Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 12:43, реферат

Краткое описание

Еңбекке ақы төлеудің әлеуметтік – экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері.
Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері.
Еңбекті, оған ақы төлеудің және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алуды ұйымдастырудың негізі, маңызы және міндеттері.
Еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны есептеуді құжаттық рәсімдеу.
Берілген еңбек демалыс пен уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлемдерді құжаттық рәсімдеу және еесептеу тәртібі.
Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі.

Файлы: 1 файл

ЕҢБЕКТІҢ ЖӘНЕ ОҒАН ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ.docx

— 50.68 Кб (Скачать)

     Ұсталымдардың  жалпы сомасы, оның ішінде бірнеше  атқару құжаттары бойынша, әрбір  берілетін сома еңбеккерге берілуге  тиісті соманың 50-% аспауы керек.

     Жұмыскерлер  мен қызметкерлерден ұсталынатын  жеке табыс салығы жалпы мемлекеттік  салыққа жатады және ол бойынша  аударымдар сомалары тиісті бюджеттерге  түседі. Салық салынатын еңбеккердің  еңбекке ақы төлеу түрінде  алынатын табысының құрамына  еңбекақылар, сыйлықтар, қосымша  төлемдер, сыйақылар, қаламақылардың  кез келген түрлері мен жеке  және ұжымдық келісім-шарттарға  сәйкес жұмыстарды орындауымен  байланысты басқа да төлемдер  кіреді.

     Жеке табыс  салығының мөлшері еңбеккердің табысының мөлшеріне байланысты сараланады және Салық Кодексімен белгіленген табыс салығының ставкасы бойынша алынады.

     Жеке табыс  салығының сомасы өткен айдың  еңбекақысы бойынша анықталады. Сондықтан жұмыскерлер мен қызметкерлерден  салықтар ұстау ай сайын өткен  айдың еңбекақысы бойынша ағымдағы  айдың бірінші жартысы үшін  еңбекақы берген кезде жүргізіледі.  Мекемелер еңбекақы беруге банктен  чек бойынша қолма-қол ақшалар  алған кезде бір уақытта бюджетке ұсталған жеке табыс салығын аударуға, сондай-ақ жинақ зейнет ақы қорларын міндетті зейнеткерлік жарналарды, басқа заңды және жеке тұлғалардың пайдасына атқару парақтары бойынша сомаларды аударуға төлем тапсырмаларын тапсыруға міндетті.

 

    1. Берілген еңбек демалыс пен уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлемдерді құжаттық рәсімдеу және есептеу тәртібі.

 

     Берілген  еңбек демалыс күндері үшін  төлем. Демалуға және күш-қуатын қалпына келтіру үшін ҚР Конституциясы мен Еңбек туралы заңына сәйкес мекеменің жеке еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс істейтін барлық жұмыскерлер мен қызметкерлеріне жұмыс орны және орташа еңбекақысы сақталуы мен жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы кепілделеді. 19 - «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» ХҚЕС сәйкес мекеме қызметкерлердің әр түрлі себептермен, соның ішінде жыл сайынға демалыс жағдайын, ауру және қысқа мерзімді жұмыс жасауға жарамсыздығын, бала бағу кезінде, ант берг заседатель ретінде қызметке немесе әскер қызметін өтеу кезінде жұмыста болмауын төлеу алады. Ақы төленетін демалыс екі санатқа бөлінеді:

  • жинақталатын
  • жинақталмайтын

     Жинақталатын ақысы төленетін демалыстар, егер ағымдағы кезең ішінде толықтай пайдаланбаған болса, олардың мерзімі кейінге жылжытылып және келесі кезеңдерде  пайдалануға болады. Мекеме жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды төлеуге күтілетін шығындарды қызметкерге төлеу болжанатын қосымша сома және есеп беру күнгі жағдайға байланысты жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауға тиіс.

     Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлем құқығына ие), не өтем жасалмайтын (қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлемдерді алуға құқығына ие болмаса) болуы мүмкін.

     Жинақталмайтын  ақысы төленетін демалыстар болашақ  кезеңге ауыстырылмайды: ағымдағы  жылы пайдаланылмаған жағдайда  олар жойылады, және қызметкерлерге  пайдаланбаған демалыс үшін ақшалай  төлемдеді алуға құқық бермейді. Әдетте, бұл ауруына байланысты  демалысқа, бала күтімі бойынша  демалыс ант берген отырыс  төрағасы ретінде қызметке немесе әскери қызметін өтеу кезінде берілетін демалысқа қатысты.

     Жұмыскерлер  мен қызметкерлерге жұмыс пен  қызметтің бірінші жылы үшін  еңбек демалысы жеке еңбек  келісім-шарты бойынша жұмыстың  бірінші жылы өткенде беріледі. Келесі жылдары еңбеккерлерге  жыл сайынға еңбек демалыстарын  беру кезегі мекемелер жетекшілері  жеке еңбек және ұжымдық ккелісім-шарттарында,  демалыс кестесімен және басқа  нормативтік-құқықтық кесімдерде  қарастырылған тәртіп бойынша  анықталады. Өндірістік қажеттілікке  байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда әкімшілік бұл туралы еңбеккерге еңбек демалыс басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей хабарлайға міндетті.

