Экономикалықталдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:18, дипломная работа

Краткое описание

Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................2
Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы
1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5
1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9
ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11
2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21
ΙΙΙ бөлім Ұйымның төлем қаблеттілігін талдау
3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32
3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42
Қорытынды.............................................................................................................56
Қосымша.................................................................................................................63

Файлы: 1 файл

econ_1332.doc

— 636.50 Кб (Скачать)

    Осы екінші концепция өтімділіктің мәнін дәл анықтайды. Сонымен, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерінің активтердің жабылу деңгейімен анықталады, бұл жерде активтердің ақшаға айналу уақыты міндеттемелерді жабу уақытына сәйкес келеді. Бұл айналымның лездігіне кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігі тәуелді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақытылы жабу үшін өзінде бар қаражаттарды тез жұмылдыру мүмкіндігімен анықталады. Өтімділік кәсіпорынның толық төлем қабілеттілігін білдіреді де, активтер мен міндеттемелердің жалпы сомасы бойынша да, олардың өтелу мерзімі бойынша да теңдікті көздейді.

    Кәсіпорынның өтімділігін талдаумен ең алдымен коммерциялық несие беретін тұлғалар айналысады. Бұл коммерциялық несиелер қысқа мерзімді болғандықтан, кәсіпорынның бұл міндеттемелері бойынша төлеу қабілеті өтемділікті талдау арқылы бағаланады.

    Акция ұстаушылар кәсіпорынның өтімділігінің деңгейін, пайыздарды төлеу және несиенің негізгі бөлігін өтеу мүмкіндігін білгілері келеді.

    Өтімділікті екі жақтан қарастыруға болады: активтерді өткізу уақыты есебінде жөне активті сатудан түскен ақша сомасы ретінде. Бұл екі жақ бір-бірімен тығыз байланысқан: көп жағдайларда активтерді аз уақыт ішінде, бірақ та баға шегерімімен өткізуге болады.

    Кәсіпорынның өтімділігі баланс өтімділігін білдіреді. Сондықтан, кәсіпорынның өтімділігін анықтау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін талдау керек.

    Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив бойынша қаражаттарды өтелу мерзімі бойынша топтастырылған пассив бойынша міндеттемелерімен салыстыруға негізделген. Актив және пассив баптарының топтастырылуы нақты анықталған тәртіп бойынша жүзеге асырылады - өтімділігі жоғары, активтерден өтімділігі төмен активтерге қарай, яғни өтімділік дәрежесінің төмендеуі бойынша  және төлену мерзімдшіп қысқа пассивтерден төлену мерзші Ұзақ пассивтерге қарай, яғни төлену мерзімінің үзаруы бойынша.

    Өтімділік дәрежесіне байланысты, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты активтер келесі топтарға бөлінеді.

1. Ең   өтімді   активтер (А 1). Әлемдік   тәжірибеде   оларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен   құнды қағаздар жатады.

    Ақша қаражаттар мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) айналым қаражаттарының ең икемді бөлігі болып табылады. Ақша қаражаттар төлемдерге дереу дайын түрады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айнала алады.

 2.      Тез өтетін активтер (А2). Оларға қысқа мерзімді дебиторлық   борыштар  мен басқа да активтер жатады. Дебиторлық борыш бойынша сомалар белгі-лі бір уақыттарда еспе айырысу шотына  түседі де, оларды  міндеттемеле-рді жабуға жіберуге болады. Есеп  айырысу қүжаттар негізінде жөнелтіліп сатып алушылармен құны уақытылы төленбеген тауарлар бойынша борыш-тардың өтімділігі  төменірек болып саналады, себебі бұл төлемдердің төлену уақыты белгісіз. Бірақ та мүндай уақыты өтіп кеткен борыштар қалаусыз, 
себебі  кез-келген  дебитор  айыппүл  төлеуден, одан  қалса, оны банкрот деп жариялаудан қашып, өзінің борыштарын  уақытылы  өтеуге тырысады. Қалыпты нарық жағдайында кәсіпорынның ең  өтімді қаражаттарына қыс-қа мерзімді дебиторлық борыштарды да  қосады. Бірақ та әлі дұрыс қалып-таспаған нарық жағдайларында  дебиторлық борыштың барлығы ақша қа-ражаттарға айналуының  кепілдігі жоқ. Күдікті дебиторлық борыштың жоға-ры үлес салмағы  кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигі-зеді.

