Экономикалықталдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:18, дипломная работа

Краткое описание

Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................2
Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы
1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5
1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9
ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11
2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21
ΙΙΙ бөлім Ұйымның төлем қаблеттілігін талдау
3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32
3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42
Қорытынды.............................................................................................................56
Қосымша.................................................................................................................63

Файлы: 1 файл

econ_1332.doc

— 636.50 Кб (Скачать)

    Батыс  елдерінде  қаржыландыру   коэффициентінің  кері   көрсеткіші жиі  қолданылады.   Бұл  көрсеткіш  —  меншікті және  қарыз  қаражаттардың    ара-қатынасының    коэффициенті. Оны  қаржы тұрақтылығы деп те атайды.

    Бұл коэффициент меншікті капиталдың әрбір теңгесіне қанша қарыз капитал тартылғандығын көрсетеді. Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіш мөлшері жыл басына — 1,62, жыл соңында - 2,32 болды, яғни меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне жыл басында 1 (бір) теңге 62 тиын, жыл соңында 2 (екі) теңге 32 тиын тартылған.

    Арнайы әдебиетте бұл көрсеткіштің қалыпты деңгейі 1-ден аспауы керек. Егер ол 1-ден асып кетсе, кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы сыни нүктеге жетеді, бірақ та бұл коэффициенттің мәні кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне, шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражаттарының айналым жылдамдығына байланысты.

    Кәсіпорынның минималды қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициенттің мәні ағымдағы және Ұзақ мерзімді активтер ара-қатынасының мәнімен шектелуі керек. Біздің жағдайымызда бұл шарт орындалды.

    Капитал құрылымының тиімділігін анықтау үшін инвестициялық коэффициенті қолданылады, ол меншікті капиталдың негізгі қүралдарға қатынасы ретінде есептеледі. Біздің жағдайда бұл коэффициент жыл басына — 1,47 (183543 : 125183), жыл аяғына — 1,64 (203500 : 124256) қүрады. Бұл мәліметтерден меншікті капитал тек қана негізгі қүралдарға ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның басқа да активтеріне жүмсалатындығын білуге болады.

    Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тереңірек талдау үшін меншікті капиталдың құрылымын талдау қажет. Меншікті капиталды зерттееген кезде меншікті айналым қаражаттарында болған өзгерістерге көңіл аудару керек, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильді активтерге жіберілмей, еркін оңтайландыратын түрде екендігін. Меншікті айналым қаражаттар сомасын табу үшін меншікті капитал сомасынан баланс активтерінің бірінші бөлімінің сомасын шегеру керек. Бізде, жыл басында - 48536 мың теңге (183543 - 135007), ал жыл соңында -54770 мың теңге (203500 - 148730) қүрады, яши жыл ішінде 6234 мың теңгеге немсе 11,4%-ке көбейді.

    Тәжірибеде күрделі қаржы салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдар сатып алу үшін Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар қолданылады да, осыған байланысты меншіктік капиталға қосылады. Бұл тартылған қаржыландыру көздерінің есебінен жоғарыдағы көрсеткіш мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады да, оның көбеюі жағымды, ал азаюы — жағымсыз тенденция ретінде қарастырылады.

    Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіш мөлшері меншікті айналым қаражаттар мөлшеріне тең, себебі кәсіпорын Ұзақ мерзімді несие алған жоқ.

    Талдау барысында меншікті айналым капиталының мөлшерін ғана емес, сонымен қатар меншікті капиталдағы үлес салмағын анықтау қажет. Бұл көрсеткішті оңтайландыру коэффициенті деп атайды да, ол былай анықталады:

                                      К оңтайландыру = Км.а: Км   

 мұнда:     Коңтайландыру - оңтайландыру коэффициенті;     Км.а. — меншікті айналым капиталы. Сонда бізде есепті жыл басында оңтайландыру коэффициентінің мәні — 0,26 -ны (48536 : 183543), жыл соңында — 0,27 -ні (54770 : 203500) қүрады. Жалпы бұл көрсеткіштің оптималды мәні 0,5-тен төмен болмауы керек, бірақ та тәжірибеде бұл коэффициенттің тұрақты қалыптасқан мәні жоқ.

