Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:18, дипломная работа
Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.
Кіріспе.......................................................................................................................2
Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы
1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5
1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9
ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11
2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21
ΙΙΙ бөлім Ұйымның төлем қаблеттілігін талдау
3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32
3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42
Қорытынды.............................................................................................................56
Қосымша.................................................................................................................63
Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, Ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.
1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-сипаттама, есеп саясаты
Диплом жұмысын жазу үшін мәліметтері
пайдаланылып отырған "КазИнтер"
жабық акционерлік
қоғамы 1994 жылыдың 27 желтоқсанынан бастап
Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы
бөлімі) және 1998
жылғы 10 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Акционерлік
қоғамдар туралы заңына сәйкес, сонымен
қатар басқада қүқықтық
актілер бойынша өз жұмысын
жүзеге асырып келеді. Жалпы бұл
жоғарыда аталған "КазИнтер" жабық
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасының территориясында
таза табыс алуға
бағытталған шаруашылық қызметін
өткізу үшін қүрылтайшылармен қүрылған.
Кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімі шектелмейді. "КазИнтер" жабық
акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласында тіркелінген, яғни бұл
фирманың мекен-жайы Алматы қаласы, Медеу
ауданы, Достық көшесі номері 38 үй.
Қоғамның өз аты-жөні қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрі, штампы мен бланкісі, өзінің тауарлық белгісі мен символикасы, дербес балансы бар. Қызмет істеуі барысында бұл субъекті өзін-өзі қаржыландыру бойынша сонымен бірге еркін конверсияланатын валютаны қолданады.
Қоғам өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында өз акцияларын шығара алады жәнеде мынандай қызметтерді атқаруына болады:
- құрылыс материалдарын өндіру;
- туризм;
Өзінің құрылған уақытында, яғни 1994 жылы"КазИнтер" жабық акционерлік қоғамының жарғылық қоры сол уақыттағы заңға сәйкес 15807 мың теңгені құраған болатын. Бүгінгі таңда, яғни өзі қызмет істеп жұмыс жүргізгеннен кейін 8 жыл уақыт өткенде бұл жарғылық қоры 15807000 теңгеге тең болып отыр. Яғни акционерлік қоғамның жарғылық қоры алғашқы жарияланғаннан кейін оған өзгерістер енгізілмеген.
"КазИнтер" жабық акционерлік қоғамының басқарушысы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Ал атқарушы органы — қоғамның президентіне, бақылаушы органы — тексеру комиссиясына немесе тексерушісіне жүктелген.
Қоғам жыл сайын акщионерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Бұл жиналыс есеп беретін жыл аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Аталған мерзім ішінде акционерлік қоғамным есепті кезендегі шаруашылық қызметіне аудит жүргізу жұмысы аяқталмаған жағдайда үш айға дейінгі мерзімге ұзартылынуы мүмкін. Жалпы жиналысты өткізуді қоғамның атқарушы органы немесе тәуелсіз тергеушілері жүзеге асыра алады. Бұл жиналыста мынандай мәселелер қарастырылуы мүмкін:
ΙΙ Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің кұрамы мен құрылымы динамикасын талдау.
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.
Қазіргі кезде кәсіпкер үшін, инвесторлар, несие берушілер, акционерлер үшін де қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есептің ақпаратты мәліметтеріне экономикалық талдау жүргізудің маңызы зор. Есеп берудің негізгі нысаны — бухгалтерлік баланс болып табылады. Баланстың маңызы соншалықты үлкен, кейде қаржылық жағдайды талдауды балансты талдау деп те атайды. Балансты оқып білу, оның әрбір бабының мазмүнын, оны бағалау әдістерін, кәсіпорынның қызметіндегі ролін, басқа баптармен байланыстылығын, ондағы өзгерістердің мінездемелерін білу деген сөз. Соны-мен, көсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауды баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдаудан бастайық.
Баланс активінде капиталдың таратылуы туралы мәліметтер болады; бүдан нақты мүлік пен материалдық қорларға салымдар, кәсіпорынның өндіріске және өнімді өткізуге кеткен шығындары, қолма-қол ақшаның қалдықтары жайлы білуге болады.
