Экономикалықталдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:18, дипломная работа

Краткое описание

Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................2
Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы
1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5
1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9
ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11
2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21
ΙΙΙ бөлім Ұйымның төлем қаблеттілігін талдау
3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32
3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42
Қорытынды.............................................................................................................56
Қосымша.................................................................................................................63

Файлы: 1 файл

econ_1332.doc

— 636.50 Кб (Скачать)

    Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2-ге тең нормативті мәні біздің елде есепті кәсіпорныдардың меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуімен әрі қарай жұмыс істеп жүрген кездегі олардағы нақты жағдайды есепке алмағандағы, кәсіпорныдарды банкрот деп жариялау туралы шешім қабыддау критерийлерінің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің номативті мөні барлық кәсіпорындар үшін бірдей, яғни кәсіпорындардың салалық ерекшеліктері және өндіріс түрлері ескерілмеген.

    Біздің еліміздегі көптеген кәсіпорындар банкрот анықтамасына сай келеді. Демек, бұл критерилер біздің еліміздің экономикалық дамуының талаптарына сәйкес келмейді, себебі көптеген кәсіпорындар ішінде шынымен де банкротқа ұшырауға жақын кәсіпорындарды бөлек көрсетпейді.

     Әлемдік есепті-талдамалық тәжірибеде бұл коэффициенттің нормативті мәні салалар бойынша бәлек-бөлек анықталған. Мысалы, АҚШ-та ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативті мәні салалар бойынша келесідей болады; өндірістік салада — 1,47; тамақ өнеркәсібінде — 1,25; баспа қызметінде — 1,67; химия өнеркәсібінде — 1,30; мұнай және көмір өнеркәсібінде — 1,0; машина жасауда — 1,85; электр жабдықтар мен электр техникасын шығаратын кәсіпорындарда - 1,47; бөлшек саудада — 1,50.

    Біздің елде де статистикалық мәліметтер енгізінде бұл көрсеткіштің мәнін салалар бойынша анықтап, оны активтер өтімділігін талдауда қоддану керек.

   Біздің қарастырып отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің мәні жыл басына — 1,11 (331842 : 298017); жыл соңына - 1,10 (520561 : 472584).

    Кәсіпорын өтімді активтерінің мөлшерін оларға деген оптималды қажеттілік шегінде реттеп отыру қажет, ол болса келесі факторларға байланысты:

- кәсіпорынның  ауқымдылығы және оның қызметінің  көлемі (өндіріс және сату көлемі неғұрлым көп, соғұрлым тауарлы-материалдық қорлар мөлшері көп болады);

өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраным және оны сатудан төлемдердің түсу жылдамдығы);

  • өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс мөлшері);
  • тауарлы-материалдық қорларды жаңартуға   керек   уақыт 
        (олардың  айналымының ұзақтығы);
  • кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;
  • жалпы экономикалық коньюктура.

    Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер ара қатынасы 1-ден кіші болса, кәсіпорын өзінің шоттары бойынша есеп айырыса алмайды деуге болады. Активтер өтімділіктерінің әр деңгейлілігін ескерсек, активтердің барлығы тез ақшаға айнала алмайтыны сөзсіз, демек бұл жағдайда кәсіпорын-ның қаржылық тұрақтылығы нашарлауы мүмкін. Бұл коэффициент мәні 1-ден жоғары болса, онда кәсіпорында меншікті көздер есебінен құрылған бос қорлардың біраз мөлшері бар деуге болады. Кәсіпорын кредиторлар үшін бұл айналым қорларының құрылу варианты ең қалаулысы болып табылады. Сонымен  қатар  кәсіпорын   менеджерінің  көзқарасы  бойынша, кәсіпорында қорлардың жинақталуы, қаражаттардың дебиторлық борыш түрінде жиналуы кәсіпорын активтерін дұрыс басқара алмаумен байланысты болуы мүмкін.

    Өтімділіктің әртүрлі көрсеткіштері кәсіпорынның өтімді 
қаражаттарының есебінің әртүрлі деңгейлігімен қаржылық 
жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, 
сонымен қатар, талдамалы ақпараттың сыртқы

пайдаланушылардың туындайтын сұрақтарына жауап береді. Мысалы, шикізат және материалдармен жабдықтаушылар үшін ең маңыздысы — абсолютті өтімділік коэффициенті. Ал осы кәсіпорынға несие беруші банк үшін — жедел өтімділік коэффициенті, ал кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын үстаушылар және сатып алушылары үшін — ағымдағы өтімділік коэффициенті.