    Коэффициент мөлшерінің төмендегі кәсіпорынның меншікті қаражаттарының едәуір бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарға салынғандығын білдіреді, ал бұл құндылықтар өтемділігі төмен, яғни олардың ақшаға айналуы баяу. Бұл көрсеткіштің өсуі қалыпты, бірақ та ол кәсіпорынның мүлкінің нақты құрылымының мүмкіндітері шегінде. Егер де коэффициент негізгі құралдардың құнының төмендеуі есебінен емес, олардың өсуіне қарағанда меншікті қаражаттарының өсуінің лездігіне байланысты жоғарласа, онда бұл көрсеткіштің көтерілуі шын мағынада кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының өсуін білдіреді.

    Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауда кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарының құрылу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолюттік көрсеткіштердің алатын орныныа сәйкес кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі болып қорлардың меншікті құрылу көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті табылады. Ол тауарлы — материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп аталады да, келесі формула бойынша есептеледі:,

К тмқ-ды қамтамасыз ету = Км.а:ТМҚ                                                                мұнда К тмқ-ды қамтамасыз ету - тауарлы-материалдық қорларды қамтамасыз ету коэффициенті;                                                                                                     ТМҚ - тауарлы-материалдық қорлар.                                                                                  Біз қарастырып отырған көсіпорында бұл коэффициент деңгейі жыл басына 0,34 -ті (48536 ; 141417), ал жыл аяғына - 0,29 -ды (54770 : 187615) құрады.

    Материалдық айналым қаражаттарын жабу коэффициенті тауарлы-материалдық қорлардың қаншалықты меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілгендігін білдіреді. Оның қалыпты мәні 0,6-0,8 аралығында болуы керек.

    Материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициентінің қалыпты деңгейі қорлардың қажетті мөлшері меншікті қаражаттармен жабылып, қалғаны қысқа мерзімді қарыз қаражатамен жабылуының мүмкіндігі негізінде анықталады. Бұл жағдайда қорлардың қажетті мөлшері олардың айналым жылдамдығы жоғары мерзімдегі оларға деген негізделген қажеттілікке сәйкес болуы керек. Егер де, олардың мөлшері негізделген қажеттіліктен жоғары болса, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш бірден кіші болады.

    Ал керісінше, егер кәсіпорында қызметін үздіксіз жүргізу үшін материалдық қорлар жеткіліксіз болса, бұл көрсеткіш бірден үлкен болуы мүмкін, бірақ бұл қаржылық тұрақтылық деңгейінің жоғары екендігін білдірмейді. Сондықтан, материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрстекішінің деңгейін ең алдымен материалдық жағдайына байланысты бағалау керек. Кәсіпорыннның қаржылық тұрақтылығы қаражаттар көздерінің жағдайымен ғана емес, сонымен қатар олардың қаржылық есеп активтеріне дұрыс салынуымен сипатталады. Сондықтан да, меншікті қаражаттар құрылымын бағалаумен қатар, қарыз қаражаттарының құрылымының да маңызы бар.

    Тартылған капиталды талдау үшін қарыз қаражаттарының жеке баптарының қөрсеткіштерін топтық нәтижелермен салыстырып, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуын анықтап, салыстырмалы көрстекіштердің өзгерісін көрстеу керек. Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді несиелермен қатар, қысқа мерзімді несиелер де алғаны жоқ. Қарыз қаражаты тек кредиторлық борыштан түрады. Ол жыл басына — 298017 мың теңгені, жыл аяғына — 472584 мың теңгені құрады, яғни жыл ішінде 174567 мың теңгеге көбейді.

    Әрі қарай дебиторлық борышпен кредиторлық борыштың 
салыстырмалы талдауын жасайық. Егер кредиторлық борыш 
дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмесе, мұндай жағдай 
кәсіпорын үшін қолайлы емес, себебі бұл меншікті қаражаттардың 
кейбір өтімді бөлігінің ақшаға айналу жылдамдығын баяулатуы 
мүмкін. 

    Біздің кәсіпорынымызда кредиторлық борыш жыл басында 72136 мың теңгеге, яғни 1,38 есе (262462 : 190326), жыл аяғында — 73993 мың теңгеге, 1,22 есе (413569 : 339576) дебиторлық борыштан асып отыр. Жалпы кредиторлық борыштың өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне әкеліп соқпайды деуге болатын еді, себебі кәсіпорын талдау мезетіне бұл борышты тартылған қаражаттар ретінде пайдаланып отыр. Бірақ та, тек тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін ғана борыш емес, сонымен қатар бюджетпен есеп айырысу жөне еңбекақы бойынша борыштар кәсіпорын қызметіне теріс әсерін тигізеді.

    Қаржылық талдаудың абсолютті көрсеткіштері болып тауарлы-материалдық қорлардың олардың құрылу көздерімен қамтамасыз етілу деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер табылады. Тауарлы-материалдық қорлардың құрылу көздерін сипаттау үшін негізгі үш көрсеткішті анықтайды:

  1. меншікті айналым капиталы;
  2. тауарлы-материалдық қорлардың құрылуының меншікті және 
    ұзақ мерзімді қарыз көздері;
  3. тауарлы-материалдық  қорлардың  құрылу көздерінің жалпы 
    сомасы.

    Тауарлы-материалдық қорлардың осы жоғарыда аталған құрылу көздерінің артықшылығын немесе жетіспеушілігін анықтау кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылығы бойынша келесі төрт түрге жіктеуге мүмкіндік береді:

  1. абсолютті тұрақты қаржылық жағдай;
  2. қалыпты тұрақт ықаржылық жағдай;
  3. тұрақсыз қаржылық жагдай;
  4. дағдарыстық қаржылық жағдай.

    Абсолютті тұрақты қаржылық жағдай тауарлы-материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен қамтамасыз етіліп, кәсіпорынның сыртқы кредиторларға тәуелсіз болған жағдайда болады. Дегенмен, мұндай жағдайды мінсіз деп есептеуге болмайды, себебі бұл кәсіпорын әкімшілігінің кәсіпорынның негізгі қызметі үшін сыртқы қаражаттарды пайдаланғысы келмейтінін немесе пайдалана алмайтынын немесе пайдалануға мүмкіндіктерінің жоқтығын білдіреді.

    Қалыпты тұрақты қаржылық жағдай кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларын жабу үшін әртүрлі қалыпты меншікті және тартылған қаражаттарды пайдаланғанда болады.

    Тұрақсыз қаржылық жағдай кәсіпорынның өзінің тауарлы-материалдық қорларын құру үшін жөнсіз қосымша қаражаттар тартуына тура келген жағдайда болады.

     Дағдарыстық қаржылық жағдай жоғарыдағы жағдайға қоса кәсіпорында уақытылы төленбеген несиелер мен қарыздар және уақыты өтіп кеткен кредиторлық борыштары бар жағдайда болады. Егер осындай жағдай бірнеше рет қайталанатын болса, кәсіпорын банкрот болып жариялануы тиіс.

Осы жағдайларда  толығымен қарастыру үшін 4-ші кестені талдайық.

 

4-кесте                                                                                                    . "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамының 2005 жыл ішіндегі тауарлы-материалдық қорлардың қалыпты құрылу көздерімен қамтамасыз етілуі

 

                                  Көрстекіштер

Жыл басына, мың тг.

Жыл аяғы мың тг.

Ауытқуы

(+;-)

А

Ә

1

2

3

1.

Меншікті капитал

183543

203500

+19957

2.

Ұзақ мерзімді активтер

135007

148730

+ 13723

3.

Меншікті  айналым капиталы (1ж. - 2ж.)

48536

54770

+6234

4.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

-

-

5.

Тауарлы-материалдық  қорлардың құрылуының меншікті жөне Ұзақ мерзімді көздері (Зж. + 4ж.)

48536

54770

+6234

6.

Қысқа мерзімді несиелер және қарыздар

 

.

 

7.

Тауарлы-материалдық қорлардың  құрылуның қалыпты көздері (5ж. + 6ж.)

48536

54770

+6234

8.

Тауарлы-материалдық  қорлар

141417

187615

+46198

9.