Баланс активінің баптарының топталуының негізгі белгісі болып олардың өтімділік дәрежесі (ақша қаражаттарына айналу жылдамдығы) табылады. Осы белгі бойынша баланс активтері Ұзақ мерзімді немесе негізгі капитал және ағымдағы (айналымды) активтер болып бөлінеді. Кәсіпорын қаржаттары оның ішкі айналымында немесе оның сыртында пайдалануы мүмкін (дебиторлық борыш, құнды қағаздарды сатып алу, сату және т.б.).
Баланстың құрамы мен құрылымының серпінін талдау кәсіпорынның барлық мүлкінің және оның жеке түрлерінің өсуінің немесе келуінің абсолютті және салыстырмалы мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Активтің өсуі немесе кемуі кәсіпорын қызметінің кеңеюі немесе тарылуы туралы мәлімдейді.
Бірақ та, кәсіпорынның мүлік қүқының өсу себептерін талдаған кезде, баланстың номиналды мәліметтерінің нақты мәліметтерден едәуір ауытқуларға әкеліп соқтыратын жоғары деңгейлі инфляцияның әсерін есепке алу керек. Біздің елеміздің тәжірибесінде инфляциялық процестердің есебі тек негізгі құралдардың баланстық құнын анықтағанда ғана жүргізіледі. Өндірістік запастардың, дайын өнімдердің және тауарлардың қайта бағалануы біздің еліміздегі ссеп-талдамалық тәжірибеде жүргізілмейді. Сондықтан, олардың қүндарының өсуіне инфляциялық фактор әсер етеді. Кәсіпорынның қаражаттарының таратылуы қаржылық қызмет және оның тиімділігін арттыруды өте үлкен маңызы бар. Ұзақ мерзімді жөне ағымдағы активтерге қаншалықты қаражат бөлінді, олардың ара қатынасы қаншалықты оптималды екендігіне өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижелері байланысты. Егер кәсіпорынның құрылған өндірістік қуаты шикізат, материал жетіспеушілігімен толық пайдаланылмаса, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізеді. Тура сондай жағдай кәсіпорындағы өндірістік қуаттарымен тез өндіріле алынбайтын шамадан тыс өндірістік қорлар құрылғанда болады. Осының нәтижесінде капитал тоқтап қалады, оның айналымдылығы баяулайды, ал бұл болса кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуіне әкеліп соғады.
Жоғары деңгейлі қаржылық нәтижелер, рентабельдіктің жоғары деңгейі кезінде де кәсіпорын егер қаржылық ресурстарны нормадан тыс өндірістік қорларга жүмсаған немесе үлкен дебиторлық борыштың пайда болуына жол берген жағдайда қаржылық қиыншылықтарды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан, кәсіпорын активтерін талдау барысында ең алдымен олардың құрамы мен құрылымындағы өзгерістерді зерттеп, оларға баға беру керек.
Активтердің құрамын баланс мәліметтері бойынша орналастырып, оны талдау үшін 1-талдамалық кесте құрылған.
Жьш басына |
Жыл аяғына |
Ауытқуы |
құрылымының | |||||
№ |
Көрсеткіштер |
Сомасы |
үлес |
Сомасы |
үлес |
мың тг. |
% |
өзгеруі,тармақ |
Мың |
салмағы |
мың тг. |
салмағы |
(Зб.-1б.) |
(5б.:1б.хЮО) |
б/ша (46. - 26.) | ||
тг. |
%-бен |
%-бен |
||||||
А |
Ә |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Активтер құны |
481560 |
100 |
676084 |
100 |
+194524 |
+40,39 |
- |
оның ішінде: |
||||||||
1.1. Ұзақ мерзімді |
135007 |
28,04 |
148730 |
22,00 |
+13723 |
+10,17 |
- 6,04 | |
Активтер |
||||||||
оның ішінде: |
||||||||
а) негізгі қүралдар |
125183 |
26,00 |
124256 |
18,38 |
-927 |
- 0,74 |
' - 7,62 | |
б) қаржылық салымдар в)МЕА |
9824 |
2,04 |
24285 189 |
3,59 0,02 |
+ 14461 189 |
+ 147,20 0,02 |
+ 1,55 0,02 | |
1.2. Ағымдағы активтер |
346553 |
71,96 |
527354 |
78,00 |