    Көптеген кәсіпорындар жедел өтімділік коэффициентінің төмен деңгейі ағымдағы өтімділік коэффициентінің жоғары деңгейімен ұштастырылуына тән. Бұл кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорларының артық болуына байланысты. Ал бұл болса ақша қаражаттарының жетіспеупшіігіне әкеліп соғады. Осыдан, ағымдағы өтімділік коэффициентінің деңгейі жоғары болғанмен, оның құрылымының жағдайы мен серпінділігін, әсіресе баланс активтерінің ІΙΙ-тобына кіретін баптарды талдап өту керек. Бұл мақсатпен өндірістік қорлар, дайын өнім, аяқталмаған өндірістің айналымдылығын есептеу қажет.

    Кәсіпорынның жедел өтімділік коэффициент деңгейі төмен, ал ағымдағы өтімділік коэффициентінің деңгейі жоғары болған жағдайда, жоғарыда аталған айналымдылық көрсеткіштерінің төмендеуі кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің нашарлауын білдіреді. Кәсіпорынның өтімді активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің төмендегенін анықтаған жағдайда оның төлем қабілеттілігін объективті бағалау үшін бұл көрсеткіштердің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Бұл себептер ішкі де, сыртқы да болуы мүмкін. Бірақ ең алдымен жоғарыда аталған өтімділік коэффициенттерін есептеп, олардың ауытқуларын және оларға әсер ететін факторлардың мөлшерін анықтау қажет.

    Кәсіпорынның келешектегі төлем қабілеттілігін сипаттайтын жоғарыды көрсетілген өтімділік коэффициенттерінің есептеулері 7-кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

7-кесте:                                                                                                                   

"КазИнтер" жабық акционерлік қоғамындағы ағымдағы                              активтерінің өтімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Жыл басына

Жыл аяёына

Ауыткуы (26.- 16.)

А

Ә

1

2

3

1.

Ағымдағы  активтер, мың тг.

341553

527354

+180801

 

оның ішінде:

     

1.1.

ақша   қаржаттары  және   қысқа мерзімді қаржылық салымдар

,     14810

163

- 14647

1.2.

дебиторлық  борыш және басқа да активтер

175615

332783

+157168

1.3.

тауарлы-материалдық       қорлар және ұзақ             мерзімді инвестициялар

15124

211900

+60659

2.

Ағымдағы   міндеттемелер,   мың тг.

298017

472584

+174567

2.1.

қысқа   мерзімді   несиелер   мен  қарыздар

-

-

-

2.2.

кредиторлық борыш

298017

472584

+174567

2.3.

басқадай                        ағымдағы міндеттемелер

-

-

-

3.

Өтімділік көрсеткіштері

     

3.1.

абсолютті                         өтімділік коэффициенті

0,05

0,0004

- 0,0496

3.2.

жедел өтімділік коэффициенті (1.1ж.+1.2ж.) : 2ж.]

0,639

0,705

+0,066

3.3.

ағымдағы                         өтімділік коэффициенті

1,147

1,153

+0,006


    Кестеден көріп отырғанымыздай, жалпы кәсіпорынның жағдайы жақсы емес. Жыл ішінде абсолютті өтімділік коэффициенті 0,0496 тармаққа төмендеп, жедел өтімділік коэффициенті 0,066 тармаққа, ағымдағы өтімділік коэффициенті 0,006 тармаққа көтерілді. Жыл соңында да, жыл басында да бұл көрсеткіштер теориялық оптималды мәндерінен төмен. Әсіресе, абсолюттік өтімділік коэффициентінің жыл соңындағы мәні теориялық оптималды мәнінің төменгі шегінен 500 есе төмен. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне жыл ішінде 14647 мың теңгеге ақша қаражаттарының күрт төмендеуі әсерін тигізеді. Қалған екі көрсеткіштердің 0,066 және 0,006 тармаққа жоғарылауының себебі — ақша қаражттардың өсімінен дебиторлық борыштар және тауарлық материалдық қорлар өсімдерінің көп болуы.

    Сөйтіп, біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі-оның төлем қабілеттілігін қарастырдық. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланс өтімділігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар әсер етеді — біздің республикамыздағы саяси және экономикалық жағдайлар, дебитор-кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, т.б.

    Төлем қабілеттілігін талдаған кезде осы факторлардың барлығын еске алу керек.

    Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып оның несие қабілеттілігі — бұл оның несие алу және уақытылы қайтару қабілеті.

    Банктік  жүйенің қайта ұйымдастырылу жағдайларында несие рөлінің нығаюы оның тұтынушыларға деген көзқарасы өзгереді. Несие алушы сипаты да өзгереді. Дербестілігінің кеңеюі, меншіктің жаңа түрлері — мұның барлығы несиенің қайталу тәуекелдігін жоғарылытып, несие келісімдерін бекіткен кезде, несиелеудің мүмкіндіктері және шарттары туралы мәселелерді шешкен кезде несие қабілеттілікті бағалауды талап етеді.

    Несие қабілеттілікті бағалаған кезде несие алушының беделі, оның мүлкінің мөлшері және құрылымы, экономикалық және нарықтық коньюктурасы, қаржылық жағдайының тұрақтылығы, т.б. еске алынады.

   Несие қабілеттілікті талдаудың бірінші кезеңінде банк клиентінің диагностикалық ақпаратын қарастырады, оның құрамына кредиторлар және басқа да инвесторлар шоттарының уақытылы және дұрыс төленуі, кәсіпорынның даму тенденциялары, несие алудың уәждері, кәсіпорынның қарыздарының қүрамы және мөлшері кіреді. Егер бұл жаңадан құрылған кәсіпорын болса, оның бизнес-жоспары қарастырылады.

    Кәсіпорын мүлкінің құрамы және мөлшері жайлы ақпарат клиентке берілуі мүмкін несие сомасын анықтаған кезде қолданылады. Активтер құрамын талдау қажетті кезде жылдам ақша қаражаттарына айналдырыла алатын ең өтімді активтер үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

   Кәсіпорынның несие қабілеттілігін анықтаудың екінші кезеңі несие алушының қаржылық жағдайын және оның тұрақтылығын бағалауды қарастырады. Мұнда кәсіпорынның тек қана төлем қабілеттілігі емес, сонымен қатар өндіріс рентабельдігінің деңгейі, айналым капиталының айналымдылық коэффициенті, қаржы тұтқа әсері, меншікті айналым капиталының бар болуы, өндірістік жоспарларының орындалуы тұрақтылығы жалпы табыстағы несиелер бойынша міндеттемелердің үлес салмағы, жалпы өнімнің өсу жылдамдығы банк несиелерінің өсу жыддамдығының ара-қатынасы, несие бойынша уақыты өтіп кеткен борыштардың сомасы және мерзімдері және т.б. көрсеткіштер де қарастырылады.

    Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін бағалаған кезде жедел өтімділік коэффициентімен қатар ағымдағы өтімділік коэффициенті де қолданылады. Кәсіпорынның жедел өтімділік коэффициенті 0,5-тен төмен болмауы керек. Біздің жағдайда бұл коэффициент мәні жыл басына да, жыл аяғына да 0,5-тен жоғары.

    Егер ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 1-ден төмен болса, бұл кәсіпорын төлем қабілетсіз болып есептелінеді де, несие тек ерекше жағдайлар негізінде берілуі мүмкін. Егер оның мәні 1-1,5 аралығында жатса, кәсіпорынның несиені уақытылы қайтарылуының белгілі бір тәуекелділігі бар, ал егер бұл коэффициент мәні 1,5-тен жоғары болса, қарыздың және оның қайтарылуының кепілдігі жеткілікті болып есептеледі.

   Несие беру мәселесін қарастырған кезде кәсіпорынның өтімділік коэффициенттірімен қатар рентабельділік, тәуекелділік дәрежесі, тағыда басқа көрсеткіштер де талдануы тиіс.

    Көрстекіштерді  бағалау банк қызметкерлерімен  экспертті түрде жүргізілуі мүмкін. Қажетті жағдайларда эксперттер ретінде білікті мамандар және ғалымдар шақырылуы мүмкін.

    Кәсіпорынға несие беру жайлы мәселесін қарастырғанда және несие үшін проценттертөлемін анықтағанда оның тәуекелділік дәрежесін қолданады. Егер банк тәуекелділігі жоғары болса, ол несие үшін жоғары процент бекітеді.

