Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 12:43, реферат

Краткое описание

Еңбекке ақы төлеудің әлеуметтік – экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері.
Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері.
Еңбекті, оған ақы төлеудің және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алуды ұйымдастырудың негізі, маңызы және міндеттері.
Еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны есептеуді құжаттық рәсімдеу.
Берілген еңбек демалыс пен уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлемдерді құжаттық рәсімдеу және еесептеу тәртібі.
Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі.

Файлы: 1 файл

ЕҢБЕКТІҢ ЖӘНЕ ОҒАН ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ.docx

— 50.68 Кб (Скачать)

ЕҢБЕКТІҢ ЖӘНЕ ОҒАН ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ

  1. Еңбекке ақы төлеудің әлеуметтік – экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері.
  2. Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері.
  3. Еңбекті, оған ақы төлеудің және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алуды ұйымдастырудың негізі, маңызы және міндеттері.
  4. Еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны есептеуді құжаттық рәсімдеу.
  5. Берілген еңбек демалыс пен уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлемдерді құжаттық рәсімдеу және еесептеу тәртібі.
  6. Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі.

 

    1. Еңбекке ақы төлеудің әлеуметтік – экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері.

     Мекеменің  шығындарында еңбеккерлердің еңбегіне  еңбекақы түрінде өтеу шығындары  ең үлкен бөлігін құрайды.

     Нарықтық экономика  жағдайында еңбекақы жұмыс күшінің  тауар ретінде бағасы болып  саналады да, еңбек нарығында  жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің  мүдделерінің үйлестіруін қамтамасыз  ету негізінде қалыптасады, жұмыс  күшін белгілі бір уақыт-сағат,  күн және т.б. бойына пайдаланғаны  үшін төлейді.

     19-«Қызметкерлерге  берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық  қаржы есептілігінің стандартына  сәйкес қызметкерлерге берілетін  сыйақы – компанияның қызметкерлерге  олар көрсеткен қызметтің орнына  ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.

     Қызметкерлерге  берілетін сыйақыға мыналар жатады:

  • Жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс, пайда және сыйақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыс пен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер) сияқты қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
  • Зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
  • Жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларған арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге берілетін жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысу, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді өтемдер;
  • Шығу жәрдемақылары және үлестік құралдармен өтемақы төлемдері.

 

     Шығу жәрдемақылары  – қызметкерді зейнеткерлік жасқа  толмағанға дейін мекеменің шешімімен  жұмыстан шығарса: де қызметкердің  өз еркімен осындай сыйақыға  айырбастауға жұмыстан шығу салдары  болып табылатын қызметкерлерге  берілетін сыйақылар.

     Қызметкерлерге  берілетін сыйақылар: қысқа мерзімді  және ұзақ мерзімді сыйақылар  болып екі түрге бөлінеді.

     Қызметкерлерге  берілетін қысқа мерзімді сыйақылар  – бұл қызметкердің тиісті  қызмет көрсеткен кезең ішінде  кезең аяқталғаннан кейін толық  көлемде 12 ай ішінде төленуге  тиісті, қызметкерлерге берілетін  сыйақы (шығу жәрдемақылары және  үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда).

           Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай  баптар кіреді:

  • Жұмышыларға және қызметкерлерге төленетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар;
  • Қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12ай ішінде болжанатын демалыс жағдайында қысқа мерзімді төленетін демалыс (жыл сайынғы толенетің демалыс және ауруына байланысты демалыс сиақты);
  • Қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;
  • Осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетің ақшалай емес нысандағы сыйақы(медицаналық қызмет көрсету үймен, автокөлікпен,тауарлармен немесе қызметтермен қамтамаыз ету сияқты)

     Қызметкерлер берілетін ұзақ мерзімді сыйақылар –бұл қызметкер тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде төлем жасау бойынша берешек, кезең аяқталғаннан кейін 12ай ішінде толық көлемде өтелу мүмкін болмайтын қызметкерлерге берілетін сыяқы (еңбек қызмеьті аяқталуяы бойынша төленетін сиақылар,шығу жәрдемақыларды және үлестік құралдармен өтемақы төлемдерін қоспаған. )

     Еңбекақы тұтынушылардың табыстрының үлкен бөлігін құрайды, сондықтан  тұтыну тауарларына сұраныс көлемі мен олардың бағаларына елеулі ықпал жасайтын. Еңбекақының әлеуметтік – экономикалық мәні – оның еңбеккердің негізгі табысы және оның өзінің де, жанұя мүшелерінің де әл-ауқаты мен тұрмыс халқының көтерілуінің негізгі көзі. Бұдан келіп еңбекақының еңбек нәтижелерінің жақсарту және соның негізінде анықталатын табыстың өсуін қамтамасыз етудегі ынталандыру рөлін көруге болады. Сондықтан оның мөлшерін анықтағанда барлық өмірлік игіліктер мен қызметкерлердің шамасын есепке алу керек, өйткені оларды алға ақшаларға сатып алуға болады. Олар еңбекақыдан тікелей, ал тұтыну бұйымдары мен ақылы қызметкерлердің бағалар деңгейіне керісінше байланысты болады.