     Жыл сайынғы  төленетін еңбек демалысы еңбеккерлерге  он сегіз күнтізбелік күннен  кем емес ұзақтыққа, еңбек демалысына  келген мейрам күндерін есептемегенде,  қолданыстағы еңбек тәртібі мен  кестесіне байланыссыз беріледі. Жыл сайынғы еңбек демалысын  еңбеккердің еңбек демалысы кезінде  уақытша еңбекке жарамсыз және  аяғы ауыр және бала туу бойынша демалыста болса, басқа уақытқа ауыстырылуы мүмкін, бірақ еңбек демалысына келген күндер үшін уақытша еңбекке жарамсыз бойынша жәрдемақы есептелмейді. Еңбеккердің тілегі бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөліп берілуі мүмкін. Кейбір жағдайларды орынды себептер болғанда екі жақтың келісуі бойынша және еңбеккердің өтініші негізінде оған еңбекақы сақталмаған демалыс берілуі мүмкін.

     Еңбеккерге  жыл сайынғы еңбек және демалыстардың  басқа түрлерін беру Қазақстан  Республикасының Еңбек туралы  заңға, қолданыстағы заңдық кесімдері  мен ережелеріне, жеке, ұжымдық  келісім-шарттарына және демалыс  кестелеріне сәйкес «Демалыс  беру туралы бұйрықпен» (№ Т-6 нысаны) рәсімделеді де, оның бір  данасы кдрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға өткізіледі. Мекеме жетекшісі қол қойған  демалыс беру туралы бұйрықтың  негізінде кадр бөлімінің бақылаушысы  еңбеккердің жеке карточкасына  белгі жасайды, ал бухгалтерия  берілген еңбек демалысы күндері  үшін еңбекақы есептеу жүргізеді.

     Жыл сайынғы  еңбек демалысын төлеу немесе  пайдаланбаған еңбек демалысына  өтемақы төлемдерін төлеу үшін Еңбеккерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес есепті кезең үшін есептелген еңбекақыға қарай орташа күндік еңбекақы анықталады. Орташа еңбекақыны есептеу үшін есепті кезең болып демалысқа кететін айдың алдында өткен он екі күнтізбелік айлар немесе нақты жұмыс істелген уақыттың кезеңі саналады, егер еңбеккер бұл мекемеде он екі күнтізбелік айдан аз жұмыс істесе.

     Егер еңбеккер  есепті кезеңде толық жұмыс  істемесе, онда демалысты төлеу  немесе пайдаланбаған демалысқа  өтемақы төлемдерін төлеу үшін  орташа күндік еңбекақы есепті  кезеңдегі еңбекақының есептелген  сомасын он екіге (12) және өндірістік  күнтізбе бойынша жұмыс уаұытының  жыл сайынғы теңгеріміне сәйкес  жылдың жұмыс күндерінің орташа  айлық санына бөлу арқылы есептеледі. Күнтізбелік күндермен белгіленген демалысты төлегенде демалысты төлеу немесе пайдаланбаған демалысқа өтемақы төлемдерін төлеу үшін орташа күндік еңбекақы есепті кезеңдегі еңбекақының есептелген сомасын он екіге (12) және жылдың күнтізбелік күндердің орташа айлық санына бөлу арқылы есептеледі.

     Егер еңбеккер  есепті кезеңде толық жұмыс  істемесе, онда демалысты төлеу  немесе пайдаланбаған демалысқа  өтемақы төлемдер төлеу үшін  орташа күндік еңбекақы есепті  кезеңдегі жұмыс істеген уақыт  үшін есептелген еңбекақы сомасын  алты күндік жұмыс аптасындағы  күнтізбе бойынша жұмыс күндерінің  санына немесе күнтізбелік күндердің санына бөлу арқылы есептеледі.

     Сыйлықтар  және еңбекке ақы төлеу жүйесімен  қарастырылған ынталандыру сипаттағы  басқа да төлемдер есептеу  уақыты бойынша орташа күндік  еңбекақыны есептегенде енгізіледі, ал жылдық жұмыс нәтижелері  бойынша және жылдық сіңірген  еңбегі үшін сыйақылар есепті  кезеңінің әрбір айына 1∕12 мөлшерінде  есептеледі. Бұл жағдайда есепті  жылдың қаңтарында төленген жылдық  жұмыс нәтижесі бойынша және көп жылдық сіңірген еңбегі үшін сыйақылар алдында өткен жылдың әрбір айына 1∕12 мөлшерде есептелуі тиіс.

     Берілген еңбек  демалыс күндері үшін еңбекақы  сомасы есептеп алынған орташа  күндік еңбекақыны жеке және  ұжымдық келісім-шарттарымен қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі