Экономикалықталдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:18, дипломная работа

Краткое описание

Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................2
Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы
1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5
1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9
ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11
2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21
ΙΙΙ бөлім Ұйымның төлем қаблеттілігін талдау
3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32
3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42
Қорытынды.............................................................................................................56
Қосымша.................................................................................................................63

Файлы: 1 файл

econ_1332.doc

— 636.50 Кб (Скачать)

                               М А 3 М ¥ Н Ы

Кіріспе.......................................................................................................................2 Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы     1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5 1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9

ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау                                                                                                           2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11 2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21

ΙΙΙ бөлім   Ұйымның төлем   қаблеттілігін талдау                                                       3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32 3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42

 Қорытынды.............................................................................................................56

Қосымша.................................................................................................................63

 

                                                   Кіріспе

     Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Репсубликасында сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелес ұйымдар, мемлекеттік органдар көзқарасында анықсыздылық кең орын алады. Осындай кезеңде кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте үлкен.

    Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.

    Төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері болып табылады. Егер кәсіпорын қаржылық түрғыдан тұрақты және төлем қабілетті болса, бұл кәсіпорынның өзінің саласындағы басқа кәсіпорындар алдында инвестициялар тартуда, несие алуда, жабдықтаушыларды таңдауда, білікті кадрларды таңдауда артықшылығы болады. Сонымен қатар, мүндай кәсіпорын мемлекет және басқада шаруашылық ұйымдар сондай-ақ жеке адамдармен түрлі экономикалық қарым-қатынаста жасауда, бюджетке - салықтарды, қызметкерлер мен жұмысшыларға — еңбек ақыны, акционерлерге - девидендтерді мерзімінде төлеп, банктердің берген несиелерінің қайтарылуына және олар бойынша пайыздардың төленуіне кепілдік бере алады.

    Кәсіпорынның   қаржылық   тұрақтылығы неғұрлым  жоғары  болса, соғүрлым  үйым нарық коньюктурасының күрт өзгеруіне тәуелсіз болып және де бұл Ұйымның банкротқа үшырау тәуекелдігі  төмен болады.

    Қазіргі  кезде Қазақстанда қолданылатын   кәсіпорынның   қаржылық-

 

экономикалық  жағдайын талдау мен  болжау әдістері  нарық экономи-касының даму дәрежесіне сәйкес келмейді. Бухгалтерлік және ста-тистикалық есеп беруге бірқатар өзгерістер енгізілгенімен,    жалпы   ол кәсіпорынды нарық жағдайында басқару қажеттіліктеріне сай келмейді, себебі кәсіпорынның есеп беруінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылы-ғын бағалауға арналған жеке форма немесе арнайы бір бөлімі жоқ. Кәсіп-орынның қаржылық жағдайын талдау қандайда бір қажетті кезде ғана жүргізіліп, ал  басқа уақыттарда міндетті болып табылмайды.

    Қаржылық жағдай кәсіпорынның өзінің шаруашылық қызметін қаржы-ландыру  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі. Ол  кәсіпорынны  қалыпты     қыз-меті  үшін  қажетті  қаржылық  ресурстармен  қамтамасыз етілуімен, олар-дың мақсатты жүмсалуы және нәтижелі пайдалануымен, басқа заңды және жеке түлғалармен қаржылық қарым-қатынастарымен, төлем қабілеттілігі және қаржылық жағдайымен сипатталады.

    Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы  тұрақты, тұрақсыз және дағдарыс-тық  болуы  мүмкін. Кәсіпорынның төлемдерді мерзімінде  төлеу,  өзінің шаруашылық қызметін кең негізде қаржылындыру қабілеті оның қаржы-лық жағдайының тұрақты екендігін білдіреді. Экономиканың  нарық  жағ-дайында дамып,  кәсіпорынның банкротқа ұшырауына жол бермеу үшін қаржыны қалай басқару  керек  екендігін,  капитал  құрылымының  құрамы   мен   құрылу  көздері бойынша қандай болу керектігі, олардың қандай бөлігі-меншікті капитал, қандай бөлігі — тартылған капитал болу керек-тігін білу керек.

Талдаудың негізгі  мақсаты — кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі кемшіліктерді дер кезінде тауып оларды жою, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен оның төлем қабілеттілігін жоғарылату резервтерін табу.

