Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 17:45, отчет по практике
Өндірістік тәжірибені өту мақсаты – практикалық тұрғыдан дағдылану, тәжірибелік есеп жұмысын дайындау үшін қажет ақпарат жинақтау.
Әрбір қызметкердің практикалық тұрғыдан дағдылану деңгейі оның кәсіби қызметінде маңызды орын алады, алынған теориялық білімді практикада қолдану тәжірибесін кеңейту арқылы ғана тиімді жұмыс нәтижесіне қол жеткізуге болады.
Тәжірибелік есеп жұмысын дайындау барысында өндірісте бухгалтерлік есеп, салық есебі, аудит, талдау жүргізілуінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, жұмыс мәнін терең зерттеуге мүмкіндік туады.
Кесте мәліметтері негізінде «Көктерек» ЖШС-да жыл сайын табыс сомасының өсуі байқалады. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетуден түскен түсім 330956 теңгеге не 25,3 %-ке төмендеген. Дегенмен, осы кезеңде өткізілген өнімнің өзіндік құны да 10742516 теңгеге төмендеп отыр. Түсім сомасының 10594300 теңгеге өсуі шығынның өсуінен алда болуына байланысты жалпы табыс сомасы 21336816 теңгеге өсіп отыр. Нәтижесінде қоғам 2012 жылды 977036 теңге таза пайдамен аяқтады. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 330956 теңгеге аз.
Келесі 13–кестеде «Көктерек» ЖШС-ның негізгі қызметтен алынған табысына шоттар корреспонденциясы көрсетілген.
Кесте 13 – «Көктерек» ЖШС-ның негізгі қызметтен алынған табыстар бойынша шоттар корреспонденциясы, 2011 жыл
Операция мазмұны |
Сомасы, мың.тг |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дт |
Кт | ||
Жолдама |
18756 |
1210.01 |
6011.01 |
Медикаменттер |
8976 |
1210.01 |
6011.01 |
Емдеу қызметінен |
8973 |
1210.01 |
6011.01 |
Айыппұлдар |
60 |
1280.06 |
6280.04 |
Қосымша-көмекші қызметтен түскен табыс |
550 |
1210.07 |
6013.01 |
Барлығы |
37315 |
13-кесте мәліметтері негізінде шипа жайдың негізгі қызметінен түскен табысы 37315 мың.тг-ні құрады, оның ішінде жолдамадан түскен табыс 50,2% болды, медикаменттерден түскен табыс 24%, алынған айыппұлдар үлесі 0,2%, қосымша көмекші қызметтен түскен табыс үлесі 1,5% болды.
Негізгі қызметтен алынған
Көмекші қызметтен түскен түсім 6200 шот бөлімі, оның ішінде 6210 «Материалдық емес активтерді есептен шығарудан түскен түсім», 6212 «Негізгі құралдарды есептен шығарудан түскен түсім», 6280 « Көмекші қызметтен түскен басқа да табыстар»
Шипа жай қызметінде шығындар есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы салдарынан болады. Кірістер мен шығындар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.
Жұмсалу бағытына байланысты шығындар келесідей топтастырылады: – сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
– өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуге арналған шығындар; – әкімшілік шығындар; – қаржыландыруға арналған шығындар; – корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар; – басқа да шығындар.
Шипа жай шығындарының динамикасы 14–кестеде көрсетілген.
Кесте 14 – Шипа жай шығындарының динамикасы, теңге
Көрсеткіштер |
2010 жыл |
2011 Жыл |
2012 Жыл |
Базисті өсу қарқыны, % | |
2011 жыл |
2012 жыл | ||||
1. Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
7143362 |
11796726 |
1054210 |
65,14 |
-91 |
2. Өнімді өткізуге
және қызметтерді көрсетуге |
- |
- |
- |
- |
|
3. Әкімшілік шығындар |
18767816 |
23862564 |
45623140 |
27,14 |
+91 |
4. Қаржыландыруға шығындар |
- |
- |
- |
- |
|
5. Басқа да шығындар |
- |
22090 |
- |
||
Барлығы |
25911178 |
35681380 |
46677350 |
37,7 |
30,2 |
14-кесте мәліметтері бойынша кәсіпорында шығындар жыл сайын жоғары қарқынмен өсіп отыр, шығынның өсуі барлық бағыттар бойынша байқалады. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы өткізілген өнімнің өзіндік құны 67,2, әкімшілік шығындар 27,14, басқа да шығындар 100 пайызға өскен. Егер 2010 жылы аталып өткен шығындар сомасы 25911178 теңгені құраса, 2011 жылы 35681380 теңгені құрап отыр. Яғни шығын сомасы 9770202 теңгеге немесе 37,7 пайызға өскен. Оның ішінде ең жоғары қарқынмен өнімнің өзіндік құны, әкімшілік шығындар өсіп отыр.