+ 180801 |
+52,17 |
+6,04 | |
оның ішінде: |
||||||||
а) тмқ |
141417 |
29,36 |
187615 |
27,75 |
+46198
|
32,66 |
-1,61 | |
б)дебиторлық борыш в)ақша қаражаттары |
190326 14810 |
39,76 3,07 |
339576 136 |
50,22 0,02 |
149250 -14647 |
+78,4 -98,9 |
+10,7 -3,05 | |
2. |
Кәсіпорынның өңцірістік |
|||||||
әлуетінің құны |
258367 |
53,65 |
273749 |
40,49 |
+15382 |
+5,95 |
- 13,16 |
1-кесте
ЖАҚ "КазИнтер" 2005 жыл ішіндегі баланс
активтерінің құрамы мен құрылымы:
Кестеден көріп отырғанымыздай, активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы есепті жыл ішінде 194524 мың теңгеге немесе 40,39% (пайызга) көбейді. Бұл кәсіпорын үшін жақсы көрстекіш болып саналады. Дегенмен, кәсіпорынның активтерін талдау кезінде олардың қалай таратылғандығын және есепті жыл ішінде баланстың қай баптарына көбірек назар аударылғандығын, кәсіпорынның өндірістік әлуеттік жағдайын, оның негізгі қүралдарын, мүліктің икемділігін анықтау қажет. Ол үшін ең алдымен кәсіпорынның өндірістік әлуетінің мөлшерін анықтау қажет. Оны анықтаудың әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі жолдары көрсетілген. Мысалы, И.М. Локанинаның көзқарасы бойынша кәсіпорынның өндірістік әлуетінің мөлшеріне негізгі қүралдар, өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс және өсім және бордақыдағы малдар жатқызылады. Ал А.Д. Шеремет және Р.С. Сайфулин көзқарастары бойынша жоғарыдағы әдіске аяқталмаған капитал салымдары және түрғызуға арналған қүрылғылар сомалары да жатқызылады. Кәсіпорынның өндірістік әлуетін біле отырып, өндірістік бағыттағы мүлік коэффициентін табуға болады. Оның ұсынылған мәні 0,5-тен кем емес. Біздің жағдайымызда кәсіпорынның өндірістік әлуеті мөлшері жыл басына 258367 мың теңге, жыл аяғына 273749 мың теңгені қүрады, жыл ішінде ол 15382 мың теңгеге немесе 5,95%-ға көбейді. Өндіріс әлуетінің баланс активінің жалпы қүнындағы үлесі есепті жыл ішінде 13,16 тармаққа төмендеді де, жыл аяғына 40,49% қүрады. Осыдан біз кәсіпорынның өндірістік бағыттағы мүлік коэффициентін табатын болсақ, ол жыл басына — 0,5 (258367 : 481560), жыл аяғына — 0,4 (273749 : 676084) құрады. Бұл сан межеден төмен. Мұндай жағдайда егер кәсіпорынның қаржылық нәтижелері есепті кезеңде өндірістік бағыттағы мүлікті өзінің қаражаттары есебінен толтыруға мүмкіндік бермесе, бұл активтерді толтыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартуына болады.
Жыл соңындағы ағымдағы активтер сомасы баланс валютасының 78%-ын құрады. Осыдан біз ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкі құнына қатынасы арқылы табылатын кәсіпорынның активтерінің мобилділік коэффициентін табатын болсақ, ол жыл басына — 0,72 (346553 : 481520), жыл аяғына - 0,78 (527354 : 676084) құрады.
Жалпы бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,5-тен төмен болмауы керек. Біздің жағдайда бұл коэффициент мәні 0,72-ден 0,78-ге дейін көтерілді. Бұл кәсіпорын үшін өте жақсы көрсеткіш, себебі бұл коэффициенттің мәні неғүрлым жоғары болса, соғүрлым кәсіпорынның қызметін үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету, кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндіктері жоғары болады. Қаржылық тұрғыдан қарағанда, бұл коэффициенттің өсуі қүрылымдағы жағымды ілгерілеу болып саналады; мүлік икемділігі жоғарылайды, ал ол болса оның айналым жылдамдығының өсуін, оны пайдаланудың тиімділігінің өсуін білдіреді.