Қаржылық  жағдайды таддаумен көсіпорынның басшысы  және тиісті органдары ғана айналыспай, сонымен қатар кәсіпорынның құрылтайшы-   лары және инвесторлары — ресурстарды пайдалану нәтижелігін зерттеу 

мақсатымен, банкілер — несие беру жағдайларын бағалау және тәуекелділік деңгейін анықтау мақсатымен, жабдықтаушылар — төлемдердің дер кезінде төленуі үшін, салық комитеттері - салық төлемдерінің бюджетке түсу жоспарының орындалуы үшін, тағыда басқа жұмыстармен айналысады. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын экономикалық жағынан талдау ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

    Ішкі талдау кәсіпорын органдарымен жүргізіледі, оның нәтижелері яғни ақпаратты мәліметтері, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау, бақылау және болжау үшін қолданылады. Оның мақсаты ұйымдағы ақша қаражаттарының жоспарланған уақытта келіп түсуін қамтамасыз етіп, меншікті жөне тартылған қорларды барынша максималды пайда табуға, дағдарысқа (құлдырауға) ұшырау мүмкіндігін жоятындай етіп орналастыру.

    Сыртқы талдауды Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттық мәліметтері негізінде инвесторлар, жабдықтаушылар, бақылау органдары жүргізеді. Оның мақсаты - барынша көп мөлшерде пайда табуды көздей отырып және зиян шегу мүмкіндіктерін жоюды қамтамасыз ететін қаражаттарды тиімді жүмсау мүмкіндігін анықтау.

    Сөйтіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ іскерлік ынтымақтастығы әлеуетін (потенциал) анықтап, қаржылық және басқа да қатынастар бойынша кәсіпорынның және оның серіктестерінің (партнеры) экономикалық мүдделерінің және кепілділігінің қандай дәрежеде екендігін бағалайды. Міне осы айтылғандарды зерттеп ашып көрсету бүгінгі таңдағы ең негізгі актуалды тақырып болып табылады.

    Сондықтанда диплом жұмысын орындау үшін "Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау" -деп аталатын тақырып таңдалынып алынды. Ал бұл теориялық ғылыми жұмысты зерттеу үшін "КазИнтер" акционерлік қоғамының бухгалтерлік  мәліметтері пайдаланылды.

 

               Ι Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуы

                      1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.

    Бухгалтерлік есеп Ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып бухгалтерлік есептің тек қана кәсіпорынның жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай түтастай мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да болар көрнекті ғалым Б.Де Солозаноның "Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді" -деп айтуы.

    Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп берумен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарымен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағындағы жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеумен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

    Кез-келген ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі жөне басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімдермен жасалынып шығарылған бүйымдарды есепке алуға, сатып өткізуге, табылады. Бухгалтерлік есеп 

арқылы өндірілген өнімдермен жасалынып шығарылған бүйымдарды есепке алуға, сатып өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де үқыпты етіп бөліп жүмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық процесстердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық процестердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығыныңда есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорындарда мынандай қызметтерді атқарады:

  • болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін үйымда болып 
    жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
  • Ұйымның   қаржылық   ақпаратты   мәліметтерін    өңдейді, 
    сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
  • қаржылық    ақпараттық    мәліметтерді    пайдаланушыларға 
    уақытылы       беріп      отырады,       ал       бұл       ақпаратты 
    пайдаланушылар  осы деректер  арқылы  үйымды  басқару 
    барысында түрлі шешімдер қабылдайды.

    Көп   жағдайларда   бухгалтер   мен   есепшінің   арасындағы 
айырмашылықты    білмегеннің    салдарынан    бұл    екеуін 
шатастырып    алатындар   да  жиі    кездеседі.    Бұлар    іс- 
тәжірибеде өз қызметтері барысында бірін-бірі ауыстырып 
отыратындығы әрине рас. Бірақ есепшінің негізгі міндеті 
шаруашылық операцияларын  тіркеу, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады. ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады. ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған

 

ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады.

Кәсіпорындардағы  бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негізгі көсіби міндеті бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелінген мәліметтерді беру (ұсыну) болып табылады. Бұл ақпаратты мәліметтерді бірдей дәрежеде пайдаланатын екі түтынушы болмағандықтан жалпы сипаттағы қаржылық есепті құру кезінде негізгі қағидалар мен шектеулерді, үсынылатын ақпараттар көлемін объективті бағалау қажет. Бухгалтерлік есептегі бұл жүйе адамдар арқылы жасалынатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.

Бухгалтерлік  есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі  күнгі уақыт талаптарына сай  орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез-келген кәсіпорында, яғни өнім өндірумен оларды сату, пайдалану, бөлу процестерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайымда түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Бухгалтерлік  есеп Ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асы-рылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етш отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады.

    Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін  

үлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпаратты мәліметтерімен көрсеткіштеріне сүйене отырып экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды қүжаттарымен мәліметтеріне қарай әрбір үжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы қүжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Көсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмаслынбауы, материалды құндылықтардың қатаң тәртіппен үқыптыда тиімді жүмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.   Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық түрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты түжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс үйымдастырудың маңызы зор. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты Ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпаратты мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық қамтамасыз ету. 

Информация о работе Экономикалықталдау