Өзінің сипатына байланысты кәсіпорында операциялық шығындар былай жіктеледі:
– матералдар және қызметтер; – персоналдармен есеп-айырысу шығындары; – амортизация; – салықтар, жеке табыс салығын есептемегенде;
– негізгі құралдарды есептен шығару шығындары;
– құнсызданудағы резерв;
– өзге де операциялық шығындар. Операциялық емес шығындарға: – негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығындар; – бағамдық айырмашылық бойынша шығындар; – өзге де шығындар.
Кәсіпорынның әкімшілік шығындарына жатады: – әкімшілік шығындар; – өндірістік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындар; – әлеуметтік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындар; – салықтар, алымдар, бюджетке міндетті төлейтін төлемдер;
– активтердің құнсыздануынан болатын шығындар;
– резерв құру мен үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар.
«Көктерек» ЖШС-да 7210.01, 7210.02, 7210.03, 7210.05 кәсіпорынның әкімшілік шығындарына жатқандықтан 7210 шотына апарылады және кезең соңында әкімшілік шығындар жылдық жиынтық табысқа апарылады
«Көктерек» ЖШС-да әкімшілік шығындармен байланысты операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы 15- кестеде келтірілген.
Кесте 15 – «Көктерек» ЖШС-да әкімшілік шығындарын есепке алу бойынша шоттар корреспонденциясы, 2011 жыл
Операциялар мазмұны |
Сомасы, тг |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дт |
Кт | ||
Еңбекақы төлеу бойынша шығындар |
17290799 |
7210.01 |
3350 |
Әлеуметтік қажеттілікке жұмсалған шығындар |
7210.01 |
3390 | |
Басқару аппаратын материалдық- |
28784 |
7210.01 |
1310 |
Басқару аппаратының көлік шығындары (бензин, бөлшектер) |
365000 |
7210.01 |
1310 |
Басқа кәсіпорындарға байланыс қызметі үшін төлемдер |
1456 |
7210.01 |
3310 |
Құралдардың тозуы |
65 |
7210.01 |
2420 |
Басқа да шығындар |
12850 |
7210.01 |
3390 |
Барлығы |
116733 |
Кәсіпорында әкімшілік шығындар шоттар жоспарына сәйкес 7210.01, өндірістік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындар 7210.02, әлеуметтік бағыттағы жалпы шаруашылық шығындар 7210.03 және бюджетке төленетін төлемдер, салықтар алымдар 7210.05 шотында есепке алынады.
15–кесте мәліметтері негізінде кәсіпорында әкімшілік шығындар 116733 мың тг-ні құрады және олар типтік шоттар жоспарына сәйкес 7210.01 шотында есепке алынады. Әкімшілік шығындардың ішінде еңбекақы төлеу бойынша шығындар 31456 мың тг-ні құрады, әлеуметтік қажеттілікке жұмсалған шығындар 15647 мың тг , басқару аппаратын материалдық -техникалық қамтамасыз етумен байланысты шығындар 28784 мың тг, басқару аппаратының көлік шығындары 26475 мың тг, басқа кәсіпорындарға байланыс қызметі үшін төлем 1456 мың тг, құралдардың тозуы 65 мың тг, басқа да шығындар 12850 мың тг-ні құрады.
2.7 Инвестиция есебі
Зерттеліп отырған шипа жай, ешқандай кәсіпорынға нивестиция салынбағандықтан, инвестиция есебі жоқ. Оған дәлел шипа жай балнсы.
Негізінен Қаржылық инвестициялардың есебі 1100 “Қаржылық инвестициялар” бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. 1100-1150 шоттарында «Акциялар», «Облигациялар», «Басқа да қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.
1100-1150 шоттар активті
болып табылады. Осы шоттардың
дебетіне қаржылық салымдардың
айдың басы мен аяғындағы
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
2.8 Өндірістік шығындарының есебі
Қарастырылып отырған кәсіпорын профилактория, халыққа дәрігерлік, емдік қызметтер көрсетумен, сатып алып және сатумен айналысқандықтан өндірістік шығындар есебі жүргізілмейді.
Негізінен Өндірістік шығындар есебін, өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін өндірістік шығындар және оны сатудан күтілетін табыс туралы есеп мәліметтерін алу үшін жүргізеді.
Өндіріс шығындарының есебі үшін, әр түрлі бағытта 8100-8410 өндіріс шоттарында жүргізіледі.
Қорыта келе, өндірістік тәжірибені өту барысында кәсіпорынның ұйым қызметін, саясатын және оның іске асыру құқықтық үрдістерін, бухгалтерлік есеп формаларын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, кәсіпорында жүргізілетін жылдық есеп беру мен салық салуды оқып білдім. Сонымен қатар бухгалтерлік құжаттарды толтыруды, жабдықтаушылармен қолма - қолсыз есеп айырысу операцияларын жүргізуді, негізгі құралдар мен материалды емес активтерді бағалау мен есептен шығару бойынша және т.б құжаттарды толтыруға үйрендім.
«Көктерек» серіктестігінде бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен ұйымдастырылуына жауапты тұлға болып кәсіпорынның бас бухгалтері табылады.Бас бухгалтер бухгалтерлік есептің жүргізілуінің басты сұрақтарына жауап береді,сонымен қатар ішкі бақылауды ұйымдастыру мен Бас кітапқа жазбаларды енгізу, қаржылық есеп беруді құрастыруды жүзеге асырады.Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерия жұмыскерлерінің қызметтік бағдарламасын қалыптастыра отырып, бухгалтерлік есептің жүргізілуіне қатысты кәсіпорын қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетеді.
Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның болғандығын растайтын бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Меншікті капитал, кәсіпорын активтері, міндеттемелері, пайдасы мен шығынына әсер етуі мүмкін барлық шаруашылық операциялар мен шаруашылық қызметтің басқа да жағдайлары кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс табады. Бухгалтерлік жазбалар компьютерлік жүйе арқылы немесе қолмен де енгізілуі мүмкін.
«Көктерек» ЖШС-да табыстар мен шығындар есебінің тәртібін зерделеу кезінде келесілер анықталды:
1) Халыққа дәрігерлік, емдік, профилактикалық қызметтер көрсетуден табыс, демалыс орындарын, жатаққаналар мен асханалық қызметтерді ұйымдастыру табыс алудың негізгі көздері болып табылады. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінің табыстар мен шығындар есебі типтік шоттар жоспарының 6,7-бөлімшелерінде жүргізіледі;
2) кәсіпорынның табыстар мен шығындар туралы мәлімет пайдалар мен зияндар туралы есепте ашылады.
Шипа жай балансын талдау барысында ескертулер анықталды: 2010 жылы жарғылық капитал 25102 мың теңгеге өзгертілген, ал 2010 жыл және 2011 жылғы баланстарда жарғылық капитал сомасы 300 мың теңге деп көрсетілген.
Сонымен қатар шипа жайда бухгалтерлік есептің жүргізуде қателігі есеп саясатының болмауы. Бұл қателікті түзету және бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында есеп саясатын жасау ұсынылған.
Есеп саясатында есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Шипа жайдың есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады.
Қоғамда жалпы алғанда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру деңгейі жоғары. Негізінен барлық бухгалтерлік операциялар автоматтандырылған, бас бухгалтердің компьютері сервер болып табылатын желіге бухгалтерия қызметкерлерінің компьютерлері қосылған. Бұдан басқа, барлық қажетті ақпарат қағаздық нысанда және басылып шығарылған түрде, хронологиясына сәйкес жинақталған және тігілген.
Мазмұны
Кіріспе ..............................