Отчет по практике в бухгалтерии

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 17:45, отчет по практике

Краткое описание

Өндірістік тәжірибені өту мақсаты – практикалық тұрғыдан дағдылану, тәжірибелік есеп жұмысын дайындау үшін қажет ақпарат жинақтау.
Әрбір қызметкердің практикалық тұрғыдан дағдылану деңгейі оның кәсіби қызметінде маңызды орын алады, алынған теориялық білімді практикада қолдану тәжірибесін кеңейту арқылы ғана тиімді жұмыс нәтижесіне қол жеткізуге болады.
Тәжірибелік есеп жұмысын дайындау барысында өндірісте бухгалтерлік есеп, салық есебі, аудит, талдау жүргізілуінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, жұмыс мәнін терең зерттеуге мүмкіндік туады.

Файлы: 1 файл

Кіріспе 5.doc

— 435.00 Кб (Скачать)

   Кіріспе

 

    Өндірістік тәжірибелік жұмыс – бұл студенттердің мамандандырылған өзіндік жұмысы. Бұл жұмыс оның оқу орынындағы алған білімінің деңгейін, алынған ғылыми талдау дағдыларын, жалпы әдістемелік принциптерді әлеуметтік – экономикалық орталарды  орынды қолдана алуын көрсетеді. Осы өндірістік - тәжірибені өту барысында ұйым қызметін, саясатын және оның іске асыру құқықтық үрдістерін, ұйымның жарғысын және оның қалыптасу тарихы туралы мәлеметтерімен таныстым. Ұйымның жарғысы – бұл кәсіпорынның қандай қызметпен айналысатыны туралы, ұйымның құрылтайшылары туралы, олардың міндеттері мен құқықтары, ең төменгі жарғы сомасы туралы, кәсіпорынның мақсаттары туралы мәлеметтерден құралған құжат болып табылады.

Өндірістік тәжірибені өту мақсаты – практикалық  тұрғыдан дағдылану, тәжірибелік есеп жұмысын дайындау үшін қажет ақпарат жинақтау.

Әрбір қызметкердің практикалық  тұрғыдан дағдылану деңгейі оның кәсіби қызметінде маңызды орын алады, алынған теориялық білімді практикада қолдану тәжірибесін кеңейту  арқылы ғана тиімді жұмыс нәтижесіне қол жеткізуге болады.

Тәжірибелік есеп жұмысын  дайындау барысында өндірісте бухгалтерлік есеп, салық есебі, аудит, талдау жүргізілуінің  ерекшеліктеріне көңіл аударып, жұмыс мәнін терең зерттеуге  мүмкіндік туады.

Кәсіпорынның экономикалық ұйымдастырылу сипаты қарастырылады, қаржылық есеп берудің негізгі формаларының бірі - баланстың құрылу тәртібіне ерекше мән беріліп, соның негізінде кәсіпорынның табыстылығы, іскерлігі мен төлем қабілетілігі бағаланады.

Ақпараттарды жинақтау - өндірістік тәжірибені өту үрдісінің құрамдас бөлігі. Бұл кезеңде кәсіпорын қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерден, ақпараттар мен деректерден тұратын болашақ жұмыстың негізін құру мәселесі қарастырылады.

Тәжірибелік есепті дайындау өзектілігі – алынған теориялық білімді практикалық дағдылану арқылы жалпылау мен жүйелеу.

Ұсынылып отырған тәжірибелік  есептің объектісі - «Көктерек» шипа жайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Зерттеу барысында қоғамның   экономикалық –ұйымдастырылу сипаты қарастырылады, қаржылық есепті құру тәртібіне ерекше мән беріліп, соның негізінде кәсіпорынның табыстылығы төлем қабілеттілігі бағаланды.

Тәжірибелік есеп жұмысының  теориялық және әдістемелік негіздері  болып, бухгалтерлік есеп жөніндегі  заңды-нормативтік құжаттар, кәсіпорынның ішкі және сыртқы құжаттары, атап айтқанда жарғысы, есептің ұйымдастырылуы, шаруашылық қызметін талдау бөлімінің есебі басқа да құжаттар болып табылады.

 

 

 

1. Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық сипаттамасы

 

« Көктерек » шипа жайы жауапкершілігі шектеулі серіктестік (әрі қарай серіктестік) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ҚР 19.06.1997 ж. «Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауы туралы» Заңы, 22.04.1998 ж. ҚР «Жауапкершілігі қосымша серіктестіктер туралы» Заңы бойынша ашылған. Серіктестік ОҚО, Сарыағаш ауданы әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болды. Серіктестіктің жылдық орташа жұмыскерлер саны 50 ден, активтерінің орташа жылдық  құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Серіктестіктің мекен–жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы,  Мостовая   көшесі, 2 үй

«Көктерек» ЖШС шипа жайы Қазақстан Республикасының  заңдары бойынша заңды тұлға  болып табылады. Бұл шипажай  2006 жылы мамыр айының 29 жұлдызында құрылды, ал заңды түрде 2010 жылы мамыр айының 29 жұлдызында ашылып, 3 жылдай уақыт жұмыс жасап жатыр. Серітестік қызметінің мерзімі шексіз. Шипажай ашылған уақыттын бері тек сапалы қызмет көрсетіп жүрген шипажайлар қатарына жатады. Серіктестіктің мөрі,дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері бар. Серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салымдар ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану құқықтары мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін.