  3.    Баяу  өтетін активтер (А3). Оларға баланс активтерінің Тауарлы-материал-дық қорлар және Ұзақ мерзімді инвестициялар  (басқа   кәсіпорындардың   жарғылық  қорына  салымдардан және  алдагы кезең шығындарынан басқа) баптары жатады. Бұл топтың  активтерін ақша қаражаттарға   айналдыру қиынырақ түседі, себебі  бұл активтерге сатып алушы табудың өзі біраз уақыт қажет етеді.  Әсіресе, бұл аяқталмаған өндіріске қатысты.

4.   Қиын өтетін активтер. (А4).     Бұл топқа материалдық емес активтер, негізгі қүралдар және басқа кәсіпорындардың жарғылық қорына салымдар кіреді.

     Баланс активтерінің баптарының олардың өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылуында меншіктің ең өтімді және әмбебап түрі - кассадағы және банктегі есеп айырысу, валюталық және ағымдағы шоттардағы ақша массасы. Одан кейін құнды қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық салымдар және дебиторлармен есеп айырысулар. Жоғарыда аталған баланс баптары көсіпорынның «өтімділігінң, яғни активтердің мерзімі келген міндеттемелерге өтеуге жіберілетін бөлігін көрсетеді. Активтердің өтімідлігі төменірек элементтері тауарлы-материалдық қоралр және негізгі капитал баптарында топтастырылған.

    Баланс пассивтерін оларды өтеу мерзімділігі бойынша топтастырады.

  1. Неғұрлым шұғыл міндеттемелер (П1). Оларға кредиторлық борыш, уақы-тында өтелмеген қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер жатады.
  2. Қысқа мерзімді міндеттемелер (П2). Оларғақысқа мерзімді  несиелер  мен   қарыздар  және  жұмысшы -  қызметкерлер  үшін  алынған қарыздар жатады.
  3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер (Пз). Оларға кәсіпорынның  ұзақ мерзімді несиелері мен қарыздары жатады.

4.  Тұрақты міндеттемелер (П4). Бұл топқа пассивтің бірінші «Меншікті   ка-питалң  бөлімі  кіреді. Активтер мен  пассивтер  балансын   сақтау  үшін   осы   бөлімнің сомасынан алдағы кезең   шығындарының сомасын алып тастау  керек.

    Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер бірге алынғанда сыртқы міндеттемелер деп аталады.

    Кәсіпорын өтімді болып саналады, егер оның ағымдағы активтері оның қысқа мерзімді міндеттемелерінен көп болса. Кәсіпорынның нақты өтімділігін анықтау үшін баланстың өтімділігінің талдауын жүргізу керек.

    Баланстың өтімділігін анықтау үшін активтер мен пассивтердің әрбір топатры бойынша нәтижелерін салыстыру керек. Егер келесі шарттар орындалса, баланс абсолютті өтімді болып саналады.

А1≥П1   ;   А2≥П2 ;     А3≥П3    ;     А4≥П

       Егер алдындағы үш теңсіздіктер орындалса, яғни ағымдағы активтер кәсіпорынның сыртқы міндеттемелерінен асса, онда төртінші теңсіздік міндетті түрде орындалады. Бұл теңсіздіктің терең экономикалық мағынасы бар: оның орындалуы қаржылық тұрақтылықтың минималды шартының орындалуын — кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының болуын қамтамасыз етеді. Егер жоғарыдағы жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздіктері орындалмаса, баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен айырмашылығы болады. Мүнда активтердің бір тобы бойынша қаражаттардың жетіспеушілігі басқа топ қаражаттарының мөлшерден асуымен өтеледі, бірақта бұл құндылық мөлшерде ғана болады, себебі нақты төлем жағдайында өтімділігі төмен активтер өтімділігі жоғары активтерді өтей алмайды.Баланстың топтарға жіктелген баптарын 5-кестеден қарастыруға болады. 

