыру бойынша программалық құралдар;
  • оқу мекемелерiн басқаруға негiзделге<span class="dash041e_043

Информация о работе Информатика кабинетiне қойылатын талаптар