Меншікті  айналым капиталының артықшылығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Зж. — 8ж.)

- 92881

- 132845

- 39964

10

Тауарлы-материалдық    қорлардың құрылуының меншікті және Ұзақ мерзімді көздерінің артықшылығы (+) немсе жетіспеушілігі (-) (5ж. - 8ж.)

- 92881

- 132845

- 39964

11

Тауарлы-материалдық  қорлардың құрылуының қалыпты құрылу көздерінің артықшылығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (7ж. — 8ж.)

- 92881

- 132845

- 39964


    Кестеден көріп отырғанымыздай, талданып отырған кәсіпорын есепті жылы тауарлы-материалдық қорларды олардың құрылуының қалыпты көздерімен қамтамасыз еткен жоқ. Меншікті айналым капиталы тауарлы-материалдық қорларды жыл басында 92881 мың теңгеге қамтамасыз еткен жоқ. Жағдайды қалпына келтіру үшін кәсіпорын қарыз қаражаттарын тартуға, сонымен қатар банктен ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер алуға мүмкіндіктері болмайды. Нәтижесінде, бұл жетіспеушілік 1,4 есе өсіп, жыл соңына 132845 мың теңге қүрады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын есепті мерзім ішінде нашарлағанын және жыл соңында тұрақсыз жағдайда екендігін білдіреді.

    Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жыл соңындағы қалдық сомалары 36545 мың теңге және 1510 мың теңнге құраған дайын өнімдер мен тауарларды сату және жыл соңында 339576 мың теңгеге жеткен, оларды дебиторлық борыштарды қайтару арқылы қалпына келтіруге болады.

    Тауарлы-материалдық қорлардың терең талдауы кәсіпорынның қаржылық жағдайының ішкі талдаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, себебі онда коммерциялық құпия болып саналатын және қаржы есеп берулерінде көрсетілмейтін тауарлы-материалдық қорлар жайлы ақпарат пайдаланылады.                                                                                                    

 

                             

 

 

 

 

ΙΙΙ Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау

                                                3.1 Баланс өтімділігін талдау

    Баланс өтімділігін талдау мәселелерін қарастырудан бұрын активтердің, баланстың, кәсіпорынның өтімділігінің не екенін анықтап өтейік.

    Өтімділіктің екі концепциясы бар. Олардың біреуі бойынша өтімділік - бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі. Мысалы, О.В. Ефимованың айтуынша: өтімділік — бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлемдерді төлеу қабілеттілігі. Өтімділікті анықтаудың бұл концепциясы И.Т. Балабановқа да тән. Ол: Кәсіпорынның өтімділігі — бұл өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі -деп жазған. Кәсіпорын өтімді болып саналады, егер  ол ағымдағы активтерді өткізіп, оларды ақша-қаражаттарына айналдыру арқылы өзінің қысқа мерзімді борыштарын жабуға қабілетті болса. Бұл концепция төлем қабілеттілік концепциясына жақын.

    Екінші концепция бойынша өтімділік — бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Мысалы, профессор Н.П. Кондраковтың айтуы бойынша: Өтімділік — бұл материалды және басқа да құндылықтарды өткізіп, оларды ақша қаражаттарына айналдыру мүмкіндігі. Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау" жұмысында былай деп жазылған: Фирманың өтімділігі — бұл оның барлық қажетті төлемдерді уақытылы жабуы үшін өзінің активтерін ақшаға айналдыру қабілеті. Өтімділік - сөзінің өзі тез ақшаға айналатын дегенді білдіреді. Профессор В.В. Ковалевтың айтуынша: кез-келген бір активтің өтімділігі ретінде оның ақша-қаражаттарына айналу мүмкіндігін түсінуге болады. Өтімділік деңгейі ақша қаражаттарына айналуының ұзақтығымен анықталады. Бұл уақыт аралығы неғұрлым аз болса, соғұрлым осы активтің өтімділігі жоғары. Бұл концепцияны профессор А.Д. Шеремет қолдайды. Оның айтуынша: Берілген активтің ақшаға айналу мерзімі неғұрлым қысқа, соғұрлым бұл активтің өтімділігі жоғары.

Информация о работе Экономикалықталдау