5-кесте                                                                                                                                                                                                          "КазИнтер" ЖАҚ мәліметтері негізіндегі баланстың активтерінің өтімділігі және

                                                  пассивтердің төлену мерзімділігі бойынша топтастырылуы

Актив

Сомасы мың тг.

Пассив

Сомасы мың  тг.

Төлемдік жетіспеушілік, артықшылық

 

жыл басына

жыл аяғына

 

жыл басына

жыл аяғына

жыл басына

жыл аяғына

А

1

2

Ә

1

2

3

4

1.     А 1 ең     өтімді активтер

14810

163

1. П1    неғүрлым    шүғыл міндеттемелер

298017

472584

- 283207

- 472421

2.  А 2тез өтетін активтер

175615

332783

2. П2 қысқа мерзімді міндеттемелер

-

-

+ 175615

+332783

3. А 3 баяу өтетін активтер

151241

211900

3. П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

-

+ 151241

+211900

4. А 4 қиын өтетін активтер

125183

124445

4. П4  тұрақты міндеттемелер

168832

196707

- 43649

- 72262

Барлығы

466849

669291

Барлығы

466849

669291

"

"


 

    Кестеден көріп отырғанымыздай, төлемдік қаражаттардың бірінші тобы төлемдік міндеттемелерді жаба алмайды, ал екінші тобы, керісінше, асып тұр.

    Актив пен пассив баптарының бірінші тобының нәтижелерін салыстыру жақындағы түсімдер мен төлемдердің (3 айға дейін) ара қатынасын көрсетеді.

    Актив пен пассив баптарының екінші тобын салыстыру жақын арадағы төлем тәртібінің жақсаруы немесе нашарлауы жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді.

    Жалпы активтің бірінші және екінші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ал ол болса қарастырылып отырған кезеңге жақын уақыт аралығына кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорын жыл басына да, жыл соңына да осы екі топтың мәліметтері бойынша төлем қабілетсіз болып отыр. Ең өтімді және тез өтетін активтер сомасы жыл басында — 190425 мың теңгені (14810 + 175615) құраса, ағымдағы міндеттемелер сомасы — 298017 мың теңгені құрады, бұл төлем қаражттарынан 107592 мың теңгеге көп. Ол жыл аяғына төлемдік жетіспеушілік 139618 мың теңгені (-472421 + 332783) құрады.

    Баяу өтетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру келешектегі өтімділікті сипаттап, келешектегі түсімдер мен төлемдерді салыстыру негізіндегі төлем қабілеттілікті болжауды білдіреді, яғни кәсіпорынның келешекте қаржылық жағдайының жақсаруын немесе нашарлауын болжауға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басына да, жыл соңына да төлемдік қаражаттары міндеттемелерден асып отыр. Жыл басына бұл артықшылық - 151241 мың теңгенің, жыл аяғында — 211900 мың теңгені құрады, яғни есепті жыл ішінде 1,4 есе артты.

    Баланстың активі мен пассивінің баптарының төртінші тобының нәтижелерін салыстыру кәсіпорынның өзінің иелері алдындағы міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жойылған кезде ғана қажет болады. Ол үздіксіз қызмет ету үшін кәсіпорында үздіксіз өзінің меншікті айналым капиталы болуы тиіс. Ол үшін төртінші теңсіздік          ( А4 < П4) орындалуы тиіс, яши меншікті қаражаттар көздері айналымнан тыс активтерден көп болуы тиіс. Біздің қарастырып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік орындалып отыр.