     Жұмыс беруші мен еңбеккердің арасындағы еңбек қатынастары нормативтік – құқықтық кесімдер мен заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық келісім – шарттарымен реттеледі.

     Жеке еңбек келісім-шарт – бұл жұмыс беруші  мен еңбеккердің арасындағы жазбаша жазылған келісім, онда еңбеккерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары және міндеттемелері анықталған соның ішінде еңбеккер еңбек міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға міндеттенеді, ал мекеме еңбеккерлерге қажет еңбек жағдайларын жасау, нормативтік-құқықтық кесімдер мен қарастырылған еңбекақыны және өзге де төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.

     Жеке еңбек келісім-шарт жасау үшін мекеме жетекшісі еңбеккерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар, жеке күәлігі, әлеуметтік жеке код берілгені туралы күйлік (ӘЖК), зейнетақы келісім-шарты, білімі, кәсіби дайындығы туралы құжат және заңдармен қарастырылған өзге де құжаттарды талап етуге құқығы бар.

     Жеке еңбек келісім-шартыты белгісіз бір мерзімде, белгілі мерзімге және белгілі бір жұмыс орындау уақытына немесе уақытша жол еңбеккердің орнын баса тұру уақытына жазбаша түрде жасалады. Егер жеке еңбек келісім-шартында оның қызмет мерзім айтылмаса, онда келісім-шарт белгісіз мерзімге жасалған болып саналады. Жеке еңбек келісім-шарты кем дегенде екі данада жасалады да, оған екі жақ қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрған еңбеккерге беріледі.

     Еңбеккердің еңбек қызметін орындауының басталуы болып жеке еңбек келісім-шарты  көрсетілген жұмыс басталатын күні есептелінеді. Жеке еңбек келісім-шарт жсалғаннан кейін мекеме жұмысқа еңбеккерді қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті және бұйрық еңбекерге қол қою арқылы жеткізіледі.

     Жеке еңбек  келісім-шарт жасалғанда еңбекақы  төлеудің бастапқы шарттары –  еңбекақы мөлшерлері жүйесі, кесімді еңбекақылар, еңбек мөлшерлері, еңбекақы нысандары мен жүйелері, кепілді және өтемді төлемдер болып табылады. Мұнда әрбір мекеме қаржылық жағдайын есепке алып, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне, аймақтағы жұмыссыздық деңгейіне еңбекақының мемлекеттік реттелуіне қарай еңбекақы төлеуде өздерінің шарттарын дербес әзерлеулері керек.

     Еңбекке ақы  төлеуді ұйымдастырған еңбектің  саны мен сапасына сәйкес еңбекақы  төленудің қағидаттарын қатал  сақтау өте маңызды, себебі  олар еңбеккерлердің еңбек өнімділігін,  өндірістің тиімділігін арттыруға  және мекеме жұмысынң сапасын  жаұсартуға материалдық ынталануын  тудырады.

     Еңбеккерлердің  еңбегіне ақы төлеуді ұйымдастырудың  негізі болуы керек: тарифтік жүйе; еңбекақы төлеу нысандары; еңбек мөлшерлері (өнімдік мөлшерлері, қызметкқрсету уақыты).

     Тарифтік  жүйе – бұл еңбектің күрделілігі, еңбек жағдайлары, (ауырлығы зияндығы, климаттық жағдайлар), еңбектің сипаты мен маңызына қарай әр түрлі топтардағы және сипаттағы еңбеккерлердің еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүргізуге мүмкіндігін қамтамасыз ететін әр түрлі мөлшердің жиынтығы. Бұл жүйе біріңғай тарифтік мамандандырылған анықтамадан, шеберлік дәрежелер, санаттар, топтар және с.с. бойынша тарифтік сеткасынан, еңбекақы мөлшері мен лауазымды кесімді жалақылар, аудандық еселіктер, үстемелер мен қосымша төлемдер үлгілерінен, еңбектің зияндылығы мен ауыр жағдайлары бар жұмыстардың тізімінен тұрады.