Айтып кеткендей, бұл  шипажай ең үздік және сапалы, қазіргі  заман талабына сай, сонымен қатар  қазақи болмысты сақтаған шипажай болғандықтан негізгі және қосымша қызметтерінен  қанша пайда және зиян әкелетіні  туралы маған толық ақпарат көзін берді. Бүгінгі таңда Көктерек шипажайында 46 адам  жұмыс жасап жатыр. Әр қайсысына артылған міндет әр түрлі және алатын еңбек ақылары да соған байланысты. Еңбек ақыны бас бухгалтер есептейді және істеген күніне  байланысты есептейді. Сонын ішінен демалысқа кету ақысы, денсаулығына байланысты жұмысқа шықпаған күндерінің есептеу арқылы 1 жұмыскерлердің 1 айда алатын еңбек ақысын есептеп шығарады.

Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметімен таза табыс алу болып табылады. Қойған мақсаттарына жету үшін Серіктестік  келесідей негізгі қызмет жүзеге асырады:

  • шипа жай, қонақ үй, профилактория, қоғамдық тамақтану құрылыстарын салу, халыққа дәрігерлік, емдік, профилакториялық қызмет көрсету. Демалыс орындарын, жатаққаналар мен асханалық қызметтерді ұйымдастыру.
  • ауыл шаруашылық, мал шаруашылық өнімдерін және халық тұтыну тауарларын, өңдеу және сату;
  • жөндеу-құрылыс, құрылыс-монтаждық және электромонтаждық жұмыстары, күрделі құрылыс;
  • құрылыс материалдарын, канцелиярлық тауарларды сатып алу және сату;
  • қамтамассыз ету-өткізу, сауда саттық және комерциялық қызметі;
  • қоғамдық тамақтандыру пунктері, автожуу, дәріхана, базар, сауда үйлері, ресторан, фирмалық дүкендердің жүйесін ашу;
  • сауда-делдалдық, көтерме-даналап саудалау;
  • тұрғын-үй, офистер және өндірістік жайлар салу;
  • автожолдарды салу;
  • жобалық, сметалық, транспорттық, тұрмыстық және басқа да қызметтер;
  • автокөлік және экспедициялық қызмет көрсету, жолаушы тасмалдау жүзеге асыру;
  • автокөлік бағыттарын ашу;
  • жолаушыларды тасмалдау;
  • автотұрақтар, техникалық қызмет станциясын ашу;
  • халық пен ұйымдарға тұрмыстық, транспорттық қызмет көрсету;
  • делдалдық қызмет;
  • сыртқы экономикалық қызмет, ээкспорт-импорт операциялары.

    Сондай-ақ ҚР қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін атқарады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы 2006 жылы (300000) үш жүз мың теңге, 2010 жылы  (25102325) жиырма бес миллион жүз екі мың үш жүз жиырма бес теңге мөлшеріндегі  құрылтайшының салымы арқылы қалыптасады. Ол мемлекеттік тіркеу кезінде толық қалыптасқан. Серіктестіктің құрылтайшысы (Бұдан әрі Қатысушысы):

Қазақстан Республикасының  азаматы Төлендиев Нуркен Расулович, жеке күәлігі №000483188 Қазақстан Республикасының ІІМ 06.11.1995 жылы берілген.

Мекен жайы: ОҚО, Шымкент  қ., Б.Момышұлы д-лы, 23Б үй, 17п

Кәсіпорыннның басқаруын  серіктестіктің құрылтайшысы жүзеге асырады. Қатысушы серістестіктің Атқарушы органы болып табылатын Директорды тағайындайды.

Кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен оның тұрақтылығы  белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді. Сол себепті кәсіпорынның экономи-калық жағдайын талдау кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдаудан бастауы тиіс. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.

Баланс мәліметтері бойынша 2010-2012 жылдары актив баптарының құрамы мен орналасуын 1-кестеден көруге болады.

 

Кесте 1 – «Көктерек» ЖШС активтерінің құрамы мен құрылымы, жыл соңына

Баланс баптары

Сомасы, тг

Құрылымы, %

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

1.Қысқа мерзімді активтер

25253417

27251097

21739368

100,0

100,0

100,0

Ақша қаражаттары

3484145

112654

32650

13,8

0,4

0,2

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

-

-

-

0,0

0,0

0,0

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

46714

199868

6125097

0,2

0,7

28,2

Қорлар

13052962

18068979

14972621

51,7

66,3

68,9

Ағымдағы салықтық активтер

157691

357961

-

0,6

1,3

0,0

Басқа да қысқа мерзімді активтер

8511905

8511905

609000

33,7

31,2

2,8

2.Ұзақ мерзімді активтер

166544294

171370413

171795692

100,0

100,0

100,0

Негізгі құралдар

166544294

171370413

171795692

3,5

100,0

100,0

Басқа да  ұзақ мерзімді активтер

-

-

-

96,5

0,0

0,0

Баланс

191797711

198621510

193535060

х

Х

Х


 

 

1-кесте мәліметтері бойынша кәсіпорын мүлкінің құны 2012 жылы 193535060 теңгені құрап отыр және ол 2011 жылмен салыстырғанда 5086450

теңгеге не 2,6 пайызға  төмендеген.  Кәсіпорын мүлкі толықтай ұзақ мерзімді активтерден тұрады деп айтуға болады. Атап өткенде 2012 жылы қысқа мерзімді активтер құны бар болғаны 21739368 теңгені ғана құрап отыр, бұл барлық мүліктің 11,2 пайызын ғана құрайды. Қысқа мерзімді активтердің негізгі бөлігін қорлар құрап отыр, себебі шипай қызметі болып профилактикалық емдеу және қоғамдық тамақтандыру табылады. Егер 2010 жылы барлық мүліктің ішінде қорлардың үлес  салмағы 6,8 % болса, 2012 жылы оның үлес салмағы 7,7 пайыз болып отыр. Ал 2010 жылдары дебиторлық берешектің үлес салмағы 0,2 пайыз болса, 2012 жылы  қысқа мерзімді дебиторлық берешек 28,2 пайызды құрап  отыр.

Шипа жай басшылығы шипа жай қызметі ресурстардың қандай көзлерінен қаржыландырылғанын және капитал қандай іске салынатынын нақты білу қажет. Сол себепті капиталдың құрамын, құралу көздерін және орналасуын талдау үлкен мәнге ие.

Шипа жай капиталы меншікті және тартылған көздерден қалыптасқан.

Шипа жайдың мүлкінің құралу көздерінің құрамы мен динамикасы

2-кестеде келтірілген.

 

Кесте 2 – «Көктерек» ЖШС-ның мүлкінің құралу көздері мен құрылымы, жыл соңына

 

Мүліктің құралу көздері

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

 Тг

%

Тг

%

тг

%

Меншікті капитал

26355355

13,7

27663347

13,9

22027291

11,3

Тартылған капитал

165442356

86,3

170958162

86,1

171507769

88,7

Барлығы

191797711

100,0

198621510

100,0

193535060

100,0


 

2-кесте мәліметтерінен көрініп тұрғанындай кәсіпорын капиталы толықтай міндеттемелерден құралған. Кәсіпорынның меншікті капиталы тек жарғылық капитал мен бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) құрап отыр. Кәсіпорын капиталының төмендеуі, негізінен меншікті капиталдың төмендеуінен болып отыр, атап айтқанда, меншікті капитал сомасы 2010 жылы 26355355 теңгені, ал 2012 жылы 2010 салыстырғанда  -4328064 теңгеге төмендеген. Жарғылық капитал әр жылда да өзгеріссіз қалып отыр.

Талдаудың келесі кезеңінде  меншікті және заемдық каптиалдың динамикасы мен құрылымына талдау жасау қажет (3 кесте)

 

 Кесте 3- «Көктерек» ЖШС-ның меншікті капитал динамикасы, жыл соңына

Капитал көздері

Сомасы, тг

Құрылымы %

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жарғылық капитал

300000

300000

25102325

1,1

1,1

+114,0

Төленбеген капитал

24802325

24802325

-

94,1

89,7

0,0

Бөлінбеген табыс

1253030

2561022

-3075034

4,8

9,3

-14,0

Барлығы

26355355

27663347

22027291

100,0

100,0

100,0


 

Кесте мәліметтері бойынша меншікті капитал сомасы 2010 жылы 26355355 теңгені, ал 2012 жылы 2010 салыстырғанда  -4328064 теңгеге немесе 16,4 пайызға төмендеген. Оған себеп, төленбеген капитардың болмауы мен бөлінбеген капиталдың төмендеуі.

     Кәсіпорынның қаржылық жағдайына тартырған капиталдың құрамы мен құрылымы үлкен әсер етеді, яғни ұзақ, қысқа мерзімді міндеттемелердің арақатынасы (4 кесте)

 

Кесте 4 – «Көктерек» ЖШС-ның тартылған капиталдың құрамы мен құрылымы

 

Заемдық қаражат көздері

Сомасы, тг

Құрылымы, %

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Салық бойынша міндеттеме

1234829

0

0

0,7

0,0

0,0

Қысқа мерзімді несие

140325913

145507148

51370769

84,8

85,1

30,0

Басқа да қм міндеттемелер

23881614

25451014

120137000

14,4

14,9

70,0

Барлығы

165442356

170958162

171507769

100,0

100,0

100,0

Информация о работе Отчет по практике в бухгалтерии