    Қаржы және басқа да ресурстармен жабдықтаушылары шаруашылық субъектінің несие қабілеттілігін және тәуекелділік дәрежесін бағалаған кезде экономикалық көрстекіштердің толық кешені бойынша әртүрлі кәсіпорындардың көп өлшемді салыстырмалы талдауы жүргізілуі мүмкін.

 

                                                                  Қорытынды

    Нарық жағдайларында кәсіпорынның тұрақты жағдайының негізі болып, оның ақша қаражаттарын еркін оңтайландырып, оларды тиімді пайдалана отырып, үздіксіз өндіріс және өнімді сату процестерін қамтамасыз ететіндей қаржылық тұрақтылығы табылады.

Бірақ, өндіріс  тәжірибе көрсеткендей, көптеген кәсіпорындар басқармасының қызметкрелері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдамайды, оның қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігін талдаудың әдістемесін білмейді деуге болады.

    Диплом жұмысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін талдаудың әдістемесі ашылып қарастырылған, бірқатар көрсеткіштер есептелген; олардың маңызы диплом жұмысының II және ІΙΙ-тарауларында ашылып көрсетілген.

    Жасалған талдау барысында келесідей теріс аспектілері байқалған:

1. Кәсіпорынның  өндірістік  бағыттағы  мүлік  коэффициенті төмендеді,  ал бұл болса өндірістік кәсіпорындар үшін қалаусыз  жағдай;

негізгі құралдардың нақты құны төмен, олардың 
жартысынан астамының табиғи және сапалығы жағынан тозығы 
жеткен;

2. Дайын өнім қалдығы жыл соңында едәуір көтерілді, ал бұл дайын өнімді сатуда қиындыққа әкеліп соғатындығын көрсетеді;

3. Жалпы ағымдағы активтер көбейгенімен, олар дебиторлық борыштың  едә-уір  өсуіне  байланысты  көбейіп  тұр.  Дебиторлық  борыштың   ішінде  жөнсіз   дебиторлық   борыштар   бар.   Жалпы  дебиторлық борыштың өсуі кәсіпорын шығаратын өнімді сатып алушылардың   уақытылы   есеп   айы-рысуға   қаражаттары   жоқ,  қаржылық жағдайлары төмен, тағыда басқа себе-птерге байланысты;

4. Тәуелсіздік коэффициенті есепті жыл ішінде 0,08 тармаққа төмендеді.   Яғни   қарастырылып   отырған  "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамы 70%-ке сыртқы қаражаттарға тәуелді.

5. Қаржыландыру    коэффициентінің    мәні    төмендеді.    Ол  неғұрлым төмен болса, соғүрлым банктер және инвесторлар үшін  бұл кәсіпорындарды қар-жыландыру тәуекелділігі жоғары болады;

6. Қаржы тұтқа иығының мөлшері өте жоғары, бірақ  кәсіпорынның мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасы бұдан да үлкен,  демек кәсіпорын  өзінің минималды қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етті; оңтайландыру коэффициенті төмен, яғни кәсіпорынның  меншікті   капита-лындағы меншікті айналым капиталы мөлшері аз;

7. Тауарлы-материалдық қорларды қамтамасыз ету коэффициенті төмендеді, яғни кәсіпорын өзінің меншікті айналым капиаталымен тауарлы-материалдық қорлардың 30%-ін де қамтамасыз ете алмайды. Кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың қалған бөлігін жөнсіз қаражаттармен жауып отыр, себебі оның ұзақ мерзімді де, қысқа мерзімді де несиелері жоқ. Осының нәтижесінде кредиторлық борыш көбейіп отыр. Бұл кәсіпорынның өзінің қаражаттарын жөнсіз таратылуын білдіреді;

8. Жалпы  өтімділік коэффициенті өзінің  оптималды мәніне сәйкес келмейді. Бірақ,   кәсіпорынның   балансы абсолютті өтімді  болмаса да, оның төрт теңсіздіктері ішінде орындалмайтыны тек  біріншісі  ғана. Дегенмен,   ұзақ  және  қысқа  мерзімді  несиелер есебінен ақша қаражаттар сомасын көбейтсе болатын еді;

Информация о работе Экономикалықталдау