     Тарифтік мамандандырылған анықтама – барлық мамандықтардың тізбесі мен олардың мамандық сипаттамалары, сондай-ақ әрбір шеберлік дәрежедегі еңбеккердің мамандардырылуына қойылатын негізгі талаптарды енгізеді. Оның негізінде мамандыққа баға беретін коммисия еңбеккерге белгілі шеберлік дәреже береді және еңбеккерлердің мамандықтары мамандандырылуы бойынша қызметтік міндеттерін белгілейді, бұларды еңбеккерлер білуі және орындаулары керек.

     Тарифтік сетка – шеберлік разрядтар шкаласа болып табылады да, ол әрбір шеберлік разрядқа төленетін еңбекақының бір шеберлік разрядқа ара қатынасын тарифтік коэффициент арқылы анықтайды. 1 шеберлік разрядтың коэффициенті болып бірлік алынады, ал басқалары 1 шеберлік дразрядтағы еңбектердің еңбекақысынан еңбеккердің анықталған шеберлік разрядтағы еңбекақысының қанша есе көп екенің көрсетеді.

     Бірыңғай  тарифтік сетка (БТС) – шеберлік разряд қарастырылған да, әрбір түріне өзінің тарифтік коэффициенті белгіленген.

Бірыңғай тарифтік сетка

 

Бірыңғай тарифтік сетканың шеберлік разряды

Тарифтік коэффициент              (1 шеберлік разрядқа қатынасы)

Бірыңғай тарифтік сетканың шеберлік разряды

Тарифтік коэффициент               (1 шеберлік разрядқа қатынасы)

1

1,00

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05

   

 

    Жұмыскерлердің  еңбегі бірыңғай тарифтік сеткасының  біріншіден сегізінші шеберлік  разрядтары аралығы бойынша, ал  қызметкерлер еңбегі екіншіден  жиырма бірінші шеберлік разрядтар  аралығы бойынша тарифтелінеді.

     Тарифтік сеткалар мен лауазымды кесімді жалақылар үлгісі жетекші қызметкерлердің, инженерлік-техникалық еңбеккерлердің және мекеменің басқа мамандары мен қызметкерлерінің лауазымды кесімді жалақылары мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің көлеміне қарай белгіленеді. Қазіргі кезде жетекшілер мен мамандардың үлкен бөлігіне еңбекақы төлеудің кесімді нысаны кеңінен таралу алды.

     Еңбектің алмастырулығын, қызығулығын, сандық және сапалық  нәтижелерін есепке алып еңбекке  ақы төлеуді саралау үшін үстемелер мен қосымша төлемдер белгіленеді. Үстемелер жоғарғы кәсіптік шеберлігі үшін, «Мамандығы бойынша үздік» және т.б. атақтар үшін еңбеккерлерді ынталандыруға қосымша еңбекақы ретінде белгіленеді.

     Қосымша төлемдер өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа қызметтер атқарғаны үшін, өзінің негізгі жұмысынан босатылмай бригадаға жетекшілік еткені үшін, уақытша болмаған қызметкелердің міндеттерін қоса орындағаны және т.б. үшін өтемақы ретінде жүргізіледі.

     Қазіргі кезде  еңбекақының нысандары мен жүйелерін  жасау мен қолдануда, жалақы  қорын бөлу және пайдалануда  мекеменің құқығы мен дербестігі  елеулі кеңейтілді, еңбекке ақы  төлеудің мөлшеріне шектеу қою  жойылды.

 

    1. Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері

     Еңбеккердің  еңбекақысы жұмсалған еңбек санымен  және сапасымен анықталады. Еңбек  өлшемі болып не жұмсалған  еңбек уақыты, не шығарылған немесе  өткізілген өнім есептеледі.

Еңбеккерлердің еңбекақысы келесі екі түрге бөлінеді:

  • Негізігі
  • Қосымша

     Негізгі  еңбекақы – еңбеккердің еңбектерін тарифтік ставкалар (лауазымды кесімді жалақы) және нақты жұмыс істеген уақыты мен орындалған жұмыстардың саны мен сапасы үшін қойылған бағалар бойынша төлеу. Бұл еңбеккерлердің мамандырылғандығы тұрақты айырмашылықтарды, олардың жұмыстарының қиындығы мен жауапкершіліктерінің деңгейлерін, еңбек жағдайлары мен өнімділігін ескеретін еңбекақы төлеудің біршама тұрақты бөлігі.

     Қосымша еңбекақы  – тұрақты болмайды және негізгі еңбекақыдан тыс әртүрлі төлемдер түріне төленеді:

Информация о работе Еңбеккерлер мен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі