Каржылық талдаудың коэффициенттер әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:45, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9

Файлы: 1 файл

эк талдау.doc

— 753.00 Кб (Скачать)

Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгіле-рі бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пас-сиві мүлік және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элемент-тер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұн-дай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.                                                                                                                   

Баланстың актив бөлімінің  құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйекті-лікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына прин-цип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бапта-ры жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтім-ді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шот-тардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.                                                                                                          

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәреже-сіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.                                          

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жа-ңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипаттала-ды.

 Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтер-лік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сү-йейді.

Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып та-былады.

Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып та-былады.

Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, со-ны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].

Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу құра-лында былай жазылған: Баланс - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті бар-лық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл бе-рілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие бо-лады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс[14].

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды: Актив-тер-бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.                                                                                                                 

Капитал - пассивтердің арнайы түрі.                                                                      

Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғанда-ғы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.                                            

Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар" оқулығында бұл ұғымдарды былайша  түсіндіреді: "Баланстық есеп - бұл  белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржы-лық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл ак-тивтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұ-мысын камтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпа-ратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақ-параттан тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде меншікті ме".                                                                                        

Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен эле-менттері келесідей анықталады:                                                                            

«Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен ба-қыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.                                                                                                                            

Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы мін-деттемесі.

Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстары-ның шығынына (сыртқа   кетуіне) әкеліп соқтырады.               

Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».                                                                                                        

Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымыз-да берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп тура-лы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. "Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтері – активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттеме-сі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.                                                                                             

«Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке мү-ліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.                                                                                                                                              

Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті  беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.                                                                                                                   

Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастаған-нан кейінгі активтері» [11]. Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп ай-туға болады.                                                                                                                                 

Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп беру-дегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, мен-шікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.

Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорын-ның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қа-былдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.                                      

Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС–2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: "барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті болатын-дай дәрежеде ашылуы тиіс" [12].

 БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған [16] бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.                                                                                                 

Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табы-лады.                                                                                                                     

Баланс активі мен  пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.                                                                                                        

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:                                                 

1) ұзақ мерзімді активтер;                                                                                                    

2) ағымдағы активтер;               

3) меншікті капитал; 

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                            

5) ағымдағы міндеттемелер.                                                                                           

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.                                                                                                                 

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметте-ріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бух-галтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары келесілер болып табылады:                                                                                                                            

1.Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мә-ліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.                                                                         

2.Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде статус-квоны си-паттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдай-ға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-тілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).                                                                                                                        

     3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көр-сеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығы-на шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

     4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен са-лыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланста-рындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қо-ры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді. 

Информация о работе Каржылық талдаудың коэффициенттер әдісі