    Жоғарыда жүргізілген талдау есептеулерді уақытында жүргізудің мүмкіндіктері жағынан кәсіпорынның қаржылық жағдайын жеткілікті толық сипаттайды. Дегенмен, ол кәсіпорынның дәл қазіргі кездегі нақты қаржылық жағдайын дәл сипаттай алмайды. Бұл бухгалтерлік есеп беру мөліметтері негізінде жүргізілген сыртқы талдаудың қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілмеуіне байланысты. Баланстың өтімділігін нақты анықтау тек есеп мәліметтерінің негізінде болады, яғни ішкі талдау жүргізу шегінде. Бұл жағдайда дебиторлық борышқа (оның мөлшері, төлену мерзімдері, дебиторлардың есеп айырысу көздері, т.б.) назар аудару керек, себебі ол ақша қаражаттарына жақын тұр да, қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздерінің бірі болып табылады.

    Жоғарыдағы тәртіп бойынша жүргізілетін талдау баланстың өтімділігіне кешенді баға бере алады. Өтімділіктің жалпы коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:

                        

мұнда:    Кж_ө_ — жалпы өтімділік коэффициенті; ОІ,

              а2, аъ - үлестік коэффициенттер.

    Баланстың жалпы өтімділік коэффициенті өтімді қаражаттар мен төлем-дік міндеттемелердің әртүрлі топтары қаражаттардың түсуі мен міндетте-мелердің өтелу мерзімдерін ескеретін коэффициенттермен есептеу шарты-мен кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттар сомасының қаты-насын көрсететді. Оның мәні 0,9-дан төмен болмағаны жөн.

    Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізу қабілетін көрсетеді. Ол үлестік коэффициенттер келесі шектеулер ішінде болған жағдайда белгіленген кәсіпорынның әртүрлі есеп кезеңдердегі баланстарын, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруда қай баланс өтімді екенін анықтауға мүмкіндік береді.

    Бұл шектеулер баланс өтімділігі дәрежесі бойынша қаржылық жағдайлардың жіктелуін қарастыруға және жағдайлардың көп түрлеріндегі тәртіп шарттарына негізделген.

     Ең өтімді активтер мен неғұрлым шұғыл міндеттемелер баланс өтімділігі үшін ең маңызды болғандықтан, бірінші коэффициент бірге теңестіріліп алынады. Осыған байланысты екінші және үшінші үлестік коэффициенттер

шектеулері келесідей:


 



бұдан а3 < 0,5                                                                                                                                    Көрсетілген шпектеулерге үлестік коэффициенттердің, мысалы, келесі мәндері сәйкес келеді:

 

сонда:

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның жалпы төлем қабілеттілігі және өтімділік жағьнан кәсіпорындағы қаржылық жағдайдың өрістері бағаланады. Бұл көрсеткіш сонымен қатар еспе беру негізінде көп әлеуметті серіктестер ішінен ең сенімдісін таңдауға мүмкіндік береді. "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамында бұл көрсеткіш  жыл басына:

14810 + 0,5 -175615 + 0,3 -151241    =   -0,5                            

                          298017

жыл аяғына:

                    тең болады.

    Яғни еспеті жыл ішінде 0,01 тармаққа төмендеді. Жалпы бұл көрсеткіштің деңгейі теориялық анықталған деңгейге сәйкес емес: бұл кәсіпорынның төлем қабілетінің нашарлағанын білдіреді. Дегенмен, бұл көрстекіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін жабу жайындағы мүмкіндіктерді сипаттай алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бір-бірінен құрамындағы өтімділік қаражаттарымен ерекшелінетін басқа да өтімділік көрсеткіштері пайдаланылады. Кәсіпорын жоғары не төмен деңгейде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтер құрылымына қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін тез өтетін де, қиын өтетін де әртүрлі төлем қаражаттары кіреді.

Информация о работе Экономикалықталдау