Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 17:45, отчет по практике
Өндірістік тәжірибені өту мақсаты – практикалық тұрғыдан дағдылану, тәжірибелік есеп жұмысын дайындау үшін қажет ақпарат жинақтау.
Әрбір қызметкердің практикалық тұрғыдан дағдылану деңгейі оның кәсіби қызметінде маңызды орын алады, алынған теориялық білімді практикада қолдану тәжірибесін кеңейту арқылы ғана тиімді жұмыс нәтижесіне қол жеткізуге болады.
Тәжірибелік есеп жұмысын дайындау барысында өндірісте бухгалтерлік есеп, салық есебі, аудит, талдау жүргізілуінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, жұмыс мәнін терең зерттеуге мүмкіндік туады.
Кесте мәліметтері бойынша шипажайдың тартылған капитал сомасы 2012 жыл 171507769 теңгені құрап отыр, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 549607 теңгеге немесе 0,32 пайызға жоғарылаған. Тартылған капитал сомасының өсуі негізінен басқа да қысқа мерзімді несиенің артуынан, атап айтқанда 2010 жыл басқа да қысқа мерзімді несиенің үлес салмағы 14,4 пайызды құраса, 2011 жылы 0,5 пунктке, ал 2012 жылы 55,6 пайыздық пунктке жоғарылаған.
2.1 Есеп техникасы мен ұйымдастырылуы
«Көктерек» серіктестігінде бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен ұйымдастырылуына жауапты тұлға болып кәсіпорынның бас бухгалтері табылады. Бас бухгалтер бухгалтерлік есептің жүргізілуінің басты сұрақтарына жауап береді,сонымен қатар ішкі бақылауды ұйымдастыру мен Бас кітапқа жазбаларды енгізу, қаржылық есеп беруді құрастыруды жүзеге асырады.Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерия жұмыскерлерінің қызметтік бағдарламасын қалыптастыра отырып, бухгалтерлік есептің жүргізілуіне қатысты кәсіпорын қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетеді.
Серіктестік бухгалтерлері өз қызметін жүзеге асырғанда келесідей нор-мативтік құжаттарды басшылыққа алады:
- «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңы» 2007 жылдың 28 ақпанынан, № 234-III ЗРК ;
- Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі;
- Қаржылық есептің халықаралық стандарттары;
- Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» заңы (салық кодексі);
- Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі бекіткен
Бухгалтерлік есеп есептеу принципіне сәйкес жүргізіледі яғни табыстар мен шығындар бухгалтерлік есепте олардың келіп түсуі немесе пайда болуы кезінде танылып, қаржылық есеп беруде көрініс табады (ақша қаражаттарының нақты төленуі кезінде емес)
Қаржылық есеп беруді дайындау кезінде кезінде анықталған түзетулер сомасы есепті кезең пайдасы немесе шығыны ретінде танылады.
Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның болғандығын растайтын бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Меншікті капитал, кәсіпорын активтері, міндеттемелері, пайдасы мен шығынына әсер етуі мүмкін барлық шаруашылық операциялар мен шаруашылық қызметтің басқа да жағдайлары кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс табады. Бухгалтерлік жазбалар компьютерлік жүйе арқылы немесе қолмен де енгізілуі мүмкін. Бастапқы құжаттар келесі міндетті реквизиттерден тұрады:
- құжат атауы
- құралу мерзімі
- құжат жасаушы субъект атауы
- шаруашылық операция мазмұны
- шаруашылық операцияның
жүзеге асырылуына жауапты
- жеке қолтаңба, қолтаңба иелерінің аты-жөні.
Бастапқы құжаттар операциялардың
орындалған немесе аяқталған кезінде
жасалынады. Кассалық немесе банктік
құжаттарға өзгертулер енгізу қарастырылмайды,
қалған жағдайларда түзетулер
Кесте 5– Сақталу мерзімі бойынша құжаттар тізімі
№ |
Құжат атауы |
Сақталу мерзімі |
1 |
Қаржылық есеп беру мен оған тіркелетін түсініктеме жазу: |
|
|
Әрдайым | |
|
5 жыл | |
2 |
Жеке,ликвидациялық, өткізу баланстары мен оған қосымшалар,түсініктемелер |
Әрдайым |
3 |
Бастапқы құжаттар (кассалық, банктік құжаттар,банк үзінділері , жұмыс нарядтары, табель, қабылдау, тапсыру және мүлік пен материалдарды есептен шығару актілері, аванстық есеп беру т.б.) |
5 жыл |
4 |
Есеп айырысу шоттары |
|
|
75 жыл | |
|
75 жыл | |
5 |
Есептік (есептік-төлем ведомостері) |
5 жыл |
6 |
Электрондық тасымалдаушылардағы инвентарлық карточкалар |
5жыл |
7 |
ТМҚ және ақша қаражаттарын алуға берілетін сенімхаттар |
5 жыл |
8 |
Кепілдіме хаттар |
5 жыл |
9 |
Көмекші бақылау кітаптары, картотекалар,кассалық кітап , айналым ведомостері |
5 жыл |
10 |
Депонерленген еңбек ақы есеп кітабы, орындау парақтарын тіркеу журналдары |
3 жыл |
11 |
Шоттарды тіркеу, кассалық ордерлер ,сенімхаттар, төлем тапсырмалар кітаптары, журналдары |
5 жыл |
12 |
Несиелерді жұмсау туралы мәліметтер |
|
а |
Жылдық |
5 жыл |
б |
Тоқсандық |
3 жыл |
13 |
Еңбек ақы бойынша берешек,еңбек ақыдан ұсталымдар,демалыс ақы төлеу жөнінде мәлімет |
5 жыл |
14 |
Түгендеу құжаттары ( |
5 жыл |
15 |
Орындау парақтары (көшірмесі) |
75 жыл |
Құжаттардың қозғалыс кезеңділігі,
бухгалтерияға келіп түсуі, ішкі
есеп аппаратында құжаттардың
2.2 Меншікті капиталдың есебі
Шипа жайдың мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген мүлік бағалары.
Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
− жарғылық капитал;
− резервтік капитал;
− бөлінбеген пайда.
Шипа жай өз қызметін атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық капитал – кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Шипа жайдың жарғылық капиталы 2006 жылы 300 мың теңге, қатысушының салымынан құрылған және 2010 жылы жарғылық капитал сомасы 25 102 325 теңгеге өзгерген.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасын (табысынан) бөлінген меншіктік капиталдың бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал жыл сайын таза табыстан 5 % аударылып, қажетті көлемге жеткенше құралады. Аталған қажетті көлем Жарғылық капиталдың 25 % шамасында резервтік капитал құралады.
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынанан) барлық жұсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқа дай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Кесте 6 – «Көктерек» ЖШС-ғы меншікті капитал бойынша бухгалтерлік жазулар.
Мазмұны |
Корреспонденциясы |
Сомасы, теңге | |
Жарғылық капитал жариялануы |
5110 |
5030 |
300000 |
Жарғылық капиталдың төленуі |
1030 |
5110 |
300000 |
Жарғылық капиталдың өзгеруі |
5110 |
5030 |
25102325 |
2.3 Ақша қаражаттарының, есеп –айырысулар мен міндеттемелер есебі.
Шипа жайдың ақша қаражаттарының қозғалысы есебі ҚЕХС №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі» сәйкес жүргізіледі. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі сыртқы қолданушыларға есепті кезең уақытында ақша каражаттарының келуі мен кетуі туралы ақпарат беріп, кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді.
Шипа жай түрлі банктерде ағымдағы шоттарға ие, олардағы операциялар ұлттық және шетел валюталары арқылы жүргізіледі.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау, босату мақсатында шипа жай кассаға ие. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жүргізуге материалды-жауапты тұлға –кассир.
Кассир міндеттеріне келесілер кіреді:
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир кол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін" басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол коюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне кол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.
Тоқсан аралығында бір рет кассада сақталатын ақша және басқа да құндылықтарға ревизия жүргізіледі.
Шипа жай сыртқы экономикалық саясатын әрекет етуші заң негізінде жүргізеді. Салықтар мен міндеттемелерді өтегеннен кейінгі шипа жайдың валюталық табысы уәкілетті орган бекіткен нормативке қайта бөлінеді.
Шипа жай қарамағында қалатын валюталарды қолдану валюталық заңнамаға сәйкес жүзеге асады. Бухгалтерлік есепте шетел валютасында жүргізілген операциялар бойынша жазбалар нарықтық курспен қайта есептеліп ұлттық валютамен беріледі.
Кесте 7 – «Көктерек» ЖШС-да ақша қаражаттар есебі бойынша бухгалтерлік жазулар.
Мазмұны |
Корреспонденциясы |
Сомасы, теңге | |
Қызметкерлерге кассадан есепті сома берілді |
1251 |
1010 |
56160 |
Еңбекақы төленді |
3350 |
1010 |
1789234 |
Есепті сома кассаға қайтарылды |
1010 |
1251 |
56160 |
Міндеттемелер есебі
Тәжірибені өту барысында кәсіпорында негізінен үш түрлі міндеттемелер анықталынды: кредиторлық берешектер, бюджеттік есеп айырысу бойынша міндеттемелер және еңбекақы.
Кредиторлық берешек кәсіпорынның жеке немесе заңды тұлғалар алдында міндеттемесі туындаған кезде пайда болады.
Кредиторлық берешектер алынған тауарлы материалдық қорлар бойынша шот-фактура, накладной негізінде, ал көрсетілген қызметтер бойынша орындалған жұмысты қабылдау актісі негізінде мойындалады.
Қажет жағдайда шот фактура мен орындалған жұмысты қабылдау актісіне қызмет құны есебі (расчет стоимости услуг) тіркеледі
«Көктерек» серіктестігі үшін кредиторлық берешектер бухгалтерлік есепті жүргізуде өте маңызды орындардың бірін алады, себебі кәсіпорын кредиторлық берекшектер негізінде өз қызметінің бір бөлігін қаржыландырады. Сонымен бірге басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерінен де материалдық және қаржылай алынған несиелерді өндіріс барысында және әкімшілік мақсатта қолданады.
Шипа жай бухгалтерлік есебінің бұл бөлімінде негізінен екі шот қолданады: 3010 – банктік қысқа мерзімді несие және 3310 – жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленетін сома. Осыған орай кәсіпорын банктік міндеттеме бойынша сыйақы сомаларын төлеуге де міндеттенеді.